Жасанды интеллект: ұғымы, нейрожелілер және есептеу техникасының қоғам мен білімге ықпалы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жасанды интеллект жөнінде

Интеллект дегенімізді екі ауыз сөзбен айтуға болады ма? Қалауыңыз білсін: интеллект - бұл өмірлік тәжірибе. Тосын көзқарас па? Бірақ бұл сөздің арғы шығу тегі латынның «ойлы» деген сөзінен туындайды, әдепкіде интеллигент деп тек ой еңбегімен айналысушыларды ғана атайтын.

Интеллектті белгілі міндеттерді, мәселелерді шешу мақсатындағы іс-әрекеттің тиімділігі деуге де болады. Ал өмірлік тәжірибе белгілі міндеттерді шешуден, атқарудан тұрады емес пе?! Интеллект белгілі міндеттер мен қатар белгісіздерін де атқара білу.

Болжам жасай алу да интеллектің бір механизмі. Сонымен интеллект деген терминнің өзі сан салалы. Ал сонда жасанды интеллект дегеніміз қандай нәрсе?

Соңғы отыз жыл төңірегінде осы жасанды интеллект туралы небір ойлар айтылып, небірі ұмыт та болды. Менің ойымша жасанды интеллект дегеніміз адамдардың өздеріне ұқсаған немесе өздері атқаратын жұмыстарды ьтиімді де аз күш пен уақыт жұмсап бітіре алатын зат немесе материалды нәрсе. Сәл халықтың ортасына жақындата айтар болсақ басыбайлы құл, құл болған да да анау-мынау құл емес ол ең саналы құлдардың бірі болған Эзоп (мысалшы, ақын) тәрізді біреу. Бұл менің көз алдымызға елестету үшін айтқан теңеуім ғой. Әрине Адам кез келген ақпаратты өңдейді, оны қорытып ойланады. Мүмкін ол ақпараттан соң ол іске көшер немесе тіпті көшпес те. Ақпаратты өңдеу үшін нейрогенетиканың термині - нейрожелі енгізілген. Ал жасанды нейрожелі дегеніміз сонда жасанды интеллектті түзетін немесе соған еңбек ететін желі. Нейрон дегеніміз - нерв жасушасы (клеткасы) . Олар бір-бірімен байланысып, бірігеді.

Жасанды нейронды желілер келешекте адам миының кейбір функцияларын қайталай алады деп есептелуде. Тіпті бұл өз кезегінде Адам миының терең тұңғиықтарына бой сілтеуге көмегі де тиер деп есептелуде. Мүмкін революциялық өзгерістер анна қырдың астында-ақ шығар.

Жасанды интеллекттің бастаулары

Қазіргі компьютерлік ғылымның пайда болуынан бастап Жасанды интеллект термині оның тұрақты серігі болып алды. Лампалы компьютерлерден бастап бүгінгі екі ядролы микропроцессорлар кезеңіне дейін осы мәселе біздің бас ауыртатын мәселемізге айналған. Қазіргі кезде Жасанды интеллект дегеніміз тек қана компьютерлік саланы қамтып қоймайды, ол тіпті когнитивтік психологияға да қатысты болып отыр. Яғни адамның танымын модельдейтін компьютерлік программаларды әзірлеуге де қатысы бар деген сөз. Когнитивтік психологияда 1956 жылдан табысты жыл болып көрмеген. Бұл жылы Бранер, Гуднау және Остин «Ойлауды зерттеу», Хомский - «Тілді сипаттаудың үш моделі», Миллер - «Сиқырлы сан жеті қосылған-алынған екі», Ньюелл және Саймон - «Машиналардыі логикалық теориясы» атты ғаламат туындылар дүниеге келген. Міне жасанды интеллекттің әсер етуші саласы да түрленіп келеді. Дегенмен әзірге біздер өзімізге түсініктілеу компьютерлерге оралайық.

Қазіргі компьютермен шахмат ойнап көрдіңіз бе? Ал шахматтан өзге ойындар ше? Картаның неше түрін ойнауға болады. Барлық жағдайда ұтуыңыз қиын мәселе. Яғни ол сөздің жүрісіңізден кейін бірнеше варианттарды қарастырып көреді де жауап береді. Демек ойланады деген сөз. Бұл жасанды интеллекттің нағыз өзі емес пе? Әрине адам тәрізді сезімі жоқ та шығар, бірақ қазір иісті де компьютер сезетін болды.

1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен-транзиcторлармен алмастырылып, компьютердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі 100 есеге дейін төмендеді.

70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады

(транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан) . Осындай микропроцессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан-БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманының басталғанының алғашқы белгісі болды.

Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ-дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуде өте ыңғайлы құрал болып шықты.

Бастапқы кезендерде ЭЕМ-дерде тек арнайы үйретілегн адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.

70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтінді теру үшін ғана пайдаланылады.

70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай оларды сусын шығаратын фирмаларда (Coca-cola) жасай бастады.

Дегенмен микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.

Бұл күнде ЭЕМ информацияны өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың компютердің жаңа түрін - жеке пайдаланатын дербес компютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Ол қазірде мектептерде институттарда, баспаханаларда, т. б. орындарда кеңіненқолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерді өндіріспен жобалау ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.

Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстіне, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде XXІ ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты "болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегі мен жаңа бұйымдар жасау істерін жобалау ғана болып қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасанды интеллект: ми негіздері, нейрондық жүйелер және есептеу техникасының эволюциясы
Жасанды интеллект: ұғымы, мидың ақпаратты өңдеуі және компьютерлердің эволюциясы
Жасанды интеллект: сараптау жүйелері, дамуы және қолданылуы
Жасанды интеллект: тарихы, эволюциясы және компьютерлік негіздері
Жасанды интеллект негіздері: қолдану салалары мен даму тенденциялары
Ақпаратты өрнектеу және өлшеу: информатика ұғымы, ақпараттық технологиялар мен есептеу техникасының даму тарихы
Жасанды интеллект негіздері: теория, білімдер және қолданбалы жүйелер
Ақпараттық технологиядағы жасанды интеллект: ұғымдар, әдістер және қолданылуы
Жасанды интеллект негіздері: Пролог тілінің синтаксисі және рекурсивті есептеулер
Эксперттік жүйелер мен жасанды интеллект: құрылымы, ережелерді өндеу және қолдану бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz