АЛҒАШҚЫ МАҒЛҰМАТТАР. IBM PC- ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕР


МАЗМҰНЫ
АЛҒАШҚЫ МАҒЛҰМАТТАР. IBM PC- ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕР1
ЖҮЙЕЛІК БЛОК1
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА1
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ӨРНЕКТЕУ ЖОЛДАРЫ2
АҚПАРАТТЫ ӨЛШЕУ3
БИТ, БАЙТ ҰҒЫМДАРЫ4
ЭЕМ-нің ҚЫЗМЕТІ4
ЭЕМ-нің ҚҰРАМЫ4
ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ҚҰРАМЫ5
ПЕРНЕЛІ КЛАВИАТУРА6
АРНАУЛЫ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ПЕРНЕЛЕРДІҢ БАСПА САНАҒЫ6
МӘЛІМЕТТЕР ЖИНАҒЫШТАР7
АЛҒАШҚЫ МАҒЛҰМАТТАР. IBM PC- ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕР
“Компьютер” сөзі “есептеуіш” мағынасын білдіреді яғни есептеуге арналған құрылғы.
1642 жылы Блез Паскаль механикалық түрде, сандарды қосатын, құрылғы ойлап тапты, ал 1673 жылы төрт арифметикалық амалдар орындайтын арифмометр жасалып шығарылды. Алғашқы компьютер 1946 жылы құрастырылған. Ал бірінші дербес компьютер 1970 жылы шықты .
Компьютер құрамы:
1 Жүйелік блок
2 Компьютерге мәлімет енгізетін клавиатура
3 Монитор
ЖҮЙЕЛІК БЛОК
Жүйелік блокта бірнеше негізгі блоктар орналасқан:
1 Микропроцессор
2 Оперативтік еске сақтау жады
3 Принтер
4 Тышқан
5 Модем
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА
Дүниеге келген әр адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортадан алатын мәліметердің маңызы зор. Соңғы кезде дүниетану ғылымдары танымалы, оларды оқып үйренуге жәрдемдесетін әртүрлі техникалық құрылғылардың ене бастауы. Бұл техникалық құрылғылардың негізгі атаулары “ақпарат және информатика” ғылымдары болып саналады.
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ӨРНЕКТЕУ ЖОЛДАРЫ
Осы уақытқа дейін хабарлауға есте сақтауға болатын мәліметтер ақпарат болып саналады. Ақпаратты бізді қоршаған ортадан алуға болады. Сондықтан ақпаратты әр түрлі объектерден, процестерден Шығатын мәліметтер жиыны деп қарауға болады.
Ақпаратты өрнектеудің символдық, тексттік, графикалық жолдары бар.
Символдық өрнектеу - мәліметтерді әріп, цифр, таңба түс арқылы бейнелеуді айтады.
Оны бұлай өрнектеу ақпарат туралы толық мәлімет бермейді. Олар тек қана қарапайым сигнал береді. Мысалы оларға светофор түстері арқылы жол ережесін реттеуді тек бір ғана таңбаны не әріпті “рұқсат“ етілген етілмеген деген ұғымдарды беретін әр түрлі шартты белгілерді жатқызуға болады
Текстік өрнектеу - ақпаратты әріптер, сандар, математикалық таңбалар тізбегі арқылы бейнелерді айтады. Олар тізбек түрлеріне қарай әр түрлі мәліметтер береді. Бұған кітаптар, оқулықтар, формулалар мысал бола алады.
Графикалық өрнектеу - кең әрі күрделі өрнектеу түрі. Мысалы: сурет, схема, сызба график тәрізді бейнелеу жолдары арқылы өте көп мәліметтер алуға болады.
Ақпараттың маңызы өте зор. Соңғы кездері ақпараттың көлемі өте тез өсуде. Мәселен энергетикалық, минерал ресурстар ғылыми теориялар, ашылған жаңалықтар экономикалық, математикалық тәсілдер, машиналар жобасы, мұхит, теңіз жөніндегі мәліметтер жатады. Бұлар ғасырлар бойы адам жинаған білім, қазіргі мемлекеттің интеллектуалдық мүмкіндігін, қуатты көрсететін, өсу дәрежесін суреттейтін факторлар.
Мәліметтерді бір ортадан екінші ортаға жеткізу үшін көбінесе ауа қолданылады. Электроника саласының дамуына байланысты ақпараттың өте үлкен көлемдерін магниттік таспаларда, дискілерде, интегралдық схемаларда тиімді жолдармен сақтау мүмкіндігіне ие болдық.
АҚПАРАТТЫ ӨЛШЕУ
Ақпараттың санын, сапасын өлшеуге болады. Ал бұл алынған иәліметтерді салыстыру, бағалау үшін өте қажет.
Ақпаратты өлшеу үшін оның әр түрін салыстыруға болатын белгілі бір жүйеге айналдыра білу қажет.
Символдық, текстік, графикалық жолдармен өрнектелген ақпаратты бірақ өлшеммен салыстыруға болады.
Цифрлы есептеуіш машиналарда информация өңдеу процесі информацияны сандық түрде кескіндеу принципіне негізделген. Информациялық бірліктің негізгі ретінде машиналарда 0-1 цифрлары алынады. Сондықтан көпшілік есептеуіш машиналар ондық немесе цифрлы алфавиттік информацияларды қабылдап екілік информация түрінде өңдейді.
Жалпы программалау процестерде информацияның түріне байланысты әр түрлі санау жүйесін пайдалануға тура келеді. Сандарды атау және жазу үшін пайдаланатын тәсілдер жиынын санау жүйесі деп атаймыз. Санау жүйесі позициялық және позициялық емес болып бөлінеді.
Позициялық емес - римдік цифр. Позициялық емеске ежелден бергі римдік цифр жатады. Есептеу техникасында тек қана позициялық санау жүйесі жатады.
БИТ, БАЙТ ҰҒЫМДАРЫ
Әр түрлі құжаттарда орыс-қазақ-латын әріптері, цифрлар және математикалық символдар жиі қолданылады. ЭЕМ-нің жадында әріп, цифр, тыныс белгілері 8 разрядты екілік сан түрінде кодпен жазылады. Екілік санның бір таңбасы бит деп аталады. Ол не 0-ден не 1-ден тұрады. Қатар орналасқан 8 бит-байт деп аталады . ЭЕМ-нің жадының бір ұясында 1 байт ақпарат сақталады. 1 байт 1 символды бейнелеу үшін қолданылады.
1 байтта-8 бит
килобайт-1024 байт
мегабайт - 1024 килобайт
гегабайт - 1024 мегабайт
ЭЕМ-нің ҚЫЗМЕТІ
ЭЕМ - ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған әмбебап техникалық құрылғы, былайша айтқанда электрондық есептеуіш машина. Электрондық есептеуіш машина дегеніміз ақпаратты жеткізетін, сақтайтын, өңдейтін электрондық аспап. Бұл машиналардың электронды деп аталу себебі олар электрондық элементтерден құралған.
ЭЕМ-нің ҚҰРАМЫ
Кез-келген ЭЕМ миллиондаған қарапайым тетіктерден, элементтерден тұратын күрделі техникалық жүйе. Оның жұмыс атқару үшін программалық жабдықтар, яғни олар орындалатын іс-әрекеттер тізбегін рет-ретімен іске асырып отыратын тізбектелген мәліметтер командалар жиыны қажет. Өнімділігінде сыртқы түрінде орындайтын жұмыстарында болатын көп түрлілігіне, айырмашылықтарына, күрделігіне, қарамастан ЭЕМ-нің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері бірдей болады. Олардың жалпы құрамы апараттық және программалық екі бөліктен тұрады.
Ақпараттық бөлік қолмен ұстап көруге болатын техникалық құрылғыдан тұрады. Олар процессор, ЭЕМ жады, ақпарат енгізу құрылысы. Процессор - ЭЕМ-нің ақпаратты өңдейтін ең негізгі құрылғысы. Ол арифметикалық құрылғы мен басқару қондырғыларынан тұрады.
ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ҚҰРАМЫ
Программалық жабдықтар ЭЕМ-нің жұмысын қамтамасыз ететін барлық программалар жиынынан тұрады. Оларды программалық жүйе деп атайды. программасыз ЭЕМ-нің жұмыс атқару мүмкін емес. Программалық жабдықтар ЭЕМ-ді толық пайдалануға арналған программалар мен олардың қолдану ережелерін сақтайтын құжаттар жиыны.
Программалық жабдықтар
Қолданбалы жүйелік прог. Текстік прог.
программа
Қолданбалы программалар - белгілі бір мамандық саласындағы арнаулы есептерді шығаруға арналған программа.
Жүйелік программа - компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етеді, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмыстарын атқарады. Олар операциялық жүйеден шеткі құрылғыларды басқару программалары, утилиттен, драйверлерден, программалық тілдерден тұрады.
Драйверлер - белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруда ұйымдастырылған бұйрықша арнайы программа.
Утилиттер - жұмысты жеңілдететін программалар олар программалардың мазмұнын көруді, көшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.
ПЕРНЕЛІ КЛАВИАТУРА
Қазір жиі қолданатын “пернелер терезесі“ болып табылады. “Пернелер терезесі” бес топтан тұрады.
Алфавитті-цифрлық пернелер тобы. олар клавиатураның орталық бөлімінде орналасқан Функционалдық пернелер F1-F12 аралығында. Пернеліктің жоғарғы бөлімінде орналасқан.
Арнаулы операциялық пернелер. Алфавиттік цифрлы пернелерден оі және сол жағында орналасқан
Курсорды басқару сілтеме белгілер
Қосымша цифрлік клавиатура . Num lock жағында істейді.
Алфавитті - цифрлік пернелер текстік тізбегін теру үшін қажет. Функционалдық пернелер жиі қолданатын командаларды енгізу үшін текстік редакторларда бағдармалық қоршауларда қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz