EXCEL – ДЕ ӘРТҮРЛІ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ МӘНДЕРІН КЕСТЕЛЕУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
2. EXCEL – ДЕ ӘРТҮРЛІ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ МӘНДЕРІН КЕСТЕЛЕУ 1
2.1 Ұяшықтар мен блокноттардың адресін абсолютті, салыстырмалы және аралас
түрде жазу 1
2.2. Кестелердің мәтіндерін дайындау 4
2.2.1. Мәтіндіндерді қаріптік дайындау 4
2.2.2. Туралау 4
2.2.3. Фон түстері 5
2.3. САН ФОРМАТТАРДЫ, ИНФОРМАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ, EXCEL- ДЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ БАСПАҒА
ШЫҒАРУ. 6
2.3.1. Ұяшықтармен мәліметтерді қорғау. 6
2.3.1.1. Ұяшықтардың қорғалу қасиетін енгізу. 6
2.3.2. Функцияларды қолдану 8
2.3.3. Сандар туралы. 10
2.3.4. Кестені экранға және принтерге шығару 12
2.4. EXCEL – ДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ 13
2.4.1. Диаграммаларды даярлау 13

2. EXCEL – ДЕ ӘРТҮРЛІ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ МӘНДЕРІН КЕСТЕЛЕУ

Функция мәнін кесте түрінде алу жолдарын қарастырайық. Бізге барлық х(
[-2; 2] аралығында х=0 кезіндегі қадамы 0.2 - ге тең y=kx(xҚ-1)(xҚ+1)
функәиясының мәндерін есептеу керек болсын.
Есептің нәтижесі мынадай таблица түрінде алынуы тиіс:
N x k y1=xҚ-1 y2=xҚ+1 y=k*(y1y2)

2.1 Ұяшықтар мен блокноттардың адресін абсолютті, салыстырмалы және аралас
түрде жазу

Ұяшықтар адресін бұған дейін көрсетілген В3, А1:G9 және тағы басқа
тәсілдермен жазуға болады. Бұлай бейнелеу адресі салыстырмалы түрде жазу
деп аталады, мұнда адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде беріледі.
Мысалы: В4 ұяшығына =B1+B2 формуласын енгізсек, Excel мұны үш жоғары
орналасқан ұяшықтағы санды бұдан екі жол жоғары орналасқан ұяшықтағы санға
қосу деп ұғады.
Егер =B1+B2 формуласымен B4 ұяшығынан C4 ұяшығына көшіріп жазсақ, онда
Excel ол формуланы тағы үш жол жоғары орналасқан ұядағы санды екі жол
жоғары ұядағы санға қосу днп түсінеді де, C4 ұяшығына =C1+C2 деген
салыстырмалы түрдегі формуланы көшіріп жазады.
Егер де формуланы көшіру кезінде біз бір ұяшықтың адресін салыстырмалы
емес, нақты күйде бергіміз келсе, онда абсалютті түрдегі адресті жазуға
тиіспіз. Ол үшін сол адрестің бағана атына сәйкес әріптің екі жағына да $
символын жазуға тура келеді. Мысалы, $B$4 немесе $C$2: $C$48 және тағы сол
сияқты.
Аралас түрдегі адрес. $ символын өзегрмейтін адреске сәйкес бағана
әрпінің алдында ғана жазылады. Егер бағана аты өзгеріп, жол нөмірі
өзгеріссіз қалатын болса, онда B$4, ал бағана өзгермейтін түрде, жол
өзгеретін болса $C2 болып жазылады.
Сонымен формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы,
ал кйбірін абсалютті түрде жазуға болады, мұндай түрде жазылған адрес –
аралас түрдегі адрес деп аталады.
Енді негізгі және қосалқы кестелерді толтыралық.
1. А1 ұяшығынан бастап негізгі кесте негізгі кесте тақырыбын мынадай
түрде толтырамыз.
- А1 ұяшығына N- ді енгіземіз;
- В1 ұяшығына х – ті енгіземіз;
- С1 ұяшығына к – ны енгіземіз тағы сол сияқты.
Бағаналар енінде ондағы мәліметтер толық жазылатындай етіп қою керек.
2. Қосалқы кестені Н1 ұяшығынан бастап бастапқы берілген сандық мәндермен
толтырамыз:
x0 step k
-2 0.2 10
мұндағы x0 - x- тің бастапқы мәні; step - x- тің өзгеру қадамы; k –
коэфицент (тұрақты).
3. Өздігінен толтырылатын функцияны пайдаланып, А бағанасын А2 ұяшығынан
бастап 1 мен 21 аралығындағы сандармен толтырамыз, сонда А2:А22
блогына мәліметтер енгізіледі.
4. В бағанасына х- мәндерін, яғни В2 ұяшығына =$H$2 формуласын енгіземіз.
Бұл В2 ұяшығына Н2 ұяшығындағы (бастапқы мән) сан көшіріледі, бірақ
оның адресі өзгермейді деген ұғымды білдіреді. В3 ұяшығына =B2+$І$2
формуласын жазамыз, яғни х мәні 12 ұяшығындағы қадамға өсіп отырады.
Енді В3 ұяшығындағы формуланы В4:В22 блогына көшіреміз. Сонда бұл
бағана қадамы 0,2 болып келген +2- ге дейінгі мәндермен толады.
5. С бағанасына к коэфицентінің мәндерін жазамыз:
- С2 ұяшығына =$J$2;
- С3 ұяшығына =2- ні енгіземіз.
Бұл формулалар неге оындай болып жазылады? Соны түсінуге тырысайық.
С3 ұяшығындағы формуланы С4:С22 блогына көшіреміз.
Бағана толық 10 санымен толтырылады.
6. D y1=xҚ-1 функциясының мәндерімен толтырамыз, ол үшін:
- D2 ұясына =B2*B2-1 формуласын;
- D3:D22 блогына D2 ұяшығындағы формуланы көшіреміз.
Бұл бағана оң және теріс у1 функциясы мәндерімен толтырылады, оның
бастапқы, соңғы мәндері 3-ке тең.
7. Осы тәрізді етіп Е бағанасын у2=xҚ+1 функциясының мәндерімен
толтырамыз.
Барлық мәндер оң сандар болып тұр, бастапқы және соңғы мәндері 5-ке тең
екеніне көңіл бөліңіз.
8. F y= k*(xҚ-1)(xҚ-1) функциясының мәндерімен толтырамыз:
-F2 ұяшығына =C2*(D2E2) формуланы енгіземіз;
-F2 ұяшығындағы формуланы F3:F22 блогына көшіреміз.
Бұл функция мәндері оң да, теріс те бола береді, алғашқы және соңғы мәндері
6- ға тең болатынына көңіл бөліңіз.
қосалқы кестедегі бастапқы мәндерді өзгерткенде, негізгі кесте мәндері
қалай өзгеретінін байқаңыз:
1. қосалқы кестедегі х мәнін өзгертіп, Н2 ұяшығына – 5 ті енгізейік.
2. Қадамды да өзгертіп, 12 ұяшығына 2-ні енгіземіз.
3. Коэфицент мәнін де өзгертіп, J2 –ге 1-ді енгіземіз.
Қосалқы кестеге кез келген өзгеріс енгізсек, негізгі кестеде автоматты
түрде қайталап есептеу ісі жүргізілетініне көңіл аударамыз.
4. Ары қарай жұмысты жалғастыру үшін, бұрынғы сандық мәндерді өз қалпына
келтірейік: x0=-2; step=0,2; k=10.
Енді негізгі және қосалқы кестелерді аздап түрлендірейік.
1. Жоғарыдан тақырыптар енгізілетін екі жолды босатамыз:
- курсорды 1- жолға орналастырамыз;
- Кірістіру ( Жолдар (Вставка ( Строки) командасын орындаймыз (2
рет).
2. тақырыптар енгіземіз, ол үшін:
- А1 ұяшығына “Кесте” сөзін;
- А2 ұяшығына “Кесте” сөзін;
- Н2 ұяшығына “Қосалқы” сөзін енгіземіз.
3. А1:J1 ұяшықтарын біріктіріп “Кесте” тақырыбын ортаға жылжытамыз:
- А1:J1 блогын ерекшелеп аламыз;
- Форматтау саймандар тақтасының батырмасы арқылы бағаналардағы
мәліметті олардың ортасына орналастырамыз.
4. Сол сияқты етіп “негізгі” және “қосалқы” сөздерін де бағана ортасына
жылжытамыз.
5. Тақырыптарды шрифтің басқа түрлерімен жазамыз.

2.2. Кестелердің мәтіндерін дайындау

2.2.1. Мәтіндіндерді қаріптік дайындау

Кез келген ұяшықтағы немесе блоктағы символдарды әртүрлі
қаріптермен даярлауға болады. Ол үшін ұяшықты немесе блокты ерекшелеп
алып, содан кейін Форматтау аспаптар тақтасының батырмаларын немесе
Формат ( Ұяшық ( Қаріп командасын орындаса болғаны. Команда орындау
барысында мынадай сұхбат терезесі шығады (22.1- сурет).

22.1- сурет. қаріп түрлерін таңдау

“Кестелер” деген тақырып үшін Courіer New Cyr қаріптерін
пайдаланып, оның, мөлшерін 14 етіп, өзін қарайлайтын түрде жазып
шығызыз.
Форматтау аспаптар тақтасының батырмасы арқылы “негізгі” және
“қосалқы” сөздерді үшін Tіmes Kazakh қарпіне өзгертіп, мөлшерін 12
етіп, қисайтылған (курсив) түрде жазыңыз.
Бағаналар енін жаңа қаріптерімен жазылған мәтін толық сиятындай
етіп өзгертеміз. Тақырыптарды бағаналар ортасына орналастыру қажет.

2.2.2. Туралау

Кез келген ұяшықтағы мәліметтерді сол жақ, оң жақ шетке туралауға,
ортаға жылжытуға (көлденең, тік бағыттарда) және де мәтінді тіке
орналастыру тізбегін де (жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай)
бағытпен өзгертуге болады.
Мәтіннің тіке орналастыру тізбегін (ориентация) өзгерту үшін
Форматтау аспаптар тақтасын немесе Формат ( Ұяшық ( Туралау меню
командасын пайдалану керек.
Форматтау аспаптар тақтасының батырмалары арқылы негізгі және қосалқы
кестелер үшін лоарды қоршап тұратын тіктөртұрышты жақтаулар (рамка)
сызып шығамыз.
Жақтау сызықтарын сызу үшін аспапатар тақтасы батырмасын немесе
Формат ( Ұяшық (Жақтау (Формат ( Яшейки ( Рамка) меню командасын да
пайдалануға болады.
Бұған қоса кесте ішін бір түспен (мысалы, сары) және кесте
тақырыптарын екінші түспен (мысалы, қызғылт) бояп қоюға да мүмкіндік
бар.

2.2.3. Фон түстері

Кез келген ұяшық немесе блок ішіндегі мәліметтер айналасындағы фон
түсін де (штрих сызықтар, олардың сызығының немесе фонның түсін)
өзгертуге болады.
Фон түсін өзгерт кежінде Форматтау тақтасының батырмасын немесе
Формат ( Ұяшық ( Сыртқы түр меню командасын пайдаланса болады.
Осы көрсетілген жұмыстарды орындаған соң, экран бейнесі 22.2-
суреттегідей болуы тиіс.
Бұл кестені дискідегі жұмыс каталогының ex21.xls файлына сақтап
қояйық.

22.2- сурет. Жұмыстарды орындағаннан кейін экран бейнесі.

2.3. САН ФОРМАТТАРДЫ, ИНФОРМАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ, EXCEL- ДЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ БАСПАҒА
ШЫҒАРУ.

Бұл сабақта Excel- дегі пайдаланатын сан форматтарымен, таблицадағы
информацияны қорғау тәсілдерімен және кестені қағазға басып шығару
жолдарымен, танысамыз. Информацияны қорғау мәселесін қарастыру кезінде
Ex21.xls файлын пайдаланамыз.

2.3.1. Ұяшықтармен мәліметтерді қорғау.

Excel- де бүкіл жұмыс кітабын, кез келген парақты немесе кейбір
ұяшықтарды өзгертуден қорғап қоюға болады.
Информацияны қорғап қою оны өзгертуден қорғалу қасиетін алып тастағанға
шейін сақталады. Әдетте жиі өзгермейтін мәліметтер (есептеу формулаларды,
кесте тақырыптары) ғана өзгертуден қорғалуға тиіс.
Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:
1) өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғалу қасиеттері алынады;
2) ағымдағы параққа немесе оның кейбір блоктарына қорғалу қасиеті
енгізіледі.
Бұдан кейін тек қорғалу қасиеті енгізілген ұяшықтар мен блоктарға ғана
мәліметтер енгіземіз.

2.3.1.1. Ұяшықтардың қорғалу қасиетін енгізу.

Белгілі тәсілдердің бірімен блокты ерекшелеп алайық. Содан кейін
Формат ( Ұяшық ( Қорғау командасын орындап, шыққан сұхбат терезесіндегі
Бекіту (Заблокировать) параметрін іске қосамыз немесе алып тастаймыз.
Парақты немесе жұмыс кітабын толық қорғау үшін:
Сервис ( Қорғау ( Парақты (кітапты) қорғау (Сервис ( Защита ( Защитить
лист) командасын орындау қажет. Ал, керісінше, қорғау қасиетін алып
тастау үшін Сервис ( Қорғау ( Парақты (кітапты) қорғауды алу (Сервис (
Защита ( Снять Защиту листа) командасы орындалады. Мысалдар:
1. H4:J4 блогын ерекшелеп, оның қорғау қасиетін алып тастайық. Ол үшін
Формат ( Ұяшық ( Қорғау командасын орындап, экранға шыққан Бекіту
(Блокировка) терезесенің [x] белгісін алып тастаймыз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Excel программасының қосымша мүмкіндіктері. Жұмыстық беттерді редакторлеу
Excel программасы туралы ақпарат
Файлдарды іздеу бағдарламалары
Delphі-ді көрсетуші объекті - бағытталған жүйеде жобалау
Ехсеl функциялары
Microsoft Еxcel бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары. Практикум ПЭВМ
Windows жүйесінің стандартты программалары жайында
«Информатика» пәнінен практикалық жұмыстар
Информатика дәрістері
Excel бағдарламасында сандық мәндерді сұрыптау
Пәндер