Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.1 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
ұйымдық.құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
СТРАТЕГИЯСЫН АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет етуін талдау мен
инвестициялық табыстылығын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін
бағалау мен қаржылық тиімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ..

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

1   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙН ЕТАҚЫМЕН
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...

1.1 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен
дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру
 жүйесінің құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ..
1.3 Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
 ұйымдық-құқықтық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .

2    ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ
  ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
СТРАТЕГИЯСЫН
АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет етуін талдау мен
инвестициялық табыстылығын бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін
бағалау мен қаржылық тиімділігін арттыру
... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы зейнетақы қамсыздандыру жүйесінің дамуының
сатысында, зейнетақы қорларын дамытудың стратегиялық міндеттері қайта
қаралуда. Он жыл бұрын басталған зейнетақы реформасы жүзеге асты, сондықтан
зейнетақы қорлары қызметін жетілдіру және оңтайландыру – бүгінгі күннің
талабы.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасуы мен қаржылық рынокта жаңа
қатысушылардың пайда болуы маңызды нәтиже. Жинақтаушы зейнетақы жүйелері
өзінің іс-қызметі нәтижесінде динамикалық дамуы ілгеріледі.
Нарықтық экономика бірқатар экономикалық реформалардың, соның ішінде
елдегі зейнетақы жүйесін реформалауды талап етті. Жаңа меншіктік бөлу,
өндіру және тұтыну қатынастарына ұқсас, зейнетақымен қамтамасыз етудің
мүлде жаңа жүйесін құру, Қазақстанның еңбекке жарамсыз азаматтарын
қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі
кезде Қазақстандағы зейнетақы қамсыздандыру жүйесінің реформасы жүзеге асты
деп танылды. Алайда зейнетақыны жинақтау қорлдарының бұдан былайғы дамуы
барысында зейнетақыны жинақтау жүйесі институттарының бәсекеге
қабілеттілігі және ең бастысы қаржылық орнықтылығы мәселелеріне қатысы бар,
өзін зерттеуді және жинақтаушы зейнетақылық қамтамасыз етудің жаңа даму
өрісінің проблемаларын шешуді қажет ететін мәселелер туындайды.
Зейнетақыны жинақтау қорларының тиімді түрде қызмет етуі үшін қаржылық
көрсеткіштердің төмендеу себептерін дер кезінде анықтау және қаржылық қауіп-
қатерлердің алдын алу стратегиясын жасап шығару мақсатымен зейнетақы
қамсыздандыру жүйесіндегі қаржылық бақылау тиімділігін арттыру қажеттілігі
туындап отыр.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН
ДАМУЫ

1.1 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Әлемдік практикада зейнеткерлікті әлеуметтік қорғау саясатын
жетілдірудің көптеген түрлері белгілі. Зейнетақы жүйесін реформалауда
Қазақстан өз жолын таңдады және оны Зейнетақымен қамсыздандыру туралы
заңымен бекітті. Зейнетақы жүйесін реформалаудың негізін қалаушы бастамасы
жаңа жиақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген 1998 жылдың 1 қаңтары болып
табылады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасуы мен қаржылық нарықта жаңа
қатысушылардың пайда болуы маңызды нәтиже. Жинақтаушы зейнетақы жүйелері
өзінің іс-қызметі нәтижесінде динамикалық дамуы ілгеріледі.
Ал, нарықтық экономика бірқатар экономикалық реформалардың, соның
ішінде елдегі зейнетақы жүйесін реформалауды талап етті. Жаңа меншіктік
бөлу, өндіру және тұтыну қатынастарына ұқсас, зейнетақымен қамтамасыз
етудің мүлде жаңа жүйесін құру, Қазақстанның еңбекке жарамсыз азаматтарын
қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда өзекті мәселе болып табылады.
Бүгінгі күні елімізде он төрт жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет
көрсетеді. Олардың ішінде алтауы зейнетақы активтерін өздері басқарса,
қалған ұйымы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне
инвестициялық басқаруды жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, зейнеткерлік жас тұрақты болып келеді және ерлер үшін
алпыс үш жасты және әйелдер үшін елу сегіз жасты құрайды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қатысушылармен жүргізілген зейнетақы
реформасын жүргізу мерзімінде сандық және сапалық сияқты белгілі бір
жетістіктерге қол жеткізілген.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің сапалық нәтижесі болып мыналар табылады:
- салымшыларға қызмет көрсетуді жақсарту;
- салымшыларды жинақтаушы зейнетақы жүйесі жөнінде хабардар етіп
отыру;
- аймақтық бағдарламаларды дамыту;
- жарнама қызметтері және олардың нәтижесінде зейнетақылық қызмет
көрсету рыногында жинақтаушы зейнетақы қоры арасында бәсекелестік
сайыстың өршуі.
Зейнеткерлердің салыстырмалы саны зейнетақы төлеу және тағайындауға
байланысты заң ережелерімен анықталады. Оларға зейнеткерлер жасы,
зейнетақыны тағайындауға қажетті еңбек өтілі және еңбек етуші
зейнеткерлерге зейнетақы төлеу тәртіптерін жатқызуға болады.
Зейнетақы жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер хронологиясы:
- 1991 жылға дейін тек қана әлеуметтік сақтандырудың формалды белгілері
бар және идеологиялық қағидалар негізінде ұйымдастырылған, әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесі;
- кәсіподақтардың зейнетақыны төлеуге қатысуы;
- өндіріс рентабельдігі бойынша алынатын жарналардың дифференциясы;
- зейнетақы арқылы жұмыссыздықпен отбасына байланысты кейбір
мәселелерді шешу;
- зейнетақының көп бөлігі мемлекеттік бюджет дотациясы есебінен
төленеді, яғни мемлекет жалғыз меншік иесі және жұмыс берушінің ролін
атқарады;
- жұмыскер өзін-өзі қамтамасыз ету міндетін мойнына алмайды.
1991 жылы – Қазақстан Республикасында зейнетақы қорының құрылуы, оның
қызмет етуінің сақтандыру қағидаларын анықтау, мемлекеттің кейбір
категорияларына зейнеткерлер алдында (әскери, әлеуметтік зейнетақылар)
міндеттерді нақты анықтап алу болып табылады.
1992 жылы – қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету институтын құруға
рұқсат еткен Мемлекеттік зейнетақы қоры туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы жарияланды.
1993 жылы – сақтандыру жарналарының мөлшері көбейтілді.
1994 жылы – зейнетақының хронологиялық төленбеуінің басталуы.
1996 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан
Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалау
тұжырымдамасы мақұлданды, сақтандырушыларға дербес шот енгізу тәжірибесі
басталды.
1997 жылы – мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жөніндегі заң
қабылданды.
1998 жылы ТМД елдерінің арасында ең алғаш Қазақстан қатысушылар
арасында ынтымақтастықсыз жинақтау принципіне негізделген жинақтаушы
зейнетақы реформасын жүзеге асырды. Осының негізінде Қазақстанда 10 жыл
аралығында үш жинақтаушы жүйесі қызмет атқарып келеді:
• толық ынтымақтастық жүйе, яғни 1998 жылдың 1 қаңтарына шыққан
зейнеткерлер үшін;
• аралас жүйе, жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін зейнетақы
тағайындалған және қазіргі уақытта да тағайындалатын
зейнеткерлер үшін;
• жинақтаушы жүйе, 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек өтілі жоқ
азаматтар үшін.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, біздің зерттеудің негізгі мәселесі,
ұлттық зейнетақы жүйесін нарықтық экономикамен әлемдік стандарттарға
сәйкестендіру болып табылады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реттеудің жаңа ұйымының қызметтері
мыналарды қамтуы тиіс:
- барлық зейнетақы қорларының қызметтерін лицензиялау;
- жеке зейнетақы институттарының құжаттарындағы өзгерістерді бекіту;
- қорлардың жойылуын, бірігуін, өзгеруін мақұлдау;
- қордың жарғылық капиталын жаңа құрылтайшыларға сатуға (немесе
беруге) рұқсат беру;
- қор қызметтерін инспекциялау;
- қорды басқарушы алқалық ұйымдардың шақырылуы және қорлардың
қызметтерін тиімді бақылауға қажетті сұрақтардың күн тәртібіне
енгізілуі;
- зейнетақы активтерін сақтаушы және оларды басқарушы институттардың
қызметтерін тексеруді жүзеге асыру құқығы.
Жеке зейнетақы қорларының қызметтерін реттеуші заңның негізгі
ережелерін бұзуға байланысты әкімшілік жауапкершілік: зейнетақымен
қамтамасыз ету қызметтерін немесе сәйкес сөздерді жарнамаларда лицензиясыз
қолданғаны үшін; зейнетақы қорларының активтерін басқару және сақтау; құпия
мәліметтерді үшінші тұлғаны құлақтандыру немесе теріс мақсатта пайдаланғаны
үшін; қатысушыларға қауіп төндіретін инвестициялық қызметтің ережелерін
бұзғаны үшін; жалған мәліметтер бергені үшін белгіленуі тиіс
Зейнетақы жүйесін жаңа жинақтаушы қорлар жүйесін құрудың негізі болуы
тиіс, оларды мемлекет тарапынан қолдауда неғұрлым қатаң болған жөн. Мұнда
назарға алатын негізгі аспектілер келесілерден тұрады:
- зейнетақы қорлары мекемелерінің процедурасы;
- зейнетақы жинақтарының есебі;
- зейнетақы қорлары активтерін сақтау;
- зейнетақы қорларының қаржы құралдарын басқару;
- зейнетақы қорларының инвестициялық қызметтері және зейнетақы
активтерін бағалау;
- қорлардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- қатысушылардың құқықтарын қорғау;
- зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дамыту және салық салу
мәселелерін шешу;
- қорларды өзгету, біріктіру және жою.
Жоғарыдағы аспектілер зейнетақы қорының маңызды аспектілері. Әрекет
етуші заңда жаңадан қабылданған заңды қамти отырып, жинақтаушы зейнетақы
қорының құрылтайшыларының құрамына қатысты шектеулер қарастырылмаған.
Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары мен мемлекеттік ұйымдар
жинақтаушы зейнетақы қорына қосымша шектеулерді енгізген дұрыс деп санайды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері:
-зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеу ;
-зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы
зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
-азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен
қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;
-зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілетті әрбір азамат
қатысуының міндеттілігі;
-азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу
тиімділігі;
-жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне
құқықтарын қамтамасыз ету;
-әр азаматтың қосымша ерікті зейнетақы қамтамасыздығына құқығы;
-азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға
үлесі.
Жұмыспен қамтушы жұмысшылардың атынан, жұмысшы таңдаған зейнетақы
қорына жұмысшылардың айлық табысынан 10-пайыздық міндетті зейнетақы
салымдарын жүзеге асырады. Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу
мөлшері, салымшының есебінен ғана емес, алынған инвестициялық табыстарының
есебнен де жүзеге асады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы
зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады .
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгi күнкөрiс
деңгейіне кезең-кезеңімен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн төлеу халықты әлеуметтiк қорғау
саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты
есебiнен жүзеге асырылады.
Зейнетақы жарналарын төлеудің қарқыны төмендеуі мен тұрақтануы
зейнетақы шарттарын жасаған жəне ЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аударған
азаматтар санының өсуіне, сондай-ақ міндеттi зейнетақы жарналарын төлеу
жөніндегi агенттер берешегінің азаюына байланысты.
Бұдан басқа, мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi жəне осы
агенттегi жұмыс iстеу кезеңiнде ƏЖК жəне зейнетақы шартын ресiмдемеген жəне
жұмыс орнын ауыстырған, көшіп кеткен жəне т.б. жеке тұлғаларға өсімпұлды
төлеу проблемалары бар.

1.2 Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесінің құрылымы

Қазіргі таңда міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу және олардың
түсуіне бақылау жасау жүйесі, сондай-ақ салымшылардың бірыңғай тізіміне
сәйкес жұмыс берушіден жинақтаушы зейнетақы қорларына қаржыларды мақсатты
есептеу тәртіпке келтірілген.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
қолданыстағы заңнамасы салымшының жинақталған зейнетақы қаражатын оның өз
еркімен таңдаған бір жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтауды қарастырады.
Яғни, заң жүзінде бір салымшы – бір қор принципі бекітілген, бірақ іс
жүзінде осы қағида әрдайым сақталмайды. Аталған принципті жүзеге асыруға
бақылау жасауды қамтамасыз ететін ұтымды механизмнің болмауы жинақтаушы
зейнетақы жүйесімен қамтылған салымшылар санының нақты жағдайын білуге
мүмкіндік бермей отыр.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан
Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2005
жылғы 16 маусымдағы №58 Қазақстан Республикасы заңымен қолданыстағы
зейнетақы заңнамаларын жетілдіруге бағытталған нормалар қарастырылған.
Енгізілген өзгерістер салымшылардың қолданыстағы зейнетақы шарттарына
сәйкес ДЗШ-на міндетті зейнетақы жарналарының келіп түсуін бақылап отыруға
және қызметкерлердің жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде таңдауына
басшы агенттердің (жұмыс берушілердің) әкімшілік ықпалын болдырмауға
мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес міндетті зейнетақы
салымдарын толық және уақытылы төлеуді және өсім пұл салуын республиканың
салық органы жүзеге асырады .
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, қаржы салымдарын басқару зейнетақы
активтері ұйымдарының, кастодиан-банктерінің, сақтандыру ұйымдарының
қызметін реттеушілік және бақылаушылық жүйелерін атқарушы өкілетті орган,
Қазақстан Республикасының нарық рыногын және қаржы ұйымдарын бақылаушы
реттеуші Агенттік болып табылады. Қазақстан Республикасының еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі халықты зейнетақымен
қамтамасыздандыру саласында мемлекеттік саясатты құру жүйелерін жүзеге
асырады.
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады :
- ортақ жүйеден ( зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан
зейнетақымен қамтамасыздандыру ); Ортақ жүйе республикалық бюджетке
түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген.
- жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қоры) (Жинақтаушы
зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру).
Жинақтаушы зейнетақы қорының түрлері, жинақтаушы зейнетақы қоры:
- ашық;
- корпоративтік болуы мүмкін.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры алушының жұмыс істейтін және тұратын
жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге
асырады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қоры сол жинақтаушы зейнетақы
қорының құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше
ашық тұлғалардың алушы – қызметкерлері үшін құрылады.
Әлемдік тәжірибеде зейнетақымен қамсыздандырудың үш үлгісі бар:
1. мемлекеттік;
2. Аралас (мемлекеттік және жеке);
3. Жеке (мемлекеттік емес).
Мемлекеттік жинақтаушы қоры – құрылтайшысы мемлекет болып табылатын
зейнетақы қоры. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылары
міндетті және ерікті зейнетақы салымдарын жинаумен және зейнетақы
алушыларға зейнетақы төлемдерін жасаумен, сонымен қатар зейнетақы
активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялаумен айналысатын заңды
тұлға болып табылады.
Алдағы уақытта екі жүйе жойылып, толығымен жинақтаушы жүйесіне орын
береді. Шамамен 2016 жылы зейнеткерлердің жартысынан көбісі зейнетақы
төлемдерін зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы мен зейнетақы қорларынан
алатын болады.
Өзінің даму қарқынын жылдан жылға табысты өсіріп жатқан жəне Қазақстан
Республикасы экономикасының дамуы үшін ішкі инвестициялар көзінің бірі
болып табылатын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10-жылы аяқталды.
2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 14 жинақтаушы
зейнетақы қоры (бұдан əрі – қорлар) өз қызметін жүзеге асырды, олардың
республика аймақтарында 75 филиалы мен 46 өкілдігі бар. 3 қордың:
Қазақмыс, Капитал жəне Республика қорларының филиалдары да,
өкілдіктері де жоқ екенін атап өту қажет.
Ұзақ уақыт ішінде (2002 жылғы қаңтардан бастап) қорлар саны өзгерген
жоқ, бұл салымшылар (алушылар) үшін зейнеткерлік қызмет көрсету рыногында
олардың жеткіліктілігін көрсетеді. Дегенмен, 2007 жылы алғаш рет бір қорды
– ЖЗ Валют транзит Қоры АҚ тарату болғанын атап айтқан жөн.
11 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруға лицензиясы болды, оның ішінде 6 қор зейнетақы активтерін дербес
басқару лицензиясына ие: МЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ, Қазақстан
Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры, Қазақстан Халық Банкі АҚ
еншілес ұйымы (бұдан əрі - Қазақстан Халық Банкінің), ТұранƏлем Банкі
АҚ еншілес ұйымы БТА Қазақстан жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (бұдан əрі -
БТА Қазақстан), Капитал ЖЗҚ - Банк ЦентрКредит АҚ еншілес ұйымы АҚ
(бұдан əрі – Капитал), Қазақмыс жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ жəне
Отан жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ. Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі
банк кастодиандық қызметті жүзеге асыруда. Сонымен бірге, 6 екінші
деңгейдегі банк қорларға кастодиандық қызмет көрсетеді: HSBC Банк
ҚазақстанАҚ еншілес банкі, Банк ЦентрКредит АҚ, Қазақстан Халық Жинақ
Банкі АҚ, ТұранƏлем Банкі АҚ еншілес ұйымы - Темірбанк АҚ, Еуразия
Банкі АҚ жəне АТФ Банкі АҚ.
Ынтымақтастық жүйенің орнына біртіндеп енгізіліп отырған жинақтаушы
зейнетақы жүйесі зейнетақы қорларына аударымдар жасап отырған азаматтарға
зейнетақы мөлшерін елеулі көбейту мен оларды уақытылы төлеуді қамтамасыз
етуге міндетті.
Қазақстандық зейнетақы нарығының құрылымы құрылтайшысы мемлекет болып
табылатын - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан және салымшылар
міндетті және ерікті зейнетақы салымдарын жинаумен және зейнетақы
алушыларға зейнетақы төлемдерін жасаумен, сонымен қатар, зейнетақы
активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялаумен айналысатын -
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорынан тұрады. Қазақстандық
зейнетақы қорының қүрылымы 2-ші суретте берілген.


Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және
қадағалау Агенттігі



Мемлекеттік Жинақтаушы зейнетақы
зейнетақы төлеу қорлары
орталығы


2 сурет – Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығының құрылымы[1]

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қызметінің атқарушылық, қаржылық-
есептілік және технологиялық бөлігін қамтамасыз ететін әлеуметтік институт
– Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы әлеуметтік институты
құрылуына себепші болды.
Алғашқыда зейнетақы активтерін басқарумен Зейнетақы активтерін басқару
компаниясы – КУПА ғана айналысқан. ЖЗҚ салымдарды банк – кастодиан шартына
орналастырып, ал КУПА 3 күн ішінде оларды әр түрлі
бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті болып отырған. Бір жинақтаушы
зейнетақы қоры тек бір зейнетақы активтерін басқару Компаниясымен келісім-
шартқа отыруға құқылы болған, ал компания өз кезегінде бірнеше ЖЗҚ – мен
жұмыс жасай алған. Бүгінгі күні ол – Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйым (ООИУПА) болып өзгертілді. ООИУПА заңды
тұлға болып табылады. Ол қаржы нарығының кәсіби қатысушысы және акционерлік
қоғамдар түрінде құрылады. Олардың қызметін бекітілген талаптар мен
нормативтер және меншікті капитал көлемі бойынша заңда көрсетілген
талаптарға сай келген жағдайда Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын бақылау және реттеу Агенттігі лицензиялайды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-
ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған
салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату.
Жұмыспен қамтушы жұмысшының атынан, жұмысшы таңдаған зейнетақы қорына
жұмысшының айлық табысынан 10- пайыздық міндетті зейнетақы салымдарын
аударуды жүзеге асырады. Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу
мөлшері, салымшылардың есебінен ғана емес, алынған инвестициялық
табыстарының есебінен де жүзеге асады .
Салымшы зейнетақы қамтамасыздығы келісім - шартының бір ғана тарапы
бола алады және міндетті зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы жинағын
бір ғана жинақтаушы қорында ие бола алады. Салымшы жылына екі рет өзінің
зейнетақы жинағын, жинақтаушы бір қордан екінші қорға ауыстыруға құқығы
бар.
Қолданыстағы заңға сәйкес әрбір азамат өзінің игілігіне ерікті
зейнетақы салымдарын жасауға құқылы, онысымен зейнетақы қамтамысздығының
қосымша дәрежесін қалыптастырады. Сонымен қатар ерікті салымдардың
салымшылары, алушының пайдасына жеке және заңды тұлға бола алады. Еңбектері
денсаулыққа зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысшыларды
әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыздандару мақсатында, өндіріс
орындарындағы өте қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етушілерге ерікті
мамандандырылған зейнетақы салымдары заңмен ескерілген.

1.3 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ұйымдық-құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың
құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейтін мемлекеттік органдардың,
меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың
зейнетақымен қамсыздандыруға конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын
реттейтін Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 20 маусымдағы Заңы қабылданды. Осы
заңға сәйкес келесідегі ұғымдар пайдаланылады:
- міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент - Қазақстан
Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік
заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарының белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы
жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және
аударатын шетелдік тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;
- ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйес өзінің жеке
қаражаты есебінен алушының пайдасының ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге
асыратын жеке немесе заңды тұлға;
- ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті кәсіптік
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа
сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті
кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды
тұлға;
- міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамқамсыздандыру туралы шарт жасасқан және
жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
- зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – зейнетақы жарналарымен,
жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық
қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан
жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы және алушы жасасатын
шарт;
- жеке зейнетақы шоты – салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы
қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік
зейнетақы жарналары,инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер
есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;
- жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тартуды және
зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
- зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым-
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
- зейнетақы активтері – зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-
ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға
арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
- жинақтаушы зейнетақы қаражаты – міндетті зейнетақы жарналарын,
ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын,
инвестициялық кірісті, өсімпұл және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда,
салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
- зейнетақы – жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы
төлемдерінің жиынтығы;
- зейнетақы төлемдерін алушы – зейнетақы төлемдерін тағайындалған және
жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адам;
- әлеуметтік жеке код – азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес
зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты
жеке код.
Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы мыналар болып
табылады: Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады.
Жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақымен қамсыздандыруда міндетті
зейнетақы жарналарын төлеу бойынша, міндетті зейнетақы жарналарының
салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын
белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарының
салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы
зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті
зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге тиісті міндетті зейнетақы
жарналары қызметкерлердің ай сайынғы табысының он пайызы мөлшерінде
белгіленеді.Міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың,ұстап қалудың
және аударудың тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейді.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
бойынша,жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен
жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға
қалдырылады.Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке
зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның
жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша, зейнетақы
жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорының
комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен
қаражат есебінен қалыптасады. Ал, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтері төмендегідей мақсаттарға жұмсалады:
- тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына
орналастыруға;
- зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге
асыруға;
- зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы
аннуитеті бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен
сақтандыру ұйымына аударуға;
- қате есептелген зейнетақы жарналарын өзге де қате есептеген ақшаны
қайтаруға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін
төлеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға
байланысты шығыстарды өтеуге.
Зейнетақы активтерін кастодиан – банкте сақтау және есепке алу
келесідегідей, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері кастодиан –
банкте кастодиандық шартқа сәйкес сақталады және шоттарда ескеріледі.
Кастодиандық шарт кастодиан банкте, жинақтаушы зейнетақы қоры және
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында
жасалады. Жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан – банкі болуға тиіс.
Кастодиандық шарт жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органның тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Зейнетақы жүйесі туралы
Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары
Зейнетақы нарығы
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасының ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Зейнетақы қорланымының жалпы түсінігі, заңы, есептелу жүйесі
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі
Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі
ҚР-ның зейнетақы жүйесі
Пәндер