MS DOS операциялық жүйесінің негізгі командалары


MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы
MS DOS операциялық жүесі дискеттің түпкі каталогогында немесе C:дискінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден (модульдерден) тұрады:
- BIOSмодулі - компьтердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу-шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәлімет енгізу- шығаруға байланысты ОС- тің қарапайым және әмбебаб қызметтерін орындайды ;
- Операциялық жүйенің жүктеуіші- бұл өте қысқа программа, компьютердің жедел жадында тұрақты сақталып қалатын DOS операциялық жүйе модульдерін компьютер жадына(IO. SYS, MSDOS. SYS) оқуды іске асырады;
- IO. SYSсыртқы құрылғыларымен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адапторі, және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;
- MSDOS. SYSфайлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі;
- COMMAND. COM -пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап пайдаланушының талабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз етеді. Алтранзиттісыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден солраға сәйкес программалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Программа жұмысы аяқталған соң командалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады.
- DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары -операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек модульдер түрінде берілетін программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар кірме командалар ретінде әртүрлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т. с. с.
- Құрылғылар драйвері- DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі де, олрадың аттары CONFIG. SYS деген арнаулы файлдар жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG. SYS оқылып құрылғылар драйвеолері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін комндалық COMMAND. COM файлы қосып, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC. BAT файлын іске қосып, оның ішіндегі командалар мен программалар біртіндеп орындай бастайды.
Операциялық жүйенің негізгі командалары
ОС жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс құралы - команда. Ол компьютерге белгілі бір әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру үшін қолданылады.
Команда формат деп аталатын, нақты құрылымнан (структурадан) тұрады. Команда форматы команданың аты мен параметрлерінен тұрады.
Командалардың жіктелуі
MS-DOS -тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті(ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND. COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар-қарапайым және жиі қолданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т. б. командалар жатады.
Транзитті (сыртқы, жүктелінетін) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т. б.
Резидентті (ішкі) командалар
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар
Бұл топқа DIR, CD, RD, MD, командалары жатады.
- DIRкомандасы-каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.
Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың атын жазсақ жеткілікті.
Параметр деп түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты айтады.
Мысалдар:
- C:\dir_student\basic-STUDENT каталогына кіретін BASIC ішкі каталогының мазмұнын экранға шығарады;
- C:\STUDENT\BASIC> dir__*. bas-ағымдағы STUDENT\BASIC каталогындағы типі BAS болып келген барлық файлдардың атрибутының тізімін экранға шығарады.
- A:\>dir__alma. bas-ALMA. BAS файлының атрибуттарын экранға шығарады.
Каталог мазмұнының тізімі үлкен болған жағдайда-
информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /P параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған соң информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру үшін кез келген пернені басу керек.
C:\>dir/p немесе C:\>dir__student\basic/p
Информацияны экранға жинақты (бір жолға бірнеше файл жазу) түрде шығару үшін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен типі ғана экранға щығады, мысалы
A:>dir/p немесе C:\LEX>dir__/w
DIR командасы берілген тізімді тек дисплейдің экранына шығарып қана қоймай, принтерге шығаруға және файлға жазып қоюға мүмкіндік береді.
C:\>dir>prn-C дискісіндегі түпкі каталогтың тізімін принтер арқылы қағазға басып алу;
A:\>dir>spisok-тізімді SPISOK атты файлға жазып алу;
Ескерту. Команданың атынан кейінгі сызықша белгісі осы орында кем дегенде бір бос орынның тұратындығын көрсетеді;
- MD (Make Directory-каталог жасау) -ағымдағы кез келген каталог ішінен жаңа каталог ашу командасы, мысалы,
C:\>md__student-C дискісінің түпкі каталогынан STUDENT атты каталог ашу;
C:\>md__student\basic немесе C:\STUDENT>md__basic -STUDENT каталогында BASIC ішкі каталогын ашу.
- RD (Remouve Directory-каталогты жою) -ішінде файлдары жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы
C:\STUDENT\BASIC> rd tecno2-STUDENT каталогының ішіндегі екінші дәрежелі BASIC атты ішкі каталогының үшінші дәрежелі TECNO2 ішкі каталогын жою;
C:\>rd__student\basic\tecno2-түпкі каталог ағымда болған жағдайда tecno2 ішкі каталогын жою;
- CD (Change Directory-каталог ауыстыру) -бір каталогтан екінші каталогқа өту командасы. Жоғарғы дәрежедегі каталогтарға өту мына параметрлер “,, ”, “\” арқылы BASIC атты ішкі каталогына өту;
- C:\STUDENT\BASIC>cd. . -BASIC ішкі каталогынан STUDENT каталогына өту;
- C:\STUDENT\BASIC\TPOP2>\-басты (түпкі) каталогқа өту;
- C:\STUDENT\BASIC> cd. . \lex-BASIC каталогынан STUDENT каталогынан қайтып оралып LEX ішкі каталогына өту;
- C:\STUDENT\BASIC\ECONOM2>cd. . \. . -ECONOM2 ішкі каталогынан екі сатыға жоғары STUDENT каталогына өту.
Файлдармен жұмыс істейтін командалар.
Бұл топқа COPY, REM, DELETE, TYPE, DATE, TIME және т. с. с. командалар жатады.
- COPY-файлдарды көшіру командасы. Файлдарды көшіргенде файлдың бұрынғы атын сақтап (егер олар басқа каталогқа көшірілетін болса) немесе атын өзгертіп көшіруге болады. Параметр ретінде қандай файл, қайдан, қайда және қандай атпен көшірілетіні көрсетіледі. Жалпы түрде қандай форматын былай көрсетуге болады:
Copy__<қандай, нені>__<қайда>
Файл атауларында оларды топтап белгілеуге мүмкіндік беретін нұсқа (* және?) таңбаларды пайдалануға рұқсат етілген, мысалы,
- COPY:\>copy__a:\*. *__c:-A: дискісіндегі барлық файлдарды С: дискісіндегі жұмыс істеп тұрған ағымдағы каталогқа көшіру;
- C:\>copy__alla. bas__alma. bas-түрі BAS болып келген ALLA атты файлды, өзі орналасқан сол каталогқа ALMA. BAS деген атпен көшіру (екінші көшірмесін бөтен атпен алу) ;
- C:\STUDENT\LEX>copy__a:\port. txt-A: дискісіндегі port. txt файлын ағымдағы LEX каталогына өз атымен көшіру;
- C:\>copy__kn1. txt+b:\kn2. txt+a:\kn3. txt__kniga. txt-C., A:, B: дискілеріндегі файлдарды KNIGA. TXT деген атпен C: дискісіне бір файлға көшіру (біріктіру) ;
- C:\>copy__con__proba. txt-пернелерден (консоль-con) терген мәтінді PROBA. TXT файлына енгізу, бұл жағдайда PROBA. TXT деген жаңа файл пайда болады. Мәтінді теріп болғанды білдіретін белгі ретінде Ctrl+Z Enter пернелері қолданылады;
- C:\>copy__talgat+con__talgat. txt-TALGAT. TXT файлының соңына пернелерен терген мәтін жолдарын қосу;
- C:\>copy__con+talgat. txt__talgat1. txt-TALGAT. TXT файлының бас жағына пернелерден терген мәтін жолдарын қосу. Бұл жағдайда нәтиже-файл бастапқы файлдан бөтен атпен аталуы қажет;
- C:\> copy__con__prn-пернелерден терілген символдарды принтер арқылы қағазға басып алу, “баспа машинкасы” режимі;
- C:\> copy__port. txt__prn-мәтіндік файлды қағазға басып алу;
2. REN (RENEME) -файлдардың аттарын өзгерту командасы, параметрлері файлдардың ескі және жаңа аттары, мысалы,
а) C:\>ren__port. txt__dora. txt-PORT. TXT атты файлды DORA. TXT деген атқа ауыстыру;
b) C:\>ren__*. doc__*. txt-ағымдағы каталогтағы типі DOC файлдардың бәрінің типін TXT деп өзгерту;
- DEL(DELETE) -ағымдағы немесе көрсетілген каталогтағы файлды немесе файлдар тобын жою командасы, мысалы,
- C:\> del__alla. bas-ALLA. BAS файлын жою;
- C:\> DEL__\BASIC\*. bas-BASIC каталогындағы BAS файлдардың бәрін жою;
- C:\PRIMER> del__*. *-PRIMER каталогындағы барлық файлдарды жою;
... жалғасыБір емес бірнеше файлдарды, яғни файлдар тобын жоюға команда бергенде операциялық жүйе төмендегі көрсетілгендей ескертеді:
Are you sure? Y/N? (Сіз сенімдісіз бе? Иә?Жоқ)
Y әрпін таңдау арқылы файлдар тобын жойғымыз келетін, N әрпін таңдау арқылы жою операциясынан бас тартқанымызды білдіреміз.
4. TYPE командасы-мәтіннен тұратын файлдың ішкі мәтінін экранға шығару.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz