АРХИВАТОРЛАР ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАРДАН ҚОРҒАУ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

АРХИВАТОРЛАР ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАРДАН ҚОРҒАУ2

1. Файлдарды архивке жіберудің керектігі2

1. 1. Бағдарламалар - тығыздағыштар2

1. 2. Архивтік файл2

1. 3. ARJ. EXE және LHA. EXE бағдарлама - тығыздағыштармен жұмыс істеу3

1. 4. RAR. EXE архивтеу бағдарламамен жұмыс3

2. Компьютерлік вирустардан қорғану4

2. 1. Компьютерлік вирус деген не?4

2. 3. Aіdtest. exe және DrWeb. exe вирусқа қарсы бағдарламалармен жұмыс5

Қолданылған әдебиеттер6

АРХИВАТОРЛАР ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАРДАН ҚОРҒАУ

1. Файлдарды архивке жіберудің керектігі

Компьютерді пайдалану кезінде түрлі себептермен магниттік дискілердегі ақпараттардың бүлінуі мен жоғалуы мүмкін. Бұл жағдайларды азайту үшін қолданылатын файлдардың архивтік қөшірмелері болуы керек және жүйелі түрде өзгеретін файлдардың көшірмесін жаңартып тұру керек. Қатты дискпен ұзақ жұмыс істеу қиын, сондықтан архив жасау үшін арнайы бағдарламалар - архиваторлар қолданылады.

1. 1. Бағдарламалар - тығыздағыштар

Түрлі өңдеулермен файлды тығыздайтын арнайы бағдарламалар жасалған бойынша файлды тығыздайтын (архивациялайтын) бағдарламалар мүмкіндік береді:

  • файлдар көшірмесін дискіге жинақы түрде архивтік файлға орналастыруға;
  • архивтік файлдар алуға;
  • архив мазмұнын қарауға;

Көп тараған бағдарлама - архиваторлар arj. exe, lha. exe, pkzіp. exe, pkpak. exe.

1. 2. Архивтік файл

Архивтік файл бір немесе бірнеше файлдардан тұрады, олар бір файлға жинақталған, одан керек кезінде алғашқы түріндегі файлдарды алуға болады. Архивтік файлдың мазмұны болады, сол арқылы архивте қандай файлдар жатқанын білуге болады. Архив мазмұнында сақталатын әрбір файл үшін келесі ақпарат сақталады:

  • файл атауы;
  • файл тұратын каталог жөніндегі мәліметтер;
  • файлдың соңғы нұсқасының мерзімі мен уақыты;
  • дискідегі және архивтегі файл өлшемі.

1. 3. ARJ. EXE және LHA. EXE бағдарлама - тығыздағыштармен жұмыс істеу

ARJ және LHA тығыздағыштармен жұмыс кезінде келесі таңбалар қолданылады:

m - файлдарды архивке орналастыру;

е - архивтен файлды шығарып алу;

х - архивтен файлды, есте сақталған бағынышты каталогтар структурасымен қоса шығару және т. б. ;

L - архивтік файлдағы файлдар тізімін алу;

а - файлдарды архивке қосу.

Архивтік файл командасының толық форматы келесі түрде болады.

C: \ > arj. exe < кілт > < кеңейтусіз архивтік файлдың атауы >. Мысалы: LEX каталогындағы файлды архивке енгізу. Мұны орындау үшін төмендегі іс әрекеттерді орындау керек:

1) LEX каталогына кіру керек;

2) келесі команданы енгізу қажет: С: \ > arj. exe m lex Enter пернесін басу.

Бұл команданы орындаған соң LEX каталогында lex. arj архивтік файлы жасалады. Файлды архивтен шығару үшін төмендегі шарттарды орындау керек:

1) архивтегі файлдар орналасатын қатты дискте каталог жасау;

2) архивтік файлды каталогқа көшіру;

3) C: \ > arj. exe кеңейтуі бар атау командасын теру;

Мысалы: С: \ > arj. exe x lex. arj және Enter пернесін басу керек.

Архивтік файлдағы файлдар тізімін басып шығару үшін осындай бұйрық жазылады, тек X орнына L әрпі жазылады.

1. 4. RAR. EXE архивтеу бағдарламамен жұмыс

Архивтік файлдың жасалынуы.

Rar. exe архивтеу бағдарламаның көмегімен архивтік файлды жасау үшін:

1) командалық жолда Rar командасын теріп, Enter пернесін басу.

Берілген команданы жасаған соң, экранда Rar (7. сур. ) бағдарламасының қабықшасы шығады. Экранның сол жағында файлдар мен каталогтардың тізімі көрсетілген;

2) керекті каталогқа кіру (курсорды оның үстіне қойып, Enter пернені басу) ;

3) архивтік файлға кіргізетін берілген каталогтағы файлдарды бөлектеу. Файлдарды бөлектеу Іnsert немесе Пробел пернелер арқылы жасауға болады;

4) F2 функционалдық пернесін басу;

5) шыққан терезеге (8. сур. ) архивтік файлдың атауын енгізу;

6) Enter пернесін басу.

7-сурет. Rar бағдарламасының қабықшасы

Егер архивтік файлды жасаған кезде каталогтан архивтейтін файлдарды жоюға тура келетін болса, онда 5-ші пункттан кейін:

  • Tab пернесі арқылы курсорды [ ] (тік) жақшаға қою керек;
  • Пробел пернесімен белгіні "Удалять файлы после упаковки" жолдың алдына қойып, 6-шы пунктты орындау.

8-сурет. Rar бағдарламасындағы файлдың атауын сұрайтын терезе

Архивтік файлды көру:

1) Rar бағдарламасын жүктеу;

2) Курсорды архивтік файлдың атауына қою;

3) Enter пернесін басу.

Файлдарды архивтен шығару:

1) Rar бағдарламасын жүктеу;

2) Курсорды архивтік Файлдың атауына қойып, Enter пернесін басу;

3) Архивтен шығаратын файлдарды бөлектеу;

4) F4 функционалдық пернесін басу.

RAR архивтеу бағдарламамен жұмысты аяқтау үшін, ESC пернені басу керек

2. Компьютерлік вирустардан қорғану

2. 1. Компьютерлік вирус деген не?

Компьютерлік вирус - бұл өлшемі бойынша кішігірім арнайы жазылған бағдарлама. Ол өзін басқа бағдарламаларға "жазып жібере алады" (яғни оларды "бүлдіреді"), сондай-ақ түрлі керек емес әрекеттер жасайды:

  • кейбір бағдарламалар жұмыс істеуден қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
  • экранда бөтен хабарлар, белгілер т. б. шығады;
  • компьютердегі жұмыс елерліктей болмайды;
  • кейбір файлдар бүлінген болып шығады;
  • қатты дискті форматтайды;

2. 3. Aіdtest. exe және DrWeb. exe вирусқа қарсы бағдарламалармен жұмыс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалау жүйесінің программалық жабдықталуы
Архиваторлар. Компьютерлiк қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік туралы ақпарат
Компьютерлерді программалық қамсыздандыру курсын оқыту әдістемесі
Программалық жабдықталу
Арнайы компьютерлердің құрылғылары
Архиваторлар. Компьютерлік қауіпсіздік туралы ақпарат
Компьютерлік жүйелердің теориялық негіздері
Архиваторлар
Файлдарды архивтеу. архиватор бағдарламалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz