Халықаралық қаржылық жүйенің қалыптасуы


КІРІСПЕ
Қазіргі нарықтық жағдайда әлемдік экономикада халықаралық қаржылық ұйымдар маңызды рөл ойнайды. Олардың қызметтері негізінен әлемшаруашылық байланыстарды нығайтуға және валюта несие қатынастарына қатысушы мемлекеттерді белсендіруге бағытталған. ХҚҰ- халықаралық қаржы жүйесінің ең маңызды элементі немесе кілті деп айтуға болады. Қомақты қаржы ресурстарын ұстай отырып, олар көптеген мемлекеттері мен әлем аймақтарының экономикалық дамуына көзге көрінерлік әсер береді. Қазіргі кезде барлық дерлік мемлекеттер халықаралық экономикалық және валюта қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға қызығушылық білдіруде. Кейбір елдер бұл ұйымдарды өзінің стратегиясын жүзеге асыру делдалдары ретінде, басқалары оларға өздерін донор ретінде қатыстыру үшін, ал үшіншілері - реципиенттер - инвестициялық жобалар және бюджеттік қаржыландырудағы дефицит мәселелерінің шешімін табу мақсатында несиелерді тарту үшін пайдаланады. Төртіншілері, ең жаманы, оларсыз өз бетінше өмір сүре алмайды да, солардың алдында қарыздар болып тұрады. Осы ұйымдардың барлығын бір мақсат ортақтастырады бірлестіктердің дамуы және біртұтастықты қамтамасыз ету және әлемдік шаруашылықтың қиын жағдайын тұрақтандыру. Олардың арасында ең негізгі орындарын БҰҰ-ның ұйымдары алады: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Әлемдік банк тобы - Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) және оның үш филиалы - Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) және Көпжақты кепілді инвестициялық агенттігі (ККИА), сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар - Париж және Лондон клубтары. Халықаралық қаржылық ұйымдар халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде маңызды орын ала отырып, Қазақстанның экономикасының дамуына елеулі әсерін тигізуде. Соңғы онжылдықта Қазақстанның халықаралық қаржылық ұйымдармен тікелей мүшелік ету статусы немесе келісімшарт негізінде қатынастары белсене түскедігін аңғаруға болады. Осындай ұйымдарға мүшелік экономикамыздың дамуы мен қайта жаңғыртуын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай халықаралық қаржылық және несиелік ұйымдарға мүшелік ету арқылы Қазақстан әлемдік бірлестіктермен жинақталған валюталық, несиелік, қаржы сфераларын реттеудегі тәжірибені меңгеруі өте маңызды екенін атап өткен жөн. Бұл қарастырып отырған тақырыбымыздың өзекетілігі болып табылады. Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсімін қамтамасыз ету және Қазақстанның оң беделін қалыптастыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Банк түрлі қауымдастықтарға қатысу, халықаралық институттармен өзара қарым-қатынас жасау, біліктілікті ұдайы арттыру, түрлі конференцияларға, саммиттер мен семинарларға қатысу арқылы өз жұмысында табысты жұмыс істейтін басқа даму институттарының тәжірибесін зерделеуге және пайдалануға тырысады. Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес, экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерді жылдам шешу мақсатында елімізге
шетелдік инвесторларды белсенді тартуға да мүмкіндік береді. Осы мақсатта Банк түрлі халықаралық іс-шаралар өткізеді, олардың жұмысына халықаралық қаржы ұйымдарының, рейтингтік агенттіктер мен аудиторлық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі инвесторлар қатысады. 2003 жылдан бастап Банк Азия және Мұхит жағалауы елдері Қаржы Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP) мүшесі болып табылады және Директорлар Кеңесінің құрамына кіреді. Банктің табысты халықаралық қызметіне халықаралық қаржы ұйымдарының Банкке түрлі марапаттаулар беруі растау болып табылады. 2005 жылы «Euromoney» халықаралық қаржы басылымы Банкке «Дүниежүзіндегі ең серпінді даму банкі» марапаттауын берді. 2006 жылы «Euromoney» қаржы басылымы Банкті «Орталық және Шығыс Еуропада корпоративтік басқару саласындағы көшбасшы банк» номинациясында жеңімпаз деп таныды. Бұдан басқа, Банктің жобаларын 2005 және 2007 жылдары ADFIAP көлік және энергетика инфрақұрылымы, байланыс, технология саласында үздік деп таныды. Банк Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде Банкаралық Ұйымның (БАҰ) толыққанды қатысушысы болып табылады. 2007 жылғы қазаннан бастап банк ШЫҰ БАҰ төрағасы болып сайланды. Өз қызметін кеңейту мақсатында банк ірі халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасады. Құрылған сәтінен бастап Банк Ресей Сыртқыэкономбанкі, Румыния Экспорт-Импорт Банкі, Корей Даму Банкі, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі, Ислам Даму Банкі, Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі (JBIC), Қытай Даму Банкі, Түркия Даму Банкі, Солтүстік Инвестициялық Банк (NIB), JP Morgan, Мерил Линч (Merrill Lynch), ABN AMRO, UBS, Америка Банкі, Словакия Республикасының, Испанияның Экспорт-Импорт Банкі және т. б. ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның халықаралық қаржылық ұйымдармен байланыстарының мәселелерін талқылап, даму перспективасын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
- халықаралық қаржылық ұйымдардың классификациясын қарастырып, қызметтерінің мәнін ашу;
- халықаралық қаржылық ұйымдардың негізгі түрлерін қарастыру;
Зерттеу жұмысының объектісі - қазіргі замандағы халықаралық валюталық ұйымдар мен олардың қызметі .
Зерттеу барысында Қазақстан экономисттерінің жұмыстары мен ғалымдардың халықаралық қаржылық ұйымдар туралы еңбектерін, тақырыппен жұмыстану шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен алынған ақпараттар мен нормативті актілер қолданылды.
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Халықаралық қаржылық жүйе
Халықаралық валюта қаржылық жүйе дегеніміз халықаралық келісімдер негізінде жүргізілетін халықаралық тауар айналымы мен халықаралық өндіріс факторларына қызмет көрсететін арнайы ережелер. Халықаралық қаржылық жүйе халықаралық сауда жүргізуге арналаған және халықаралық өндірісті дамытуға мүмкіндік беретін арнайы шарттар мен қаржылық құрылғылардың жиынтығы болып табылады. Ол екі элемент тобынан тұрады:
- Валюталық
- Қаржылық
Халықаралық валюта қаржылық жүйенің валюталық элементтеріне ұлттық валюталар олардың өзара алмасуы, айналымы, валюталық паритет, валюталық курс, ұлттық және халықаралық валютаны реттеу механимзмдері жатады. Халықаралық валюта қаржылық жүйенің қаржылық элементтеріне халықаралық қаржылық наржылық нарықтар мен нақты қаржылық құрал жабдықтар мен (валютамен құнды қағаздармен, несиелермен) жұмыс істейтін механизмдер жатады.
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз. Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады. Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
- қаржылық қатынастардың жиынтығы;
- ақшалай қорлардың жиынтығы;
- басқарудың қаржылық аппараты.
Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардыңжиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды. Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдықөндірістегі субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді. Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:
- мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар;
- кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.
Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизадиялық айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалый қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну коры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар) . Қаржылық қатынастардың нысандары мен ақшалай қорлары басқарылатын материалдың объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік жэне коғамдық аппараттарының жүйесі - қаржылық аппарат болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау үдерісіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржылық аппарат қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді. Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпат жүйесі болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өздігінен өмір сүре алмайтындығымен аныкталады: қаржы, бір жагынан, өндірістік катынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді басқа жағынан, өзінің функциялыққасиеттері бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарлары (болжамдары), қаржылық бақылаудың зацнамалық қамтамасыз етілуі және басқалар сияқты қосалқы жүйелерді атауға болады. Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржылық қатынастардың жиынтығы екенін естен шығармаған жөн. Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржылық қатынастардағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысына межелеуге мүмкіндік береді. Сыныптаманың матасқан қатары ретінде буындарда жоғары разрядтың элементтері болады: қаржылық қатынастар, қаржылық қорлар, басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:
- біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақшалай қатынастардың аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;
- екіншіден, тұтас алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы. Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақшалай қатынастар. Ол қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржылық қатынастарды кіріктіреді. Мемлекеттік кредит кредиттік қатынастардың қаржылық қатынастардан айырмашылығы болғанымен қаржы жүйесіне кіріктіріледі. Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталатындықтан, ол бойынша есеп айырысу бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатындықтан - бұл қосалқы буынды қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп санауға болады. Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жиі жатқызады, алайда көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді. Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақты өнім - коғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:
- материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы;
- қызметтер сферасы салаларының ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.
Бірінші қосапқы буында - материалдық өндіріс сферасы қаржыларында өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған акшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты және резервтік қорларына орталықтандырудың мәселелері шешіледі. Бұл қосалқы буынның қаржысы ондірістік тірлікке қызмет етеді, еңбек өнімділігінің өсуіне, өндірістің басқа сапалық көрсеткіштерінің тиімділігін арттыруға қаржылық тұтқалардың белсенді ықпалын қамтамасыз етеді. Бұған төменгі буындар мен олардың жоғарғы органдарын қамтитын мына құрамдастардың: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы шаруашылык шүргізуші субъектілерінің, құрылыстың, байланыстың (өндіріске қызмет көрсету бөлігінің), өндірістік кооперацияның, су шаруашылығының, геологиялық барлау ұйымдарының, материалдық-өндіріс сферасының басқа қосалқы салаларының (айнапыс сферасында өндіріс үдерісінің жалғасымен байланысты мемлекеттік сатып апулар, дайындау, сауда) қаржылары жатады. Қаржы жүйесіндегі екінші қосалқы буынының қызметтер сферасы каржысының орны мен рөлі оның ұлттык табысты бөлу жэне пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл қосалқы буында каржылык қатынастар оның бастапқы күрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, кредиттің және басқа буындардың арасында пайда болады. Өндірістік емес сфера салаларының қаржылары мынадай құрамдастарды кіріктіреді: тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтың, халыққа қызмет көрсету, көлік, тұтыну кооперациясы, бірқатар сапалардың (байланыс және өндірістік емес қызмет бөлігіндегі басқалары) денсаулық сақтау және физкультура, білім беру, мәдениет және өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың, банк-кредит және сақтық ұйымдарының, коммерциялық және делдал ұйымдарының (соның ішінде тауар және қор биржаларының, брокерлік кеңселердің, қорлардың және т. б. ), басқару органдарының, қорғаныс, құқық сақтауды қорғау органдарының қаржылары. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қаржылық қатынастар түрлі мақсатты сипаттағы сан алуан ақшалай қаражаттар қорларын қалыптастыру арқылы одан ары тұтыну мақсатында кұнды қайта бөлудің арналары бойынша бұрын жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді. Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктіңбарлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақшалай каражаттардың аударымдарымен және одан төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салык төлейді, өндірістік жэне өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Сонымен бірге азаматтардың жеке-дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржылық қатынастар пайда болады. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда орындарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор жәнет. б. ) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақшалай қатынастарды қоспағанда, қаржылық қатынастар болып табылады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас болып келеді. Сонымен бірге халықтың ақшалай қаражаттарының әрбір жеке жағдайда мақсатты бағыттылығының немесе жинақталуының мүмкін болатынымен және олардың иелері қаражаттарды өзінің ойынша басқарып ұйымдастыра алатынымен, халық қаржысының өзіндік ерекшелігі қаржы жүйесінің екі сипатты бөліктерінің - қор нысаны мен сыртқы басқарудың өзгешілігінде болады. Азаматтардың дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл буында кең қаржылық қатынастар пайда болады: мұндай қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының буынында пайда болатын қатынастарға ұксас болады. Қаржылық қатынастар сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді оның үстіне қаржылық қатынастарды топтастырып, мақсатты ақшалай қорлардың құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржылық қатынастарды топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді. Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға болады. Қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыруға кызмет ететін нактылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Халықаралық валюта қаржылық жүйенің валюталық элементтеріне ұлттық валюталар олардың өзара алмасуы, айналымы, валюталық паритет, валюталық курс, ұлттық және халықаралық валютаны реттеу механимзмдері жатады.
1. 2. Халықаралық қаржылық ұйымдар және олардың атқаратын қызметі
Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсімін қамтамасыз ету және Қазақстанның оң беделін қалыптастыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Банк түрлі қауымдастықтарға қатысу, халықаралық институттармен өзара қарым-қатынас жасау, біліктілікті ұдайы арттыру, түрлі конференцияларға, саммиттер мен семинарларға қатысу арқылы өз жұмысында табысты жұмыс істейтін басқа даму институттарының тәжірибесін зерделеуге және пайдалануға тырысады. Банктің іскерлік байланыстарын кеңейту ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасуға ғана емес, экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерді жылдам шешу мақсатында елімізге шетелдік инвесторларды белсенді тартуға да мүмкіндік береді. Осы мақсатта Банк түрлі халықаралық іс-шаралар өткізеді, олардың жұмысына халықаралық қаржы ұйымдарының, рейтингтік агенттіктер мен аудиторлық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі инвесторлар қатысады. 2003 жылдан бастап Банк Азия және Мұхит жағалауы елдері Қаржы Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP) мүшесі болып табылады және Директорлар Кеңесінің құрамына кіреді. Банктің табысты халықаралық қызметіне халықаралық қаржы ұйымдарының Банкке түрлі марапаттаулар беруі растау болып табылады. 2005 жылы «Euromoney» халықаралық қаржы басылымы Банкке «Дүниежүзіндегі ең серпінді даму банкі» марапаттауын берді. 2006 жылы «Euromoney» қаржы басылымы Банкті «Орталық және Шығыс Еуропада корпоративтік басқару саласындағы көшбасшы банк» номинациясында жеңімпаз деп таныды. Бұдан басқа, Банктің жобаларын 2005 және 2007 жылдары ADFIAP көлік және энергетика инфрақұрылымы, байланыс, технология саласында үздік деп таныды. Банк Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде Банкаралық Ұйымның (БАҰ) толыққанды қатысушысы болып табылады. 2007 жылғы қазаннан бастап банк ШЫҰ БАҰ төрағасы болып сайланды. Өз қызметін кеңейту мақсатында банк ірі халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасады. Құрылған сәтінен бастап Банк Ресей Сыртқыэкономбанкі, Румыния Экспорт-Импорт Банкі, Корей Даму Банкі, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі, Ислам Даму Банкі, Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі (JBIC), Қытай Даму Банкі, Түркия Даму Банкі, Солтүстік Инвестициялық Банк (NIB), JP Morgan, Мерил Линч (Merrill Lynch), ABN AMRO, UBS, Америка Банкі, Словакия Республикасының, Испанияның Экспорт-Импорт Банкі және т. б. ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды. Енді осы халықаралық қаржылық ұйымдардың бірнешеуін тереңірек қарастырып көрсек. Солардың бірі «Халықаралық валюта қоры», «Бүкіләлемдік Банк».
Халықаралық валюта қоры халықаралық ұйым болып табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған келісімге сәйкес құрылды. 1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ) өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді.
ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету.
ХВҚ-ның негізгі міндеттері:
- халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету;
- халықаралық сауда өсімін теңестіру және кеңейтуді жеңілдету;
- Мүше мемлекеттер арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу;
- көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz