Вирустар және олардың әр түрлігі


Вирустар және олардың әр түрлігі
Компьютерлік вирус- арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алына қосымша жазылады да, оларды бүлдіруге кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен сондай-ақ вирус табылған программа ауру жұққан немесе бүлінген деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орвндалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да жұғады және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап аладыжәне т. с. с) .
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вмрустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекетттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге вирус жұққандығы бастапқы кезде байқалмай қалады.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадындағы DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсчерін тигізіп отырады.
Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуге өте қиынға соғады.
Компьютерде вирус жұққан программалар саны көбеймей тұрғанда, оның вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынандай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
-кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
-экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;
-компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
-көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.
Компьютерге вирус жұқққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискеттегі мәліметтер бұзылып үлгіреді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.
Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға өте аз тигізіп бірақ қатты дискідегі мәліметтерді іштен мүжіп, құртып жататын вирустарға не істеуге болады?
Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғандасақ, оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.
Вирус программасының байқалмас себебі олардың көлемі кішгірім ғана болады да, өздер ассемблер тлнде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәліімет алмасып жұмыс істейтін баса компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.
Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топа бөлінеді
-резиденттік ( компьютер жадында тұраты саталатын) вирустар;
-резиденттік емес вирустар
Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анытау ісін иындатады.
Дисклерге мәлімет жазу кезінде вирус өзініің жобасуына олайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатанда солармен қосылып дискіге жазылып алады да, оны қалай жқанын адамдар білмей де қалады. Ал, резиденттіік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске осылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе PATH командасында көрсетілген каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.
Бүлінген және вирус жұққан файлдар
Вирус дискідегіі кез келген файлды бүлдіре алады, біра кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның ызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекеттен бастап кетеді. Дегенмен, көптеген программалар мсәтіні мен құжаттарға, электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін:
Вирустардың мынандай файлдарға жұғуы мүмкін:
1. Бірден орвндалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтілулері (заты) . com және . exe болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде осылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлды деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егер олар AUTOEXEC. BAT және CONFIG. SYS арылы іске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.
2. Операциялық жүйенің жүктеуші мен қатты дискінің еңң басты мәлімет жүктеу жазбасы. Блұ аумақтарды зақымдайтын вирустар жүктегіш (загрузочная) немесе Boot - вирустар деп аталады.
Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі - компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жіктеуші жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңының немесе мәліметтер кластерлеріне жазылып қалады.
3. Құрылған драйверлері, яғни CONFIG. SYS файылының шеткері құрылғылар көрсетілген Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдардағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелік файлдарына (MS DOS. SYS жәәне IO. SYS) да вирус жұтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен, олардың таралуы іс жүзінде өте сирек кездеседі.
Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана жұғады. Көбінесе бірден орындалатын файлдарға жұғатын вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.
4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша DIR - вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырын жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (FAT) файлды соңғы ретінде белгілейді.
Барлы . COM және . EXE типті файлдар үшін - каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш - таңбаланған (кодталған) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады дак, ол тұрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін DOS программаларына жабысады. Біра жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері бөлінбей тұрады. Тек вирус бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерден оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қосылғанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай ауырған дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустық программалар қажет ( мысалы, Aidstest программасының соңғы нұсқалары ) .
5. Көрінбейтін және өздігінен өрбитін витустар
Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін - көрінбейтін және өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық.
Көрінбейтін вирустар
Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
Қазіргі кезде 10 000 шамасында компьютерлік вирустар белгілі. Оларды әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу аумағына қарай топтарға бөледі.
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі




Компьютерлік вирустардың жіктелуінен мысал
Жұмыс логикасына және мақсатына қарай оларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:
1. Ұстауыш - вирустар - программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.
2. Логикалық бомбалар (баяу әсер ететін бомбалар) - қарапайым программаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн - ай мерзіміне кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға жұғуға тырысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz