Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғауды жүйесін жетілдіру...5
2. Табиғи қорларды тиімді пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3. Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .18
4. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері ... ... ... ... ... 19
5. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған аумақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
6. Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.[1]
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинеті, Ораталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын қызметіне жататындар:
# мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді;
# табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік) экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
# қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
# міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін белгілейді;
# табиғат пайдаланушыларға рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді;
# қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингінің құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді;
# қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін айқындайды;
# халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады т.б.
Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстарды министірлігінің, сондай-ақ оны жергілікті органдардың (облыстық, қалалық және аудандар) атқаратын қызметтеріне мына төмендегілер жатады:
# қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін іске асыру;
# қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
# мемлекеттік экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу.[1]

1. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғауды жүйесін жетілдіру
Нарықтық қатынастар жағдайында табиғи ресурстарды қорғау мен пайдадануда мемлекеттік баскарудың ролі едәуір өседі. Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.
Табиғи ресурстар экономиканың өсуін, ауқымды сыртқы экономикалық және сыртқы саяси уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне пайдаланылуы тиіс.
Табиғи ресурстарды басқару, оларды есепке алу, қорғау, жалпы мүдделерде пайдалану мемлекеттік басқаруды дамытудың жалпы бағыттарына сәйкес, сол сияқты озық халықаралық практикаларды, әлемдік және өңірлік талаптарды ескере отырып, тиімді жүзеге асырылуы тиіс.
Табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындагы мемлекеттік басқарудың объектісі - жер, жер қойнауы, су, орман және өзіндік ерекшеліктері бар табиғи ресустар. Басқарудың негізгі мақсаты - бүгінгі және келешек ұрпақтың мүддесіне сай олардың минералды шикізатқа, су және орман ресурстарына, таза ауаға т.б. мұқтаждықтарын өтеу үшін осы байлықты ұтымды пайдалану және қорғау болып табылады.
Сонымен бірге, нақтылы объектілерді алғанда, негізгі мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қазба байлықтарды пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты - пайдалы кендердін толық өндірілуін қамтамасыз ету. Тіпті кейбір пайдалы кен орындарының шаруашылық есеппен жабылуы жағдайында мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты - олардың сақталуын көздейді.
Су ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты - суды пайдалануды ғылыми тұрғыдан негіздеп, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, судың ластануын, сарқылмауын қадағалау болып табылады.[1]
Хайуанаттар әлемін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың ерекшелігі - жабайы жануарлардың табиғи жағдайда сақталуымен байланысты. Орман ресурстарын басқару - орманды дұрыс пайдалану, қорғау, күзету, өсіру.
Табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды дамытып жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдары құқыктық құралдарды кеңінен қолданады. Қазіргі заңға сәйкес табиғатты пайдалану ережелерін бұзушылар қылмыстық, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылады .
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен азаматтар Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңның бұзылуы салдарынан келтірілген шығынның орнын толтыруға міндетті. Лауазымды адамдар мен басқа да қызметкерлердің жіберген қателіктерінен пайда болған шығын үшін, белгіленген тәртіппен материалдық жауапкершілікке тартылады.
Басқару объектілеріне байланысты мемлекеттік басқарудың мынадай түрлерін бөлек көрсетуге болады:
1. Атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік басқару;
2. Жердің қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару;
3. Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару;
4. Судың қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару;
5. Хайуанаттар әлемінің қорғалуын, өсуін және пайдаланылуын мемлекеттік басқару;
6. Жер қойнауының қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттік басқару;
7. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік басқарудың жоғарыда аталған барлық түрлерінің өз объектілері бар және олар өзіндік мәселелерді шешуге бағытталған.
Жерді қорғауда және пайдалануда мемлекеттік басқарудың міндеттері Заң құші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жер туралы Жарлығының 108-бабында жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік басқару, Қазақстан Республикасы Президентінің Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлығының 51-бабында, суды қорғау және пайдалану - Қазақстан Республикасының Су кодексінің 17-бабында, орманды мемлекеттік басқару және олардың жәй-күйін, ұлғайта өсірілуін, сақталуын қорғау мен пайдалануын бақылау ҚР-ның Орман кодексінің 13-бабында, Қазақстан Республикасының Хайунаттар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы Заңында нақтыланған.
Мемлекетік басқаруды жүзеге асырудың тәсілдері әртүрлі. Олардың қолданылуы бақылау объектісіне, қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты болады. Мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың негізгі ерекшелігіне әкімшілік тәсілдердің, яғни билік қорғаны бар тәсілдерді қолдану жатады. Мемлекеттік экологиялық бақылау мен лауазым иелерінің бұйрықтарын, нұсқауларын, талаптарын барлық заңды тұлғалар мен жеке азаматтар орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы бойынша мемлекеттік басқаруды өздерінің құзыретіне сәйкес арнайы өкілеттіліг бар мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Осы Заңнның 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган (бүгінде ол - Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі) ведомство үстінен бақылау мен басқаруды жүргізеді.
Ведомстволық басқарудың негізгі ерекшеліктеріне, біріншіден, оның белігілі министрлік (ведомство) атынан жүргізілуі; екіншіден, оның белгілі құзыреттілігі тек ведомстволық объектілерге ғана қатысты; үшіншіден, ведомстволық бақылау органдарының нұсқаулары мен талаптары тек осы ведомствоға бағынышты объектілердің лауазым иелері мен жұмысшыларына қатысты.
Ведомстволық басқарудың мазмұны мен көлеміне байланысты, барлық министрліктер екі топқа бөлінеді:
# табиғи ресурстарды пайдалануымен байланысты;
# табиғи ресурстарды тікелей пайдалануымен байланысты емес, бірақ қоршаған ортаға зиянды әсері бар.
Өндірістік экологиялық бақылауды шаруашылықпен айналысатын субъектілер жүзеге асырады. Оның міндетіне қоршаған ортаны қорғаудағы жоспар мен шаралардың орьндалуы, табиғи ресурстардың дұрыс пайдаланылуы және оның орнын толтыру; сондай-ақ мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының ескертулерін орындау кіреді. Бұл жерде біз өндірістік экологиялық бақылау субъектісі ретінде шаруашылық субъектілерді бекерге атап отырған жоқпыз. Оларға заңды тұлғалар мен жеке азаматтар жатады (мысалы, Қазакстан заңына сәйкес шаруа қожалықтары заңды тұлға болып саналмайды, олар жеке кәсіпкерлер).
Шаруашылық субъектілері экологиялық бақылауды мынадай жағдайда жүргізеді -- егер олардың қызметі қоршаған ортаға кері әсерін тигізсе.
Өндірістік экологиялық бақылаудың қызмет мазмұны мен объектісіне байланысты шаруашылык субъектілері екі топқа бөлінеді:
* арнайы лицензиясы бар, соның негізінде табиғат ресурстарын пайдаланатын субъектілер;
* табиғат ресурстарын тікелей пайдаланбаса да, олардың қызметі қоршаган ортаға кері әсерін тигізетін субъектілер.
Табиғи байлықтарды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару қызметтерін талдай келе мынадай жағдайларға назар аудару қажет.
Біріншіден, табиғат байлықтарын қорғау мен пайдалану саласындағы басқарылатын жүйе мемлекеттік және жеке меншік объектілері, таусылатын не таусылмайтын ресурстар болғандықтан, нақтылы өмірде басқару қызметтері әртүрлі көрініс табады. Мысалы, хайуанаттар әлемін қорғау мен пайдалануды ұйымдастыру, жерді, жер қойнауын, орманды, суды қорғау мен пайдаланудан өзгеше болады. Бұл - хайуанаттар әлемін қорғау, олардың өмір сүру ортасын көбейту жағдайлары мен миграция жолдарын қорғау, оларды қырылып-жойылудан сақтау, қорықтар жасау, сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды қолда өсіру т.с.с шараларды қолдану арқылы жүзеге асады.
Мемлекет меншігіндегі объектілерді басқарудың өз ерекшеліктері бар. Жер қорын басқару мен орман, су қорларын басқару арасында да айырмашылықтар бар. Жер қойнауын басқару да орман, су қорларын басқарудан өзгеше болады.
Екіншіден, табиғи байлықтарды қорғау мен пайдалану салаларын мемлекет тарапынан басқару қызметтеріне тұрақтылық тән болады. Осыған байланысты мемлекет табиғатты қорғаудағы қатынастарды әрі қарай дамытады. Бірақ әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне, өндіруші құштер мен қатынастардың өсуіне байланысты қызметтердің сипаты мен мазмұны өзгеріп, оларды жүзеге асыру тәсілдері мен түрлері жетіле түседі. Мемлекеттің даму кезеңіне сай кейбір қызмет түрлері жойылып, олардың орнына өндірістік қатынастардың даумындағы объективті заңдылықтарға сәйкес келетін басқа қызметтер пайда болады. Мысалға: табиғатты тұтынушылардың шаруашылық дербестігі нығайып, мемлекет алдында табиғатты қорғау кызметінің дамуы мен оны жетілдіру мәселесі пайда болғаннан соң ғана, кадастрларды жүpгiзу және табиғи байлықтарды экономикалық тұрғыдан бағалау қызметі пайда болады. Соңғы жылдарда табиғат ресурстарының қорғалуы мен пайдаланылуын жоспарлау қызметі елеулі өзгеріске ұшыраған.
Үшіншіден, табиғи байлықтарды қорғау мен пайдалану саласындағы басқару қызметі мемлекет атынан жүзеге асырылып көпқырлығымен және барлығын қамту қасиетімен сипатталады. Бұл меншік кұқығына негізделген, шаруашылық ішіндегі табиғат байлықтарын басқару қызметімен салыстырғанда елеулі ерекшелік болып есептеледі. Өйткені шаруашылық ішіндегі басқару, табиғат тұтынушылардың атынан жүргізіліп, тек осы меншік иелеріне бағынатын тұлғаларға ғана қатысты болады. Сондай-ақ осы қызметтердің пайда болуы, жүзеге асу түрлері мен тәсілдері т.б.сияқты өзгешеліктері бар.
Төртіншіден, мемлекеттік басқарудың қызметтері, табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастардың дамуы мен жетілуінің объективті жағдайларын көрсетеді. Сондықтан олар басқару органдарының пайда болуыңда, олардың жұмыс түрлері мен тәсілдерінің қалыптасуында маңызы зор .[2]
Табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасының басты мақсаты мыналар болып табылады:
1) табиғи ресурстарды одан әрі зерттеу, жаңа кен орындарын іздеу және оларды есепке алу;
2) әлемдік жоғары сұранысты мемлекет мүддесіне пайдалану үшін табиғи ресурстарды өндіру мен әлемдік нарықтарға жеткізу қарқынын арттыру;
3) Ішкі нарықты жаңа экологиялық стандарттарға сәйкес отандық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;
4) шетелдік инвестицияларды шикізатты өндіру мен қайта өңдеудің заманауи технологияларын қолдану, сондай-ақ ең жаңа өндірістерді құру шарттарында ғана тарту үшін жағдайлар жасау;
5) баламалы энергия көздерінің өндірісін дамыту;
6) өндіруші кәсіпорындардың экологиялық зиянсыз өндірістерді ғана енгізуі;
7) көмірсутек шикізатының стратегиялық резервін құру;
8) шикізат секторынан түсетін табыстарды оңтайлы басқару.
Көрсетілген мақсаттарға мына міндеттерді шешу арқылы қол жеткізілуге тиіс:
1) табиғи ресурстарды одан әрі зерттеу, жаңа кен орындарын іздеу және оларды есепке алу;
2) табиғи ресурстарды тиімді басқару үшін, ең алдымен, олар туралы барынша нақты мәліметтерге ие болу қажет.
Осыған байланысты, жер қойнауын зерттеу кезінде заманауи технологияларды пайдалана отырып, геологиялық барлаудың озық әдістерін қолдану, жоғары білікті кадрларды даярлау қажет.
Қоршаған ортаны қорғауды басқарудың қазiргi кезде, қалыптасқан бiрқатар тәсiлдерi айтып өтуге болады.. Олардың iшiнде табиғатты пайдалануды басқарудың бiздiң республикамызда қалыптасқан басқару тәсiлiмен жапондық тәсiлiнiң тиiмдiлiгiн салыстыруымызға болады (1-кесте).
Кесте - 1. Қазақстан Республикасындағы және Жапониядағы табиғатты қорғауды басқару тәсiлдерiне сипаттамалар
Табиғатты қорғау жұмыстарын ұйымдастыру критерийлерi
Қазақстандық тәсiл
Жапондық тәсiл
Табиғи ресурстарды пайдалану
Экстенсивтi пайдалану
Интенсивтi пайдалану
Өндiрiстiк процестi ұйымдастыру деңгейi
Құбыр соңында тазалау технологиясы
Түзiлу кӛзiнде қалдықтарды азайту
Ұйымдастыру тәсiлi
Экономикалық өсудiң техногендiк типi
Экономикалық өсудiң тұрақты типi

Қоршаған ортаны қорғауды басқару тәсiлiнде бiздiң республикада ластану салдарымен күресуге бағытталған, ал жапондық табиғатты қорғау тәсiлi ластану себептерiн айқындауға және жоюға бағыттаған.
Демек, Жапониядағы табиғатты пайдаланудағы басқару тәсiлiн негiз қылып алсақ, онда ынталандыратын мақсатты үкiмет бағдарламалары табиғатты қорғау технологияларын өндiрiске ендiру қажет. Қалдықтарды минимизациялау бағдарламасы аталған бағдарламалар түрiнiң бiрi .
Қоршаған ортаны қорғау саласында стратегиялық маңызды бағыттардың бірі экологиялық білім мен ағарту, экологиялық қауіпсіздік және адам қоғамының тұрақты дамуы.
2030 жылдарға дейін қоршаған ортаны жақсарту жөнінде төрт басты бағыттар белгіленіп отыр:
1. қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2. табиғи қорларды ұтымды пайдалануды іске асыру;
3. түрлі-түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемін құрып кетуден сақтап қалу;
4. экологиялық білім беру, экологиялық мәдениет, экологиялық сана дарыту.[2]
Экологиялық мәселе - қазіргі таңда әрбір адамды ойландыратын ғаламдық мәселе. Табиғатты, жер-ананы зиянды жағдайлардан қорғау, қоршаған ортаға антропогендік қысымды азайтуға атсалысуымыз қажет.
Кейінгі онжылдықтарда, ғалами экологиялық дағдарыс қаупі төнген шақта, экология тек жаратылыстану ғылымдарымен ғана емес, экономикамен, саясатпен, этикамен, социологиямен, педагогикамен, техникамен де астасып барады. Сонымен экология жайлап ғылымның басқа салаларына кіріп барады, яғни экологиялану үрдісі жүріп жатыр. Экологиялану көптеген практикалық мәселелерді шешуге жол ашады.
Қазақстанның Жасыл экономикаға көшуі жөніндегі бекітілген тұжырымдамада көзделген шараларды іске асырудың үш кезеңін қамтиды: бірінші 2013 - 2020 жж., екінші - 2021 - 2030 жж. және үшінші - 2031 - 2050 жж.
Жасыл инфрақұрылымды құру табиғат пайдаланудың тиімділігі мәселелерімен тоғысатындығын және онымен тығыз байланыста болатындығын, сондай-ақ қабылданып отырған шараларды үндестірудің маңыздылығын ескере отырып, Табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін табысты пайдалану тұжырымдамасындағы ұқсас уақыт мерзімдері қабылданады.
Бірінші кезең табиғи ресурстарды тиімді басқару жүйесін, шикізат секторынан түсетін табысты үлестіру мен пайдалану жүйесін қалыптастыруға, табиғат пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі бірінші кезектегі, оның ішінде сабақтас стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламаларда көзделген шараларды қабылдауға, тиісті инфрақұрылымды құруға бағытталған.
Екінші кезең ресурстарды үнемдеу мен ресурстар өнімділігін арттыруды, ресурс үнемдейтін жаңа технологияларды әзірлеуді көтермелеу мен ынталандыруды көздейтін табиғи ресурстарды басқарудағы жаңа саясатты әзірлеу мен оны іске асыруға бағытталған.
Үшінші кезең ұлттық экономиканы пайдалану табиғи ресурстарды олардың толық жаңартылуы мен табиғи-экономикалық ортаның тұрақтылығы жағдайында пайдалану қағидаттарына көшіруге бағытталған.
Табиғи байлықтарды дұрыс пайдалануды мемлекет тарапынан басқару тұтас әлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы қоғамды басқарудағы кең ауқымды жүйенің бір бөлігі болып саналады. Сондықтан табиғи байлықтарды қорғау және пайдалану саласында басқару органдарының пайда болуы мен дамуы, өзіндік ерекшелігі бар құрделі объектімен яғни табиғатпен байланысты. Онда осы басқарушы органдардың дұрыс қызмет атқаруы мен әрі қарай дамуы, негізінен, қоғамдық процестерді басқарудағы міндеттер мен максаттардың жүзеге асырылуына тәуелді болады. Әдетте мәселенің осы қырына көңіл бөлінбейді. Зерттеушілердің көпшілігі жер, су, орман және тау-кен ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негіздерін қарастырады. Сөйтіп табиғат байлықтарын пайдаланудағы басқару мәселелерін өзіндік ерекшелігі бар тұтас жүйе ретінде табиғаттың сипаты мен ерекшеліктеріне байланыстырып айтады. Осыған сәйкес табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқарудың қажеттілігі туралы тұжырым осы басқарушы жүйенің қажеттіліктерінде ғана негізделген. Түптеп келгенде, мұндай көзқарас негізінен дұрыс болғанымен, табиғи байлықтарды ұтымды басқаруды бір жақты етіп көрсетеді. Қоғам өмірінің басқа салаларындағыдай, қарастырылып отырған қатынастар саласын басқару да қоғамның қалауы мен мүдделеріне тікелей байланысты.[3]
2. Табиғи қорларды тиімді пайдалану
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын - табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары - басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану. Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.
Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.
Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы - заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Отын-энергетикалық қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары - Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы - Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
Минералдық қорлар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда , Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай. Оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару экологиялық мемлекеттік-құқықтық механизм ретінде
«Орманды мемлекеттік бақылау, басқару талаптары»
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Орман қорын құқықтық қорғау
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
Орман қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Қарағайлы орман зиянкестері
Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі
Марқакөл мемлекеттік қорығы - облыстың Күршім ауданындағы мемлекеттік қорық
Пәндер