Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал - жабдықтары орналастырылған ғимарат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1.КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Өрт сөндіру жүйесі -- сорғы станциясындағы өртті дер кезінде байқау және оны сумен немесе баска да әдістермен (газ, көбік, кұм, киіз және т.б.) сөндіруге арналған кұрылғылар кешені.
Егер имарат көлемі 2000 м3-дан артық болмаса, онда кіші және орта сорғы станциялары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нормалары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сонымен қатар өрт сөндіретін су өтімі 10 лсек-тан төмен болса, үлкен сорғы станцияларында суға толтырылған резервуарлар немесе өртке қарсы тұрақты су құбыр желілері қарастырылады.
Ғимарат көлемі 50 мың текше метрге дейін, ал қоршауы I және II дорежедегі отқа төзімді және өндіріс категориясының өрт қауіптілігі Г, Д және Е-ден жоғары болмаған жағдайда өртке қарсы сумен жабдыктау жүйесіндегі су өтімі 10 лсек-ке дейін жетеді. (Г -- жабық тарату қәрылғысы, май толтырылған аппаратура, сыйымдылығы 60 кг-нан аспайды; Д -- май машиналары залы; Е -- аккумулятор және қышқыл сақталынатын бөлме). Егер I және II дәрежеде отка төзімділік кез келген көлемде, өндіріс категориясы Г және Д, I -- IV дәрежеде отка төзімділік көлемі 5000 текшеметрден төмен болса, онда сорғы станциясы ғимараттарында ішкі өртке қарсы су құбыры желісі құрылыс карталары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сорғы станция ғимараты, коршау категориясы А, Б, В, (кабельді бөлме және жабық тарату құрылғысы толтырылған аппаратура, май көлемі 60 кг-ға дейін), ғимарат көлемі 0,5 -- 5000 м3 және су өтімі 5 лсек.; ғимарат көлемі 5000 -- 50000 м3 болса, онда әрқайсысының су өтімі 2,5 лсек. келетін екі ағынша карастырылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өрттің алдын алу шаралары
* құрылыстық-жобалау;
* техникалық;,
* ұйымдастырушылық;
Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз - бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шаралары:
* өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
* құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
* әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өрт сөндіру тәсілдері
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
* ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
* ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
* ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Өрт сөндіру құралдары
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
* қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
* өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).
Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.
Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

Өрт сөндіру үшін суды, көбікті, үгінділерді және инертті газдарды пайдаланады.
Суды өрт сөндіретін жеңдер, зеңбіл арқылы қолданады.
Төмендегі аталған нәрселер өрт кезінде судың көзі болып табылады:
- өрт сөндіру гидрантарымен жабдықталған өрт сөндіру су құбырлары;
- арнайы крандармен, зеңбілдермен, жеңдермен жабдықталған ішкі су құбыры;
- арнайы жабдықталған бүкіл су құбырлар жүйесі.
Көлдердің, өзендердің суларын пайдалануға болады. Объектілердің ауласында арнайы бөшкелерде су қорын сақтауға болады.
Кейбір жағдайларда суды өрт сөндіруге қолдануға болмайды. Мысалы, калий, натрий, кальций карбидін, алюминий үгіндісін т.б. заттарды су арқылы сөндіруге болмайды.
Электр қондырғыларды да сөндіруге су қолдануға болмайды.
Ағашқы өрт сөндіру құралдарына қол және жылжымалы өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер т.б. жатады.
Әр мекемеде алғашқы өрт сөндіру құралдары тұратын арнайы қабырға болады. Сол қабырғада алғашқы өрт сөндіру құралдары толығымен нұсқаулыққа сәйкес түрде орналасуы керек.
Өрт сөндіргіштердің түрі - көбікті, көмірқышқылды, үгінді түрде болады.Өрт сөндіру жабдықтарына спринклерді және дречерлі қондырғылар жатады.
Барлық мекемелерде алғашқы өрт сөндіру құралдары нұсқаулыққа сәйкес , толығымен және іске жарамды түрде тұруы қажет.
Бұл шара үшін арнайы бекітілген өрт сөндіру қызметшісі немесе арнайы нұсқаулықтан өткен адам жеке басымен жауап береді.
Өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру крандары нөмірленіп арнайы журналда тіркеліп тұруы керек. Журналда өрт сөндіргіштердің соңғы рет толтырылғаны мерзімі, кранның соңғы тексерілген мерзімі көрсетілуі керек. Өрт сөндіру крандары және өрт сөндіргіштерге пломба салынып папорт ілініп қояды. Пломба жоқ болса өрт сөндіргішті алып іске жарамдылығын тексеріп толтырылғанын тексереді.
Өрт сөндіргіштерді арнайы өрт сөндіру қоғамының шеберханасында толтырады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерді дереу ауыстырады. Баллонның жоғары жағында мерзімі жазылады. Бірінші сан- айы, екінші - жылы, соңғы- келесі толтыру жылы деп есептеледі.
Кезекті қарау кезінде өрт сөндіргіштерді сыртын шаң мен кірден тазалап отыру керек. Тот басқан жері немесе сырдың кеткен жері болса, дереу тотты қырып тастайды да, керосинделген шүберекпен қырған жерін сүртеді де, жаңадан қызыл сырмен сырлайды.
Көбікті өрт сөндіргіштердің мембранала және сепкіш қасиетін тексеру жөн. Өр сөндіргіштерді жабық жайларда орналастыру керек. Егерде ашық ауада орналастырылған болса өрт сөндіргіштердің үстіне төбе жасайды, немесе арнайы қызыл түсті сырға боялған шкафтарға орналастырады. Көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерге ерекше қатаң талап қойылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт сөндіру техникалары
Көлік объектілері. Автомобиль көліктері. Жалпы талаптар
Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік іс-әрекеті
Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару
Өртке қарсы жүйе
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы
Өртке қарсы қызмет құралдары
Сауда орталығындағы өртті сөндіруді ұйымдастыру және өрт сөндіру тактикасын қолдану
Өрт тактикасының міндеттері
Өрттің қауіпті факторлары
Пәндер