ІІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі орташа қалдықтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Ағызынды суларды тазалау әдістері
2. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
3. Өндірістік қалдықтарды кәдеге асыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қалдықтар - табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.
Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.
Ағынды суларды тазалау әдісі
Механикалық әдісі - суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар - май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ ...соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.
Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі - су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді.
Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі - нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
Суды тазалаудың биологиялық әдісі - микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.
Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.
Биологиялық технология - өндірісте тірі ағзаларды қолдана отырып өңдеу. Яғти, микроорганизімдер және бактериялар арқалы өндірістегі заттарды өңдеу технологиясы. Билогиялық технологиялар мен тазалау әдістері төмендегідей :
* ауыз судың қатты базасында утилдеу және қатты тұрмыстық қалдықтарды аэроттық микробтар арқылы таратып, ыдырату;
* ауыз су мен табиғи суларды органиклық заттрдан биологиялық тазарту;
* ластанған топырақтарды микробтар арқылы қалпына келтіру;
* ауыз судағы ауыр металдары кейбір микробтар арқылы айырып тазалайды;
биологиялық сарбинттермен ауаны тазалайды.
Жалпы алғанда қазіргі таңда жасалған технологиялар мен әдістер өнеркәсіп қалдықтарының барлық түрінің түгелге жуығын пайдаға асыруға мүмкіндік беруде. Оларды сол жиналып қалған жерде өңдеу жұмысы орынды болады.
Биоценоздағы организмдердің қарым-қатынастары Биоценоздағы түріші және тұраралық қатынастарды орыс зоологы В.Н.Беклемишев 4 түрге: трофикальщ (қоректік), топикалық, форикалық және фабрикалық деп бөлді.
Трофикалақ (қоректік) байланыстар - бір түр баска тірі особьтармен, өлекселермен немесе олардың соңғы өнімдерімен (экскременттерімен) қоректену. Ұшып жүрген жәндіктермен қоректенетін құстар, көңмен қоректенетін қоңыздар, өсімдіктер шірнесін (нектар) жинайтын аралар өздеріне қорек болатын түрлермен тікелей байланысқа түседі. Қорегі үшін екі түр бәсекеге түскенде олардың арасында жанама қоректік байланыстар пайда болады. Өйткені біреуінің тіршілігі екіншісінің қорекпен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Бір түрдің тіршілігі әсерінен тіршілік ортасының физикалық немесе химиялық өзгеруін топикалың байланыстар деп атайды. Бұл байланыстар алуан түрлі болады.

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Швецияда тұтыну қалдықтарының - 25 %-ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол - 30 % құрайды, Германияда - 35 %. Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың - 2,5 %-ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны - 97,5 %-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.
Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі - тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты.
Қазір республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана ҚТҚ мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы бөлінген полигондар бар. Оның тек қана 6,8 пайызы немесе 307-сі ғана заңдастырылған. Қалған күл-қоқыс полигондары кез-келген жерде, қалай болса солай қалып­тасқан. Ол ол ма, республи­камыздағы 6325 елді мекеннің 25 пайызында немесе 1558 елді мекенде ғана ҚТҚ мен күл-қоқысты арнаулы полигондар­ға таситын кәсіпорындар бар. Ал қалған 75 пайызы немесе 4767 елді мекенде күл-қоқыс үй іргесінде немесе елді мекен маңында ша­шылып жатыр.
Сарапшылар дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді. Осы зиянды қоқыс шығаруда Қара­ғандының тау-кен және кен байыту кешендері (29,4 пайыз) бірінші орынды иеленсе, Шығыс Қазақстан облысы (25,7 пайыз) екінші орынды, ал тиісінше 17,0 пайыз және 14,0 пайыз қоқыс өндіретін Қостанай мен Павлодар облыстары үшінші орынды бөліседі. Қоршаған ортаны ірі ластаушылар АрселорМиттал Теміртау АҚ, Қазақмыс Корпорациясы ЖШС, Жәйрем КБК АҚ, Теміртау электр-металлургиялық комбинаты АҚ (бұдан әрі - ТЭМК АҚ), Караганда Энергоцентр ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-2), Централ Азия Цемент АҚ, ШұбаркөлКөмір АҚ, Қазақмыс Энерджи ЖШС, Қазақмыс Смэлтинг ЖШС, Монополи ССА ЖШС кәсіпорындары болып табылады.
Қазақстандағы қалдықтарды басқару облысында қазіргі жағдайды төмендегідей мәселелермен сипаттауға болады:
* тарихи өндірістік қалдықтардың мұрасы. Өткен онжылдықта ауыр өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және пайдалы қазбаны өндіргеннен көп көлемді қалдық жиналған.
* қалдықты жинаудың, қайта кәдеге жаратудың және өңдеудің инфрақұрылысының дамуының артта қалуы.
* өндіріс пен адамның өмірлік істерінен қалатын қалдықтарының жыл сайын артып отыруы.
Қарағанды облысы өте улы қалдықтарды шығаратын өндіріс орнының көптігімен белгілі. Сол себепті, осы жағдайға байланысты қалдықтарды басқару жайлы сұрақ әрдайым маңызды болмақ. Аймақтың экологиялық проблемасының бірі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта кәдеге жарату. Коммуналды қалдықты жинау және шығарумен айналысатын ұйым саны 3 жылда 1-ге өскен, 27 ұйымнан 28-ге. Олар 1283,4 мың тонна қалдықты жинап, шығарған және оның жартысы тұрмыс-шаруашылық қалдықтары. Тұрмыс-шаруашылық қалдықтары көбіне аралас болып келеді және олар қайта кәдеге жаратуға қиын. Себебі: құрамында биологиялық ыдырайтын ылғал тамақ қалдықтары, пластмасса, металл, шыны және т.б. бар.
Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қо­қысқа тастайтын пластмасса құты­­лар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, жегі құрт­ша топырақ құнарын жеп жатады.

Көптеген елді мекендерде коммуналды қалдықтарды көмуге арналған арнайы экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық стандартқа сай орын жоқ.
Дәл қазіргі уақытта жобалық қуаты 20,6 млн тоннаны құрайтын қалдықтарлы көмуге арналған 202 полигон жұмыс жасайды. 3 жылда көмілген қалдық көлемі 4,7 млн тоннадан 5,5 млн тоннаға дейін артқан. 202 полигонның 45-інде қоршаған ортаға шығаруға рұқсат бар, ол жалпы полигонның 22 пайызын құрайды. 2014 жылы-21 полигон, 2013 жылы-11 полигон, 2012 жылы-9 полигон.
2011-2013 жылдары ҚТҚ-ты (қатты тұрмыстық қалдық) өңдеу мүлдем жүзеге аспады. 2014 жылы ҚТҚ-ты өңдеу облыс бойынша 1,5 пайыз немесе 10 мың тоннаны құрады. 9 айда 2015 жылы 8,3 мың тонна қалдық өңделген. Ол пайда болған қалдықтың 1,2 пайызын құрайды. 2014 жылы Горкомтранс атты қоқыс-сорттау орны өз жұмысын бастады. Оның жобалық қуаты 120 мың тоннаны құрайды. ТТК Теміртау ЖШС-не ҚТҚ-ты бөлектеп жинау жүйесі енгізілді. Теміртау және Қарағанды қалаларында пластик, шыны және қағазды жинауға арналған 280 контейнер орнатылды.
Пайдалы қазбаларды өндіру процесінде құралған қалдықтардың, күл-қоқыстың үлкен бөлігі бүлінген жерлерді рекультивациялаудың техникалық кезеңін жүргізуге пайдаланылады.
Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі
Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаты
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және жоюдың жолдары
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
Химия өнеркәсібі географиясы
Өндірістік ғимарат орындарының іріктелуі
Өнеркәсіп қауіпсіздігін басқару жүйесі
Қалдықтар түрлері
Пәндер