Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1.КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Төтенше жағдай - белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:
Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).
Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ -- өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың шыгу көздері - бұл қауіпті техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы немесе транспорттағы авариялар, өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы, өмір мен денсаулыққа қауіпті заттардың шығумен байланысты авариялар немесе олардың қаупі, ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар) нәтижесінде белгілі бір аймақ, нысанында немесе аймақта орын алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторы - бұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын қауіпті оқиғаның құрастырушысы.
Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы ықпалы - бір немесе жиынтықты техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторының адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етуі.
Техногенді қауіп - нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда болуы кезіндегі адамға және қоршаған ортаға техногенді сиаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы әрекеті ретінде жүзеге асатын техникалық жүйесінің, өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
Оның түрлері:
* Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с).
* Көлік жүйесіндегі апаттар.
* Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).
Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа Техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.
Апаттың тағы бір себептері - улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателік-терге жол берілуі жатады.
Міне, осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады. Мысалы: 1971 жылы Минск телерадио заводында жарылыс болып, өндіріс орны қирап, адам шығынына ұшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдық станцияда ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі. Мұндай жағдай Атырау химия, мұнай айыру заводтарында да болып тұратындығы ықтимал.
Апаттың тағы бір өте қауіптілігі - күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол тұрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар және т.б. өміріне өте қауіпті.
Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою фактор-ларымен байланысты.
1.Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалған заттар, обьектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан жасалған тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бұйымдар және техникалар балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар зардап шегеді.
2. Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар:
* ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сұйық отынның, газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны.
* жарылыстардан жарықшақтардың, сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі.
Улы заттпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар:
* аз уақыт ішінде жаппай улауға болады;
* ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады;
* аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді.
* әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда тұйық, желсіз жерлерде ұзақ сақталуы мүмкін.
Улы заттармен зақымданудың жолдары:
* уланған ауамен демалғанда;
* улы тамшылардың теріге не көзге тиюі;
* уланған заттарды үстағанда;
* уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда. Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.
Хлор жасыл-сары түсті өткір исі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады.
Оның қайнау температурасы - 34,6°С. Яғни, хлор қыс кезінде де газ түрінде де қала береді. 5-7 атм қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сұйыққа айналады. Суда жақсы ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулармен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады.
Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.
Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырған жөн. Тыныс алу жолдары зақымданғанда нашатыр спиртін искеткен дұрыс. Көзін, мұрнын, аузын
2-пайзды соданың ерітіндісімен жуған дұрыс. Хлор ауаға тарағанын естігенде үйдің жоғарғы қабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған территориядан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз, Бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын көтеруге болмайды. Хлормен уланған адамға нашатыр спиртін иіскету керек. Ыстық сүт, шай беріп жылы жерге науқасты орналастыру керек.
Аммиак -- нашатыр тәрізді иісі өткір, туссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан түрі 1:3 мөлшерде қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентрациясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР
Әсері күшті улы заттар
Көлік жүйесіндегі апаттар
Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
Улы заттардың химиялық және физикалық қасиеттері және адам денсаулығына әсері
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардан қорғау
Антропогендік және экологиялық апаттар
Радиациялық және химиялық қорғау
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар кезіндегі жүргізілетін іс-шаралар және оны есептеу графикалық жұмысы
Пәндер