Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстары
І. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық
байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.6
1.1. Сыртқы экономикалық байланыстың Қазақстан экономикасын
дамытудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.9
1.2. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының
мақсаттары мен стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.10
1.3. Қазақстанда халықаралық компаниялардың құрылуы
және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.13
ІІ. Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайдағы дамуы ... ... ... ... .14.15
2.1. Қазақстан экономикасының жарты жылдық (2004 ж) көрсеткіштері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.18
2.2. Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту ... ...18.23
2.3. Қазақстан . 2030 стратегиялық бағдарламасындағы, Қазақстан
Республикасының Президентінің Жолдауындағы Қазақстан
экономикасының алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Кіріспе
Н. Назарбаевтың Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді бағдарламасына және
он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді,
көзделген шаралардың бәрі рет-ретімен жүзеге асырылуда. Экономика қарышты
дамып, тұрақтылық орнауда. Қай салада болмасын рыноктық қатынастардың алғы
шарттары қалыптастырып, оның даму жолы айқындалуда.
Соңғы он екі жылда Қазақстан өзінің тарихи дамуында посттоталитарлық
кезендегі өтпелі дәуірдің міндеттерін шешуде. Еліміздің тәуелсіздікке қол
жеткізілуімен қатар экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері кетуі,
инфляция, жұмыссыздық, кедейшілік, әлеметтік көмектің төмен болғаны
белгілі. Советтік шаруашылық жүргізу салдарын және өтпелі кезендегі
қолайсыз құбылыстар экономикалық дағдарыстарды онан әрі шиеленістірді.
Осындай қиын жылдары халқымызға жігер беріп, баратын бағыт-бағдарды нұсқап,
жөн сілтеген, стратегиясын, шығатын биіктерін, асатын асуларын көрсеткен
осы ұзақ мерзімді Жолдауы еді.
Еліміздің саяси-географиялық, әлеуметтік-экономикалық,
өндірістік-потенциалдық, демографиялық жағдайларына сәйкес қабылданған
бағдарламалары халық орындап, рыноктық қатынастарды жетілдіріп, алдыңғы
қатарлы ел болуымызға барлық жағдай бар, материалдық рухани байлығымыз
жеткілікті. Экономиканы дамытып, рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы
тұрған ең басты міндет – халқымыздың тұрмыс деңгейін көтеру. Бұған
Президенттің: Адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті
жұмыссыздың күре тамыры болуға тиіс деген сөзі дәлел. Сондықтан әлеуметтік
сала қазіргі таңда ең жауапты, күн тәртібінен түспей отырған мәселе болып
табылады. Президентіміздің жыл сайыңғы жолдауларының қайсысын алып
қарамайық Қазақстан – 2030 бағдарламасындағы көрсетілген жолдан
ауытқымай, ілгерілеумен келе жатқанымыз белгілі.
І. Бөлім. Қазақстан Республикасының сыртқы
экономикалық байланыстар
Тәуелсіздікке қол жетуі Қазақстанның көптеген дамыған және
дамушы мемлекеттермен экономикалық байланыстарын жолға қоюға, бұрынғы
әріптестермен қарым – қатынастарды қайта құруға, дүниежүзілік рынокқа кіру
жолымен ілгері басуға мүмкіндік берді. Сыртқы экономикалық қызметті
ырықтандыру мемлекеттің бұл саладағы монополиясын жойды, кәсіпорындардың,
фирмалардың және жеке тұлғалардың шетелдік әріптестермен емін – еркін
байланыстар орнатуына мүмкіндік берді, осы қызмет саласында бәсекелік
негіздер қалады. Қазіргі кезде республикада бірлескен кәсіпорындар саны
күрт көбеюде, дүние жүзіндегі аса ірі компаниялардың өкілдіктері ашылуда,
табиғи ресурстарды бірлесе пайдалану, шикізат пен материалдарды өңдеу
жобалары жүзеге асырылуда, аграрлық салада прогресті технологиялар
енгізілуде.
Қазақстанның бай табиғи ресурстары, республикамыздағы әлеуметтік
және саяси тұрақтылық бұл аймақты бұрынғы Кеңес Одағының республикалары
арасында шетелдік капитал жұмсау үшін ең тартымды аймақтардың біріне
айналдырды. Сонымен бірге Дүниежүзілік мұхитқа шығатын төте жолдың болмауы
жүктерді алыс шетелдердегі тұтынушыларға тасымалдауды біршама қиындатып
отыр.
Бүгінде республика дүние жүзіндегі 145 мемлекетпен сыртқы сауда
операцияларын жүргізілуде. Экспорттық жеткізілімдер әлемнің 122 еліне
жүзеге асырылуда, импорттық тауарлар 115 мемлекеттен жеткізілуде.
Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылар - Ресей, Нидерланды, Қытай,
Швейцария, Өзбекстан, Италия, Украина және Ұлыбритания. Импортталатын
тауарлардың басым бөлігі Ресейден, Өзбекстаннан, Түркменстаннан,
Германиядан, Түркиядан, Ұлыбританиядан, Беларусьтен, АҚШ –тан, Қытайдан
жеткізіледі.
Қазіргі кезде Қазақстаннан сыртқы рынокқа тауарлардың 200 – ден
астам түрлері шығарылады. Қазақстанның түсті металдары, ферросплавтар,
қара металл прокаты, минералдық тыңайтқыштар, көмірсутекті шикізат
дүниежүзілік рынокта көп сұраным тауып отыр. Машина жасау саласы
энергетикалық машина жасау, электр – техника өнеркәсібі, ауылшаруашылық
машиналарын жасау өнеркәсібінің азын – аулақ өнімдерін, металл жонатын
станоктар, ұста – пресс жабдығын, жұқа қабырғалы құбырларды салқындай
прокаттайтын станоктар және басқа тауарлар экспорттауда. Республиканың
экспорттық тауарларының маңызды тобын агроөнеркәсіп кешенінің өнімі:
талшықты мақта, жүн, дәнді дақылдары, былғары шикізаты, ет консервілері
құрайды. Азық – түлік тауарларының көп бөлігі Ресейге жеткізілуде, тоқыма
шикізатын басты тұтынушылар – Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия.
2000 жылдың бірінші жартысында сыртқы сауда айналымының 40
пайызына жуығы ТМД елдерінің үлесіне келді. Қазақстанда ресейлік
кәсіпкерлер қатысатын 300 - ге жуық кәсіпорындар жұмыс істеуде.
Украинамен сыртқы сауда көлемі 1998 жылғы қорытынлар бойынша 523 млн.
долларға жетті, мұның өзі 1997 жылғы айналым деңгейінен 27 % дерлік төмен.
Қазақстан мен ГФР арасындағы екіжақты көлемі тез қарқынмен өсіп келеді.
Қазақстанда 60 –қа жуық неміс фирмалары мен банктері, соның ішінде
Мерседес - Бенц, Сименс, Дойче банк, Дрезденбанк, Казкоммерцбанк жұмыс
істейді.
Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен сауда қатынастары нығайып
келеді, ол бүгінде республиканың сауда әріптестері болып табылатын
елдер тізімінде Ресейден, Өзбекстаннан, Украинадан, Германиядан кейінгі
жетінші орында тұр. Қазақстанның ҚХР – на экспортының 90 % - ын шикізат
тауарлары құрап отыр: қара және түсті металдар – 42 % (болат, мыс,
алюминий), жүн – 14,3 %, талшықты мата – 13,7% және т.б. Қытай импорты:
тоқыма және трикотаж бұйымдар – 35,5 %, аяқ киім – 9 % электр техникасы –
7,2%, тағам өнімдері – 22,8 %. Қазақстан мен АҚШ арасындағы сыртқы сауда
айналымы тез өсіп келеді. Қазақстанда 325 қазақстан – американ компаниялары
тіркелген.
Бүгінде Қазақстан сыртқы дүниемен интенсивті экономикалық
ынтымақтастық үшін ашық. Халықаралық бизнестің көптеген өкілдері осы
жағдайды пайдалана білді. ТМД елдері арасында Қазақстан шетелдік
инвестициялардың және капиталдың келіп құйылуының көлемі бойынша алдыңғы
орындардың бірінде тұр және ықтимал байлықты нақты байлыққа айналдыруына,
адамдарға айқын пайда беруіне көмектесетін озық идеялар мен
технологияларға, ең жаңа жабдықтарға, бағалы басқару тәжірибесіне, бос
қаржы активтеріне ынта қойып отырғанын жасырмауда.
Осы мақсатпен сыртқы экономикалық қызмет инфрақұрылымы
қалыптастырылуда. Қазіргі кезде жиырмадан астам сыртқы экономикалық
қауымдастықтар мен бірлестіктер жұмыс істеуде, сыртқы экономикалық
байланыстарға қатысчушылар саны көбеюде. Өнім экспортына, республика
үшін қажетті тауарлар мен технологиялар экспортына, сондай –ақ
бірлесмкен кәсіпорындар ұйымдастыру мақсатында басқа да ұйымдық шаралар
қолданылуда.
Сонымен бірге экономикалық байланыстарды ұлғайту мүмкіндіктері әлі
де болса жеткіліксіз пайдаланылуда. Мәмәрден, граниттен, ұлутастан, гипс
тасынан және басқа шикізаттан құрылыс материалдарын экспорттау саласында
елеулі мүмкіндіктер бар, оның өзі ірі инвестицияларды қажет етпейді және
қысқа мерзім ішінде қайтарым бере алады.
Сондықтан, ТМД елдерімен қалыптасқан экономикалық байланыстарды
үзбестен, алыс шет елдермен байланыстарды нығайта отырып, Қазақстанның
экономикалық дербестікті қамтамасыз ету және дүние жүзіндегі көптеген
елдермен өзара тиімді жіәне ұзақ мерзімді келісім – шарттар негізінде
ойдағыдай ынтымақтасу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Оның кепілі –
басталған кең көлемді экономикалық реформа, нарықтық инфрақұрылымның
жасалуы және олардың заңмен қамтамасыз етілуі.
1.1. Сыртқы экономикалық байланыстың Қазақстан
экономикасын дамытудағы рөлі
Сыртқы экономикалық байланыстар іс жүзінде әлемнің барлық
елдерінің әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешуге әсер етеді. Олар
мемлекет, аймақ және кәсіпорын көлемінде іске асырылады. Сыртқы
экономикалық байланыстар – халықаралық экономикалық саудалық байланыстар.
Олар елдер арасындағы сыртқы саудалық, ғылыми – техникалық, өндірістік,
валюталық – қаржылық және несиелік байланыстардың әр алуан түрлері,
құралдары мен әдістерінің жиынтығынан тұрады.
Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың
белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік –
коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік
әріптесті, экспорттық – импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын
таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін
анықтаудан көрінеді. Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы
сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық кооперация,
халықаралық ғылыми – техникалық ынтымақтастық, валюталық – қаржылық және
несиелік операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске
асырылады. Сыртқы сауданың түрлері: экспорт, импорт, тауарлар мен қызметтің
кері экспорт пен және кері импорты.
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық несиелік келісім,
халықаралық қаржылық лизинг, шетел инвестициясымен кәсіпорындар түрінде
іске асырылады.
Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына,
біріншіден, экспорттан валюталық түсім алу жолмен әсер етедіі. Қазіргі
кезеңде экспорт Қазақстан экономикасының өте ірі саласына айналды. 1999
жылы жалпы ішкі өнімнің 26,6 пайызы экспортқа шығарылды. 2000 жылы экспорт
көлемі 5592,3 млн. доллар болды, ол 1999 жылмен салыстарғанда 2,8 пайызға
артық. Экспорт көлемі 2000 жылы импорттан 1909,5 млн. долларға артық, ал
сыртқы сауда айналымы сальдосының өсімі 1999 жылға қарағанда 75,5 пайыз
болды. Валюталық түсім импорты өтеуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасына
инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолмен шетел инвестициясын тартуға
жағдай жасайды. Қазақстанда шетел капиталын белсенді түрде тарту 1992
жылы басталды. Алғашқы кезде ол қарапайым түрде екі тарапты несие беру
арқылы іске асырылды. Бүкіл несие алу мемлекет тарапынан, немесе оның
кепілдік беруімен жүзеге асырылды. 1993 жылы республика аумағында
бірінші рет, тікелей шетелдік инвестициялар тіркеле басталды. Мысалы,
1995 жылы олар елдегі жалпы күрделі қаржы жұмсалымы көлемінің 1,5
пайызын ғана құрады. Бірақ бұл бағыттың басымдылығына, инвестициялық
ахуалды жақсарту мақсатында заңдық негізді жетілдіруге байланысты
тікелей шетелдік инвестицияның үлесі тұрақты түрде өсті. 2000 жылы ол
республикадағы бүкіл инвестицияның 42 пайызын құрады. Көп жағдайда осындай
қомақты инвестициялар негізінде өндірістің базалық салаларында мұнай
және газ өндіруде, қара және түсті металлургияда, электроэнергетикада
дағдарыстан шығуға мүмкіндік туды.
Үшіншіден,сыртқы экономикалық қызмет осы заманға техника мен
технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға
жағдай жасайды. Ғылыми – техникалық үдеріс әсерімен техника мен
технологияның моральдік ескіру қарқыны жылдамдады, ғылыми зерттеу және
тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар шығыны артты. Сонымен қатар осы
заманғы техника мен технологияны алу жолында, өнеркәсібі дамыған
елдердегі өндірушілердің, ерекше трансұлттық корпорациялардың дербес
техникалық саясат жүргізуіне байланысты кедергілер туындайды.
Төртіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұзақ мерзімді өндірістік
ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім
өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен
қызмет жасау жолымен экономиканың дамуына әсер етеді.Бұндай бірлескен
қызмет бірнеше бағытта іске асырылады: комплектілік технологиялық құрал –
жабдықтарды сатып алу, оның жұмысын жолға қою, қызметкерлерді оқыту үшін
кеңестік қызмет көрсету; жаңа технологияға патенттер мен лицензияларды
сатып алу және т.б.
Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік – экономикалық
дамуына әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір
сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға әсер етуші фактор рөлін атқарады.
1.2. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының
мақсаттары мен стратегиясы
1991 жылы тәуелсіздік алған кезінде Республиканың экономикалық
тұжырымдамасы болған жоқ, оның экономикасы беталды дамыды. Сондықтан бұл
бөлімі ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан – 2030 жолдауымен
орайластыра қараған жөн, онда ол былай деп атап көрсеткен: Біз нені
орнатқымыз келетінін, таңдап алынған мақсатқа жеткізетін өз дамуымыздың
траекториясы, сара жолы қандай болуға тиіс екенін айқын білуге және
түсінуге тиіспіз. Өзіміздің басты мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті
стратегияларды таңдап, осы жолмен ілгері басу кезінде ерік пен шыдамдылық
көрсетіп, біз өзімізді бұлталақ жалт бұрылулардан, күш – қуатты, уақытты
және ресурстарды өнімсіз жұмсаудан сақтандырамыз. Күшті стратегияға және
нысаналылыққа ие бола отырып, біз өз жолымызда тұрған кез келген үлкен
бөгеттерден ойдағыдай өте аламыз.
Ең алдымен, нарықтық экономикаға өту – ұзақ, күрделі және қарама
–
қайшы үдеріс екенін ескеру керек. Дүниежүзілік тәжірибе бүкіл шаруашылық
жүйесін түбегейлі қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық
реформалар өндіріс деңгейінің, демек, халықтың тұрмыс деңгейінің елеулі
төмендеуіне әкеліп соғатынын дәлелдейді. Уақыт жағынан тығыз
реформалардың ешқашан және еш жерде ауыртпалықсыз өтпейтінін,
Қазақстанның бұл жерде де шет қалмағанын есте сақтау керек, - деп атап
көрсетті ХХІ ғасырдың бас кезінде мемлекет Президенті.
Сонымен бірге экономиканың қазіргі жағдайы ең бастысы әлі алда
екенін және алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстанда
ықтимал мүмкіндіктердің бәрі бар екенін көрсетіп отыр:
1. айтарлықтай тиімді географиялық, геосаяси және геоэкономикалық
жағдай;
2. ғылыми және творчестволық әлеуетінің деңгейі биік жоғары білімді
халық, ғылыми идеялардың, жаңалықтар мен өнертабыстардың
айтарлықтай бай және сұраныс таппай отырған арсеналы;
3. табиғи ресурстармен, ең алдымен руда және отын пайдалы
қазбаларының аса бай қорлары, оларды, әлбетте, ұтымды пайдалану
қажет;
4. Республиканың дүниежүзілік аренада азық – түліктің елеулі
экспортшысына айналуына мүмкіндік беретін көлемді ауылшаруашылық
танаптар мен егістіктер.
Қазақстан Республикасының экономикалық бағытының маңызды
ерекшелігі - оның басшылығының достық одақ елдерімен жалпы экономикалық
кеңістікті сақтауға ұмтылуы. Бұл ниет ТМД мемлекеттері мен үкіметтері
басшыларының барлық кеңестерінде айқын көрінуде.
Қазақстан жағы сол кеңестерде ұсынған барлық құжаттар
экономикалық байланыстарды нығайту, Достық одақтың экономикалық іс –
қимылдарын реттейтін мемлекетаралық органдар құру ұмтылысы бар екенін
көрсетеді.
1.3. Қазақстанда халықаралық компаниялардың
құрылуы және дамуы
Қазіргі кезеңде әлемдік экономиканың дамуында халықаралық
корпорациялардың рөлі ерекше. Бүгінгі күні ғаламдық трансұлттық
корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісінің маңызды және тиімді құралы
болып отыр. Ал әрбір елдің экономикалық табыстылығы сол елдің халықаралық
еңбек бөлінісінде алатын орнына, осындай корпорациялар бақылайтын әлемдік
технологиялық үдерістердегі үлесіне байланысты.
Осындай жағдайда өтпелі экономикасы дамыған елдердің үкіметтері
дұрыс макроэкономикалық саясат жүргізуі тиіс. Әлемдік экономикалық
байланыстарға тиімді қосылу мәселелерін шеше отырып Қазақстан Республикасы
трансұлттық экономикалық қызмет жүйесінің күрделілігін ескеруі керек.
Әлемдік қауымдастыққа табысты интеграциялану оның барлық
элементтерімен, ерекше трансұлттық корпорациялармен оңтайлы өзара әрекет
тетігін қалыптастыруды қажет етеді. Ол үшін трансұлттық корпорациялар
тарапынан болатын ішкі нарықтағы бәсекеге төтеп беретін, сонымен қатар
сыртқы нарықта берік орын ала алатын қуатты отандық экономикалық
құрылымдар құру қажет. Басқаша айтқанда, аса ірі трансұлттық бағыттағы
қазақстандық корпорациялар құру, ұлттық экономиканың халықаралық бәсекеге
қабілеттілігін арттыратын фактор болуы мүмкін. Қазақстанда бұл мәселені
шешудің қолайлы алғы шарттары бар. Кеңес үкімет кезінде салынған ірі
кәсіпорындар ел экономикасының негізін құрайды.
Қазақстанда өндірістің шоғырлану деңгейі жоғары. Қазіргі кезде
Республика экономикасында 16 мың кәсіпорын жұмыс істейді, оның 1,6 пайызы
бүкіл қазақстан кәсіпорындары өнімінің 77,4 пайызын өндіреді. Ал Испат -
Кармет корпорациясы елдің жалпы ішкі өнімінің 7 – 10 пайызын береді.
Республиканың ірі кәсіпорындарының ішінде кәсіпорынның көлемі,
меншік құрылымы, ұйымдық түрі және жарғылық капиталы бойынша
ерекшеленетін жүзге жуық үлкен корпоративтік бірлестіктер қалыптасты.
Қазақстанда корпоративтік сектордың жеткілікті дамымағанына және санының
аздығына қарамастан, корпоративтік құрылымның төрт тұрақты түрі белгілі
болды (Кесте № 1).
Кесте № 1
Қазақстандағы ірі корпорациялардың негізгі түрлері
Корпорация түрлері
№ Корпорациялардың атаулары Саны
1 Ұлттық және ҚазақОйл ұлттық мұнай компаниясы,
мемлекеттік ҚазТрансОйл мұнай тасымалдау ұлттық
компаниялар компаниясы, Қазатомпром ұлттық атом 15
компаниясы т.б.
2 Дербес жобалар Испат-Кармет акционерлік қоғамы, 40-қа
бойынша жекеше Қазақсмыс корпорациясы ашық типтегі жуық
ліндірілген жіәне акционерлік қоғам, Казцинк ашық
үкімет құрылтай акционерлік қоғамы,Қазақстан
шылығымен құрыл аллюминиі ашық акционерлік қоғамы және
ған акционерлік тағы қалары.
компаниялар
3 Нарықтық өздігі ненКазкоммерцбанк ашық акционерлік 10-ға
құрылу әдісі мен қоғамы, ТуранАлемБанк акционерлік жуық
қалыптасқан қоғамы, ТемірБанк акционерлік қоғамы,
жекеменшіктік НефтеБанк ашық акционерлік қоғамы,
корпорациялар Каспий банкі.
4 Трансұлттық Тенгизшевройл бірлескен кәсіпорны, 45-ке
корпорациялардың ҚазақстанКаспий - шельф акционерлік жуық
Қазақстанлық қоғамы және Харрикейн КумкольМұнай
бөлімшелері акционерлік қоғамы.
Қазақстан экономикасының корпоративтік секторында әлемдік
сыныптағы корпорациялар жоқтың қасы. Бірақ үш қазақстандық банктің
(Казкоммерцбанк, Халықтық банк, ТуранАлемБанк) және нақты сектордың бес
корпорациясының (Қазақтелеком, Шымкентнефтеоргсинтез, Өскемен титанмагний
комбинаты, Қазақмыс корпорациясы және Казцинк трансұлттық
корпорациясы) әлемдік деңгейде танымал болуға мүмкіндігі бар.
Аса ірі корпорациялар мен кәсіпорындардың экономикалық қызметін
транcұлттандыру ұлттық капиталдың әлемдік экономикаға тиімді қатысуының
маңызды және қажетті шарты болып саналады. Сондықтан еліміздің сыртқы
мемлекеттік саясатының белгілі бір бөлігі, қазақстан капиталының әлемдік
нарыққа жыл – жуының негізделген стратегиясын әзірлеу болып табылады.
Өндірісі дамыған және жаңа индустриялық елдердің экономикасының
негізі трансұлттық корпорациялар. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
елдерінің жағдайында қаржы - өнеркәсіптік топтар шаруашылықтық қызметті
ұйымдастырудың тиімді түрі болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан мақсатты қолдау
көрсетілсе қаржы - өнеркәсіптік топтар ТМД елдері экономикасында үдемелі
өзгерістерге жағдай туғызатын экспортқа бағытталған экономикалық өсу
объектісі болады.
ІІ. Бөлім. Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайдағы дамуы
Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді
шешуде маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген
мемлекет өз халқының тұрмыс жағдайын, әл – ауқатын жақсартуға және
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару
үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік – экономикалық
дамуына қол жеткізу қажет.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан - 2030
Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық
дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл –
ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол
жеткізу мақсаттары көрсетілген. Жоғары индустриалды қоғам жаңа
технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың
әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады.
Экономикалық өсу сапасының негізгі құраушылары төмендегілері:
❖ халықтың материалдық әл – ауқатын жақсарту;
❖ тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақыты көбейту;
❖ әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму деңгейін көтеру;
❖ адам капиталына инвестицияны өсіру;
❖ адамдардың өмірі мен еңбек етуінің қауіпсіздік жағдайын
қамтамасыз ету;
❖ жұмыссыздар мен қабілетсіздерді әлеуметтік қорғау;
❖ еңбек рыногында ұсыныс көлемнің артуына сәйкес толық
еңбекпен қамтылуы.
Сонымен, экономикалық өсу – қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы
түрде жетілдірілуі, нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ -ң артуы
кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Ал қазіргі экономикалық өсуге
келсек, ол - өндірістің ұзақ мерзімді өсу қарқынының халық санының өсу
қарқынан тұрақты түрде артуы кезіндегі экономикалық даму.
Қазақстанның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz