Көмірсуларды зерттеген ғалымдар
Көмірсулар
Органикалық заттар дегеніміз − молекуласының құрамына көміртек немесе оның қосылыстары кіретін, сондай-ақ ауада және оттекте жанатын заттар.
Көміртек әр түрлі және тұрақты қосылыстар түзіп, тірі организмде болатын молекулалардың саналуандығын қамтамасыз ететін бірден-бір элемент.
Көмірсу молекулаларының құрамына көміртек, оттек және сутек томары кіреді. Көмірсулар − органикалық заттардың ішіндегі аса маңызды қосылыстардың бірі. Көптеген көмірсулардың молекуласының құрамындағы сутек атомдары, көміртек атомдарынан екі есе көп болатындықтан, оларды көмірсулар деп атаған. Көмірсу деген терминді ғылымға 1844 жылы орыс ғалымы К. Шмид енгізген болатын.
Көмірсулар табиғатта көп таралған. Кейбір өсімдіктердің жемістеріндегі құрғақ зат массасының 80-90%-ы, ал жануарларда 1−2%-ы көмірсулар үлесіне тиеді. Көмірсулар биополимерлерге жатады. Олар: қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым көмірсуларға моносахаридтер, ал күрделі көмірсуларға полисахаридтер жатады. Моносахаридтердің атаулары - молекуласындағы көміртек атомы санының артуына байланысты. Мысалы, триоза, тетроза, пентоза және т.б.
Полисахаридтерің молекуласы жүздеген моносахаридтердің қалдықтарынан түзіледі.
Көмірсулар − жасушаның барлық тіршілік әрекетіне жұмсалатын энергия көзі, құрылыс материалы және қоректік зат. Олар сондай-ақ организмде қор ретінде жинақталады. Мысалы, өсімдік жасушаларындағы крахмал, ал жануарлар жасушаларында гликоген түрінде болады.
Липидтер (грекше "lipos" - май) - барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтерге майлар және май тәрізді заттар − липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына С, Н,О атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болады.
Липидтердің ішінде ең көп таралғаны және ең негізгісі майлар. Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт − глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады.
Липидтер барлық тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.
Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық қосылыстардың түзілуіне қатысады.
Май − қоректік қор заты. Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және т.б. тірі ағзаларда май қоры жинақталады.
Құрамындағы элементтердің арақатынасына және құрамына байланысты липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет - олардың полярлы еместігі. Сондықтан да липидтер полярлы емес сұйықтарда, мысалы, бензинде, эфирде, хлороформда жақсы ериді, ал суда мүлде ерімейді. Липидтердің ішіндегі ең көп тарағаны және белгілісі - майлар. Майлар өзара эфирлік байланыспен қосылатын глицирин мен май қышқылынан тұрады. Олардың қатарына бәрімізге белгілі жануар және өсімдік майлары, маргарин және т. б. жатады. Майлардың бір-бірінен айырмашылығы олардың құрамына кіретін май қышқылдарының табиғи сипатында. Май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып екіге бөлінеді. Жануар майларының құрамында қаныққан қышқылдар көп. Жасушаларда майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5-10%-ті шамасында болады. Алайда, құрамының 90%-ке жуығы майдан тұратын жасушалар да бар. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, кеуде бездері, түйенің өркеші осындай жасушалардан тұрады. Май сүттің құрамында да болады.
Липидтерге сонымен қатар май тәрізді заттар: холестерин, лецитин, майда еритін А, Д дәрумендері (витаминдер), кейбір гармондар жатады.
Лепидтердің биологиялық рөлі:
1. Лепидтердің суда ерімейтін қасиеті, олардың құрылыс материалдары қызметін атқаруына мүмкіндік береді.
2. Лепидтер энергия көзі. Ма й жасушада көміртегі оксиді мен суға дейін ыдырайды, оның әр грамы молекуласынан 38,9 кгДж энергия бөлінеді.
3. Май, су көзі. 1 кг май тотыққанда (ыдырағанда) одан 1,1 кг-да су түзіледі. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар ағзасындағы тотыға отырып ыдыраған майдың суын пайдаланады.
4. Лепидтер қорғаныштық қызмет атқарады. Май жылуды нашар өткізетіндіктен, тері астында қалың май қабатын түзіп, дене температурасын тұрақты сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді, бұл оның поляр теңіздеріндегі суық суда тіршілік етуіне мүмкіндік береді.
5. Лепидтер - қорға жиналған заттар ролін атқарады. Жануарлар мен өсімдіктер әртүрлі мөлшерлерде жиналған май қорын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайды.
Тірі жасушадағы органикалық заттардың барлығы биополимерлерге жатады. Полимер молекуласы қарапайым заттардан құралады, оларды мономерлер деп атайды.
Биополимерлердің ішінде мөлшері мен маңызы жөнінен нәруыз молекуласы ерекше орын алады. Нәруыздың макромолекулаға жататындығын оның молекуласының массасын басқа органикалық заттардың молекулалық массасымен салыстыру арқылы көз жеткізу қиын емес. Мысалы, органикалық зат − этил спиртінің молекулалық массасы − 46, бензолдікі −78, ал жұмыртқа нәруызының молекулалық массасы − 45000, инсулиндікі, шамамен − 60000-ға жуық және т.б. Нәруыз молекуласы массасының жоғары болу себебі, оның құрамына мыңдаған атомдардан тұратын мономерлер кіреді.
Нәруыз молекуласын тұңғыш рет 1736 жылы Я. Беккори зерттеді. Ол бидай ұнынан желімтіктелген нәруыз алған болатын, бірақ оның құрамы тек жүз жылдан кейін басқа ғалымдардың жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде анықталды.
Я. Беккори
Нәруыз молекуласы химиялық құрылымы жөнінен гетерополимерге жатады. Себебі оның құрамына кіретін амин қышқылдары құрылысы жөнінен әртүрлі. Нәруыздар құрамына байланысты екі топқа бөлінеді: жай нәруыздар және күрделі нәруыздар.
Ақуыз, нәруыз, белок -- молекулалары өте күрделі болатын амин қышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларға тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Амин қышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекулярлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әр алуан өте манызды қызмет атқарады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz