Молдова КСР жемісті-көкөністі консерві өнеркәсібінің ақаба суын тазалау технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Молдова КСР жемісті-көкөністі консерві өнеркәсібінің ақаба суын тазалау технологиясы

Мазмұны

Кіріспе

1. Жемісті көкөністі консерв өнеркәсіп кәсіпорындарының ақаба суларын тазалаудың қазіргі жағдайы

1. 1. Ақаба сулардың пайда болу көздері, категориялары, мөлшерлері мен құрамы

1. 2. Ақаба суларды тазалауға арналған қолданыстағы технологиялық кескіндер мен құрылымдар

1. 2. 1. Ақаба суларды механикалық әдіспен тазарту

1. 2. 2. Ақаба суларды физико-химиялық әдіспен тазарту

1. 2. 3. Ақаба суларды биологиялық әдіспен тазарту

1. 3. Зерттеудің тапсырмалары мен қорытындылары

2. Ақаба суларды сүзгілеу процесінің заңдылықтарын теориялық және тәжірибелік зерттеу

2. 1. Торлы сүзгілердің қолданыстағы құрылымдары мен оларды есептеу әдістері

2. 2. Зертханалық зерттеулер

3. Ақаба суларды токкодисперсті салмақтанған заттардан тазартудың негізгі заңдылықтарын тәжірибелік зерттеу

3. 1. Қысымды флотация құрылымын жетілдіру

4. Ақаба суларды биологиялық тазарту

КІРІСПЕ

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану біздің еліміздегі жалпы мемлекеттік маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға байланысты қамқорлығы КПСС ХХVI съезінде бекітілген «КСРО-ның 1981-1985 жылдары мен 1990 жылға дейінгі кезеңіндегі экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары» атты құжаттамасында, КСРО-ның негізгі заңының 18 бабында, соңғы жылдары КПСС ОК, Жоғарғы Кеңес пен КСРО СМ қабылданған бірқатар мемлекеттік актілерде көрсетілген: «КСРО мен кеңестік республикалардың су заңдылықтарының негізі» 10 желтоқсан, 1970 жыл; «КПСС ОК мен КСРО СМ 1978 жылдың 1 желтоқсанында қабылдаған табиғатты қорғауды күшейту және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту бойынша қосымша шаралар туралы қаулысы»; «СССР СМ шағын өзендерді ластанудан, қоқысталудан және сарқылудан қорғау және су ұорларын тиімді пайдалану бойынша қаулысы»; «Қара және Азов теңіздерінің бассейндерін ластанудан алдын алу бойынша КПСС Орталық комитетінің 1976 жылғы 16 қаңтарындағы қаулысы». Бұл ғылыми қызметкерлерге ақаба суларды тазалау үшін бағдарламаларды, зерттеулерді интенсифмкациялауға, жаңа қарқынды әдістер мен құрылымдарды енгізу бойынша үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сонымен қатар, КПСС ХХVI съезі әлеуметтік дамудың кең бағдарламасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруды басшылыққа ала отырып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту тапсырмасын бірінші орынға қойды, жекеленген жағдайларда бақшы жемістері болып саналады.

Осы тапсырманы шешу үшін КПСС ОК мамыр айындағы Пленумымен КСРО-ның 1990 жылға дейінгі кезеңіне арналған КСРО-ның азық-түліктік бағдарламасы жасалып, тиімді қолданылып келеді, сонымен қатар бұл жақын онжылдыққа арналған экономикалық саясаттың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Осыған байланысты КСРО оңтүстік өңірлерінде, соның ішінде Молдова КСР бақша жеміс өнімдерін қндіруге және қайта өңдеуге арналған мамандандырылған шаруашылықтар мен агроөнеркәсіптік кәсіпорындар құрылуда. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтау бойынша жаңа ірі кәсіпорындардың құрылуымен қатар, қолданыстағы консерв зауыттары қайта құрылып, кеңейтілуде, сонымен қатар, консерв цехтары түріндегі және барлық өндірілген өнімдерді сақтау, қайта өңдеу және сату мақсатында тікелей колхоздар мен совхоздарға жақын шаруашылықтарда жеміс жидектерді алғашқы реттік өңдеу пунктері түріндегі шағын кәсіпорындар құрылуда. Бұл осы кәсіпорындарда түзілетін ақаба сулар көлемінің айтарлықтай артуына соқтырады, сондықтан да оларды тазалау мәселесін шешу талап етіледі.

Консервілеудің әртүрлі технологиялық процестерінде пайдаланылатын су ақаба сулардың органикалық ластануы бойынша жоғары концентрациялы заттар түрінде шығарылады, онда еритін және ерімейтін заттар болады. Ақаба сулардың мөлшері мен ластану деңгейікәсіпорынның қуаттылығына, өңдеуге келіп түсетін шикізаттың мқлшеріне, сапасы мен түріне, шығарылатын қнімнің ассортиментіне, орнатылған технологиялық қондырғының түріне байланысты. Кәрізге шығарылатын ақаба судың көлемі барлық тұтынылған су мөлшерінің 95% құрайды.

Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда ақаба суларды тазалаудың әртүрлі технологиялық кескіндері қолданылады, алайда, олардың көпшілігі төмен әсерлі немесе тиімсіз. Қуаттылығы бойынша кәсіпорындардың, өңделетін шикізат түрлерінің, сонымен қатар олардың жұмыс істеу кезеңділігінің әртүрлілігін ескерсек, сәйкесінше мөлшері мен құрамы бойынша түзілетін әртүрлі ақаба суларды тазалау бойынша әлі күнге дейін қолданылып жүрген бірде бір технологиялық кескін, соның ішінде құрылымдар жиыны да, өзінің тиімсіздігіне сәйкес, сонымен қатар құрылымның толық жетілдірілмеуіне байланысты қолдануға ұсыныла алмайды.

Молдова республикасындағы 25 жемісті-көкөністі зауыттардың 8-і жерүсті су қоймаларына тәулігіне шамамен 7000м 3 ішінара тазартылған немесе тазартылмаған ақаба суларды төгеді, осылайша мемлекетке келтірілетін шығын көлемі тәулігіне 786 мың рубльді құрайды. Оған қоса 105 консерві, сок цехтары мен жеміс пен көкөністі бірінші ретті өңдеу пунктері бар, олардың тәуліктік ақаба су шығынының көлемі 3м 3 тең. Аталған көлемдегі тазаланбаған ақаба суды жерүсті су қоймаларына төгуден болатын тәуліктік шығын шамамен 435мың рубльді құрайды.

Аталған түрдегі ақаба суды тазалау жағдайы бізде де, шет елдерінде де жақсы емес. Мәселен, ГФР елінде көкөніс пен жемісті өңдеу бойынша 56 кәсіпорынның 53, 6%-ында тазалау құрылымдары жоқ, 41% тек қана механикалық тазалаумен шектелсе, небәрі 5, 4% ғана ақаба суларды биологиялық тазалау құрылмдарымен жабдықталған.

Осыған байланысты, сенімді тазалауды қамтамасыз ететін және тазаланған судың жоғары сапасына кепілдік беретін, ақаба суларды тазалауға арналған тиімді және прогрессивті технологиялық кескіндер мен құрылымдарды жүйелі түрде зерттеу бүгінгі таңда өзекті мәселе болып табылады.

С. Лазо атындағы Кишинев политехникалық институтының сумен қамтамасыз ету және канализация кафедрасында бірнеше жылдар бойы жемісті және көкөністі шаруашылық кәсіпорындарының ақаба суларын тазалауға арналған технологиялық кескіндер мен құрылымдардың принципиальді кескіндері жасалынды.

Жұмыста жемісті-көкөністі консерв өнеркәсіп кәсіпорнының ақаба суларын тазалауға арналған екі технологиялық кескін қарастырылған:

Біріншісі - ақаба суларды толық биологиялық тазарту кескіні, ол көптеген ірі консерв кәсіпорындарында қолдануға ұсынылады, сонымен қатар жыл бойғы жұмысымен сипатталады.

Екіншісі - ақаба суларды механикалық тазартудан өткізіп, тазартылған суды ары қарай ауылшаруашылық жерлерін суару жүйесіне жіберу немесе технологиялық процесте екінші ретті пайдалану және бұл көкөніс пен жемістерді бірінші ретті өңдеу пунктерінде, консерв және шырын цехтарында қолдануға ұсынылады, ол жұмыстың кезеңділігімен сипатталады.

Ақаба сулардың сандық және сапалық құрамын зерттеу нәтижелері келтірілген, сонымен қатар тазалаудың әртүрлі кезеңдеріне тән ластауларды жоюға арналған құрылымдар мен әдістер ұсынылған, желеленген жағдайларда:

  • Ірідисперсті қоспаларды торлы барабанды сүзгілерде жою;
  • Ақаба суларды аэрацияланатын резервуар-орталандырғыштарда орталандыра отырып, бірмезетте тез қышқылданатын органикалық заттарды артық белсенді көмірмен жою;
  • Майдадисперсті салмақтанған заттарды тұндырғыш-флотатор-биокоагуляторда жою;
  • Ақаба суларды секциялы аэротенк-ығыстырып шығарғышта биологиялық тазарту.

Қорғауға диссертацияның келесідей негізгі ережелері шығарылады:

  • Ақаба суларды сандық және сапалық сипаттау;
  • Торларда, қысымды флотацияларда белсенді көмірді қосу және қоспау тәртіптерінде сүзгілеу процестері мен ақаба суларды биологиялық тазартудың теориялық және тәжірибелік зерттеулерінің материалдары.
  • Жоғарыда аталған процестер мен оларды есептеу әдістемелерін сипаттайтын математикалық үлгілер;
  • Ақаба суларды тазалаудың комплексті технологиялық кескініжәне оларды тәжірибеде қолданудың техникалық және экономикалық бағамы.

1. ЖЕМІСТІ КӨКӨНІС КОНСЕРВ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДА-РЫНЫҢ АҚАБА СУЛАРЫН ТАЗАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

1. 1. Ақаба сулардың пайда болу көздері, категориялары, мқлшерлері мен құрамы

Жемісті-көкөністі консерв өнеркәсіп кәсіпорындарының ластанған ақаба суларының мөлшері, құрамы мен концентрациясы бірқатар факторларға байланысты: өңдеуге келіп түсетін шикізаттың түрі мен мөлшеріне, шығарылатын өнімнің түріне, қолданылатын технологиялық құрылғының түріне, айналмалы сумен қамту жүйесінің және ақаба суларды қайталама пайдаланудың барлығына және т. б. байланысты.

Ақаба сулар жекеленген технологиялық процестердің нәтижесінде пайда болады: гидротасымалдау, конвейерлерде шикізатты іріктеу, шикізат пен жартылай фабрикаттарды жуу, жартылай фабрикаттарды бөлу және оларды порциялау, термиялық өңдеу немесе бланшировка, жартылай фабрикаттарды қаптау, құю, стерилизациялау және автокландау және т. б. Ақаба судың көлемі барлық пайдаланылатын судың 95% құрайды.

Көптеген кәсіпорындарда ақаба сулардың үш категориясы түзіледі: өндірістік (ластанған және шартты таза), тұрмыстық және атмосфералық. Ақаба сулардың үш категориясының болуы кәсіпорындарда жекеленген кәріз жүйелері құрылғыларын негіздейді: өнідірістік және тұрмыстық ластанғандар бір немесе жекеленген құбырөткізгіш желілерімен шығарылады, өндірістік шартты таза және атмосфералық ақаба сулар басқа құбырөткізгіш желісімен шығарылады.

Бөліп шығару тәртібі, сонымен қатар, ақаба судың мөлшері суды тұтыну режиміне тікелей тәуелді болады, ол өз кезегнде кәсіпорынның жұмыс режиміне, оның қуаттылығына, жұмыстың ұзақтығына, шығарылатын өнімнің ассортиментіне, мөлшеріне, сапасы мен өңделетін шикізат түріне, қолданылатын технологиялық кескін түріне байланысты. Ақаба сулардың шығыны туралы әдебиеттерде келтірілген мәліметтер сан алуан. Үлестік шығындар (1000 есептік банкілерге есептегенде) 0, 1-ден 10м 3 дейін ауытқып отырады. 1000 есептік консерв банкілеріне шаққандағы жекеленген технологиялық процестер кезіндегі өндірістік ақаба сулардың шамалық шығыны кесте 1. 1. келтірілген.

Кесте 1. 1 - Консервілеудің жекеленген технологиялық процестері кезінде түзілетін өндірістік ақаба сулардың үлестік шығындары

Технологиялық процестің атауы
Ақаба сулардың мөлшері, м 3 /туб
Технологиялық процестің атауы
Ақаба сулардың мөлшері, м 3 /туб
Технологиялық процестің атауы: Гидротасымалдау
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб: 1, 0 - 4, 5
Технологиялық процестің атауы: Қуыру
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб: 0, 15 - 0, 18
Технологиялық процестің атауы: Суға салып қою
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб: 0, 1 - 0, 15
Технологиялық процестің атауы: Бланшировка және суыту
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб: 1, 3 - 1, 6
Технологиялық процестің атауы: Жуу
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб: 0, 4 - 1, 9
Технологиялық процестің атауы: Зарарсыздандыру
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб: 0, 5 - 2, 8
Технологиялық процестің атауы: Тазалау
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб: 0, 3 - 0, 6
Технологиялық процестің атауы: Ыдысты дайындау
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб: 0, 15 - 0, 55
Технологиялық процестің атауы: Шаю
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб: 0, 1 - 0, 2
Технологиялық процестің атауы:
Ақаба сулардың мөлшері, м3/туб:

Қазіргі таңда ВНПКИ «Консервпромкомплекс» шығарылатын өнім түріне байланысты өндірістік және тұрмыстық ақаба сулардың ірілендірілген үлестік шығындарын жасады (кесте 1. 2) .

Жемістік-көкөністік консерв өнеркәсіп кәсіпорындарында суды бөліп әкетуді оқу бойынша әртүрлі авторлардың жүргізген зерттеулері ақаба сулардың тәулік бойындағы, сонымен қатар жыл бойындағы айтарлықтай ауытқуын анықтады. Сағаттық біркеліксіздіктің максималды коэффициенті 1, 1-1, 5 шегінде ауытқып отырады.

Кезеңдік біркеліксіздіктің коэффициенттері өте үлкен шектерде ауытқиды: 0, 6-ден 3, 0-ге дейін, бұл жағдайда жазғы-күзгі кезеңде оның мәні 2 және одан артық болады, ал қысқы кезеңде - 0, 6 және одан да көп болады. Мұның басты себебі ауылшаруашылық өнімдерін жинау кезеңінде өндірістің негізгі потенциалын концентраттау болып табылады. Ірі консерв кәсіпорындары үшін маусымдық біркеліксіздік коэффициенті олардың маусымаралық кезеңде жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу есебінен айтарлықтай біркелкі жұмыс істеуінің салдарынан тқмен болады (шырын, езбе, повидло, джем және т. б. ) .

Кесте 1. 2 - Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны

Шығарылатын өнім түрі
Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м 3 /туб
Шығарылатын өнім түрі:

Томат пастасы

айналмалы сумен қамту кезінде

техникалық суды пайдалану кезінде

Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м3/туб:

7, 7-9, 9

18, 8

Шығарылатын өнім түрі: Томат шырыны
Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м3/туб: 5, 0-5, 5
Шығарылатын өнім түрі: Жасыл бұршақ
Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м3/туб: 6, 9-8, 7
Шығарылатын өнім түрі: Бұтіндей консервіленген томаттар
Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м3/туб: 3, 1-3, 5
Шығарылатын өнім түрі: Бұтіндей консервіленген қиярлар
Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м3/туб: 4, 6-4, 9
Шығарылатын өнім түрі: Көкөністі консервілер
Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м3/туб: 5, 4-5, 8
Шығарылатын өнім түрі: Жемісті шырындар
Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м3/туб: 3, 3-5, 0
Шығарылатын өнім түрі: Компоттар
Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м3/туб: 3, 2-5, 0
Шығарылатын өнім түрі: Балаларға арналған консервілер
Ақаба сулардың ірілендірілген шығыны, м3/туб: 3, 0-4, 2

Жемісті-көкөністі консерв өнеркәсіп кәсіпорындарында суды бөліп әкету тәртіптерін зерттеу мақсатында біз Оланшет, Кошницк, Ниспоренск және Красное ауылдарында 3 жыл бойы бақылаулар жүргіздік. Суды бөліп әкету режимдерін зерттеу жылына үш рет жүргізілді: маусымның басында (маусым айында), ортасында (тамыз-қыркүйек), және соңында (қазан-қараша айларында) . Маусымның айтарлықтай бөлігінде бақыланған кәсіпорындар үш ауысымда жұмыс істеді. Зерттеулердің нәтижелері сағаттық біркеліксіздіктің ауытқу коэффициентін 1, 2-1, 45 шегінде, маусымдық біркеліксіздіктің ауытқу коэффициентін 1, 2-ден 2, 4 дейін бекітуге мүмкіндік берді. Тәуліктік шығынның пайыздық қатынасымен келтірілген ақаба сулардың сағаттық шығыны олардың орташа мәнін табуға және суды бөліп әкетудің орталандырылған режимін құруға мүмкіндік береді (сурет 1. 1) .

Сурет 1. 1 - Жемісті-көкөністі консерв зауыттарындағы ақаба суларды бөліп әкетудің орталандырылған режимі

Зерттелген кәсіпорындарындағы кәріз жүйесінің жұмысын анықтау кезінде өнеркәсіптік алаңдардан ақаба суды бөліп әкетудің қандай да бір айқын заңдылығының жоқ екендігі көрінді. Ақаба судың мөлшерлік минимумы ауысым соңына және үзіліс кезіне тиеселі, ал максимумы ауысым басында орын алады. Ақаба сулар шығынының сағаттық ауытқуы технологиялық желілердің жекеленген элементтерінің жұмыс кезеңділігіне де байланысты болуы мүмкін, мәселен, гидротранспортерлер, жуу машиналары, кезеңдік зарарсыздандыру аппараттары. Бұл ақаба сулардың біркеліксіз төгілуіне және кәсіпорынның жалпы ағындарының ауытқуына алып келеді, сөйтіп тазалау резервуарларының жалпы кескініне - орталағыштарды қосуды талап етеді.

Судың әртүрлі үлестік шығындары, сәйкесінше ақаба сулардың мөлшері ондағы ластаулар концентрациясы ауытқуының бір себебі болуы мүмкін. Одан басқа, ластаулар концентрациясы көп жағдайда өңдеуге келіп түсетін шикізаттың сапасына, технологиялық қондырғы мен басқа да факторларға да байланысты болуы мүмкін. Жекеленген жағдайларда консервациялау кезінде түзілетін қалдықтар мөлшері шикізат салмағының 12-35% құрайды. Олардың 20-50% ақаба сулармен бірге канализациялық желіге келіп түседі.

Ақаба сулардың құрамында консервацияланатын өнімдердің бетінен алынатын еріген, ерімеген және коллоидты заттар болады, олар: көкөінстер мен жеміс қалдықтары, олардың ыдырауы кезінде пайда болған өнімдер, құм және жер бөлшектері және т. б. Олар тез ыдырайтын органикалық заттарға бай, олар ауа болмаған жағдайда тез шіруге бейім болады. Оның басты себебі көміртегінің болуы болып табылады, әсіресе қанттың, оның концентрациясы 120-290мг/л дейін жетеді (Қосымша 1) . Сәйкесінше ақаба сулар жаңадан келіп түскен кезде тазалануы керек, ал егер орталандырғыш құрылымдардың болуы жағдайында оны қысымдалған ауамен барботаждау қарастырылуы керек. Ақаба сулардың температурасы 19ºС-тан 32ºС дейін ауытқып отырады, рН - 6, 6-7, 2 құрайды. Биогенді элементтердің концентрациясы төмен, жекеленген жағдайларда, аммоний азоты - 0, 1-27мг/л құрайды, фосфат - 0, 1-19мг/л, бұл дегеніміз биологиялық тазарту кезінде оларды қосу қажет етіледі дегенді білдіреді.

Кәріздік желіге көп ластанудың төгілуіне себепкер болатын суды көп қажет ететін технологиялық процестердің бірі шикізатты гидротасымалдау және жуу болып табылады, сонымен қатар, дайын өнімді зарасыздандыру процесі. ВНИПКИ «Консервпромкомплекс» аталған технологиялық процестердің жүруі кезінде шығарылатын ластаулардың орташа мөлшері анықталған (Қосымша 2, 3, 4) . Егер шикізатты жуу және дайын өнімді стерилизациялауға дейін технологиялық нормалар бойынша ауыз су сапасындағы су қажет етілетін болса, ал гидротасымалдау кезінде салмақтанған заттар концентрациясы 40мг/л дейінгі техникалық су пайдаланылады (Қосымша 5) . Бұл аталған процесс үшін қайталама су жүйесінің пайдалану мүмкіндігін негіздейді, осылайша су қоймаларына төгілетін ақаба сулардың мөлшері күрт қысқаруы мүмкін. Әсіресе бұл шикізаттың жекеленген түрлерін өңдеуге маманданған және гидротасымалдау сулары ағындардың негізгі бөлігін құрайтын ауылшаруашылық шикізаттарын бірінші ретті өңдеу пунктері үшін маңызды болмақ.

Жемісті-көкөністі консерв өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы ағымы әртүрлі категориядағы ақаба сулардан құралады, бұл шикізатты өңдеудің жекеленген технологиялық процестерін жүзеге асыру кезінде пайда болады. Бұл тәулік ішінде, сонымен қатар шикізатты өңдеу маусымы бойына ақаба сулардағы ластаулар концентрациясының ауытқып отыруына соқтырады. Ақаба сулардағы ластаулар концентрациясының айтарлықтай ауытқуы бірдей шикізаттарды өңдеу кезінде де байқалады (сурет 1. 2, 1. 3) . Сәйкесінше, ақаба сулар ластануының ең жоғары деңгейін төмендету үшін тазалау резервуарларының жалпы кескініне - ластаулар концентрациясын орталандырғыштарды қосу керек.

Ақаба сулармен бірге шығарылатын ластаулардың негізгі мөлшері масуым пикіне сәйкес келеді (маусым - қазан айлары) (Қосымша 6, 7) . Маусымның басында, ережеге сәйкес (маусым айының бірінші жартысы), ластаулар концентрациясы салыстырмалы түрде үлкен болмайды және орта есеппен салмақтанған заттар бойынша 200-450мг/л және БПК 5 бойынша 220-470мг/л құрайды. Ластаулар концентрациясының күрт артуы маусым айының екінші жартысында өңдеуге жасыл бұршақтың келіп түскен кезінде басталады. Бұл жағдайда салмақтанған заттар концентрациясы 1350мг/л дейін жетеді, ал БПК 5 - 1250мг/л құрайды. Жасыл бұршақты қайта өңдеу аяқталған соң, ластаулар концентрациясының төмендеуі орын алады. Бұл кезең томат келіп түскенге дейін жалғасады.

Сурет 1. 2 - Кошницк консерв зауытының жалпы ағымындағы ХПК бойынша ластаулар концентрациясының ауытқуы

Томатты өңдеу маусымы (тамыз айының соңы мен қазан айы) салмақтанған заттар бойынша да, БПК 5 бойынша да жоғары ластаулар концентрациясымен сипатталады, бұл жағдайда олардың мөлшері сәйкесінше 1700 және 1150мг/л құрайды. Ауылшаруашылық шикізаттарының түсу маусымы аяқталған соң зауыттар жартылай фабрикаттарды өңдеуге кіріседі. Бұл кезеңде ластаулар концентрациясы жоғары шектерде ауытқиды және жекеленген күндері салмақтанған заттар бойынша 1700мг/л және БПК 5 бойынша 900мг/л жетеді. Бұл кезңдегі салмақтанған заттардың орташа концентрациясы 520мг/л, ал БПК 5 - 345мг/л жетеді.

Маусымаралық кезең шығарылатын өнімнің минимальді мөлшерімен сипатталады және сәйкесінше шығарылатын ақаба судың мөлшері де минимальді болады. Бұл кезеңде кәсіпорын ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеудің жаңа кезеңіне өтуге дайындала бастайды. Ақаба сулардың құрамында ластаулар концентрациясы мардымсыз деңгейде болады. Бұл кезңдегі салмақтанған заттардың орташа концентрациясы 210мг/л, ал БПК 5 - 125мг/л жетеді.

Сурет 1. 3 - Кошницк консерв зауытының жалпы ағымындағы салмақтанған заттар бойынша ластаулар концентрациясының ауытқуы

1. 2. Ақаба суларды тазалауға арналған қолданыстағы технологиялық кескіндер мен құрылымдар

Жемісті-көкөністі консерв өнеркәсіп кәсіпорындары шығарылатын консерв санына сәйкес қуаттылығы жылына 20-200м/куб шектерінде ауытқитын және жыл бойы жұмыс істеумен сипатталатын ірі жемісті-көкөністі зауыттарға, сонымен қатар шырын, консерв цехтары мен жеміс пен көкөністі бірінші ретті өңдеу пунктеріне бөлінеді, олар ауылшаруашылық шикізаттарын жартылай фабрикаттарға қайта өңдейді. Соңғылары маусымдық жұмыспен сипатталады, олар жылына шамамен 2-ден 7 айға дейін жұмыс істейді. Жемісті-көкөністі консерв зауыттарының ақаба суларының шығыны кәсіпорын қуаттылығына байланысты болады және тәулігіне 2-20мың. м 3 шегінде ауытқып отырады. Шырын, консерв цехтары мен жеміс пен көкөністі бірінші ретті өңдеу пунктеріндегі ақаба сулардың шығыны тәулігіне 200-ден 500м 3 дейін ауытқып отырады. Жемісті-көкөністі зауыттардың бір бөлігі ірі кәріздік жүйелері бар елді-мекендерде шоғырланған және өздерінің ақаба суларын қалалық кәріз жүйелеріне төгіледі, ал бір бөлігі - ішінара немесе кәріз жүйесі мүлдем жоқ елді мекендерде орналасқан, олар ақаба суларын өздерінің тазалау құрылымдарына төгеді. Консерв және шырын цехтар әдетте шағын қалаларға жақын, әдетте кәріз жүйесі жоқ елді мекендерде шоғырланады, ал жемістер мен көкөністерді бірінші ретті өңдеу цехтары тікелей ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін орындарда орналасады. Соңғылары ақаба суларды ішінара механикалық өңдеумен шектедеі, немесе ақаба сулар тазалаусыз ақ жерүсті су қоймаларына төгіледі. Шығарылатын өнім мөлшеріне сәйкес кәсіпорындардың әртүрлі номенклатурасы, сәйкесінше түзілетін ақаба сулардың мөлшері де, жыл бойына жұмыстың жалғасуы тазалаудың әртүрлі әдістерінің қолданылуына алып келді. Одан басқа, тазалау станцияларының құрылымдарының құрамы нақты жағдайда ақаба сулардың қажетті тазалану деңгейіне сәйкес келісіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компоттарды шырындарды консервілеу туралы ақпарат
Маринадталған жемістер мен көкөністер
Денелердің физикалық қасиеттері
Көкөністерден әзірленген тағамдар
Көкөністі тамақ консервілері жайлы мәлімет
Көкөністі тамақ консервілері
Ашытылған, тұздалған және маринадталған жеміс-жидектерді сараптау.
Балық өнімі
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Өнімдер өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz