ҚазМұнайГаз туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»: «М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»:
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»: Магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ)
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»: Орындаған:
Суюнбеков Шынғысхан Мұхитұлы
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»: (МӨЖ) тақырыбы:
«ҚазМұнайГаз»
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»:
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»: Тексерген:
Сарбасова Гулмира Әзімбайқызы
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»: Оқу орының атауы:
М. Х. Дулати атындағы ТарӨУ, «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»: Тобы:
7M11211-Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігі
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»:
«М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ»: Тараз, 2022

"ҚазМұнайГаз"

Компания туралы

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - ҚМГ, Компания) Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ активтерді барлық өндірістік цикл бойынша басқарады - көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және сервистік қызметтер көрсетуге дейін. Компания 2002 жылы құрылған және еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді.

Корпоративтік басқару жүйесі

ҚМГ-нің корпоративтік басқару жүйесі ҚМГ қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін процестер жиынтығын, сондай-ақ акционерлер («СамұрықҚазына» АҚ пен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ), Директорлар кеңесі, Басқарма мен мүдделі тараптар арасындағы өзара қарымқатынастар жүйесін білдіреді. ҚМГ органдарының құзыреттері ҚМГ Жарғысында нақты бөлініп, бекітілген.

ҚМГ-нің корпоративтік басқару құрылымы

Компанияның корпоративтік басқару органдарының жүйесі мыналарды қамтиды: жоғарғы орган - Акционерлердің жалпы жиналысы; басқару органы - Акционерлердің жалпы жиналысына есеп беретін Директорлар кеңесі; атқарушы орган - Директорлар кеңесіне есеп беретін Басқарма; Ішкі аудит қызметі - Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қордың тобына кіретін ҚМГ компаниялар тобының компаниялары мен өзге де ұйымдарының (бұдан әрі - ҚМГ компаниялар тобы) қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару саласындағы бағалауды, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын жүзеге асыратын орталықтандырылған орган және ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобының қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беру; Өз функцияларын тұрақты және тәуелсіз негізде орындайтын, Компанияның Директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын, ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындайтын және ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп беретін, өз құзыреті шегінде ҚМГ корпоративтік басқару жүйесінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Корпоративтік хатшы; Директорлар кеңесіне есеп беретін комплаенс қызметі, оның қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚМГ компаниялары тобының ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша міндетті реттеушілік талаптар мен үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлер арасында ашықтықты, адалдықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ үздік халықаралық стандарттарға, Қазақстан Республикасының ішкі саясаттарына және заңнамасына сәйкес бизнес жүргізу үшін жағдайлар жасауға бағытталған; Омбудсмен - ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның ролі оған жүгінген ҚМГ қызметкерлеріне консультация беру және еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ ҚМГ қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауға жәрдем көрсету болып табылады.

Қаржылық орнықтылық

Бірнеше жыл бойы Компанияның қаржылық орнықтылығын қолдау бойынша ауқымды іс-шараларды іске асыру нәтижесінде Компания мұнайдың төмен бағасының алдыңғы кезеңдерімен салыстырғанда 2020 жылы жаңа сын-қатерлерге барынша дайын болды. Мысалы, Dated Brent мұнайының орташа бағасы жылдан жылға 34, 8%-ке бір баррель үшін 41, 8 АҚШ долларына дейін төмендегеннен кейін, 2020 жылы EBITDA көрсеткіші 2 785 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда, Dated Brent орташа бағасы жылдан жылға 47, 1%-ке бір баррель үшін 52, 37 АҚШ долларына дейін төмендегенін көрсетті, EBITDA көрсеткіші 670 млрд АҚШ доллары деңгейінде теріс болды.

Қазақстанның мұнай мен газ тасымалдау секторындағы лидерлік орын

ҚМГ үлесі елдің мұнай тасымалдау нарығында - 56% және газ тасымалдау нарығында 77%. Басқарылатын мұнай тасымалдау жүйесі әртараптандырылған және оның жоғары транзиттік және экспорттық әлеуеті бар. Секторға инвестиция салудың белсенді фазасы аяқталды және қазіргі бар қуаттар елде өсіп жатқан өндіру көлеміне қызмет көрсетуге арналған.

Заманауи корпоративтік басқару жүйесі мен орнықты даму қағидаттарын ұстану

Орнықты даму ҚМГ-нің стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Соңғы бірнеше жылда Компания өзінің ESG-дамуында айтарлықтай жақсару жасады, бұған корпоративтік басқару жүйесін жетілдірудегі нәтижелермен қатар экологиялық және әлеуметтік көрсеткіштердің серпіні дәлел.

Компания үшін қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар парниктік газдар шығарындыларын басқару және газды алауда жағуды қысқарту, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқару, жерді қалпына келтіру және энергия тиімділігін арттыру болып табылады.

ҚМГ меритократия, әділдік пен объективтілік қағидаттарын қолдайды, әрбір қызметкерге жаңа жетістіктер үшін оңтайлы жағдай жасайды және әрқайсысының ҚМГ қызметіне қосқан үлесін әділ бағалайды. Компания корпоративтік мәдениет деңгейін жақсарту және әлеуметтік тұрақтылық пен өндірістік қатынастар деңгейін арттыру бойынша жоспарларды іске асырады.

Үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келу мақсатында Компания өзінің корпоративтік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге көп көңіл бөледі. Бүгінгі таңда Директорлар кеңесінің құрамы сапалы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құзыреттер бойынша оңтайлы теңдестірілген. Директорлар кеңесінің жеті мүшесінің үшеуі тәуелсіз директор, тағы үшеуі негізгі акционердің өкілдері және біреуі - атқарушы директор (Басқарма төрағасы) болып табылады. Бұл ретте Директорлар кеңесі жанындағы барлық комитеттерді тәуелсіз директорлар басқарады.

Әлемдік газға деген сұраныстың ұзақ мерзімді өсуі, оның ішінде өсудің негізгі драйвері - Қытайдағы газға деген сұраныс

Газға деген сұранысты Азияның дамушы елдерінің (Қытай, Үндістан, Азияның басқа да елдері) экономикалары қолдап отыр. Газ ЖЭК-ке көшу кезеңінде пайдаланылатын отын ретіндегі позицияда. Қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының виртуалды Бас Ассамблеясында Қытай парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатын қатайту арқылы 2060 жылға қарай көміртекті-бейтарап тепе-теңдікке қол жеткізуге ниет білдірді. Бұл елдің көмірден табиғи газға ауысуын тездетеді деп күтілуде. Bloomberg мәліметтеріне сәйкес, Қытайда отынды тұтынуда көмірді пайдалану 2009 жылғы 71, 6%-тен 2019 жылы 57, 7%-ке дейін төмендеді, ал табиғи газдың үлесі 3, 5%-тен 8, 1%-ке дейін өсті.

Мұнай және газ тасымалдау

Қазақстанда мұнай мен газды тасымалдау және өңдеу бойынша заманауи және әртараптандырылған инфрақұрылым құрылған. Дамыған мұнай және газ тасымалдау инфрақұрылымының болуы әлемдік өткізу нарықтарына шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Мұнай және газ өңдеу

Энергетика министрлігінің Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығының деректеріне сәйкес, 2020 жылдың қорытындылары бойынша мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 15, 8 млн тоннаны құрап, алдыңғы кезеңге қарағанда 7, 6%-ке төмендеді. Бензин өндірісі 4, 5 млн тоннаны құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 1, 5%-ке төмендеді, авиакеросин өндірісі 0, 4 млн тоннаға дейін төмендеді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 29, 9%-ке аз, ал дизель отыны өндірісі 4, 6 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5, 4%-ке төмендегенін көрсетеді.

Жаңа экологиялық кодекс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 2 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне қол қойды. Жаңа Экологиялық кодекс ластанудың алдын алу және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологияларды енгізуі жөніндегі шараларды көздейтін "ластаушы төлейді және түзетеді" қағидатына негізделеді. Экологиялық кодекс қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалаудың жаңа тәсілдерін, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіруді көздейді. Бұл қоршаған ортаның жағдайын едәуір жақсартуға ықпал етеді. Бірінші кезеңде мұнай-газ саласын қоса алғанда, 50 ірі кәсіпорын жоспарлы түрде ең озық қолжетімді технологияларға (ОҚТ) көшуді бастайды. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің нормалары қолданылатын болады, оны талқылауға ҚМГ 2020 жыл бойы белсенді қатысты.

Таза пайда

2019 жылмен салыстырғанда, есепті жылда Компанияның таза пайдасы мұнайдың орташа бағасының төмендеуі, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірістеріндегі үлеске жататын түсім мен кірістердің төмендеуі және активтер құнының құнсыздануын мойындау нәтижесінде 85, 2%-ке азайып, 172 млрд теңгені (416 млн АҚШ долл. ) құрады, бұл табыс салығынан басқа, өзіндік құн бойынша шығыстардың және салықтардың төмендеуімен ішінара өтелді. Бас компанияның акционерлеріне тиесілі кезеңдегі таза пайда 273 млрд теңгені (661 млн АҚШ долл. ) құрады.

Күрделі шығындар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚ ҚазМұнайГаз басқарудың экономикалық механизмдерін қалыптастыру
Қоғамдық өндіріс жайлы
Кәсіпорынның активтерін бағалау және тиімді басқару
ҚазМұнайГаз
2008 жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі
Кәсіпорынның рентабельділігі мен резервтері
Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері
«ҚазМұнаГаз» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайына талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚазМұнайГаз)
«Қазмұнайгаз» ақ кадрлық қызметін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz