Дара және күрделі сөздерді танып-танытудағы пікірталастар. Сөздерді бірге, бөлек жазудағы ұстанымдар
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Орындаған: Маханбетова Мерей.
Қабылдаған: Жұбай О.С
Дара және күрделі сөздерді танып-танытудағы пікірталастар.
Сөздерді бірге, бөлек жазудағы ұстанымдар
Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінетіндігі бәрімізге де белгілі. Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз деп атайды. Ал, екі не одан көп сөзден құралып, бір ұғымды білдіретін, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесі болатын, сөйдемде дайын бірлік ретінде қолданылатын, бір ырғақпен айтылатын сөздерді күрделі сөздер деп атаймыз.
Күрделі сөздерді жасалу жолына қарай: біріккен сөз, қос сөз, тіркесті сөз болып бөлінеді. Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерді зерттеген бірден бір ғалым ретінде Қ. Жұбановтың еңбектерін атай аламыз. Мәселен, ғалым біріккен сөздерді кіріккен сөз терминімен атап, оған белбеу, бүгін, биыл, келсап, таңертең, үйт, бүйт, кішкене т.б. сөздерді жатқызады. Зерттеуші: "Кіріккен сөз болған жердің бәрінің бірдей дыбыстық өзгеруі шарт емес, бірақ дыбысында өзгеріс бар сөз тіркестерінің кіріккен сөз болуы шарт",-деп және "олардың бір екпінге бағынуы" кіріккен сөзді танудың ең сенімді жолы екенін айтады. Ғалым біріккен сөздерді қалыпқа түскен ортақ заңы жоқ, заңсыз қосынды дей отырып, біріккен сөз пайда болуының ұзақ сонарлы процесс екенін, аралық жағдайда көбірек өмір сүріп, жалған көзқарас қалыптастыру мүмкіндігін ескертеді. Зерттеушінің "Қарға қара құс болғанмен де қара құс емес, ақ сары, қарақұс, қара құс болмағанмен де, қарақұс" деген сөзі - кіріккен сөз жасалуының семантикалық жолының мысалы. Деректі мағынадан дерексіз мағынаға көшу кіріккен сөз жасаудың тәсілі екеніне Қ.Жұбанов қолғап сөзін мысалға келтіреді. Мұндағы қап сыңары мешок
мағынасында емес, чехол мағынасында қолданылғандықтан, тіркескен сөз бірігетінін айтады. Ал бөлек жазылатын сөздерді күрделі сөз терминімен атайды да, ол бірліктердің жасалуының семантикалық жолын былай түсіндіреді. Сары май, сары жапырақ тіркестеріндегі сары сыңарының беретін мағынасы әр сатыда. Сонымен қатар, сары майдың ақ көгілдір түрлері де кездесетіндігін де айтады. Бұл пікірдің мәнісін де түсіндіреді: сары май - әбден шайқалып, сүтінен мұқият ажыратылған, қойдың қарнына ұзақ уақыт сақтала сары түсін сақтаған, басқа тағамдық майлардан құнарлылығы өте жоғары май. Уақыт өте келе оның түсінің сап-сары, сары, ақшыл сары, ақ сары, көгілдір болуы емес, оның құнарлылығы, сапасының жоғары болуы мәнге ие болады. Демек, бұл жерде "сары" сыңары май сөзінің әуелдегі ерекше белгісін абстракциялап қана көрсетіп тұр.
Ал, ғалым А. Ысқақов алғаш рет кіріккен сөздердің фонетикалық, морфологиялық, лексика-семантикалық факторларына бойлап, принципті мәселелерді алға тартады. "Күрделі сөз деп кемінде екі я одан да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан бір тұтас, лексика- грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлескен құрама сөзді" танимыз дей отырып, олар "практикалық тұрғыдан қарағанда жалаң сөздердің өресі жетпейтін қызмет аатқарады, олардың олқылықтарын толтырады, ал теориялық тұрғыдан, дара сөздермен жарыса өмір сүріп, сол дара сөздердің тууына негіз болып қызмет етеді" дейді.
Ғалым біріккен сөздер идиомалану, лексикалану, делексикалану құбылыстары нәтижесінде жүзеге асатынын айтып, сондықтан да біріккен сөздердің кездейсоқ шыға бермейтінін орынды ескертеді. Біріккен сөздерге "компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөздер" деп анықтама береді. Ал қара ала, он сегіз, кемпір-шал сияқты тіркескен сөздер мен қос, қосарланған сөздерде топтау грамматикалық мағынасы бар дейді.
Жалпы кіріккен сөздерді типке бөлуде компоненттерінің арақатынасы назарға алыну керектігін айтады. Компоненттердің арақатынасын"бірігу, қосарлану, тіркесу арқасында туған күрделі сөздің сыртқы фонетикалық тұр-тұрпаты мен ішкі семантикалық құрылымында, олардың араларында заң ретіңде орнығып
қалыптасқан қарым-қатынастардың нәтижесін, я оның жиынтығын айтамыз"деп анықтайды. Сөйтіп, профессор А.Ысқақов зерттеулерінде кіріккен сөздердің таптастырылуы, белгілерінің айқындалуы біршама сараланады.
Осы тұрғыда профессор М.Балақаев еңбектерінің де маңызы зор. Әсіресе, ғалымның біріккен сөздер, оның белгілері, жасалу жолдары туралы айтқан көзқарастары - бүгінде осы төңіректегі зерттеу барысында басшылыққа алынатын құнды пікірлер қатарында деп айта аламыз. Автор қазақ тіліңдегі біріккен сөздердің негізгі белгісі деп, кіріккен сөздердің мағына тұтастығын атайды. "Біріккен сөздің бұрынғы мағыналары сақталады десек, бірікпегені, сақталмайды десек қаншалықты екенін айқындауға тиіспіз" деп, сыңарларына талдау жасауды ұсынады. Ғалымның айтуынша "қазіргі білдіретін мағыналары ауыс, мүлде басқа ұғымға ие болып" кеткен ақсақал, алаяқ, жанталас, нақсүйер, маубас, әңгіртаяқ, кәріқыз, соқыртеке, қубас, құралақан сөздерін бірге таңбалайды. Ғалым:"Толық мағыналы екі сөздің тұтасып жымдасу нәтижесінде әдепкі лексика-грамматикалық мағынасынан айырылып, не күңгірттеніп, жаңа лексикалық, соған лайық жаңа лексика-грамматикалық мағына тудыратын сөздер бірлестігінің ... сөз тіркесінің бір сыңары болуы олардың негізгі белгісі",-дейді. Ғалымның көзқарасы, бойынша біріккен сөздер табиғи эволюциялық диалектика негізінде пайда болуы керек, яғни біріккен сөздер жасалу үшін, ғалым айтқандай, оның компоненттері алғашында белгілі мағыналық, синтаксистік байланыста жұмсалуы тиіс". "Қабысқан сөз тіркестері түйдекті топқа, одан біріккен сөзге айналу процесінде, бір сөзге айналғанда олардың біртіңдеп синтаксистік байланысы ыдырап кетеді. Сол процестің ұзактығынан, бірігу дәрежелерінің әр түрлі болатындығынан біріккен сөзді айырып тану қиын" екендігін айта отырып, ғалым біріккен сөздердің валенттік номинация болатынын айтады.
Жоғарыдағы берілген ақпараттарға қарап, жазу емлесіндегі қиын мәселелердің бірі сөздерді бірге не бөлек жазудың басты ұстанымдарын айқындау болып отырғанын байқаймыз. Бұл мәселе Қ. Күдеринованың Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы атты монографиясында, профессор Р. Сыздықованың екі рет өңделіп, үш рет басылған Емле және тыныс белгілері жайындағы анықтағышы атты еңбегінде, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев басшылығымен 1941 ж., М. Балақаев редакторлығымен 1946 ж. жарық көрген алғашқы емле сөздіктері, әр он жыл сайын жаңаруы дәстүрге айналған қазақ тілінің орфографиялық сөздіктерінде жан-жақты талданған.
Профессор Р. Сыздықованың Емле және тыныс белгілері жайындағы анықтағышы атты еңбегінде бөлек, бірге жазылатын сөздерге арналған тараулар бар, олар: Бөлек жазылатын сөздер және Бірге жазылатын сөздер деп аталады. Ең алдмен, бөлек жазылатын сөздерге тоқталсақ.
Профессор Р. Сыздықова екі не одан да көп сөз қатар айтылып, бір ғана ұғымды білдіретін, яғни бір ғана затты, құбылысты, қимылды, түр-түсті, санды атайтын күрделі сөздердің әрбір компоненті бөлек жазылатындығын айтады. Оларды профессор былайша көрсетеді:
Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты атап, алдыңғысы соңғысының тегін, неге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзгелерінен ажыратылатын белгілерін білдірсе, олар бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы: ағаш шот (ағаштан жасалған күрек), ат қора (атқа арналған қора), жол азық (жолға арналған азық), шай қасық (шай ішкенде жұмсалатын қасық) т.б.
Осында назар аударатын бір жайт, профессор Р. Сыздықованың аталған еңбегінде шай қасық сөзі бөлек жазылады деп берілсе, Н. Уәлидің редакторлығымен 2013 жылы Алматы қаласында жарық көрген Орфографиялық сөздікте бұл сөз бірге жазылады деп ескерту ретінде берілген. Себебі, анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық, шайқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шығаберіс, қолайна, қолара т.б.. Алайда Р. Сыздықованың еңбегін біршама ерте шықты деп, яғни 1996 жылы жарық көргенін ескерсек, ғылымның дамуына байланысты жаңа пікірлер қалыптасты деп айта аламыз. Менің ойымша, Р. Сыздықова айтқандай бөлек жазған дұрыс секілді. Профессордың өзі айтқандай, екі зат есім қатар келіп, алдыңғысы соңғысының неге арналғанын білдіріп тұр. Осы тұста: ас қасық десек - ас ішкенде қолданылатын қасық, ал шай қасық дегенде, жоғарыда атағандай, шай ішкенде қолданылатын қасық деп неге арналғанын білдіріп тұр.
Сондай-ақ, бұлардың қатарына екінші компоненті айыл, ағаш, жіп, сап, бау, май, қалта, қағаз сияқты зат есімдер мен олардың түрлерін айырып атайтын сапалық не қатыстық сынды білдіретін есім сөздер жатады. Мысалы, бас жіп, мойын жіп, өрмек жіп, күзеу жіп; құр айыл, шап айыл, төс айыл дегендерде алдыңғы сөздер жіп пен айылдың түрлерін айырып анықтайтын анықтауыш сөздер, сол себепті бөлек жазылады.
Екінші компоненті қағаз сөзі болып келген күрделі атаулардың бірқатары бір ұғымның атын білдіреді, кейде бір құжаттың атын білдіретіндігін айтады. Мысалы: мақтау қағаз, рұқсат қағаз, жолдама қағаз, куәлік қағаз, т.б. Осы күрделі атаулардағы алдыңғы сөздер қағаздың неге байланысты, не үшін берілетін құжат екендігін білдіреді: рұқсат қағаз - бір нәрсеге рұқсат ететін құжат, жолдама қағаз - бір жаққа барғанда берілетін қағаз. Сонымен қатар, бірқатар тіркестерде алдыңғы компонент қағаздың сапалық не қатыстық сынын білдіретін анықтауыштар болып келеді: ватман қағазы, көшірме қағаз, қатырма қағаз. Алайда бұл ережеше қарақағаз сөзі бағынбайды. Себебі қара сөзі қағаздың түсін емес, Ұлы Отан соғысы кезінде майданда қаза тапқан адам туралы ресми қағаздың атауы.
Алайда 2013 жылғы Орфографиялық сөздікте: рұқсатқағаз, түсқағаз деп бірге жазылған. Бұған қатысты сөздікте мынадай анықтама берілген: Екінші сыңары аралық, тану, mac, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сөздер және бірінші сыңары әсіре, көп сөздерімен келетін қазақ сөздері, сондай-ақ бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино, гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады. Мұнда түсқағаз сөзі дау тудырмайды. Себебі ол қабырғаға жабыстырылатын қағазды білдіреді.
Адам, мал, айуан организмі мүшелерінің атауларын білдіретін екі зат есімнен құралған күрделі сөздердің әрбір компоненті бөлек жазылады. Олардың соңғы компоненті көбінесе жалпы атау болады да, алдыңғы компоненті соларды анықтап, ажыратып тұрады: ақыл тіс, азу тіс, күрек тіс, сүт тіс, ит тіс: ортан қол, сұқ қол; қара ет, сан ет, қол ет, қызыл ет, т.б.
Үш зат есім қатар келіп, алдыңғы екеуі соңғы сөз білдіріп тұрған заттың түрін саралау үшін айтылса, олар бөлек жазылады: қос етек көйлек, саба құрсақ байлар, т.б.
Түбір күйінде компонеттері бір-бірінен бөлек жазылатын анықтауышты тіркестер мен тұрақты тіркестерге етістік не есім тудыратын жұрнақтар жалғанғанда да, сөздердің бөлек жазылуы сақталады, бұлар күрделі етістік немесе күрделі сын есім қатарына жатады. Мысалы: іш құса - іш құсалық, жоғары сапа - жоғары сапалы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz