Жекелей поэзиялық шығармашылықтағы азаттық туын ұстаған жыраулар
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Жекелей поэзиялық шығармашылықтағы азаттық туын ұстаған жыраулар 2
Бұқар жырау 3
Үмбетей 6
Тәтіқара 6
Ақтамберді 7
Халық ауыз әдебиетіндегі азаттықтың бейнеленуі 14
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер 18
Кіріспе
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих"
деген еді[1]. Әлем тарихы екіге бөлінеді: бірі - адамдар тарихы; екіншісі –
табиғат тарихы.
Тәуелсіздік заманасында ғасырлар бойы бодан болып, мүсәпір болған
басымыз еркіндік алды. Ата тарихына үңілді, ана тіліне сүйінді, өзінің
мәңгүрт болған болмысына күйінді. Біз он төрт жыл бойы ата тарихын саралап,
тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралап жатырмыз. Соңғы он жылда
Абылайхан қазақ тарихының есігінен төріне шықты. Алаштану туы көтерілді.
Көкірегі басылып келген Абайтану тұлғаланып әлемдік аренаға шықты.
Әуезовтану, Сәтпаевтану қалыптасты. Бұқар баба сайын даланың данасы ретінде
танылды. Дала өркениетінің тарихын әлемдік тарихтың құрамды бөлігіне
айналдырып таныту басталды.

XVIII ғасырдың өн бойы қазақ халқының мәдениеті өткен дәуірдің
мәдениетімен, оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланыста болды.
XVIII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының
шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Сыпыра жырау,
Шалкиіз жырау және басқалар шежірелерде, әңгімелерде, аңыздарда, эпостарда
ғана аталады, бірақ олардың өмірі мен шығармашылығы туралы нақты деректерді
біз білмейміз. Қазақ жерлерінің едәуір бөлігі Ресейге қосылған XVIII
ғасырдың орта кезінен бастап орыс ғалымдары мен қазақ зиялыларының
жекелеген өкілдері ақындар, суырып салма жыршылар, жыраулар туралы
мәліметтер жинап, тіпті олар шығарған әндер мен жырлардың мәтіндерін жазып
ала бастады. Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері өз туындыларын жазып
отырды. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа мәтіні сақталып
қалған. Бұл жекелей поэзиялық шығармашылықтың айқын көрініс тапқан және
дами бастаған дәуірі болды.
Тарихи әдебиетте басы ашылмай келе жатқан бір проблема: "Қазақ-қалмақ
соғыстарының қанша уақытқа созылуы". Екі ұлы империяның қыспағында қалған
екі жауынгер түркі тектес халықтар аспан астында бір-бірімен жер үшін,
жайылым үшін, "өмірлік кеңістік" үшін, Орталық Азия даласы үшін ойраттардың
Моғолстан аймағына алғашқы жаугершілігі ХҮI ғасырдың аяғынан басталады.
Ойраттар – Монғол имприясы Үгедей ұлысы монғолдардың батыс бұтағы. Олар ХҮ
ғасырда "Шығыста Хангай тауларының батыс бөктерлеріне, оңтүстікте Гоби
құмдарына, батыста Моғолистанға, солтүстікте Ертіс пен Енисейдің жоғары
ағыстарына" барып шектелетін ұлан-байтақ жерлерді иеленді[2]. Оларды
көршілес түрік және парсы тілді қалмақтар, монғолдар "жоңғар" ("сол қанат")
деп атады. Уәйіс хан 1422 ж. астанасын жаулап алған Турфан қаласы етсе де
1418-1428 жж. қалмақтардың 61 шабуылына кезікті, астанасын Iле жағасына
Iлебалық мекеніне Жетісуға ауыстырды. ХҮ ғ. 30-шы жылдары жоңғарлар
Ыстықкөл төңірегіне жетті деп жазады Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати, ал Есен
тайша кезінде 1452 ж. Шу өзенінің жағасына жетті, 1457 ж. Ортаңғы Сырдария
алқабын тонады. Әбілқайыр хан қалмақтардың әскери қолбасшысы Үз-Темір
тайшымен бітімге отырып, өзін ойраттарға тәуелдімін деп таныды. Бұл туралы
деректерді Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и-Рашиди" еңбегінен
кездестіруге болады. ХҮII ғ. 30-жылдары торғауыттар Еділ өңіріне орналасып,
тәуелсіз ел болды. Қалмақтардың азын-аулақ қоныстары Солтүстік, Орталық
Қазақстанға дейін орналасты (Сарысу өзені бойында). ХҮII ғ. аяғында олар
қазақты Жетісудан тықсырды. ХҮIII ғ. қазақ енді өз жерін ғана қорғау емес,
өз тәуелсіздігі үшін күресуге мәжбүр болды. "Ақтабан шұбырындыдан" кейін
Ұлы жүз және Орта жүздің бір бөлігі Жоңғорияның суверендігін мойындады.
Ендеше қазақ-қалмақ соғыстары ХIҮ ғ. басталып, 1771 жылға дейін созылды.
Үздік-создық, бірде шабысып, бірде алысып, түркі тектес екі халық үш жүз
алпыс-жетпіс жыл шамасы өзара қырқысты. Осы кезеңдерде қазақтың рухын
жоғары көтеріп, жауға атойлап шапқан дауылпаз жыраулар болды. Олардың қазақ
халқын күрескерлікке шақырып, елді, жерді азат етуге сіңірген еңбектері көл-
көсір дариядай. Енді осы аты алты алашқа әйгілі бабаларымыздың
шығармашылығынан мысал келтірелік.
Бұқар жырау
Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын XVIII ғасырдағы атақты
жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668—1781) бірнеше туындылары сақталған. Қазақ
поэзиясының тарихындағы ең мақтаулы тұлғаларының бірі Бұқар жырау шамамен
1668 жылдары туады. Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, сірә ел билеуші шонжар
емес, жеке басының ерлігімен аты шыққан адам. Жыраудың қайда оқығаны,
қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ. Біз оның тым ерте
көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі
болғанын білеміз. Алайда, Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса
алмағаны аңғарылады. Жырау кедейшілікке ұрынады. Тұңғыш биографы Мәшһүр
Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларының да көрінетіндей, Бұқардың
тіпті, сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша
осы жарлы, кембағал халде күн кешеді. Алайда, өмірдің соңғы кезеңдерінде
Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес мемлекет істеріне елеулі ықпал
етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір
ғасырдан астам жасап 1781 жылы шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда,
Данба тауының етегінде. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын
білдірген көптеген дидактикалық өлең толғаулар шығарған, Орта жүз ханы
Абылайды қолдап, кейбір жағдайларда Абылайға оның жүздерді басқару
жөніндегі істеріне, оның әр түрлі таластар мен дау-шарларды талқылауы
кезінде елеулі ықпал жасап отырған. Сонымен бірге Бұқар өз шығармашылығында
өз заманының жекелеген маңызды тарихи оқиғаларын дұрыс бейнелеп көрсетті.
Бұқар жырау шығармаларынын өзекті тақырыптарының бірі — Отанға деген
сүйіспеншілік, ұлтжандылық. Ол қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы
азаттық күресін жырлады, халықты бірлікке, ерлікке шақырды, бұл күрестің
қаһармандары — Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек батырларды дәріптеді. Тілек,
Эй, Абылай, Асқар таудың өлгені... деген және басқа толғауларында ол
адам өмірі және мораль жөніндегі өз ойларын өлеңмен бейнелі түрде айтып
береді.
Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті
мемлекет болуын армандады. Қазақстан сыртқы жаулардың шапқыншылығымен және
ішкі өзара тартыстан әлсіреген замандағы хандардың ішіндегі айбарлысы
Абылай болды. Бұқар хан бейнесін халықтың ең жақсы идеяларын жүзеге асыруға
тиісті қайраткер ретінде жырға қосты, оның Ресей мен Қытай арасында өз
мүддесін қорғап қалу саясатын мақұлдады.
Бұқар табиғи шешендігі арқасында хан, сұлтан және ірі феодалдар
арасында ғана емес, халық арасында да зор беделге ие болып, XVIII ғасырдағы
қазақтардың қоғамдық санасына игі ықпал еткен аса қуатты идеологиялық күш
қызметін атқарды.
Бұқар XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың ақыл
кеңесшісі, ақыл ой поэзиясының ірі өкілі. Абылайдан жасы үлкен болған.
Бұқар өзінің “Ей Абылай ” деген өлеңінде:
Ей Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің
Әбілмәмбет патшаға
Қызметкер болып тұр едің: -
Бұқар аласапыран заманның тіршілік болмысын, ел басына төнген қауып
қатер, екі талай кезеңде жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына
ортақтасқан. Еліміз өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғаннан
кейін. Абылайдың оның данагөй ақылшысы, философ ақын Бұқардың есімі халыққа
таралады. Жыраудың өз сөздеріне және ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол
хат білген адам болса керек. Бірақ оның “Керей, қайда барасың?”,
“Айналасын жер тұтқан”, “Бірінші тілек тілеңіз”, “Жал – құйрығы”, “Асқар
таудың өлгені”, “Ей Абылай, Абылай” т.б. өлеңдерінің бірі де бізге жазба
түрде емес, ауызша жеткен. Толғау – заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді
қамти алатын үгіт, дидактикалық өлеңдер. Жыраулар қоғамдық мәні бар үлкен –
үлкен тақырыпта алады да, аз сөзге көп мағына сыйғызып, өмір құбылыстарына
кеңінен шалады, жаңсақ ой болмайды. Бұқар жырау жырлары әлеуметтік
мәселелерге арналған және олар белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты
туған. Оның толғаулары ой тереңдігімен білгірлік, - парасаттылығымен, өз
сөзбен көп мағына бере алуымен ерекшеленеді. Бұқар ақындығы философиялық
толғауларында айрықша байқалады. Үлгі-өрнекке толы жырау нақылдары күні
бүгінге дейін аузында Бұқар толғаулары афоризмге бай. Оның көпшілігі мақал-
мәтелдерге айналған. Бұқар поэзиясы қазақ әдебиеті тарихында дидактикалық
поэзияның жақсы үлгісі. Ол қазақ әдебиетінің мұңынан дамыған. Бұқар
өлеңдерінің өзіне тән тағы бір айрықша ерекшелігі – табиғат құбылысы мен
адам өмірін жарыстыра бейнелеу арқылы өмір құбылыстарына тереңдеп бара
алған философиялық пайымдау жасаған.
Бұқар жыраудың өлеңдері (“Асқар таудың өлгені сияқты”) ғибрат, үлгі
өнеге толы. Заманға жайлы, өмір жайлы көп толғанған жырау байсалды терең
пікірлер қалдырған. Ол өлеңінде табиғат құбылыстарына терең көз жібере
отырып, солардың бірінің де өліп, өшіп, өзгеріп отыратынын нанымды
дәлелдейді де, “Өлгенде не өлмейді?” – деп сұрау қойған оған: “Жақсылық аты
өлмейді, ғылымның хаты өлмейді”, - деп жауап беріп, бүкіл ой-билігін,
талант – дарынын өмірін адамзаттық асыл арманы үшін сары өткен адамдардың
есімі де олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді
деген түйін жасайды. Жыраудың адам өмірінің кезең-кезеңдері туралы
толғауларында ғибрат мол. Ақын осы тақырыпқа бірнеше өлең арнаған. Оның
“жиырма деген жасыңыз”, “Ей, Абылай, Абылай”, “Сен он бір жасыңда”, “Атам
болған жиырма бес”, деген өлеңдерінде адам өмірінің әр кезеңі суреттелген.
Ол әсіресе жастық шақты сүйсіне жырлайды:
Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай,
деп адамның қайрат қуатының да дүниеге берерінің де, дүниеден аларының да,
жасырының да, жаратарының да, қызықтарының да, осы “суды талқан бұздырған”,
жастық шақ екенін тамаша айтып берген. Жырау онан әрі бұған қарама-қарсы
кәріліктің мұңды дәрменсіз шақтарын бейнелейді.
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім ханның қор екен, -
Қарғиын десем екі жағы ор екен.
Найза бойы жар екен
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел Қонбайтын шөл екен,
деп, бір кезде қашан бұзатын, жігер қайратты мол адамның қартайғанда найза
бойы жардан да өте алмайтын дәрменсіз болып қалғанын көркем бейнелейді.
Бұқар жақсылық пен жамандық, достық, адалдық туралы жалпы адамгершілік
жайында да құнды пікірлер қалдырған. Ол көңілінде аласа бар “Өтірікті шын
қылған қызыл көзді пәледен”, сыртындағы қулығымен”, амал жасаған
сумақ–сұмдардан сақтануға, пиғылы жаман залымның тіліне еріп озбасқа, “Кісі
ақысының көп жеген” арамдықтан аулақ болуға шақырады. Бұқар “Екі жақсы дос
болса, санат емей немене”, “ежелгі дос жау болмас, Айтысқан оның серті
бар”, - деп адал достықты жырлайды. Бұқар шығармаларынан жыраудың өз өмір
сүрген қилы заман келбеті айқын танылады. Бұқар қазақ қауымының ежелгі
тұйықтықтан арылуға бет алғанын, көне патриархалдық қатынастар бұзыла
бастағаннын көреді, осының бәрі болашақта жүзеге асар түбегейлі
өзгерістердің басы ғана екенін түсінеді. Бұқар жырау ісімен де, жырымен де
Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды.
Ақын өз шығармашылығын ары қарата жалғастыра береді.
Жақын жерден шөп жесе,
Жердің сәнін кетірер,
Ағайынның аразы,
Елдің сәнін кетірер,
Абысынның аразы
Ауыл сәнін кетірер, деген өлең жеті буыннан құрылған. Адам мен
оны қоршаған табиғат құбылыстарын қатар салыстыра отырып, терең ой түйген.
Үмбетей
Өзге жыраулардың — Тәтіқара, Үмбетей, жыраулардың жырлары халық
жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына
арналған естірту жыры — жоқтауы белгілі. Онда ақын батырдың жоңғарларға
қарсы шайқастардағы ерліктерін дәріптейді. Ол Бөгенбайдың жарқын, әсерлі
бейнесін жасаған:
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгенбай!
Жалаң-қия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған
Топшысы жуан бүркіттің
Тегеурініндей Бөгенбай!
Үмбетейдің жоқтауында Бөгенбай — халық қорғаушысының мінсіз бейнесі.
Тәтіқара
XVIII ғасырдың ірі импровизатор ақыны әрі жырауы Тәтіқара еді. Ақын
қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысты. Жорықтар кезінде
туған толғауларында ол жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да
болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырды. Мынадай аңыз сақталған: бір
жолы қазақ жасақтары жоңғарлармен шайқаста жеңіліске ұшырап, шегініп бара
жатып, лықсып аққан үлкен өзенге келіп тіреледі. Жауынгерлер өзен жағасында
жиналып, одан жүзіп өтуге батылы бармай тұрып қалады, сонда Тәтіқара
жауынгерлердің намысын қозғайтын толғау өлеңін суырып салып, өзенге бірінші
болып қойып кетеді де, жүзіп өте шығады. Оның ізінен басқа жауынгерлер де
жүзіп өтеді.
Ақтамберді
Ақтамберді (1675—1768) — негізінен эпикалық жанрда жыр толғаған жырау.
Ол өз жырларында батырларды қаһармандық рухқа шақырады:
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз,
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз!...
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз,
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қaйырap ма екеміз!
Ақын өз заманындағы жас ұрпақты табандылық пен ерлікке шақырды.
Ерлікке, жауынгерлік ержүректілікке үндеу, жаудан қаймықпай, батыл қарсы
шабуға, оның алдында ешқашан шегінбеуге үндеу Ақтамбердінің бүкіл
шығармасының арқауы. Өйткені жеңіске жеткен жағдайда бостандық та, даңқ, та
болмақ, ал олай болмағанда ерді өлім күтеді, мұның өзі қалай дегенмен де өз
халқын кіріптарлықта көргеннен әлдеқайда тәуір.
Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді және басқа да өлеңдері мен жырлары бізге
дейін жеткен суырып салма ақындар мен жыршылар қазақ әдебиетіндегі жекелей
поэзиялық шығармашылықтың бастамашылары болып табылады. Олардың жырлары
соның алдындағы дәуірдің тұрмыс-салт поэзиясынан көп жағынан ерекше болып
келеді. Бұл туындыларда азаматтық сарындар көбірек көрініс алып, халық
өмірі толығырақ ашылды. XVIII ғасырдағы көптеген жыраулардың
шығармашылығына тән кейбір қайшылықтарына қарамастан, олар қазақ әдебиеті
тарихында көрнекті орын алады.
Бұл дәуірдің туындылары көркемдік нысаны жөнінен неғұрлым ертеректегі
кездің өлең-жырларына қарағанда кемелдене түскен. Қазақтардың ауыз
әдебиетінің барлық негізгі белгілері мен дәстүрлері сақталған бұл өлеңдерде
сол кездің өзінде-ақ жазба поэзияға тән элементтер болды.
Қожаберген
Қожаберген батыр, баһадүр, көрнекті мемлекет қайраткері, дауылпаз
жырау, замана дүлділі – оның өмір жолы қазақ тарихымен сабақтас.
Қожаберген бабаның жеті атасы осы үш жарым ғасырлық қазақ-қалмақ
соғыстарын өз бастарынан өткізген қаһармандар.
"Елім-ай" дастанында:
Бұл заман болды елге қиын заман,
Шіріткен тамам елдің миын заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қағынды қазақ үшін биыл заман, - деп бағалап еді. Абылайхан заманында
рыцарлық адами болмысты Отан болмысына бағындыру, ерлік пен іріліктің,
бірлік пен тірліктің көрінісі деп ұғынған жөн. Осындай парасатты рыцарлықты
Қожабергеннен көреміз.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен,
отыз үш мың сахаба да дүниеден өткен,
Солардан Қожаберген артық емес, - деуі соның дәлелі.
Не болмаса:
Қолбасшы батыр болмасам,
Көбелі сауыт кимейін.
Ту ұстайтын болмасам,
Арабы ақбоз мінбейін.
Талапты жігіт болмасам,
Ұрандап жауға тимейін.
Қару-жарақ соқпасам,
Зергер болып жүрмейін.
Майданда жауды жеңбесем,
Қызық дәурен сүрмейін.
Дулығамның төбесі,
Буылмаса маржанмен,
Басыма оны кимейін.
Парасатты рыцарлық, ұлтқа өмірін арнаған серілік-ерлік осы болса
керек.
Ендеше бір ғасыр өмір сүрген бабамыз осы батырлықтың шыңы болған ХҮIII
ғ. тарихи құбылыстың басы-қасында тұр. Батырлықтың парасатты рыцарлыққа
ұласуы – жаңғыруы Қожаберген баба есімімен де тығыз байланысты.
Алайда, Қожаберген бабамыз көп батырлардың бірі ғана емес. Ол 1688-
1710 жылдары 22-23 жылдары бойында қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының
біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек, ордабасы, Орталық Азия
деңгейіндегі әскери қайраткер! "Ақтабан шұбырындыдан" кейін Қожаберген ұлы
жеңісті шыңдаған стратег. Атақты "Елім-ай" дастанында:
Халқына қысылғанда айтпағанда,
Пайдалы насихатты кім айтады,- деп, ол жеңіс бағдарламасын - "пайдалы
насихат" жасады. Ол бағдарламада:
"Шабуылы жау қалмақтың күшті екен" - деп,
Кетпеңдер жаудан қорқып тарап бәрің, - деп бірлікке шақырса,
"Кеудеңде шыбын жаның болса егер,
Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын", - деп намысқа шақырады.
"Қожа, молда, ишандар артын қысып,
Қоржынға салып қойсын шариатын, - деп Отан қорғауды дін жолынан жоғары
қояды.
"Мекенің болсын тау мен орман, тоғай,
Ол жерден жау алуы емес оңай",
"Сайла орын, жер үй салып, жапан түзден", - деп партизандық күрес
жолын көрсетеді.
"Қазыбек, Ер Жәнібек, Алдабек би,
Үшеуі тозған елді біріктірер", - деп оларға үміт артады.
"Шәкіртім қайда екен Бұқар жыршы,
Сөзіне оның, халқым құлақ түрші, - деп оның даналығына сенеді.
"Қыздарым, келіндерім жауынгер бол!" –
Қыздарым, келіндерім, топ құрыңдар,
Ерлерше киініңдер, сап тұрыңдар.
Ұрыста өл, мазақ болма, берілмеңдер,
Қалмақты селебемен шапқа ұрыңдар, - деп ұрыс әдісін үйретеді.
Бөгенбай, Ерсары, Асқан, Жабай, Көшек, Ақпанбет, Жайнақ сияқты
батырларды "халқын жинап",
"Жинаңдар құрастырып қалың қолды", - деп кеңес береді.
"Сүйей жүр әлсіздерді әлі барың",
"Тізе қос, етек жиып, ес барында", - деп елді бірлік-тірлікке
шақырады.
"Бастап өт, Сарыарқаға қалған елді", - деп Бұқара, Үргеніш жағында
ашыққан, босқан елді жинауға жол сілтейді.
Ең соңында
"Бастасын тозған елді көсемдерім,
Ақылшы болсын сөзге шешендерім.
Хан сұлтан, төрелерді ел санамай,
Тізе қос, күшті жинап есендерің", - деп үндейді жырау.
Халқының 40% айырылған қайран қазаққа дәл Қожабергендей бағдарлама
жасаған ел данасы сол кезде кемде-кем. Қожаберген баба тек жеңіс
бағдарламасын жасап қоймады, "болды ғой аяқ асты Отанымыз" деп, "Ер емес
жаудың туын құлатпаған" деп, Ұлы Отан соғысын жариялады. Қазақ халқы
бабамыздың бұл ерлігін ешқашан ұмытуға тиіс емес.
Ендеше Қожаберген батырлардың батыры, қолбасшы, Әз-Тәукедей дананың оң
қолы, қиын замандағы ел қорғаны.
Қожаберген тек баһадүр, қолбасшы, сайыпқыран ғана емес, ол өз
заманасының ұлы мемлекет қайраткері. "Жеті жарғыны" Тәуке хан жазған жоқ,
ол үкім шығарып жаздырды. Сол жазған жеті бидің бірі Қожаберген би екенін
айту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz