Дербес компьютерлердің дамуы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 4
Дербес компьютерлердің дамуы . . . 4
Қорытынды . . . 7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 8
Кіріспе
Компьютерлер адамзат тарихында ойлап табылған ең бір тамаша құралдардың бірі. Қазіргі кезде компьютерлер қолданылмайтын сала жоқ және компьютерсіз өмірді елестету қиын. Қолданушылар талабына сай компьютерлердің жылдамдығы соңғы 50 жылда екі есеге артты. Осыдан 35 жыл бұрын калькулятор да жетістік болып саналатын. Бұрын дербес компьютерлер атақты фиирмаларда ғана болса, ал қазір кез-келген қолданушыда бар. Қазіргі уақыт дербес компьютерлер тарихындағы үлкен жеңіс уақыты. Осы кездегі компьютер өндірісінің проблемасы жұмыс істеу жылдамдығы, аса қатты шу және т. б. емес, қазір проблемалар бір жүйеге біріккен, көлемі аса ауқымды комплекстарды жасау және дамыту.
Дербес компьютерлардың даму тарихы
Есептеу техникасы жоғарғы деңгейге бірден жеткен жоқ. Есептеу техникасының даму тарихы алғашқы есептеу құралдарынан бастап, ЭЕМ деңгейінің алты кезеңін қамтиды.
Бірінші кезеңнен бесінші кезеңге дейінгі ЭЕМ-р.

Бірінші
кезеңдегі
ЭЕМ
(1948 - 1958 жж. )

Екінші
кезеңдегі
ЭЕМ
(1959 - 1967 жж. )
Үшінші
кезеңдегі
ЭЕМ
(1968 - 1973 жж. )

Төртінші
кезеңдегі
ЭЕM
(1974 - 1982 жж. )


Бесінші
кезеңдегі
ЭЕM

Алтыншы
кезеңдегі
ЭЕМ(суперкомпьютерлер)
Ең алғашқы есптеу машинасы 1642 пайда болды. Оны франсуз математигі Паскаль ойлап тапқан. Ал программамен басқарылатын есептеу машиналарын ең алғаш рет 1822 жылы ағылшын математигі Бэббидж шығарған. Бірақ ол құрал пайдаланушылар арасында қолдау таппады. Тек 20 ғасырдың 40-шы жылдары программамен толық басқарылатын есептеу машиналары шығарылды. 40-шы жылдың екінші жартысында электронды лампалар негізінде жасалған электронды есептеуіш машиналар іске қосыла бастады.
ЭЕМ-нің әр кезеңі сайын ЭЕМ жұмысының беріктілігі мен жылдамдығы арта бастады. Олардың көлемдері кішірейіп, бағасы арзандады. Енгізу-шығару құрылғылары жетіле түсті.
Қазіргі заманғы компьютер ақпаратпен жұмыс істеуге арналған көпфункциялы, әмбебап, электронды-автоматты құрылғы. Компьютерлер технологиясы қарқынды дамып келе жатқан жас сала болып табылады. Компьютерлік технологиялар ақпаратты өңдеудің басқа түрлерін ығыстырып шығаруда.
ЭЕМ қасиеттері мен сипаттамаларының әр түрлілігінен ЭЕМ-нің түрлі класстары пайда болуда. Бұл класстар ЭЕМ жүйелері сұлбасының көлеміне байланысты. Мысалға, аса үлкен, үлкен, кішкентай, микро ЭЕМ. ЭЕМ-дер дамыған сайын бұл класстар арасындағы айырмашылық білінбей бір-бірімен ұштасуда. Сол себепті ЭЕМ-ді пайдалану ортасына қарай класстарға жатқызады. Мысалы, ортақ мақсаттағы, бағатталған мақсаттағы және арнайы мақсаттағы.
Ортақ мақсаттағы ЭЕМ-дер әр саладағы түрлі есептерді шешуге пайдаланылады. Мұндай ЭЕМ-дер әмбебап болып есептеледі. Бағытталған мақсаттағы ЭЕМ-дер өнеркәсіпті автоматтандыру кезінде немесе бір бағыттағы есептерді шешуде пайдаланылады. Олар баға жағынан арзан болып табылады. Арнайы ЭЕМ-дер нақты бір салада қолданылады. Мысалға самолет бортындағы, машиналардағы, космостық қондырғылардағы түрлі есептеу құралдарын келтіруге болады.
ЭЕМ-дер ақпараттың түріне байланысты
- Цифрлық
- Аналогтық
Есепті шығару түріне байланысты
- Алгоритмдік
- Модельдік
Пайда болуының техникалық тариына байланысты
- Лампалық (1946-1959жж)
- Жартылай өткізгіштік (1960-1969жж)
- Интегралды сұлбалар (1970-1979жж)
- Микропроцессорлар (1980 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)
жоғарыдағыдай болып бөлінеді.
Енді интегралды сұлбалардан қазіргі заманғы дербес компьютерлерге өту тарихын қарастырайық.
1959 ж. Texas Instruments фирмасының қызметкерлері транзистордың кристалында сымсыз байланысқан бірнеше элементтері бар жартылай өткізгішті интегралды сұлбаны ойлап тақан. Ең бірінші интегралды сұлбада бір кристалда алты элемент қана болған, ал қазіріг интегралды сұлбаларда ондаған миллион транзисторлар бар. Интегралды сұлбалардың даму 1973 жылы 8008 микропроцессорларының негізінде жасалған микропроцессорлық комплекттердің пайда болуына әкеп соқты. 1973 жылдың соңында Intel фирмасы 8080 микропроцессорларын шығарды. Олардың жұмыс істеу жылдамдығы 8008 микропроцессорларға қарағанда 10 есе артық болды. Осы жағдай дербес компьютерлердің өндірісте кеңінен шығарылуына себеп болды.
1980 жылдан бастап IBM фирмасы дербес компьютерлерді кең көлемде, қолайлы бағамен шығара бастады.
Бірінші кезеңнен бастап үшінші кезеңге дейінгі ЭЕМ-дерді дербес компьютерлерге жатқызу қиын. Ал төртінші кезеңдегі ЭЕМ-дер нағыз дербес компьютерлер кезеңі. Бесінші кезеңнің ЭЕМ-і бірнеше дербес компьютерлердің қосындысынан тұратын сипаттамасы жағынан қарастырғанда өте дамыған суперкомпьютерлер. Суперкомпьютерлерді Cray, Nec фирмалары, ал дербес компьютерлерді IBM, Macintoch және т. б фирмалар шығарады.
Қорытынды
Мен өзімнің жұмысымда дербес компьютерлер тарихын кеңінен қарастыра отырып негізгі мәселелерге толығымен тоқталдым деп ойлаймын.
Әрбір адам әрі қарай даму үшін дербес компьютерлермен толығымен жұмыс істей алу керек. Себебі, дербес компьютерлердің қазіргі даму қарқыны өте жоғары және дербес компьютерлер барлық жерде қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
- В. Э. Фигурнов “IBM PC для пользователя” Издание 7-е - М. :ИНФРА -М, 1999.
- Д. С. Аглицкий, С. А. Любченко «персональный компьютер и Windows для всех». - М. : «ФИЛИНЪ» 1995.
3. http://www. pokolenia. ok. ru/
4. http://www. bdxc. ru/konkurs/russian/generate. htm
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz