Братья Махмадовы ЖШС- гі жайлы жалпы мәліметтер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

1. «Братья Махмадовы» ЖШС- гі жайлы жалпы мәліметтер

«БМ» ЖШС-ігі Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақ төбе ауылында, облыс орталығы Тараз қаласынан оңтүстікке қарай 7 км қашықтықта орналасқан.

Кәсіпорын төрт өндірістік алаңнан тұрады:

- № 1 өндірістік алаң (өндірістік база) негізгі өндірістік база, Жалпақ төбе ауылының орталығында орналасқан;

- № 2 өндірістік алаң (материалды-техникалық база), Жалпақ төбе ауылының оңтүстік бөлігінде немесе № 1 өндірістік алаңнан 1, 5 км қашықта орналасқан;

- № 3 өндірістік алаң (тазалау құрылғылары (БТС) Жалпақ төбе ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде, Талас өзені аңғарында немесе № 1 өндірістік алаңнан 1, 8 км қашықтықта орналасқан;

- № 4 өндірістік алаң (элеватор) Тараз қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан (Бұрыл көшесінің аяғында) .

Аталған бағдарлама өндірістік мониторинг жүргізу үшін құралған және кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде қоршаған орта жағдайына әсер етуін талдау және бағалау, өндірістік бақылау жүргізуге бағытталған.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік алаңы Жалпақ төбе ауылының орталық бөлігінде орналасқан. Тұрғын зонасына дейінгі арақашықтық 300-350 м құрайды, тек солтүстік - шығыс бөлігіндегі тұрғын зонасына дейінгі арақашықтық 100 м шамасында.

Ауыл аймағы III климаттық ауданда орналасқан. Климаты тәуліктік және жылдық тербелісінің жоғары амплитудасымен ерекшеленетін континентальды. Орташа жылдық температура +9, 1 0 С құрайды. Абсолютті максималь температура +44 0 С құрайды. Ең жоғарғы орташа жылдық жел жылдамдығы 8, 3 м/с. Орташа саластырмалы ауа ылғалдығы қаңтарда 67 %, ал шілдеде 31%. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері - 324-354 мм.

Геоморфологиялық жағдайы бойынша кәсіпорын Талас өзенінің жоғары аңғарында және қырғыз жотасының таулы беткейіндегі жазық алаңда орналасқан, және орташа-жоғары төрттік және төменгі төрттік жасты аллювиальды және пролювиальды қабаттардың шығу жеріне бекітілген.

Кәсіпорынның орналасу аймағының геологиялық құрылысында аллювиальді төрттік қабаттар негізгі орын алады.

Аллювиальді-пролювиальді төрттік қабаттар кең таралған және аймақтық су ұстағыш болып табылатын төмен жататын неогенді қабаттарды мықты қабатпен (қалыңдығы 300 м дейін) жауып жатады.

Сулы қабаттар тасты-шағалды-қиыршықты құмды толтырғыштармен ерекшеленген. Сулары қысымды пьезометрикалық деңгейлері 2, 8-23, 3 м тереңдіктегі беткі қабатқа жақын орналасқан. Судың тұздылығы 0, 8 г/л, химиялық құрамы бойынша - гидрокарбонатты - сульфатты кальцийлі.

№ 1 - өндірістік алаң - өндірістік база топырақ - өсімдік жамылғысының қалыңдығы 0, 2-0, 3 м құрайтын аймақта орналасқан. Топырақ - өсімдік жамылғысының астында қатты күйінен жамылғысы таралған. Топырақ қабаты 1, 1-4, 9 м. Саздақ топырақ астында қиыршықты тасты, құмды, құмдақты топырақтар жатыр. Кей жерлерде жер бетінде жергілікті жыныс-порфиттер шығып жатады.

№ 2 - өндірістік алаң орналасқан аймақтың геологиялық құрылымында литологиялық құмдақты және қиыршықты тасты топырақты жоғары төрттік тасты аллювиольды-пролювиальды жыныстар қең таралған. Құмдақ сарылы-сұр түсті, қатты, аз ылғалды, үлкен саңылаулы, шағал мен тастық 15-20 % қабатымен, қалыңдығы 0, 4-0, 6 м. Төменгі жағы аз таралған және аз созылған сынықты қиыршақ тасты жыныстар құрайды. Едәуір көп кездесетін мөлшері - 80-120 мм.

№ 3 - өндірістік алаңның (тазалау құрылғылары) аймағында үш инженерлі-геологиялық элемент ерекшеленген: үйілген топырақ, қалыңдығы 0, 4 м, отыратын құмдақ, қалындығы - 1, 4 м және қиыршық тасты топырақ - 3, 0 м.

Буландырғыш - тоғандар орналасқан аймақта екі инженерлі-геологиялық элементтерді ажыратады: саздақ, қалыңдығы - 2, 0 м және құмдақ, қалыңдығы - 1, 0 м.

№ 1 - өндірістік алаң аймағының ыза сулары 1, 6-3, 8 м тереңдікте кездеседі, № 2 -өндірістік алаңда - 4, 8 -5, 3 м, № 3 -өндірістік алаңда - 2, 7 м, буландырғыш - тоғандар тұсында - 8, 0 м.

Ыза сулары агрессивті қасиеттерімен ерекшеленбейді. Жерасты суларымен су алуды (басуды) есептейтін аймақтық карта бойынша өндірістік аймақтар I провинцияға -яғни су баспайтын аймаққа жатады. Саздықтардың қатуының нормативті тереңдігі - 0, 73 м, ірі түйірленген жыныстар үшін - 1, 08 м.

1. 1. Өндірістік жұмыс сипаттамасы

«БМ» ЖШС-і шығаратын өнім құрамы бойынша көп салалы кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынның негізгі әрекеті ас спирті мен арақ өндірумен байланысты. Сондай-ақ, кәсіпорын жемістер мен көкөніс өңдеумен, шырындар мен сусындар өндірумен, оған қоса халық тұтынатын заттар (пластмассадан жасалған заттар, шиша банкалар қақпағы) шығарумен айналысады.

Негізгі өндірістен бөлек резина өндіретін цех, таралы цех, механикалық цех, баспалы цех, бетон даярлайтын алаң, отын цехы, автогараж, кілегей өндіретін цех және басқа қосалқы цехтар мен алаңдар бар.

Крахмалды шикізаттан этил спиртін өндіру. Зауытқа келіп түсетін дән өңдеуден өтіп (сепараторда тазалаудан өтіп балғалы ұнтақталады) пісіру бағандарына пісуге келіп түседі. Бұдан әрі пісірілген сұйықтық жәшікті (арла үшін) және ағынды (тары үшін) типті жармалы жүйектерде өсірілген жарма ферменттеріндегі қантпен араласады.

Қантпен араласқан сұйықтық ашыту ыдыстарына ашу үшін түсіп, онда 3 тәулік бойы ашып жатады. Ашып болғаннан кейін ашыту ректификациялық құрылғыға түсіп, одан этил спирті алынады. Дайын спирт сақтағышқа беріліп, сонда сақталады.

Томат шырынын өндіру технологиясы. Қызанақтар сұрыптау мен алғашқы өңдеуден өткеннен кейін ұсақталу мен сызылу үшін сығу машинасына түседі. Одан кейін томатты сұйықтық стериализация мен гомогенизациядан өтеді. Алынған томат шырыны құю желісіне беріледі, одан әрі бөтелкелерде пастеризация мен автоклавтан өтеді. Пастеризациядан кейін дайын томат шырыны жүк тасушы машинкасымен дайын өнімдер қоймасына жіберіледі.

Металлды заттар өндірісі. Металл қақпақ, кронен тығын, алюминийлі қақпашық қаңылтырдан жасалады. Қаңылтыр лактаудың 3 сатысынан өтеді (топырақтық, түсті және қорғаныш қабаты лакы) . Лактанған қаңылтыр гильотикада логотип бойынша кесіледі. Әрі қарай, кесілгеннен кейін белгілі бір өнім дайындау үшін пресске басуға беріледі. Дайын өнім қораптар мен қағаз қапталарға оранып дайын өнім қоймасына жөнелтіледі. Пластмассадан жасалған заттар өндірісінің технологиясы. Сұрыпталып алынған пленка ұсақталып, боялады. Гранулятор бункеріне шикізат салынып, тығыздауы үшін оны грануляциялауды жүргізеді. Содан кейін алынған гранулаларды термопласт автоматтарына салып, жартылай автоматты жұмыс режимінде тауардың престелуі жүргізіледі.

Дайын өнімдер контейнерлерге салынып, кейін өнім қоймасына жөнелтіледі.

Кілегей өндірісі. Ұн сумен біртекті паста түріндегі қойыртпаққа дейін араластырылады. Содан кейін ол жоғары қысымды насосқа кілегей бөлшектерінің суды сіңіруі үшін айдалады. Әрі қарай пайда болған суспензияны кілегей мен крахмалға бөлу процесі жүргізіледі. Кілегей кептіріліп, тараптылуға беріледі.

Мал азығын өнімдерін өндіру. Мал азығы өнімдерін өндіруде негізгі технологиялық үрдіске барданы фугаттау, барданы бұқтыру, кептіру және азықтық өнімдерді гранулалау жатады.

Фугаттау секциясына жіберілетін жартылай сұйық немесе ылғалды жмых;

кептіру секциясына жіберілетін жартылай сұйық немесе тұндырылған барда; сироп тектес күйге дейінгі қанықтырылған сұйық немесе ылғалды жмых.

Ылғалды жмых пен сироп араластырылып, кептіру секциясында кептіріледі. Ылғалды жмых тұндырылған барданың сепарациясы барабан типті төрт горизонтальды детантаторлар көмегімен іске асырылады.

Бұқтыру секциясының міндеті - тұндырылған барда құрамындағы құрғақ заттардың мөлшерін 30-35 % дейін арттыру.

«Сироп» жмых пен араластырылып, гранулаланған өнім алу тынық бөлігі технологиялық үрдіске қайтарылады, ал қалған бөлігі ақаба сулар канализациясына тасталады.

1. 2. Комбинаттың экологиялық қызметінің ұйымдастыру - функционалды құрылымы

Кәсіпорын экологиялық қызметінің ұйымдастыру-функционалды құрылымы сұлбада келтірілген қоршаған ортаны қорғау жұмыстарымен кәсіпорын экологы айналысады. Жалпы басшылықты бас инженер жүргізеді.

Кәсіпорын экологиялық қызметінің ұйымдастыру-функциональды құрылымының сұлбасы (сурет 1. 1. )

Сурет 1. Кәсіпорынның экологиялық қызметін ұйымдастыру жүйесі

«БМ» ЖШС - де еңбекті қорғауды ұйымдастыру негізінде жүйелі түрде мекемедегі жұмыскерлердің еңбек өнімділігі жоғары болуын жәнеде қауіпсіз, адамдардың ден-саулығына зиян келмейтін жағдай жасау болып табылады. Сол себептен барлық жұмыс орындарында автоматтандырылған жүйені енгізу, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ол үшін қосымша осы саладағы жоғары кәсіби мамандығы бар инженер қабылдау керек.

Автоматтанған жұмыс орындары, орталық информациялы-аналитикалық ортамен байланысады, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті сұрақтармен, инструкциялармен, қаулы және заңдармен толықтырылады.

Өндірістегі еңбекті қорғау басқармасы төмендегідей мәселелерді шешуден басталады:

  • жұмыскерлерді техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау сұрақтарымен оқыту;
  • өндірістегі құрал жабдықтармен жұмыс орындаудың қауіпсіздігін үйрету;
  • өндірістік процестерімен технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ғимараттар мен құрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • жұмыс орындарында санитарлық - гигиеналық жағдайларды жақсарту;
  • жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыздау;
  • жұмыс істеу режимдері мен демалуды оптималдау;
  • жұмыскерлерге емдеу-профилактикалық қызметтерін ұйымдастыру;
  • қызметкерлердің санитарлық тұрмыстық жағдайын жақсарту;
  • кейбір арнайы мамандықтарға кәсіби дәрежесі жоғары жұмысшыларды таңдау.

Өндірістегі еңбекті қорғауды басқару үшін қажетті жұмыстар:

  • еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлау;
  • еңбекті қорғау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру және координациялау;
  • еңбекті қорғау жұмыстарын есептеу және сараптама жасап отыру, оны

қорғауды функционалды жүйемен басқару;

  • еңбекті қорғау жүйесін бақылау;
  • еңбекті қорғауды жетілдіруді ынталандыру.

Осы мекемедегі еңбекті қорғаудың негізгі міндеті - жұмыскерлердің жарақаттануы мен ауру - сырқауға ұшырауын болдырмау жәнеде өндірістегі еңбек өнімділігін арттыру.

«БМ» ЖШС-де жұмысшылар мен инженерлердің ден-саулығын жақсарту, оларға қосымша ақы төлеу туралы жағдай жасалуда және бұйрықтар шығарылуда. Мекеме бас инженерінің бұйрығымен зиянды өндіріс орындарында істейтіндерге сүт, тәулігіне бір рет тегін тамақ беріледі.

«БМ» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігінің орындалуын бақылау, ережелер мен нормалардың сақталуы әрбір жұмысшымен, техникалық қызметкерлермен, инженерлер, лаборанттармен өткізіледі. Ол талаптардың дұрыс орындалуына әр цехтағы техника қауіпсіздігі инженері жауап береді. Айына бір рет «Техника қауіпсіздігі күні» жүргізіледі, олардың нәтижесі коллектив алдында талқыланады. Қабылданған шешім хаттамамен бекітіліп цех бастығы немесе бас инженермен бекітіледі, орындалуы қадағаланады.

Еңбек қорғау шаралары өндіріс көлемінде бас инженерге, цехтар мен өндіріс көлемінде бас инженерге, цехтар мен өндіріс орындарында олардың басшыларымен жүргізіледі.

Шараларды іске асыруа еңбек қорғау инженерлері үлкен жұмыс атқарады. Оны төмендегі кесте 1. 1. көруге болады.

Кесте 1. 1. Еңбек және техника қауіпсіздігі шаралары (2006ж. )

р/с

ЕҚ және ТҚ шаралары
Бөлінген қаржылар, тг.
№р/с: 1
ЕҚ және ТҚ шаралары:

Еңбек қорғау шаралары

  1. Санитарлық-шаруашылық бөлмені жөндеу.
  2. Қызметкерлерді сүтпен қамтамасыздау.
  3. Медициналық аптечкалар сатып алу.
  4. Арнайы киімдер мен жеке қорғау құралдары.
  5. Дезинфекция және тазалау заттар алу.
Бөлінген қаржылар, тг.:

50 мың тенге.

31, 0 мың тенге.

18, 0 мың тенге.

285, 0 мың тенге.

19, 0 мың тенге.

№р/с: 2
ЕҚ және ТҚ шаралары:

Қажетті нормативті құжаттар, бұйрықтар, құсқаулар

2. 1. Жауапты адамдарды тағайындау.

2. 2. Шараларды мемлекеттік инспекцияда бекіту.

2. 3. Арнайы сертификаттармен киімдер, құрал жаб-

дықтар алу.

  1. Комиссия құрамымен оларды қоймаға тапсыру.

2. 5. Жарамсыз арнайы киімдерді жою (списание) .

Бөлінген қаржылар, тг.:

№4 Бұйрық 6. 01. 2006ж.

№146 Бұйрық 1. 04. 2006ж.

№28 Бұйрық 6. 06. 2006ж.

№192 Бұйрық 20. 12. 2006ж.

№р/с: 3
ЕҚ және ТҚ шаралары:

Мамандарды дайындау және қайта дайындау

3. 1. Электрослесарлер - 4 адам.

3. 2. Технологтар - 6 адам.

3. 3. Инженерлер - 7 адам.

3. 4. Слесарлар - 8 адам.

3. 5. Сорттаушылар - 7 адам.

3. 6. Қайнатушылар - 8 адам.

3. 7. Әртүрлі жұмысшылар - 14 адам.

Бөлінген қаржылар, тг.:
№р/с: 4
ЕҚ және ТҚ шаралары:

Мемлекттік органдардан тексерулер жүргізілген

3. 1. Облыстық инспекциядан.

3. 2. Санитарлық-эпидемиологиялық станциядан.

3. 3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

3. 4. Өрт сөндіру департаменті.

Бөлінген қаржылар, тг.:

12. 02. 2006ж.

18. 04. 2006ж.

25. 06. 2006ж.

20. 04. 2006ж.

2. 09. 2006ж.

9. 11. 2006ж.

2. Өндіріс ақаба суының сапасы және оны бағалау

2. 1. Ақаба суының сапасын бағалау тәсілдері

"БЖ" ЖШС-і Ақаба суының сапасын тұздылығы, сутекті көрсеткіші рН, су температурасы, макро және микроэлементер құрамы, иондар арақатынасы, санитарлы - гигиеналы көрсеткіштері арқылы бағаланады.

Ақаба суы көрсеткіші рН 7, 0 . . . 8, 4 болғанда барлық типті топырақтарда ауыл шаруашылығы дақылдарын суғаруға жарамды; рН 6, 0 . . . 7, 0 суды пайдалануға болады; рН 6, 0 және рН 8, 4 суды пайдалану арнайы түрде негізделуі тиісті.

Орманды және ормандалалы аймақтағы ауыл шаруашылық дақылдарын суғаруға қажет су тепературасының тиімді аралығы 10-25 0 С құрайды, құрғақ далалы, далалы және шөлді аймақтарда - 15-25 0 С (жер бетімен суғаруда), 15-30 0 С жаңбырлатуда.

Ақаба суының температурасын жоғарылату кезінде кальцийдің белсенділігі төмендейді, ал натрийдік өзгеріссіз қалады. Тәуліктің ыстық кезінде жаңбырлата суғару кезінде топырақтың ертіндісіне рН ұлғайып, рН > 9-дан асып кетуі мүмкін, бұл тамыр талшықтарын күйдіріп жіберуі мүмкін, бұл 1-3 тәулік сақталып, өсімдіктердің құрғауына және өнімділігінің төмеңдеуіне алып келеді. Осыған байланысты суғаруды тәуліктің кешкі және түнгі уақытында жүргізу керек. Ылғалдағыш суғару суының температурасы 5 0 С аспауы қажет .

Ақаба суының сапасын және хлорлы тұздануы, натрийлі және магнийлі тұздану мен топырақтың сода түзілу деңгейінің қауіптілігін бағалау үшін топыраққа қатысты суды төрт классқа бөлу арқылы топтау ұсынылады /9/:

- ауыр механикалық құрылымды және сіңіру сыйымдылығы 30 мг- экв/100 г топырақ үшін;

- орташа механикалық құрылымды және сіңіру сыйымдылығы 15 тен 30 мг-экв / 100 г топырақ үшін;

- жеңіл механикалық құрылымды және сіңіру сыйымдылығы 15 мг-экв/100 г төмен топырақ үшін.

Натрийлі тұзданудың қауіптілігін бағалау үшін кешенді көрсеткіш Са + + қолдану ұсынылады, ал магнийлі тұздану қауіптілігін бағалауды- Са 2+ /Мg, сода түзілуде натрий карбонатының қалдығы (СО 3 + НСО 3 ) - (Ca 2+ + Mg 2+ ) I класты суды қолдану топырақ бойынша да, ауыл шаруашылық дақылдары бойынша да ешқандай шектелмейді; II, III, IV классты суларды пайдалану тиісінше IV классқа жақындаған сайын өсе беретін шектеулермен ерекшеленеді. Бұл топтама ақаба суының сапасын тағайындауда негіз бола алады.

III және IV классты ақаба суларымен суғаруға пайдалану кезіндегі шығындарды азайту үшін су сапасын жақсарту, пайдаланылатын технологияны негіздеу және дақылдарды тұзға тұрақтылығы бойынша таңдау керек. Тиімді нұсқасын таңдап алу үшін су көзінің суғаруға жарамдылығын бағалаудың экономикалық критериясын пайдалану ұсынылады.

Шектелген табиғи- климаттық жағдайларға су көзінің суғаруға жарамдылығы топырақтың сулы- тұзды, қоректік және микробиологиялық режимінің болжамы негізінде, өсімдіктердегі улы заттардың жиналуы мен тасымалдалуы болжамы, жер асты суларына түсіп, жиналады, құрылғыларға экологиялық, агрономиялық және техникалық критериялардың

әсер етуімен бағалануы мүмкін.

Ақаба суындағы тұздардың құрамын арттыру топырақтың минералдылығының ұлғаюына алып келеді. Тұздардың жиналу жылдамдығы суғару нормасының шайылу бөлігінің шамасына байланысты. Бір жағынан, ақаба суының рұқсат етілетін минералдық мөлшері мен химиялық құрамы топырақтың сулы- физикалық, физико- химиялық қасиеттеріне, территорияның жасанды және табиғи кәрізділігіне байланысты.

Ұзақ жылғы зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды шолу нәтижелері ақаба сулар үшін химиялық құрамы бойынша дифференциялданған кәріздік сулар сапасының топтамасын ұсынуға болады.

Аталған топтама ақаба суының минералдылығының сульфат- хлоридті (сульфаттыдан хлоридтіге дейін) түріне қолайлы келеді. Мұнда жалпы минералдық, ионды құрам мен оның арақатынасы ескеріледі.

Өсімдіктер үшін ең зияндысы натрий тұздары. Судағы натрий иондарының жоғары концентрациясы топырақтың тұзануына алып келіп, өсімдіктердің өсуі мен дамуына кері әсерін тигізеді. Ирригациялық коэффициентті есептеудің түрлі амалдарының ішінде судағы тұздардың топырақты тұздандыру қабілетінің мүмкіндігін ескеретін И. Н. Антипов- Каратаев, Г. М. Кадер теңдеулері қолайлы.

И. Н. Антипов- Каратаев, Г. М. Кадер бойынша кәрізді -тастанды сулардың суғаруға жарамдылығын келесі теңдеумен анықтайды:

К = (Са 2+ + Мg 2+ ) (Na + + 0, 23 С) , (3. 1)

Мұнда: Са 2+ , Мg 2+ , Na + - судағы катиондар құрамы, мг-экв/л;

С- су минералдылығы, г/л.

К1 кезінде топырақтың тұздануы байқалмайды, яғни су мен онымен әрекеттесетін топырақ арасында ионды- ауыспалы тепетеңдік қамтамасыз етіледі. К1 болса, су суғаруға жарамсыз болып саналады.

Топырақ тұздануының қауіптілігі ақаба су құрамында сода болған жағдайда анағұрлым артрады. Қалыпты соданың(натрий карбонаты) улылығы натрий бикарбонатынан 4 есе жоғары. Су құрамындағы натрий бикорбанаты 1, 25 мг-экв/л болған жағдайда гипссіз топырақтарды суғаруға жарамсыз етіп тастайды. Сондай- ақ, суғаруға 0, 6 мг-экв/л қалыпты содасы бар сулар да жарамсыз. Қалыпты содасы 0, 3-0, 6 мг-экв/л су да шектеулі қолданысқа ие.

Ауыспалы егіншілігінің дақылдарына өсу мен даму кезінде судың тек жалпы минералдылығы ғана емес, сондай- ақ жекелеген улы иондар да әсер етеді. әсіресе олар хлор мен натрий иондарына сезімтал. Жекелеген улы иондардың және топырақтың тұздану қаупіне байланысты су сапасын тазалау үшін Стеблер ұсынған теңдеуді қолдану керек:

К= 288/(Na + + 4 CL + ) , (3. 2)

Мұнда: Na + +4 CL + - натрий мен хлор иондарының құрамы, мг-экв/л.

К4 кезінде су ұзақ суғаруға жарамсыз, оны өзен суымен араластыру арқылы сапалық құрамын жақсарту керек.

Суғару кезеңінде кәріздік ақаба сулар тастанды сулардан құралады, ролардың минералдылығы 1, 5 . . . 6, 0 мг/л аралығында өзгереді.

Суғарылмайтын кезінде, кәріздік жүйеге негізінен ыза сулары түсетін кезде, олардың минералдылығы 2, 5г/л жоғары, сулар- тұзданудың хлоридті- сульфатты түріне жатады. Суда сульфат, хлор және натрий иондарды басым.

Ақаба кәрізді- тастанды суларды құрамындағы сульфат иондары 0, 3- тен 3, 0 г/л дейінгі аралықта өзгереді, ал кейбір коллекторларда 4, 5г/л дейін жетеді. Кәрізді- тастанды суда натрий мен хлор иондары 0, 2 . . . 1, 50 г/л, судағы бұл иондардың көп мөлшерде болуы натрийлі және хлорлы тұздар жеңіл еритіндіктен топырақтан шайылып, коллекторлы- кәрізді желіге түсіумен сипатталады. Тастанды сулардағы кальций, магний, бикорбонат иондары 0, 19 дан 0, 70 г/л аралығында өзгереді.

Ақаба тастанды сулардың көп мөлшердегі химиялық анализінің статистикалық өңдеуі көрсететініндей, судың жалпы минералдылығы (С) мен ондағы иондар мөлшері арасында байланыс бар, коррекция коэффициенті 0, 65 . . . 0, 90 құрайды. Минералдылық пен иондар арасындағы байланыс регрессияның келесі теңдеулерімен анықталады:

HCO 3 =0, 09С+0, 12 Ca=0, 06С+0, 04

CL= 0, 14C+0, 11 Mg=0, 07С+0, 02, (3. 3)

4 =0, 48C+0, 05 Na+К=0, 25C-0, 22

Осы теңдеулер бойынша, жалпы минералдылықты біле отырып, су құрамындағы кез - келген ионды анықтауға болады және жоғарыда ұсынған формулалар бойынша ирригациялық коэффициент пен судың суғаруға жарамдылығын анықтауға болады.

2000-2006 жж. кезеңінде аталған алқаптың кәрізді- тастанды суларының сапалық құрамы мен ирригациялық коэффициенті келесідей (кесте 3. 1. )

Ақаба тастанды суларын сапасын бағалау көрсеткендей, топырақтың тұздану қаупін туындырмас үшін бұл сулардың минералдылығы 2, 5…. 3, 0 г/л аспауы керек, ал тұз жиналу мен ейбір иондар улылығы бойынша рұқсат етілетін су минералдылығы 2, 0…. 2, 5г/л.

Кесте 2. 1. Ақаба тастанды суларының сапалық құрамы мен

ирригациялық коэффициенті

Минерал-дылық, г/л
Хлор иондары, г/л
Натрий және калий иондары, г/л
Тұздар
Коэффициент
Зиянсыз
Улы
Ионды алмасу
Ирригациялық
Минерал-дылық, г/л: 1, 5
Хлор иондары, г/л: 0, 21
Натрий және калий иондары, г/л: 0, 20
Тұздар: 30 . . . 35
Коэффициент: 65 . . . 70
1, 6
5, 5
Минерал-дылық, г/л: 2, 0
Хлор иондары, г/л: 0, 28
Натрий және калий иондары, г/л: 0, 32
Тұздар: 30 . . . 35
Коэффициент: 65 . . . 70
1, 4
4, 0
Минерал-дылық, г/л: 2, 5
Хлор иондары, г/л: 0, 40
Натрий және калий иондары, г/л: 0, 48
Тұздар: 25 . . . 30
Коэффициент: 70 . . . 75
1, 2
2, 7
Минерал-дылық, г/л: 3, 0
Хлор иондары, г/л: 0, 55
Натрий және калий иондары, г/л: 0, 62
Тұздар: 25 . . . 30
Коэффициент: 70 . . . 75
1, 0
2, 0
Минерал-дылық, г/л: 4, 0
Хлор иондары, г/л: 0, 75
Натрий және калий иондары, г/л: 0, 96
Тұздар: 20 . . . 25
Коэффициент: 75 . . . 80
0, 8
1, 4
Минерал-дылық, г/л: 5, 0
Хлор иондары, г/л: 0, 96
Натрий және калий иондары, г/л: 1, 11
Тұздар: 20 . . . 25
Коэффициент: 75 . . . 80
0, 6
1, 1
Минерал-дылық, г/л: 6, 0
Хлор иондары, г/л: 1, 10
Натрий және калий иондары, г/л: 1, 22
Тұздар: 15 . . . 20
Коэффициент: 80 . . . 85
0, 5
0, 7
Минерал-дылық, г/л: 7, 0
Хлор иондары, г/л: 1, 28
Натрий және калий иондары, г/л: 1, 38
Тұздар: 10 . . . 15
Коэффициент: 85 . . . 90
0, 3
0, 5
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері
Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы
Дебиторлық борыштың бухгалтерлік есебі
Кәсіпорындағы персоналды басқаруды жүзеге асыру
Кәсіпорынды персоналды басқарудың теориялық негіздері
Қызанақ жылу сүйгіш өсімдік
2013 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі
Бөлінбеген пайданы есептеу
Дебиторлық борыштар есебінің жүргізілуі және аудиті
Алматылифт ЖШС- нің шаруашылық – өндірістік қызметіне баға беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz