КОМПЬЮТЕРДІ ЖЕЛІГЕ ҚОСУ ЕРЕЖЕСІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
1 Компьютерлерді желілерге біріктіру 2
2 жергілікті желі 3
3 АуҚымды желілер 5
4 Жергілікті жӘне ауҚымды желілердіҢ бірігуі 6
5 принтерлер 6
6 КОМПЬЮТЕРДІ ЖЕЛІГЕ ҚОСУ ЕРЕЖЕСІ 8
7 КОМПЬЮТЕРДІ ЖЕЛІДЕН АЖЫРАТУ ЕРЕЖЕСІ 8
8 БІР ПРИНТЕРДІ ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ БІРНЕШЕ КОМПЬЮТЕРГЕ ҚОСУ ЕРЕЖЕСІ 9
Қорытынды 11
ПайдаланҒан Әдебиеттер тізімі 12

КІРІСПЕ

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу
тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Іnternet желісінің күрт дамып кетуі
(қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалармен
толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген
нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланысуда. Информацияның көзге тартар
ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатыны қуантады. Бірақ адам
жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазірде Іnternet жалпыға бірдей информациялық
қор тәрізді ертектегі ханшалардан күнделікті күніңізге айналып барады. Оның
құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым
пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай
компьютерлермен 60 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Іnternet желісіне
күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSOC (Іnternet socіety - Іnternet
қоғамдастығы) президентінің жақында Іnternet желісін пайдаланушылар саны 1
милиардқа жететін рас. Сол себепті Іnternet бізге даналық көзі болып
көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

1 Компьютерлерді желілерге біріктіру

Егер сіздің тек бір дербес компьютеріңіз болса, модеміңіз болмаса,
онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. Бірақ сіздің
бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәліметті екіншісіне беру
керек болғанда желілік технология өте қажет. Желілік технологиялар қаржы
мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік
желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.
Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді
біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан
компьютерлер). Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы меекменің өздеріне
берілген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды
желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды.
Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан
компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине
мұндай байланыстыру желісін шағын немесе орташа фирмалар жасай алмайды.
Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер
серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.
Жергілікті желілерге компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу
жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке
де жетеді. Гигабиттің де ауылы алыс емес. Ал, ауқымды желілер жүйесінің
компьтерлер арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарын
пайдалану кезіндегі оның пайдалану жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер
аралығында болады.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолдану мақсаттары әртүрлі, бұл
екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады,
сондықтан оларды мұқият оқып үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.

2 жергілікті желі

Компьютерді (жұмыс станциясын немесе серверді) желіге қосу арнаулы
желі адаптері арқылы орындылады. Желі адаптері бөлек сатылады, бірақ кейде
компьютер құрамында болуы да мүмкін.
Көптеген фирмалар шығарып жататын желі адаптерлерінің толып жатқан
түрлері бар. Желі адаптерлері қызмет істеу топологиясына қарай екі топқа
бөлінеді. Қарапайым жергілікті желіде шиналық (4-сурет) немесе жұлдыз
тәрізді (5-сурет) топология болады. Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын
шиналық топологияның негізгі кемшілігі – кабель үзілсе, желі түгелдей мұмыс
істемей қалады. Ал жұлдыз тәріздес топологияда әрбір компьютер өз кабелімен
жеке қоректену блогы бар таратқыш құрылғыға (ол да компьютер) жалғанады.
Мұнда бір кабель үзілгенмен, тек бір жұмыс станциясы ғана істен шығады да,
желі қалған станциялармен жұмыс істей береді. Шиналық топологияға
қарағанда, мұндағы зиян әлденеше рет төмен болады.
Желілер топологиясының бұдан да күрделі вариантары бола береді.
Мысалы, желі бірнеше шиналық топология сегменттерімен және бірнеше жұлдыз
тәрізді тармақтардан құралуы мүмкін.
Соңғы кездерде бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты
желілер кең тарап келеді. Мұның артықшылығы :
-біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанымен бағасы онша қымбат
емес;
-екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.

Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігі – олардағы ақпаратты
жеткізу жалдамдығының өте төмен деңгейде болуы, ол 10 Мбитсек мөлшерінен
аса алмай келеді. Дегенмен; бұларды жасаушы фирмалар жақында жылдамдықты 30
Мбитсек шамасына жеткізетінін, тіпті оданда арттыратынын айтып дәлелдеуде;
Қайтсе де, объективті және субъективті шараларды салыстырса, болашақ
осы жергілікті радиоторапты желілерді немесе кабельді желілерге қосымша
радиожелілерді кеңінен пайдалануға әкелетіні байқалады.
Объективті себептердің бірсыпырасын айтар болсақ, олар:
-радиожеліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді кабельдік
жергілікті желіні іске қосудан арзан;
-ескі ғимараттарда олардың қабырғаларын тесіп, кабель жүргізу
шаруаларын ұйымдастыру оңай емес;
-радиожеліні тарихи бағалы деп есптелетін ғимараттарда іске асыру
ыңғайлы, өйткені ондай желілерде кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті
қорғау органдарының келісімі керек;
-кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ, ал жергілікті желіні кеңейту керек-
ақ.
Субъективті себептерге мыналарды жатқызуға болады:
-кабельдік желілерге қарағанда қайта құру оңай іске асады; мысалы жаңа
торап қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т.с.с;
-жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға тиіс жеке
пайдаланатын органайзерлер мен ноутбуктерді қосу ыңғайлы. Оның үстіне,
мұндай адамдар немесе олардың қосылу нүктелері байланыс жетер аймақта
басқалармен кез-келген мәлімет алмаса алады.
Жергілікті желілерді пайдаланатын программалық жабдық-тарына қарай
екіге бөлуге болады:
Біріншісі-арнаулы файл-серверлер бөлініп берілген желілер, бұлардың
құрамындағы бір немесе бірнеше компьютерлерде арнаулы желілік опрациялық
жүйе (Novell NetWare, ІBM Lan Manager) іске қосылады: Олардың негізгі
қызметі – әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды
қамтамасыз ету; бірінші кезекте, серверлік дискілерді және желі
принтерлерін бөліп беріп отырады.
Мұнда жеке компьютерлер бір-бірімен емес тек файл сервермен
байланысады: Мысалы: олар файл-сервер дискімен мәліметтер жаза алады немесе
басқалар жазған мәліметтерді оқи алады және де желі принтеріне мәтін басып
шығарады. Жұмыс станциялары арасында мәліметтер алмасу (файл- серверді
айналып өту), теория тұрғысынан мүмкін болғанымен, практика жүзінде іске
асырылмаған.
Екінші топ – бір рангілік желілер: Мұнда файл - серверлер немесе баспа
сервері ретінде пайдаланатын жеке компьютер болмайды. Кез-келген станцияда
отырған адам өз компьютерінен сервер ретінде пайдаланып, басқа
компьютерлермен мәліметтер алмаса ала береді, құрылғыларын орналастыру
мүмкіндігі бар. Мұның мысалы ретінде MS Wіndows for Workgroup немесе
Wіndows 98 желілерін қарастыруға болады. Бір рангілік желі компьютер
арасындағы мәліметтер алмасу жиі және үлкен көлемде жүргізгенде өте
ыңғайлы. Бірақ мәліметтер алмасу тек файлдарды алу, берумен шектелмейтіні
есте болсын.
Әрбір адам кез-келген мәліметтер түрін (объектіні) өз алмасу буферіне
жазып алып, содан кейін желідегі компьютерлерді бәрінің де сол объектімен
пайдалануын қамтамасыз ете алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Ауқымды желілер. Интернет
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Орта мектепте жергілікті желіні оқытуға қажетті теориялық мағлұматтар
Ақпараттық технологиялар. Желілер
Информатикадан практикалық жұмыстар
Компьютерлік жүйелердің теориялық негіздері
Компьютерлік желілер туралы түсінік
Локальды есептеу желілері
Пәндер