Интернет желісінің тарихы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 Интернет желісінің тарихы 4
1.1 Интернет неден тұрады? 5
1.2 Интернетті кім басқарады? 6
1.3 Кім төлейді? 6
2 ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ХАТТАМАЛАРЫ 6
3 Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау 7
4 Бағыттаушылар 8
5 Хаттамалар 10
5.1 Тасымалдауды басқару хаттамалар 10
5.2 Басқа тасымалдау хаттамалар 11
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 13

КІРІСПЕ

Интернет әлемнің түрлі мекемелерін ақпараттық желі байланысымен
қамтамасыз ететін түйін тәрізді. Егер ертерек желі тек электронды пошта
арқылы файлдар мен хабарландырулар алмастыру үшін қолданылған болса, қазір
қиын функцияларды шешуге қолданылады. Осыдан 9 жылдай бұрын желілік іздеу
мен таралған ақпараттық қорларға, электрондық архивтарға рұқсат
функцияларды қолдайтын қабықшалар жасалған болатын. Интернет,
суперкомпьютерлерді меңгеруге талпынған зерттеуші және оқушы топтарға
қызмет еткен болса, қазір бизнес әлемінде де басты орын алуда. Әлеуметтік
пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін
іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі
кезде 18000 эртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен
толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген
нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді
тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ
адам жаңалыққа тез үйренеді. Оның қүрамында миллиондаған компьютерлер,
компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір
есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс
істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен.
Интернет түрлі мекемелерді өзінің тездігімен, арзан глобальді байланысымен,
бірігіп жұмыс жасауға қолайлылығымен, РҰҚСАТ бағдарламаларымен, тамаша
мәлімет қорымен қызықтырады. Олар дүние жүзілік желіні өз локальді
желілеріне толықтауыш ретінде қарастырады. Аз ақша төлей отырып, қолданушы
Канаданың, Австралияның, АҚШ, европа елдерінің жеке меншік не жеке меншік
емес ақпараттық қызметтеріне шыға алады. Интернет желісіне РҰҚСАТ
архивтерінде адамның барлық қызмет сфералары бойынша ақпарат табуға болады;
мысалы ғылыми-зерттеу жаңалықтарынан бастап, ертеңгі күнгі ауа райын да
білуге болады. Сонымен қатар, Интернет арзан, сенімді және жасырын
глобальды байланыс. Бұл желі дүние жүзі бойынша филиалдары бар ұйымдар үшін
өте қолайлы екен. Халықаралық байланысқа арналған Интернет инфрақұрылымын
пайдалану спутник каналы немесе телефон арқылы тікелей байланысқа қарағанда
әлдеқайда тиімді.
Осы күнде электрондық пошта Іnternet желісінің ең көп
пайдаланылатын қызметі. 200 миллионнан астам адамның электрондық поштада өз
адресі бар. Электрондық пошта арқылы хат кәдімгі хат жіберуден арзанға
түспек. Және де электрондық хат жіберілген жерге бірнеше сәтте жетсе, жәй
хат күндеп, апталап жетеді.

1 Интернет желісінің тарихы

АҚШ қорғаныс министрлігінің тапсыруымен 1961ж. Defence
Advanced Research Agency пакет алмастыру желісінің тәжірибелік жобасын
жасауға кірісті. ARPANET аталған бұл торап алғашында түрлі типті
компьютерлер арасындағы сенімді байланысты қамтамасыз етуге арналған
болатын. Модем арқылы мәлімет жіберу әдістерінің көбі ARPANET-те өңделген.
Сол кездеTCPIP протоколы да мәлімет алмастыру желісінде өңделіп шығады.
TCPIP-көптеген түрлі компьютерлердің бір-бірімен қалай байланысатынын
анықтайтын коммуникациялық хаттамалардың жиынтығы.
ARPANET-пен жасалған тәжірибе сәтті болғандықтан, көптеген мекемелер
күнделікті мәлімет алмастыру үшін оған қосылғысы келді. 1975ж. ARPANET
желінің жай ғана тәжірибелік жобасынан нағыз жұмысшы желіге айналады.
Желіні басқару жауапкершілігін Defence Communication Agency (DCA) өз
мойнына көтеріп алды, қазір ол Defence Information Systems Agency деп
аталады. Бірақ, ARPANET-тің дамуы осымен тоқтап қалған жоқ; TCPIP
хаттамалары одан әрі дамуы мен жетілуін жалғастыра берді.
1983 ж. TCPIP хаттамаларына арналған алғашқы стандарт шығады, ол
әскери стандарт - Military Standards-қа енеді және желімен жұмыс
істегендердің барлығы да осы хаттамаларға көшуге міндетті болды. Бұл
хаттамаларға көшуді жеңілдету үшін darpa TCPIP хаттамаларын Berkley unix-
ке қосуды berkley software design фирмасының басшыларына ұсынды.Содан бері
unix пен TCPIP одағы жұмыс жасай бастайды.

Интернет термині бірыңғай желіні белгілеу үшін қолданыла бастады:
MILNET плюс ARPANET 1991ж. ARPANET өз тіршілігін тоқтатқанына қарамастан,
Интернет әлі күнге дейін бар; ол әлемдегібірнеше желілерді қосқандықтан
қазіргі өлшемі бұрынғысынан өте көп.1- сурет 1969 ж. желіге қосылған 4
компьютерден бастап, 94жылға дейінгі қосылған хосттар санын бейнелейді.

Хост дегеніміз көпмақсатты операциялық жүйеде жұмыс жасайтын, TCPIP
хаттамасын ҚОЛДАУШЫ, қолданушыларға қандай болмасын желілік қызмет
көрсететін Интернет желісіне қосылған компьютерлер.

1- сурет- Интернет желісіне қосылған хосттар санының өсуі.

1.1 Интернет неден тұрады?

Бұл разы күрделі сұрақ, жауабы әрдайым өзгеріп тұрады. Он жыл бұрын
жауап беру оп-оңай болатын. Интернет- ол IP протоколымен бірлесіп әрекет
жасай отырып, өзінің ұжымдасқан қолданушыларына арналған тігіссіз
ау(желі) құрайтын барлық желілер. Бұған түрлі федералды желілер,
аймақтық желілердің жиынтығы, университеттік және шетелдік желілер кіреді.

Соңғы кезде ІР протоколын қолданбайтын Интернет желісіне қосылуға
қызығушылық артып келеді. Клиенттерге осындай желілерді пайдалануына беру
үшін интернетке бөтен желілерге қосылу әдісі шығарылды (мысалы, BITNET,
DECnets,т.б.). Шлюз аталған бұл қосылулар тек электрондық поштаны 2 желі
арасында тасылмалдауға арналған болатын, бірақ кейбіреулерінің қызметі
желіаралық негізде басқа да қызмет көрсетуге дейін өсіп кетті. Олар
интернеттің бір бөлшегі болып табылады ма? Иә да жоқ та, бәрі де олардың
қалауына байланысты.
Қазіргі уақытта интернет желісінде өте баяу телефон сызықтарынан бастап
өте жылдам цифрлік спутниктік арналарға дейін қолданылады. Интернет
желісінде қолданылатын операциялық жүйелер әртүрлілікпен ерекшеленеді.
Интернет желісінің көптеген компьютерлері ОС Unix немесе VMS арқылы
істейді. NetBlazer немесе Cisco секілді желінің арнайы бағытшылары
(маршрутизаторы-орысша) кеңінен таныс. Нақтылай айтқанда, интернет өзара
түрліше байланысқан компаниялар мен мекемелерге жататын аймақтық және
әлемдік желілердің жиынынан тұрады. Бір-бірімен белсенді түрде бірлесіп
әрекет қылатын (файлдар мен хабарландырулар жіберу арқылы), түрлі өлшемдегі
кішкене желілерден құрастырылған мозайка түрінде интернетті көз алдымызға
елестетуге болады.

1.2 Интернетті кім басқарады?

Интернетте президент те, негізгі инженерде жоқ. Президенттер және
қалған ең жақсы ресми беттер, интернетке кіретін желілерде бола алады,
бірақ оның жөні басқа. Интернетте жалғыз авторитарлық фигура жоқ.
Интернеттің даму бағытын негізінде Общество Интернетнемесе
ISOC (Интернет Society) анықтайды. ISOC-қоғамдық бастамалар негізіндегі
ұйым, оның мақсаты интернет арқылы әлемдік ақпарат алмастыруға көмектесу.
Ол интернеттің техникалық басшылығына жауап беретін қауым бастықтарын
(старейшины-орысша) сайлайды.
Қауым бастықтары кеңесі (Интернет Architecture Board немесе
Совет по архитектуре Интернет) өз еркімен жұмысқа қатысуға келіскен
адамдар тобынан тұрады. IAB әрдайым стандарттар бекіту үшін және түрлі
қорларды бөлу үшін (мысалы адрестер) жиналып тұрады. Компьютерлердің және
қолданбалы бағдарламалардың әрекеттестік стандартты тәсілдерінің арқасында
интернет жұмыс істейді. Бұндай стандарттардың болуы түрлі фирмаларда
өндіріліп шыққан компьютерлерді бір-бірімен қиындықсыз байланыстыруға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, IAB қайталанбайтын номерлерді бақылау
керек. Мысалы интернеттің компьютерлері өз бірегей 32 разрядты мекенжайды
болады; ол мекенжай басқа еш компьютерде болмауы тиіс. Бұл мекенжайдың
қалай меншіктелетінін IAB шешуі керек. Әрбір интернетпен қолданушының желі
жұмысы жайында өз ойы болады. Интернет қолданушылар өз пікірлерін IETF
(Интернет Engineering Task Force) инженерлік комиссияның мәжілістерінде
білдіре алады. IETF-тағы бір қоғамдық ұйым. Ол интернеттің техникалық
проблемаларын талқылау үшін жиналады. IETF мәжілістеріне кез-келген қатыса
алады және жұмысшы топ құрамына ене алады. Жұмысшы топ құжат шығарудан
бастап ерекше жағдайларда желілердің өзара қалай әрекеттесуін шешуге дейін
түрлі жұмыстар атқарады.

1.3 Кім төлейді?

Интернет – тегін желі деген аңыз ғана. Қолданушылар сағаттық
немесе ай сайынғы төлемді үй компьютерлерінен секундына 56 кбайт
жылдамдықпен сызықтар арқылы интернетке қатынас құру үшін төлейді.

2 ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ХАТТАМАЛАРЫ

Интернеттің басқа желілерден негізгі ерекшелігі – ТСРІР
хаттамалары. ТСРІР термині компьютер-аралық ірекеттестікпен байланыстының
бәрін білдіреді.Ол хаттамалардың түр-түрін, қолданбалы бағдарламаларды,
тіпті желінің өзін де қамтиды. ТСРІР-жүйе аралық әрекеттестік
технологиясы, internet технологиясы. ТСРІР өз атына Transmission Control
Protocol (TCP) және Internet Protocol (IP) деген екі коммуникациялық
хаттамаларға ие болды.
Басқа желілердегідей интернет желісінде компьютерлер
аралық әрекеттестіктің 7 деңгейі бар болады: физикалық, қисынды, желілі,
транспорттық, байланыс сеанстарының деңгейі, өкілдік және қолданбалы
деңгей. Талапқа сай әрбір әрекеттестік деңгейіне сәйкес хаттамалардың
(әрекеттестік ережелерінің) терімі болады.
Физикалық деңгей хаттамалары түр және компьютерлер аралық
байланыс сызықтарының мінездемелерін анықтайды. Интернетте барлық осы
шақта белгілі байланыс тәсілдері: қарапайым сымнан (екі қиялдана)
талшықты (волоконно) - оптикалық байланыс желісіне дейін (ВОЛС)
қолданылады.
Байланыс сызықтарының әрбір үлгісіне арналған, мәліметті
канал арқылы алмастыруды басқарумен шұғылданатын кисынды деңгейді
хаттамалар өңделген. Қисынды деңгейді хаттамаларға РРР (Point to Point
Protocol ) және SLIP (Serial Line Interface Protocol) жатады. Жергілікті
желінің кабельді байланысына ЛВС (пакетные драйверы плат) пакетті
драйверлер арналған.
Желілі деңгей хаттамалары әр түрлі желілердегі құрылғылар арасындағы
мәлімет алмасуына жауап береді, яғни желіде пакеттердің бағыттауымен
шұғылданады. Бұндай хаттамаларға ARP (Address Resolution Protocol) және IP
(Internet Protocol) жатады.
Транспорттық деңгей хаттамалары бір бағдарламадан басқаға мәлімет
жіберуді басқарады.ТСР және UDP (User Datagram Protocol) жатады.
Байланыс сеанстарының деңгей хаттамалары лайықты каналдарды құруға,
сүйемелдеу және құртуға жауап береді. Интернетте бұнымен айтылып кеткен
ТСР, UDP, сонымен қатар ( Unix to Unix Copy Protocol ) хаттамалары
шұғылданады.
Өкілдік деңгей хаттамалары қолданбалы бағдарламаларға қызмет етумен
шұғылданады. Өкілдік деңгей бағдарламаларына абоненттерді түрлі қызметпен
қамтамасыз ететін, мысалы, Unix - серверде жұмыс істейтін бағдарламалар
жатады. Мысалға: telnet-сервер, FTP-сервер, Gopher-сервер, NFS-сервер, NNTP
(Net News Transfer Protocol), SMTP (Simple Mail Transfer Protocol), POP2 и
POP3 (Post Office Protocol) т.б.
Қолданбалы деңгейлік хаттамаларға желілік қызметтер және олармен
қамтамасыз ететін бағдарламалар жатады.

3 Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау

Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы,
осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі
бір провайдермен байланысу керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ватсап желісінің мүмкіндіктері
Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері
Казнет
Жергілікті телефон байланысы
Интернет сипаттамасы
«Жылжымалы байланыс технологиясы» пәнінен «EDGE технологиясы»
HTML тілінің тарихы
Интернет желісі жайлы
Телефон - телефон
Қазақстанда байланыс жүйесінің даму тарихы
Пәндер