Символдарды форматтау


Жоспар:
Символдарды форматтау2
Қарiптер2
Қарiптердiң негiзгi параметiрлерiн тағайындау2
«Қарiп» сұқбаттасу терезесiн пайдалану3
Астын сызумыналардан тұрады:3
Мәтiн астын сызу. 4
Абзацтарды форматтау. 4
Абзацты форматтау тәсiлдерi5
«Форматтау» аспаптар тақтасының құралдары5
Абзацтарды туралау6
Көлденең сызғышты пайдалану6
Интервалдар. Абзацтың алдындағы және соңындағы интервалдарды тағайындау. 7
. Жолдардың арасындағы интервалды тағайындау7
Символдарды форматтау
Символдарды форматтауға шрифт параметрлерiн, символдар аралығындағы бос орындарды және оларды жолға байланысты жоғары не төмен жылжыту мүмкiндiктерiн тағайындау жатады. Осы тәсiл арқылы құжаттағы маңызды деген элементтердi айқындап алып, олардың параметрлерiн өзгертуге және кейбiр символдарды жоғары не төменгi индекс ретiнде кiшiрейтiлген жазба әрiптермен бейнелеудi тағайындауға мүмкiндiк бередi.
Бұлардан өзге арнайы шрифтер бар, олар құжатты көркейтiп, безендiру iстерiн жандандырады.
Қарiптер
Қарiптер ұғымына:
- қарiптiң типi;
- қарiптiң мөлшерi
- сызылымы (начертание) ;
- түсi;
- арнайы эффектiлерi жатады.
Әр түрлi мақсаттарға арналған алуан түрлi қарiптер бар. Қарiптегi символ мөлшерi пункт өлшемi арқылы берiлiп жүр, негiзi мәтiн үшiн әдетте 9, 10-пункт, тақырыптар-олардан үлкенiрек өлшеммен, ал ескертулер мен сiлтемелердi көрсетуде-8-пункт пайдаланып жүр.
Қарiптердiң негiзгi параметрлерiн тағайындау
Форматтау процесi негiзiнен символдардың қажеттi параметрлерiн тағайындаудан тұрады. Енгiзiлген мәтiндi форматтау iсiн жүзеге асырамыз немесе алдыиен оныңпараметрлерiн анықтап сонан соң енгiзiлген мәтiндi қойылған талапқа сай орындаймыз.
Қарiптiң негiзгi параметрлерiн (типi, өлшемi, сызылымы) Формат командасының менюi, «Форматтау»аспаптар тақтасы, пернелiк командалар мен контекстiк меню жүйелерiнiң көмегiмен тағайындауға болады
«Қарiп» сұқбаттасу терезесiн пайдалану
Қарiптермен жұмыс iстеуге арналған аспаптардың толық жиынтығын «Қарiп»сұқбат терезесi ұсынады. Бұл терезе кез-келген қарiп типiн таңдауға Word жүйесiнде талап етiлетiн барлық параметрлердi тағайындауға мүмкiндiк бередi.
Жұмыс процесiнде пернелiк командалардың, контекстiк менюдiң және аспаптар тақтасының батырмаларының көмегiмен қарiптердiң параметрлерiн өзгертуге және толықтыруға болады.
«Қарiп» сұқбат терезесiн ашу үшiн мына әрекеттердiң бiрiн орындау керек:
- Формат Қарiп командасын таңдау;
- құжаттың жұмыс аймағында тышқанның оң батырмасын басу. Сонда экранда пайда болған контекстiк менюден«Қарiп»☺командасын таңдау. ☺
Осы әректтер нәтижесiнде шыққан терезеде екi парақ бар: «Қарiп» және «Интервал»
Қарiп - компьютерде орнатылған шрифтер тiзiмi.
Шрифтердiң сызылымы мына опциалардан тұрады:
- Кәдiмгi-негiзгi мәтiн символдары үшiн пайдаланады;
- Курсив-сөздердi, тақырыптарды айқындау үшiн пайдаланады;
- Жартылай қарайтылған-сөздердi, тақырыптарды айқындау үшiн пайдаланады;
- Жартылай қарайтылған курсив-алдыңғы екi түрлi шрифтер комбинациасынбiрге пайдаланушы;
- Мөлшер-әрiптердiң мүмкiндiк мөлшерiнiң
тiзiмi.
Астын сызу мыналардан тұрады:
- Жоқ-мәтiннiң асты сызылмай бейнеленедi;
- Кәдiмгi- мәтiннiң асты тұтас сызықпен сызу;
- Тек сөздер-тек сөздердiң асты сызылып, сөз арасындағы бос орындар асты сызылмайды;
- Қоссызық-сөздердiң асты қоссызықпен сызу;
- Түс-мәтiндi бояйтын мүмкiн түстен тiзiмi бар.
Эффектiлер құрамы:
- Сызылған-мәтiн үстiнен тұтас түзу сызықпен сызу;
- Жоғарғы индекс-мәтiн базалық сызықтың деңгейiнен жоғары көтерiледi;
- Төменгi индекс- мәтiн базалық сызықтың деңгейiнен төмен түсiрiледi;
- Жасырын-мәтiн баспаға берiлген кезде көрiнбейдi;
- Кiшiрейтiлген жазба әрiптер-мәтiн мөлшерi жол әрiптердей жазба әрiптермен бейнеленедi;
- Алдын ала келiсiм бойынша-бұл батырманы басу «Қарiп» терезесiнде тағайындалған параметрлер бұдан былай осы нұсқамен даярланатын барлық құжаттарға келiсiм бойынша пайдаланылады;
Ө ңделiп жатқан мәтiннiң кейбiр фрагменттерiнiң қарiптерiнiң параметрлрiн өзгертуге болады. Ол үшiн сол керектi фрагменттi ерекшелеп, артынан «Қарiп» терезесi көмегiмен оның керектi параметрлерiн тағайындаймыз.
Мұндайда тек ерекшеленген фрагменттiң ғана қарiп параметрлерi өзгередi, ал қалған мәтiн өзгерiссiз қалады. Осындай тәсiлмен тақырыпты немесе мәтiн iшiндегi ескертулердi ерекшклеп, олардың астын сызып немесе қарайтылған қалың қарiппен айқындап қоюға болады.
Сонымен Қарiптер сұқбат терезесi арқылы оның параметрлерiн өзгерту үшiн:
1. Қарiп форматы өзгертiлетiн мәтiн фрагментiн ерекшелеу керек.
2. Формат Қарiп командаларын таңдау қажет.
3. Терезенiң iшкi «Қарiптер» парағы арқылы қарiп типiн, мөлшерiн және сызылымын таңдап алу керек.
Алайда жұмыс барысында қайта-қайта «Қарiп»сұқбат терезесiн ашудың қажетi жоқ. Осы мақсат үшiн пернелердi немесе «Форматтау»аспаптар тақтасы батырмаларын пайдалану орынды болады
Мәтiн астын сызу.
WORD редакторы мәтiннң астын сызу тәсiлдерiнiң 4 түрiн ұсынады:тек сөздердiң астын сызу, дара сызықпен, қоссызықпен және пунктир сызықпен астын сызу.
Мәтiннiң астын сызу “Қарiп” сұқбат терезесiнде жүргiзiледi. Ол үшiн асты сызылатын мәтiн фрагментiн ерекшелеп, содан кейiн “Астын сызу” өрiс жолының батырмасын баса отырып, экранға шыққан тiзiмдерден өзiмiзге қажеттi түрiн таңдап аламыз.
Абзацтарды форматтау.
Абзацты жеке форматтауға болады. Оны форматтау кезiнде мына ұғымдарды пайдаланылады :
Шегiнiс- мәтiннiң сол жақ шетiнен абзацтың алғашқы жолының басына дейiнгi аралық, жай мәтiн жолындағыазат жол.
Абзацтың бiрiншi жолы шегiнiп оң жаққа ығысуымен қатар, нөмiрленген тiзiм элементтерiн көңiл аударарлық ету үшiн немесе библиографиялық әдебиеттер тiзiмiн көрсету кезiнде нөмiрлер жолдың сол жақ өрiс шетiнен де асып жазыла бередi. Бұл әрекет Формат Абзац арқылы орындалады.
Мәтiндi пайдалану мақсатына байланысты 4 түрлi болады; олар:
- сол жақ шетке қарай туралау-жай құжат мәтiндерiн тергенде қолданылады;
- оң жақ шетке қарай туралау-колонтитулдарда, яғни бөлiм тақырыптарын беттердiң жоғарғы жағына тұрақты жазу кезiнде;
- жол ортасына қарай туралау-тақырыптарды жазғанда;
- екi жақ шеттi де туралау-iс қағаздарын, баспахана материалдарын даярлауда пайдаланылады.
- Табуляция-әрбiр абзац алдында тұрақты азат жол даярлау үшiн және мәтiндi бiрнеше бағана түрiнде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам өту үшiн қолданылады.
- Жол арсындағы интервал- жолдардың ара қашықтығын тағайындайды. Бұдан өзге абзац алдында немесе соңында да қашықтықты тұрақты етiп өзгертiп беру мүмкiндiгi бар.
Абзацты форматтау тәсiлдерi
Жаңа құжат даярлағанда нұсқа параметрi есеп беру құжаттары т. б. үшiн пайдаланылады. Олар жаңа форматтау параметрлерiн енгiзгенше сақталады. Егер сiз «Кәдiмгi»нұсқаны пайдаланып құжат даярласаңыз, онда келiсiм бойынша кәдiмгi стиль пайдаланылады. Бұл стиль бойынша абзац сол жақ шетке қарай тураланады.
Абзацты мәтiн енгiзiлген соң немесе оған дейiн де форматтай беруге болады. Енгiзiлген мәтiндi форматтау үшiн оны ерекшелеу керек. Тек бiр абзацты жеке форматтау үшiн, оның алдында курсорды сол абзац iшiне орналастырса болғаны.
WORD редакторы абзацты форматтаудың мынандай тәсiлдерiн ұсынады:
- Формат Абзац командасын -бiр сұқбат терезесiнде абзацты форматтаудың қажеттi параметрлерiн тағайындайды;
- контекстiк -алдыңғы пунктегi команда әрекетiн қайталайды;
- «Форматтау» аспаптар тақтасы -әр параметрдi тағайындау сәйкес батырма басу арқылы орындалады. Осындай бiр әрекетпен бiр ғана параметр тағайындалады. Егер сiзге форматтаудың бiр элементiн өзгерту керек юолса, бұл тәсiл басқа тәсiлдерге қарағанда жылдам жүзеге асады;
- көлденең белдеу -шегiнiс пен табуляция позицияларын тағайындауға пайдаланылады;
- пернелiк командалар -“Форматтау” аспаптар тақтасы батырмалары секiлдi формат параметрлерiнiң бiрiн жылдам өзгерте алады;
Формат менюiнiң немесе контекстiк менюдiң Абзац командасы
Форматтаудың бiрнеше параметрлерiн тағайындау үшiн «Абзац» сұқбат терезесiн пайдаланамыз. Бұл терезенi ашу үшiн формат менюiнен немесе контекстiк менюден Формат Абзац командасын таңдау керек.
Мысалы, осы команданың «Шегiнiстер мен интервлдар» деп аталатын парағы форматтың төмендегiдей абзац параметрлерiн тағайындауға мүмкiндiк бередi:
- абзацтың бiрiншi жолының шегiнiсi мен шығыңқылығы;
- жолдардың арасындағы интервал;
- абзац алдындағы және соңындағы аралық;
- мәтiндi сол жағы, оң жағы, ортасы немесе енi бойынша туралау;
- табуляция параметрлерiн тағайындау, «Табуляция» сұқбат терзесiнде жүзеге асырылады. Бұл терезенiФормат Табуляциякомандасын таңдау немесе «Абзац» терезесiнен «Табуляция» батырмасын басу арқылы ашуға болады.
«Форматтау» аспаптар тақтасының құралдары
«Форматтау» аспаптар тақтасы абзац форматының нақты параметрiн жылдам өзгертуге мүмкiндiк бередi. Ол үшiн керектi абзацты ерекшелеп алып, батырманы аспаптар тақтасындағы керектi батырманы тышқанмен басу керек. Алайда бұл «форматтау»аспаптар тақтасының құралдар жиынтығы «Абзац»сұқбат терезесiмен салыстырғанда шектеулi.
Аспаптар тақтасндағы алғашқы 3 элемент -Стиль, Қарiп және Қарiп мөлшерi өрiстерiнiң оң жақтағы бағыттауыш түрiндегi батырмаларын басқанда үш түрлi ашылатын тiзiм шығады, олардың iшiнен шрифт типтерi мен оның мөлшерiнтаңдап алуға болады. Жартылай қарайтылған, Курсив және Асты сызылған атты батырмалар арқылы жиi пайдаланатын сызылымдарды тағайындауға болады. Символдарды тағайындауға жататын соңғы элемент-Түс өсi ашылатын тiзiмнiң көмегiмен ережеленген мәтiн фрагменттерiнiң фонының түсiн тағайындай аламыз.
Форматтау кезiнде мәтiн фрагментiн ерекшелеп, соңынан тиiстi батырманы басу арқылы оның керектi параметрлерiн таңдаймыз. Мұндайда тек ерекшеленген фрагменттiң ғана шрифт параметрлерi өзгередi, ал қалғандары өзгерiссiз қалады. Осындай тәсiлмен мәтiн абзацтарын ерекшелеп алып, аспаптардың келесi орналасқан элементтерi арқылы олардың сол жақ, оң жақ шеттерiн немесе екi шеттерiн де туралап, тақырыптарды ортаға жылжытып та қоя аламыз.
Егер «форматтау» аспаптар тақтасы экранда жоқ болса, оны көрiнетiн ету үшiн Түр Аспаптар тақтасы командасын таңдаймыз. Сол сәтте экранға шыққан «Аспаптар тақтасы»сұқбат терезесiнде «Форматтау» жалаушасын тағайындап алып, ОК-ды басамыз.
Абзацтарды туралау
Жолдың екi шетiн бiрдей туралау жиi кездесетiн форматтау түрi болып саналады. Мұнда жолдағы сөздердiң арасындағы қашықтықтар бiрдей болып орналасып, мәтiн әрбiр жолда ыңғайлы күйде бейнеленедi.
Формат Абзац туралау (Выравнивание) командасы арқылы туралау бүкiл мәтiнге қатысты деп есептелiп, жұмыстың басында еңгiзiледi. Ал, мәтiн фраменттерi үшiн туралау режимдерiн пайдалану аспаптар тактасы немесе пернелiк команданың көмегiмен жұмыс iстегеннен гөрi әлде қайда ыңғайлы.
Меню командасы көмегiмен туралау режимiн тағайындау үшiн келесi әркеттердi орыңдандар:
- -шеттерi туралануға тиiс бiр немесе бiрнеше абзацты ерекшелеу. Егер тек бiр абзацты туралау қажет болса, курсор сол абзацта тұрса жеткiлiктi;
- Форма Абзац командасын таңдап, «Абзац» сұқбат терезесiн ашу қажет;
- Туралау өрiсiндегi батырманы басып, экранда туралау түрлерiнiң тiзiмiн ашу қажет;
- Туралау түрлерiнiң керектiсiн таңдап, ОК-ды басыңыз;
Аспаптар панелi батырмаларын қолданып туралау алдымен мәтiн фрагментiн ерекшелеп, соңынан тиiстi батырманы басу әректiнен тұрады.
Көлденең сызғышты пайдалану
Көлденең сызғыш немесе белдеу абзац шеттерiн тағайындаудың барлық түрлерiн жүзеге асыра алады, оның үстiне жоғарғы сызық бойында сол мәндердiң нәтижесi де кәрiнiп тұрады. Қажет болса, сызғыш бойындағы маркердi керектi орынға жылжыту арқылы оның жаңа мәнiн енгiземiз. Бұл тәсiл «Абзац»терезесiн ашқаннан гөрi әрi жеңiл, әрi жылдам. Бiрақ маркер арқылы шегiнiстi өзгерту дәлдiгi -0, 25см, ал терезе командасы арқылы өзiмiз кез-келген мәндi жылжыта аламыз.
Сызғыштың сол жақ, оң жақ шетiнде үшбұрыш тәрiздi маркерлер бар, оларды қалыңқылық маркерлерi дейдi, маркерлердiң орнын ауыстыру тышқан көмегiмен жүзеге асырылады.
Сол жақтағы үшбұрыш түрiндегi екi маркердiң жоғарғысы-абзацтың алғашқы жолының сол жақ шетiн, ал төменгiсi-одан кейiнгi жолдардың сол жақ шетiн көрсетiп тұр. Бұл екеуiн сызғыш бойымен бөлек-бөлек орын ауыстырамыз, қажет болса екеуiн синхронды түрде бiрге орын ауыстыруға болады, ол үшiн төменгi маркердiң квадратын курсормен iлiп алып, содан кейiн қозғау қажет.
Оң жақтағы маркер бүкiл абзацтың оң жақ шетiн белгiлейдi.
Интервалдар. Абзацтың алдындағы және соңындағы интервалдарды тағайындау.
Әдетте, жолдар арасындағы интервал қарiп биiктiгiнiң 120%-не тең болып саналады, мысалы, қарiп мөлшерi 10 пункт болса, интервал 12 пункт болуы тиiс. Бiрақ ол кiшiрек болса, қағаз тиiмдi пайдаланып, оғанкөбiрек мәлiмет сияды.
Абзацтың алдындағы және соңындағы аралық орнына Enter пернесiн басып, бос жол қалдыруға болар едi, бiрақ оның мөлшерi қажеттi шамадан артық болып кететiндiктен әдейiлеп интервалмәнiн былай енгiзуге болады:
- Формат Абзац командасын таңдау;
- «Абзац» сұқбат терезесiнiң «Шегiнiстер мен интервалдар» парағын ашу керек;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz