МӘТІНДІ ФОРМАТТАУ


ЖОСПАР
МӘТІНДІ ФОРМАТТАУ2
Символдарды форматтау2
Қаріптер2
Қаріптердің негізгі параметрлерін анықтау2
"Қаріп" сұхбаттасу терезесін пайдалану3
Мәтін астын сызу5
Абзацтарды форматтау5
Абзацты форматтау жабдықтары6
Формат менюінің немесе жанама менюдің Абзац командасы7
"Форматтау" саймандар панелін пайдалану7
Абзацтарды туралау8
Көлденең белдеуді пайдалану9
Интервалдар9
Қолданылған әдебиеттер:11
МӘТІНДІ ФОРМАТТАУ
Символдарды форматтау
Символдарды форматтауға қаріп параметлерін, символдар аралығындағы бос орындар мен оларды қатарға байланысты жоғары не төмен жылжу мүмкіндіктерін анықтау жатады. Осылар арқылы құжаттағы маныздырақ деген элементтерді белгілеп алып, олардың параметрлерін өзгерту және оған қоса кейбір символдарды жоғарғы не төменгі индекс ретінде жылжытып жазу, кішірейтілген бас әріптер бейнелеу мүмкіндіктері де бар. Бұлардан өзге арнайы қаріптер бар, олар құжатты көркейтіп оны безендіру істерін жандандырып тұрады.
Қаріптер
Қаріптер үғымына:
- оның түрі;
- өлшемі (мөлшері) ;
- сызылымы (начертание) ;
- боялу түсі;
- арнайы эффектілері жатады.
Көптеген мақсаттарға арналған әртүрлі қаріптер бар.
Оларды қарастырғанда кейбір жалпы ерекшеліктерін атап өткен артық болмас.
Қаріптегі символ көлемі пункт өлшемі арқылы беріліп жүр, негізі текст үшін әдетте 9, 10 - пункт, тақырыптар - олардан үлкенірек (12-ден жоғары) өлшеммен, ал ескертулер мен сілтемелерді (сноска) көрсетуде - 8-пункт қолданылып жүр.
Қаріптердің негізгі параметрлерін анықтау
Форматтау процесі негізінен символдың керекті параметрлерін енгізуден тұрады. Даярланған мәтінді белгілеп алып барып форматтауға немесе алдымен оның параметрлер анықтаған соң мәтнді теруге болады.
Қаріптің негізгі параметрлері (типі, өлшемі, сызылымы) Формат командасының менюі арқылы, әйтпесе "Форматтау" саймандар панелі көмегімен немесе пернелік командалар және контекстік меню жүйелері арқылы да енгізіліп анықталады.
16. 1-сурет. Бір қаріп түрінің (Tіmes/Kazakh) әртүрлі мөлшерін пайдалану
"Қаріп" сұхбаттасу терезесін пайдалану
Қаріптермен толық жұмыс істеу "Қаріп" сұхбат терезесінде жүргізіледі. Бұл терезе кез келген қаріп түрін таңдап алып, оның Word жүйесінде қолданылатын параметрлерін тегіс анықтауға мүмкіндік береді.
"Қаріп" сұхбат терезесін ашу үшін мына әрекеттердің бірін орындаса болғаны:
- Формат-Қаріп командасын таңдау;
- құжаттық мәтіннің жұмыс аймағында тышқанның оң батырмасын басып, сонда пайда болған контекстік менюден "Қаріп" командасын таңдау.
16. 2-сурет. "Қаріп" командасындағы "Қаріп" парағы.
Осы әрекеттер нәтижесінде шыққан терезеде екі парақ бар: "Қаріп" және "Интервал". Енді "Қаріп" парағының қатарларын қарап шығайық.
Қаріп - компьютерде орнатылған қаріптер тізімі.
Қаріптердің сызылымы мына опциялардан (мүмкіндіктерден) тұрады:
- Кәдімгі (Обычный) - негізгі мәтін символдары үшін қолданылады;
- Курсив - сөздерді, тақырыптарды айқындап қою үшін қажет;
- Қарайтылған (Полужирный) -сөздерді, тақырыптарды айқындау үшін қажет;
- Қарайтылған курсив - алдыңғы екі түрлі қаріптер комбинациясын пайдалану;
- Мөлшер (Размер) - әріптердің өлшемін таңдау (8-72 пункттер аралығында) .
Астын сызу мыналардан тұрады:
- Жоқ - мәтіннің асты сызылмайды;
- Кәдімгі - мәтіннің асты түгелдей жәй сызықпен сызылады;
- Тек сөздер (Только слова) - тек сөздердің асты сызылып, сөз арасындағы бос орындар асты сызылмайды;
- Қоссызық (Двойное) - сөздердің асты қоссызықпен сызылары;
- Пунктирлік - пунктир (бөлінген) сызықпен астын сызу;
- Түс (Цвет) - мәтінерді бояйтын түстер (Авто, Қара, Қызыл, Сары т. б. ) көрсетіледі.
Эффектілер құрамы:
- Сызылған (Зачеркнутый) - мәтін үстінен оны түзү сызықпен сызу (түзету кезінде қоланылады) ;
- Жоғарғы индекс - текст қатар деңгейінен жоғары көтеріледі;
- Төменгі индекс - мәтін қатар деңгейінен төмен түсіріледі;
- Жасырын (Скрытый) - мәтін қағазға басылмай жасырын түрде беріледі;
- Кішірейтілген бас әріптер (Малые прописные) - мәтін кіші әріптер деңгейіндегі бас әріптермен жазылады;
- Алдын ала келісім бойынша (По умолчанию) - бұл батырманы басу "Қаріп" терезесіне енгізілген параметрлер бұдан былай осы нұсқамен дайындалатын барлық құжаттарға қатысты деп есептеледі.
Өңделіп (теріліп, түзетіліп) жатқан мәтіннің кейбір фрагменттері қаріптерінің параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін сол керекті фрагментті белгілеп алып, артынан "Қаріп" терезесі көмегімен оның керекті параметрлерін енгіземіз.
Мұндайда тек белгіленген фрагменттің ғана қаріп параметрлері өзгереді, ал қалған мәтін өзгеріссіз қалады. Осындай тәсілмен тақырыпты немесе мәтін ішіндегі ескертулерді белгілеп алып, олардың астын сызып немесе қарайтылған қалың қаріппен
айқындап қоюға болады.
Сонымен қаріптер сұхбат терезесі арқылы оның параметрлерін өзгерту үшін:
1. Қаріп форматы өзгертілетін мәтін фрагментін белгілеу қажет.
2. Формат-Қаріп командаларын таңдау керек.
3. Терезенің ішкі "Қаріп" парағы арқылы қаріп түрін, мөлшерін және сызылымын таңдап аламыз.
Бірақ жұмыс барысында қайта-қайта "Қаріп" сұхбат терезесін ашудың қажеті жоқ, ол үшін пернелерді немесе "Форматтау" саймандар панелі батырмаларын пайдалану жылдамырақ болады.
Мәтін астын сызу
WORD редакторында мәтіннің астын сызу тәсілдерінің төрт түрі бар: тек сөздердің астын сызу, бір сызықпен, қоссызықпен және пунктир (бөлінген) сызықтар арқылы астын сызу.
Мәтіннің астын сызу "Қаріп" сұхбат терезесінде жүргізіледі. Ол үшін асты сызылатын мәтін фрагментін белгілеп алып, сонан кейін "Астын сызу" өріс қатарының батырмасын баса отырып, экранға шыққан тізімдердерден өзімізге қажет түрін таңдап аламыз.
Абзацтарды форматтау
Кез келген редактордағы сияқты, WORD жүйесінде де абзац дегеніміз мәтіннің абзац
символымен (екі Enter пернесін басу аралығы) шектелген бөлігін айтады. Абзацты жеке форматтауға болады.
Оны форматтау кезінде мынадай түсініктерді пайдаланамыз:
Шегініс (отступ) - мәтіннің сол жақ шетінен абзацтың алғашқы қатарының басына дейінгі аралық, жәй мәтін қатарындағы азат жол.
Абзацтың бірінші қатары шегініп оң жаққа жылжумен қатар, нөмірленген тізім элементтерін көңіл аударарлық ету үшін немесе библиографиялық әдебиеттер тізімін көрсету кезінде нөмірлер қатардың сол жақ өріс шетінен де асып жазыла береді. Бұл әрекет Формат-Абзац арқылы орындалады. Мәтінді туралау тәртібі қолданылу мақсатына байланысты төрт түрлі болады, олар:
- сол жақ шетке қарай туралау- жәй мәтіндер тергенде қолданылады;
- оң жақ шетке қарай туралау - колонтитулдарда, яғни бөлім тақырыптарын беттердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде кездеседі;
- қатар ортасына қарай туралау - тақырыптарды жазғанда пайдаланылады;
- екі жақ шетті де туралау - іс қағаздарын, баспахана материалдарын даярлау кезінде
қолданылады.
Табуляция - әрбір абзац алдында тұрақты шегініс жасау үшін және мәтінді бірнеше бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам көшу мақсатында қолданылады.
Қатар арасындағы интервал - қатарлар ара қашықтығын анықтайды. Бұдан өзге абзац алдында немесе соңында да қашықтықты тұрақты етіп өзгертіп беру мүмкіндігі бар.
Абзацты форматтау жабдықтары
Жаңа құжат ашқанда оны форматтау негізіне нұсқа немесе шаблон параметрлері (хаттар, есеп беру құжаттары т. б. үшін) алынады, олар жаңа форматтау параметрлерін енгізгенше сақталады. Егер сіз "Кәдімгі" (Обычный) нұсқаны пайдаланып мәтін ашсаңыз, онда, келісім бойынша, кәдімгі стиль пайдаланылады. Бұл стиль бойынша абзац сол жақ шетке қарай тураланады.
Абзацты мәтін енгізілген соң немесе оған дейін де форматтайберуге болады. Енгізілген мәтінді форматтау үшін оны белгілеп алу қажет. Тек бір абзацты жеке форматтау үшін, оның алдында курсорды сол абзац ішіне орналастырса болғаны.
WORD редакторында абзац форматтаудың бірнеше тәсілдері бар, олар:
- Формат-Абзац командасы - бұл арқылы бір сұхбат терезесін пайдаланып абзацты форматтаудың барлық параметрлерін бірден енгізіп алуға болады;
- контекстік менюдегі Абзац командасы (тышқанның оң жақ пернесін басқанда шығады) - алдыңғы команданы толық қайталайды;
- "Форматтау" саймандар панелі - әр параметр енгізу жеке бір батырма басу арқылы орындалады.
Бір әрекет істегенде бір-ақ параметр мәні енгізіледі. Егер сізге тек бір-ақ параметр мәнін өзгерту керек болса, онда басқа тәсілдерге қарағанда бұл жылдам орындалады;
- көлденең белдеу арқылы - абзац алдындағы азат жол үшін шегіністі және табуляция позицияларын өзгерте алады;
- пернелік командалар - "Форматтау" саймандар панелі батырмалары тәрізді бір параметр мәнін жылдам өзгерте алады.
Формат менюінің немесе жанама менюдің Абзац командасы
Бірнеше форматтау параметрлерін қатар өзгерту үшін "Абзац" сұхбат терезесін пайдаланған жөн. Бұл терезе Формат-Абзац командасын немесе жанама менюді орындау кезінде пайда болады.
Мысалы, осы команданың "Шегіністер мен интервалдар" деп аталатын парағы мынадай абзац параметрлерін енгізе алады:
- абзацтың алғашқы жолының шегінісі (азат жол) немесе оның сол жаққа ығысуы (кері шегініс) ;
- қатарлар арасындағы интервал;
- абзац алдындағы немесе соңындағы интервал;
- мәтінді солға, оңға, ортаға немесе оның екі жақ шетін де туралау;
- табуляция параметрлері, "Табуляция" сұхбат терезесінде жүргізіледі.
Бұл терезе Формат-Табуляция командасы арқылы немесе "Абзац" терезесіндегі "Табуляция" батырмасы көмегімен экранға шығады.
"Форматтау" саймандар панелін пайдалану
"Форматтау" саймандар панелі бір параметрдің нақты мәнін жылдам өзгертеді. Ол үшін керекті абзацты белгілеп алып, әрекетке байланысты бір батырманы басу керек. Дегенмен бұл панель мүмкіндігі "Абзац" сұхбат терезесіне қарағанда төмендеу (шектеулі) екені түсінікті шығар.
Саймандар панеліндегі алғашқы үш элемент - Стиль, Қаріп және Қаріп мөлшері өрістерінің оң жақтағы бағыттауыш түріндегі батырмаларын басқанда үш түрлі ашылатын тізім шығады, олардың ішінен Қаріп түрлері мен оның мөлшерін таңдап алуға болады. Қарайтылған, Курсив және Асты сызылған атты батырмалар арқылы жиі
қолданылатын әріптердің сызылу бейнелерін енгізуге болады. Олардан кейінгі орналасқан элемент - Түсі көмегімен белгіленген қаріпмәтін фрагменттерінің фонының түсін өзгертіп ала аламыз.
Форматтау кезінде мәтін фрагментін белгілеп алып, артынан бір батырманы басу арқылы оның керекті параметрлерін енгіземіз. Мұндайда тек белгіленген фрагменттің ғана қаріп параметрлері өзгереді, ал қалған мәтін өзгеріссіз қалады. Осындай тәсілмен мәтін абзацтарын белгілеп алып, саймандардың келесі орналасқан элементтері арқылы
оларды сол жақ, оң жақ шеттерін немесе екі шеттерін де туралап, тақырыптарды ортаға жылжытып та қоя аламыз.
Егер "Форматтау" саймандар панелі экранда жоқ болса, оны көрінетін ету үшін Сыртқы түр - Саймандар панелі (Вид -Панель инструментов) командаларын орындау керек. Сол сәтте экранға шығатын "Саймандар панелі" сұхбат терезесіндегі "Форматтау" атты қатарды белгілеп алып, ОК- ны басу керек.
Абзацтарды туралау
Қатардың екі шетін бірдей туралау жиі кездесетін форматтау түрі болып саналады. Мұнда қатардағы сөздер арасындағы қашықтықтар бірдей болып орналасып, текст әрбір жолда ыңғайлы күйде бейнеленеді.
Формат-Абзац-Туралау (Выравнивание) командасы арқылы туралау бүкіл мәтінде қатысты деп есептеліп, жұмыстың басында енгізіледі. Ал, текст фрагменттері үшін туралау режимдерін енгізу саймандар панелі арқылы мұнан кейін жеңіл жүзеге асырылады.
Туралау режимінің түрлері: тақырып - ортаға жылжытылған күйде, бірінше абзац - сол жақ шетке, екінші абзац - оң жақ шетке, үшінші абзац - екі жақ шетке бірдей тураланған.
Меню командасы көмегімен туралау тәртібін жүргізу үшін:
- шеттері туралануға тиіс бірнеше абзацты белгілеу қажет. Егер тек бір абзацты туралау қажет болса, курсор сол абзацта тұрса жеткілікті;
- Формат-Абзац командасын орындап, "Абзац" сұхбат терезесін экранға шығару керек;
- Туралау өріс қатарындағы батырманы арқылы шыққан тізімнен керектісін таңдап алып, ОК- ны басу қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz