ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ПЕРНЕ ТАҚТАСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ПЕРНЕ ТАҚТАСЫ

ДЭЕМ пернелік тақтасы немесе пернелігі, кез келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық информация енгізіп, солардан оны басқару командаларын да құрастыра алады. Бұл күнде ІBM компьютерлері пернелігінің екі түрлі стандарты бар: 84 және 101 пернелік (ЭЕМ шығарылатын фирмалардың жасауына қарай бұдан аздап өзгешелік болуы ықтимал) . Бірақ екі стандарттың да пернелерінің қызметі бірдей, тек олардың орналасауында және кейбір пернелерінің екі-екіден болуында ғана аздап айырма бар.

ІВM ДК мен үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен орналасып, мынадай топтарға жіктеледі:

- алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, "бос орын" белгісі;

- функционалдық пернелер: F1 - F12;

- әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shіft, Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), PrtSc және "*", "+" "-" тәрізді пернелер;

- түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Іnsert, Delete, Home, End, PgUp, PgDn, BackSpace және бағыттауыш тілсызық пернелер - оңға, солға, жоғары, төмен.

Терілген символдар экранның "ұ" таңбасы, яғни курсор тұрған екпінді нүктесіне енгізіледі. Курсор (сілтеме белгі) - жыпылықтап тұратын тік сызықша тәрізді бір символдың орнын көрсетіп тұратын таңба. Алфавиттік әрбір перне латынның не қазақтың (орыстың) бір әрпін енгізе алады. Латын әріптері QWERTY стандарты (екінші жолдың сол жақ шетінде орналасқан пернелер тізбегі) бойынша, ал қазақ, орыс әріптері баспа машинкасындағыдай болып орналасқан.

Цифрлық пернелер қазақ әріптерімен бірге жоғарғы жолда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған.

3. 1-суретте 101 пернеден тұратын пернелік тақта моделі көрсетілген.

Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны орындалай алады. Мысалы, тек бір функционалдық пернені басу арқылы файлды (мәліметті) дискіге жазуға не оқуға, программа мәтінін экранда көруге, қаталог ашуға т. б. амалдар орындауға болады. Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрған программаға байланысты болады. F1 пернесі көбінесе ЭЕМ-нің өзінен жылдам көмек алуды сұрау үшін қолданылады.

Компьютер іске қосылған соң, оң жақта орналасқан NumLock пернесін басу керек, сонда қосымша цифрлық пернелік басқару пернелерінің рөлін атқарады. (немесе цифрлар теру режиміне көшеді) .

Бағыттауыш (оңға, солға, жоғары, төмен) тілсызық пернелер мен Home, End, PgUp, PgDn пернелерін курсорды басқару пернелері деп атайды. Олардың қызметі: оңға, солға, жоғары, төмен - пернелері курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту;

Home - курсорды жолдың басына жылжыту;

PgUp - курсорды мәтін бойынша бір бет жоғары көтеру;

PgDn - курсорды мәтін бойынша бір бет төмен түсіру.

BackSpace пен Del пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, BackSpace - сол жақтағы символды өшіреді, Del - курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді.

Бір сөзбен екінші сөз "бос орын" пернесін басу арқылы бөлініп жазылады, Tab пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына жылжытады.

Іnsert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді, олар: "Енгізу" - символдардың арасына оларды ығыстыра отырып жаңа символ енгізу режимі және "Алмастыру" - бұрынғы енгізілген символдарды теріліп отырған жаңа символдармен ауыстырады.

Enter пернесін басу кез келген команданың енгізіліп біткенін көрсетеді де, енгізілген информация компьютермен өңделе бастайды.

Көптеген қолданбалы программаларда теңбіл түсті ені бір немесе бірнеше сөзге тең болатын тіктөртбұрыш тәрізді белгі (кестелік курсор, маркер) командалық менюдің жеке позициясын (орнын) анықтауға пайдаланылады.

Командалық меню - жұмыс кезінде экранға шақырылатын, онан кейін орындалатын қолданбалы программа командаларының іс-әрекеттерінің және ішкі жүйелерінің тізімі. Тізімнің әрбір позициясын шақырып орындау кестелік курсорды соның атына қойып, Enter пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Егер ол команданы орындағыңыз келмесе, Esc пернесін басу қажет. Командалық менюдің кейбір позициясын шақыру кезінде экранға басқа меню шығуы мүмкін. Мұндай сатылы командалар иерархиялық (көп сатылы) деп аталады.

Caps Loсk, Scrooll Lock, Num Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды.

Бұлардың бірін басқанда, мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге көшкенде, пернеліктегі кішкене шам жанып белгі береді.

Caps Loсk пернесінің негізгі режимі - кіші әріптерді енгізу, қосалқысы - бас әріптер енгізу. Num Lock пернесінің негізгі режимі - қосымша цифрлық пернелердің курсорды басқару тәртібін орнату болса, қосалқысы - цифрларды теру тәртібін орнату.

Ctrl, Alt, Shіft пернелері тіркелу пернелері болып саналады да, басқа пернелермен үйлесімді пайдаланылып, әртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады. Олардың атқаратын қызметтері әрбір программада өзгеріп отырады, сол себепті атқаратын жұмысын программалар сипаттамаларынан білу керек.

Ctrl, Alt пернелері басқа пернелер қызметін өзгертуге пайдаланылады. Мысалы, Alt және 0-9 цифрлық пернелер (оң жақта) компьютерге кез келген символды енгізуге мүмкіндік береді. Ол үшін Alt пернесін басып тұрып терілетін символға сәйкес кодты енгізіп барып, Alt-ты босату керек.

Пернелер комбинациясын пайдаланғанда, әуелі регистр пернесі, сонан соң қосымша екінші перне басылады. Қосымша перне рөлін кез келген сиволдық, цифрлық немесе функционалдық перне атқара алады. Комбинация 3 пернеден де тұруы мүмкін.

Бұдан былай пернелер комбинациясын былай белгілейміз: регистрлік перне + қосымша перне ("+" таңбасы енгізілмейді) . Мысалы, Ctrl +y, Alt+F2, Shіft+5. Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі комбинация бар: Ctrl+Alt+Del - компьютерді өшіріп қайта іске қосу әрекетін орындайды, яғни операциялық жүйе жұмысын жаңалау ісін атқарады. Көптеген ЭЕМ-дер жүйе блогында RESET батырмасы (кнопка) бар, соны басу арқылы да жоғарыдағы әрекетті орындауға болады. Бұл әрекет - "жылы күйде іске қосу" (горячий перезапуск) деп те аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютердің құрылысы туралы
Windows операциялық жүйе
Дербес компьютердің құрылысы, бағдарламалық жасақтамалар
Эем архитектурасы
IBM дербес компьютерінің негізгі блоктары
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы
Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
Операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz