Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын және сыртқы саясатын дамытудың жолдары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Халықаралық экономикалық қатынастар: түсінігі, формалары, алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУДАСЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ ... ... .15
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саудасы ... ... ... .15
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДАСЫН ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ... ... ... .21
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.2 Қазақстанға инвестиция тарту арқылы экономиканы көтеру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
---------------3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ------------
----------------------------------- --------------------------7
1.1 Халықаралық экономикалық қатынастар: түсінігі, формалары, алғышарттары--
----------------------------------- ----------------------------------- ------
--7
1.2 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
9

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУДАСЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ
САЯСАТЫ ---------15
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саудасы-------------15
2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының барысы--------------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------19

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДАСЫН ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫН
ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ-------------21
1. Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын дамытудың жолдары--------------
----------------------------------- ----------------------------------- ---
------------21
3.2 Қазақстанға инвестиция тарту арқылы экономиканы көтеру мәселелері---
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------23

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------- -----------30

КІРІСПЕ

Тәуелсіздікке қол жетуі Қазақстанның көптеген дамыған және
дамушы мемлекеттермен экономикалық байланыстарын жолға қоюға, бұрынғы
әріптестермен қарым – қатынастарды қайта құруға, дүниежүзілік рынокқа кіру
жолымен ілгері басуға мүмкіндік берді. Сыртқы экономикалық қызметті
ырықтандыру мемлекеттің бұл саладағы монополиясын жойды, кәсіпорындардың,
фирмалардың және жеке тұлғалардың шетелдік әріптестермен емін – еркін
байланыстар орнатуына мүмкіндік берді, осы қызмет саласында бәсекелік
негіздер қалады. Қазіргі кезде республикада бірлескен кәсіпорындар саны
күрт көбеюде, дүние жүзіндегі аса ірі компаниялардың өкілдіктері ашылуда,
табиғи ресурстарды бірлесе пайдалану, шикізат пен материалдарды өңдеу
жобалары жүзеге асырылуда, аграрлық салада прогресті технологиялар
енгізілуде.
Қазақстан Республикасының экономикалық бағытының маңызды
ерекшелігі - оның басшылығының достық одақ елдерімен жалпы экономикалық
кеңістікті сақтауға ұмтылуы. Бұл ниет ТМД мемлекеттері мен үкіметтері
басшыларының барлық кеңестерінде айқын көрінуде.
Қазақстан жағы сол кеңестерде ұсынған барлық құжаттар
экономикалық байланыстарды нығайту, Достық одақтың экономикалық іс –
қимылдарын реттейтін мемлекетаралық органдар құру ұмтылысы бар екенін
көрсетеді.
Бүгінде Қазақстан сыртқы дүниемен интенсивті экономикалық
ынтымақтастық үшін ашық. Халықаралық бизнестің көптеген өкілдері осы
жағдайды пайдалана білді. ТМД елдері арасында Қазақстан шетелдік
инвестициялардың және капиталдың келіп құйылуының көлемі бойынша алдыңғы
орындардың бірінде тұр және ықтимал байлықты нақты байлыққа айналдыруына,
адамдарға айқын пайда беруіне көмектесетін озық идеялар мен
технологияларға, ең жаңа жабдықтарға, бағалы басқару тәжірибесіне, бос
қаржы активтеріне ынта қойып отырғанын жасырмауда.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Нарыққа көшу өзара байланыста және
дүниежүзілік экономикалық бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы
экономикамен бірге дүниежүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық
байланысты дамытуды қажет етеді. Халықаралық байланыстарды дамытудағы
қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
- қаржы көздерін іздестіру және сыртқы ынтымақтастықтың әртүрлі
бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
- сыртқы экономикалық қызметті несиелендіру мәселесін қарастыру;
- сыртқы ықпалдастық процестерді реттеу;
- сыртқы қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей
қатысушыларын ынталандыру.
Сыртқы несие – мерзімді белгілеу, төлеу және кері қайтару келісімімен
тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты халықаралық экономикалық
қатынастар аясындағы қарыз капиталының аясын айтады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Берілген зерттеу курстық жұмысының
мақсатына тоқтала келе, дамудың қазіргі кезеңінде халықаралық
экономикалық байланыстарға мыналарды жатқызамыз:
- сыртқы сауда;
- шетелдік инвестициялау;
- елдердің халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысуы;
- ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық.т.б.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Сыртқы ұйымдардың дамуы мен
қалыптасуын, қазіргі кездегі халықаралық мекемелердің бірнеше түрлерін
қарастыру және сол мекемелердің қызметтерін, түрлерін анықтау. Бұл
мекемелерге: БҰҰ – ға кіретін халықаралық институттар, ұйымдар және әртүрлі
мекемелер. Халықаралық ұйымдардың мақсаты – оның құрамына қандай елдер
кіруімен ерекшеленді.
Өңірдегі несиелік қатынастардың қалыптасқан жағдайын, реттеу әдістерін
зерттеу және оларды ұлғайту жолдарын ұсыну. Несиелік қатынастар
субъектілерінің қаржылық мүмкіндігін талдау негізінде жүргізілетін несиелік
шарттардың орындалуын болжап, салалық өзгешеліктері мен ерекшеліктерін
ескере отырып баға беретін әдісін табу. Дамыған шетел мемлекеттерінің
несиелік қатынастарында қолданылатын әдістер мен түрлерінің отандық
-экономикада пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу, және жеке алгаы өнірдің
ерекшеліктерін ескеріп, бейімделуін қарастыру. Бұл максатқа жету үшін
мынадай міндеттер қойылады:
✓ нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында несиелік қарым-
қатынастарды дамытудың ерекшеліктерін айқындау,
✓ несие алушының қабілеттілігін сипаттайтын және оның іс-әрекетінің
ерекшеліктеріне байланысты мінездеме беретін көрсеткіштер
жүйесін қалыптастыру;
✓ өңірдегі банктік қызмет көрсету нарығына талдау жасау және олардың
несиелік саясатының даму үрдісін анықтау;
✓ дамыған шетелдік банктердің жұмыс тәжірибесін пайдаланумен өңір
нарығының әртүрлі субъектілер мен банк арасындағы несие
келісімдерін қалыптастырудың болашағын айқындау;
✓ шетел тәжірибесін зерттеу негізінде отандық банктердің қаржылық
тұрақтылығын басқару бойынша ұсынымдар пысықтау;
✓ өңірдегі несие алушылардың несиелік қабілеттілігін талдау әдістерін
қолдануы туралы теориялық және тәжірибелік ұсыныстарды
әзірлеу.
Сыртқы экономикалық қатынастар – халықаралық экономикалық саудалық
қатынастар. Олар елдер арасындағы сыртқы саудалық, ғылыми – техникалық,
өндірістік, валюталық – қаржылық және несиелік байланыстардың әр алуан
түрлері, құралдары мен әдістерінің жиынтығынан тұрады.
Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың
белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік –
коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік
әріптесті, экспорттық – импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын
таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін
анықтаудан көрінеді. Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы
сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық кооперация,
халықаралық ғылыми – техникалық ынтымақтастық, валюталық – қаржылық және
несиелік операциялар жатады.
Берілген курстық жұмыс тақырыбында: Қазақстан Республикасының
сыртқы экономикалық қатынастары, сыртқы экономикалық саудасы және сыртқы
саясаты қаралады.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
1.1 Халықаралық экономикалық қатынастар: түсінігі, формалары, алғышарттары
Қазіргі кездегі көптеген қарама – қайшылықтарға қарамастан, елдер
арасында өзара түсіну мен ынтымақтастық бағыты өсіп келеді. Дүниежүзілік
шаруашылықтың негізгі жолы бір бағытта даму және өзара байланысты,
бағынышты әлеуметтік - әділетті әлемге ұмтылу. Осыған байланысты ұлттық
экономиканың үлгісін жасау барысында экономикалық және әлеуметтік
қатынастарды бағалау сөз болып отыр. Әр түрлі елдер арасында
көзге көрінбейтін экономикалық даму деңгейі басталды. Әрине, бұл
өзгеріс өздігінен ешқандай себеп салдарсыз шешіле салады деу қиын; ол
қарама – қайшылығы мол, күрделі құбылыс.
Бұл қозғалысқа ықпал ететіндер:
1) индустриалды қоғамнан (ақпараттық постиндустриалдыға ауысуы;
2) технологиялық революция;
3) энергиялық шикізаттарының және азық – түлік проблемасы;
4) экологиялық проблема.
Ең негізгі қауіп – экономикалық ұлтшылдықтың дамуы және діни
фанатизм. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы дүниежүзілік
шаруашылықтағы жаңа кезеңнің басталуы, ХЕБ – ұлттық экономиканың дамуы мен
халықаралық капитал нарығын және ресурстарды өзіне тән жаңа сатыға
көтереді. Кез келген елдің әлемдік қауымдастыққа кіруі бірнеше
белгілермен ерекшеленуі қажет.
Бұл белгілерге жататындар:
1. Дамыған ғылыми – техникалық базасының болуы.
2. Шикізатпен және энергия ресурстарымен қамтамасыз етілуі, оның
салыстырмалы арзандау болуы.
3. Білікті маманның болуы (инженерлік – техникалық және нақты
ғылымдар жүйесінде).
Қазірге кезде кәсіпкерлердің жаңа буындары, басқару, сондай – ақ,
білшікті маман кадрлары дамып келеді.Айта кететін жағдай, әлемдік
шаруашылықта қауымдастыққа кіру процесінің табысы тек қалыптасқан
факторларға байланысты емес, оны қолдану тиімділігінің болуында. Жоғарыда
айтылғандарға қарап, ХЭҚ – тың болашағына және оның дамуына ықпал ететін
факторларға қорытынды жасауға болады:
- ғылыми – техникалық прогрестің жылдамдауы, жаңа технологияның тарауы
(оның ішінде байланыс, тасымалдау және қаруландыру). Ғылыми – техникалық
прогрестің дамуының ықпалы мен экономикалық қызметтің компьютерленуінің
глобализациялануы халықаралық бизнесті кіргізудің әдістерін жаңаша қарауды
талап етеді. Глобальды түрдегі хабарландыру коммерциялық, жалпы
экономикалық, арнайы хабарды алуды едәуір жеңілдетеді;
Экономикалық өзара бағыныштылық дүние жүзі елдер арасындағы
құқық нормасын, мәдени, байлық, өмір сүру қағидасын т.б. ұстау, басқа
елдердің топтарының позициясымен сәйкес келуін талап етеді. Бірақ бұл
жағдай әлемдік экономиканың даму сатысының алуан түрлі екенін, ондағы
субъектердің қызметі мәселелерін бірден шеше алмайды.
Қазіргі кездегі байланыстардың ерекшелігі:
− халықаралық ұыймдардың рөлінің күшеюі;
− мемлекеттік емес құрылымның рөлінің өсуі (трансұлттық
корпорация).
Халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық қауымдастыққа
кіретіндердің құрамын өзгерту мәселесінің шешілуі. Әлем және әлеуметтік
экономикалық жағдай үздіксіз қозғалыста болады. Бұл жағдайда бір – біріне
ұқсамайтын жаңа қауымдастық мүшелерімен қатар қызмет істеуге және олардың
рөлімен санасуға тура келеді.

1.2 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен
бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің
көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет
етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды
тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит
институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт
және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең
шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл — валюталық есеп-қисап жүйесі
ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, едцің экономикалық
агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі
бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар
жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық
қүұралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды
(интеграциялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық
байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан
Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемелекеттік қаржы
саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің
қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ
шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді.
Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық
ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы
қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және
халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе
отырып, оны жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша
көрінеді:
қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі
бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бөл қатынастардың тікелей
қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар
жатады:
1) сыртқы сауда;
2) шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды
тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік
қатысу, концессиялар — елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге
асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі объектілерді
пайдалануға мүлік қүқықтарын алу, меншікті жалдау;
3) елдің халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы
экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру
байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
4) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
5) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді
ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жургізу.
Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды
құрамды бөлігін шет елдерде өнеркәсіп, азаматтық, көлік және басқа
объектілер салу құрайды; алайда, қызметтің бұл түрі республикада іс жүзінде
қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен жоқтың
қасы. Бір мезгілде экономиканың "көлеңкелі" секторы капиталды шетелдік
активтерге жұмсалым нысанында сыртқы инвестициялауды жүзеге асырады: шетке
"капиталдың кемуі" болып табылатын шетелдік банктердегі депозиттер, бағалы
қағаздарға инвестициялау, жылжымайтын дүние-мүлікті сатып алу және т.т.
Арнаулы экономикалық аймақтарды — айрықша құқықтық және экономикалық
режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру ерекше қызмет болып
табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін
шетелдік капиталды, прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару
тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың
шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне
қойылған.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өңдірістің қазіргі
қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі
әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және
шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына
байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге 63 %
тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 60% құрайды.
Біраз орынды металлургия өнеркәсібінің өнімі, химия өнеркәсібінің өнімі,
азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат алады.
Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары
шикізаты болып қалуда.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі — валюталық түсім-
ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі
бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар — көлік, жүкті ауыстырып тиеу,
порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) ара салмағы ұғымы қолданылады.
Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады.
Экспорттың тиімділігі оның қүрылымын жетілдіруді артгыру, яғни машина жасау
өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту
жолымен мүмкін болады.
Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары,
приборлар, химия өнімдері, пластмассалар, каучук, минералдық өнімдер асыл
емес металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат, басқадай баптар болып
табылады.
Макроэкономикалық теорияда экспорттың импорттан асып түсуі ұлттық
экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бүл
асып түсу елдің төлем балансының (ондағы сауда балансының едәуір ара
салмағы жағдайында) оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық
қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады.
Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор
болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе
олардың меншікті рыноктегі тапшылығы кезінде көп алады. Алайда үзақ
мерзімде бұл құбылыс төлем балансының пассивін теңдестіру үшін
пайдаланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін.
Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі
қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық
валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.
Экспорт-импорт операцияларын жүргізуде республиканың негізгі
әріптестері жақын шетелдер, дамыған капиталистік елдер болып отыр.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі — шетел инвесторларының
қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін
тарту. Бұл қаражатгар ұлттық жөніндегі республикалық агеттік мәліметтері
бойынша 2001 жылы елімізде 740 туристік ұйымдар жұмыс істеп, шетелдің 80-ге
жуық туристік фирмаларымен шартқа отырып, ықпалдаса әрект еткен. 67 мың
адам туристік ұйымдардың қызметін пайдаланған.
Соңғы кездері шетелден келетін туристерді ынталандыру жөніндегі
бірқатар мәселелер өз шешімін тапты: туристік қызмет көрсету экспортына
салынатын қосымша қүн салығы алынып тасталды, туроператорлық қызметті
жүзеге асыратын туристік ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету "Қазақстан
Республикасындағы туристік қызмет көрсету туралы" Заңмен бекітілді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда республикада туристік саланы дамытудың
шешілмей отырған бірқатар проблемалары бар. Бірқатар шынайы факторлар
саланың қалыптасуын тежеп отыр. Бұл ең алдымен туристік индустрияның
өзіңдегі, онымен сабақтас салалар-дағы менеджментгің әлсіздігі, туристік
инфрақұрылым нысандарының негізгі қорының тозуы.
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді
ұстауды және олардың жұмысын қаржыландыру дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы
экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.
Тәуелсіз дамудың он жылында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін
Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып,
ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына
жақсы қызмет етті. Осы уақыт ішінде қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы
саны 121 болды. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО секілді 64 халықаралық
ұйымда өкілдігі бар. Шет елде 50 шетелдік мекемеміз, соның ішінде 32
елшілік, 4 тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10
консулдық және 1 төл құжат-виза қызметі жұмыс істейді. Көптеген елдерде
Қазақстанның елшілері қосымша елшілік қызмет атқарады.
Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық
заңдарда қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және дүниежүзілік
экономикамен бәйгелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы
қалыптастыруды қажет етеді.
Сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокте
республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және аймақтарының дербестігін
кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші
субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен
алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін
қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды
410 реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Сыртқы экономикалық
қызметті басқару негізінен құқықтық және экономикалық тұтқаларга (кеден
баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) аударылып отыр. Сыртқы
экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты — ұлттық валютаны кезең-
кезеңімен нығайтып отыру шараларын әзірлеп, енгізу және валюта рыногін
дамыту. Валютаның нарықтық багамы экспортты кеңейту мен импортты
оңтайландыру жөніндегі сыртқы экономикалық қызметті ынталандыру мен
реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындардың
валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық бағаңдар бойынша оны еркін
сатып алу-салудың валюталық ішкі рыногі құрылған.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы
экономикалық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, Ұлттық банктің құрылымында
сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар
жасауға лицензиясы бар коммерциялық банюгердің, мамандандырылған тауар
биржаларының желісі жұмыс істейді.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды
функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу —
нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта
заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделген санкцияларды
қолдану.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі
заңдарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі
валюталық реттеу органдары болып табылады. Үкімет және өзге де мемлекеттік
органдар заңдарға сәйкес өз құзырының шегінде валюталық реттеуді жүзеге
асырады. Бұл органдар сонымен бірге валюталық бақылауды да жүзеге асырады.
Мұндай функцияны сондай-ақ валюталық бақылаудың агенттері — уәкілетті
банктер мен уәкілетті бейбанктік қаржы мекемелері де орындайды, оларға
алынған лицензияларға сәйкес операциялар жүргізген кезде валюта
заңнамасының сақталуына бақылау жасау міндеті жүктелінген.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУДАСЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ
САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саудасы
Қазақстанның бай табиғи ресурстары, республикамыздағы әлеуметтік
және саяси тұрақтылық бұл аймақты бұрынғы Кеңес Одағының республикалары
арасында шетелдік капитал жұмсау үшін ең тартымды аймақтардың біріне
айналдырды. Сонымен бірге Дүниежүзілік мұхитқа шығатын төте жолдың болмауы
жүктерді алыс шетелдердегі тұтынушыларға тасымалдауды біршама қиындатып
отыр.
Бүгінде республика дүние жүзіндегі 145 мемлекетпен сыртқы сауда
операцияларын жүргізілуде. Экспорттық жеткізілімдер әлемнің 122 еліне
жүзеге асырылуда, импорттық тауарлар 115 мемлекеттен жеткізілуде.
Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылар - Ресей, Нидерланды, Қытай,
Швейцария, Өзбекстан, Италия, Украина және Ұлыбритания. Импортталатын
тауарлардың басым бөлігі Ресейден, Өзбекстаннан, Түркменстаннан,
Германиядан, Түркиядан, Ұлыбританиядан, Беларусьтен, АҚШ – тан, Қытайдан
жеткізіледі.
Қазіргі кезде Қазақстаннан сыртқы рынокқа тауарлардың 200 – ден
астам түрлері шығарылады. Қазақстанның түсті металдары, ферросплавтар,
қара металл прокаты, минералдық тыңайтқыштар, көмірсутекті шикізат
дүниежүзілік рынокта көп сұраным тауып отыр. Машина жасау саласы
энергетикалық машина жасау, электр – техника өнеркәсібі, ауылшаруашылық
машиналарын жасау өнеркәсібінің азын – аулақ өнімдерін, металл жонатын
станоктар, ұста – пресс жабдығын, жұқа қабырғалы құбырларды салқындай
прокаттайтын станоктар және басқа тауарлар экспорттауда. Республиканың
экспорттық тауарларының маңызды тобын агроөнеркәсіп кешенінің өнімі:
талшықты мақта, жүн, дәнді дақылдары, былғары шикізаты, ет консервілері
құрайды. Азық – түлік тауарларының көп бөлігі Ресейге жеткізілуде, тоқыма
шикізатын басты тұтынушылар – Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия.
2000 жылдың бірінші жартысында сыртқы сауда айналымының 40
пайызына жуығы ТМД елдерінің үлесіне келді. Қазақстанда ресейлік
кәсіпкерлер қатысатын 300 - ге жуық кәсіпорындар жұмыс істеуде.
Украинамен сыртқы сауда көлемі 1998 жылғы қорытындылар бойынша 523 млн.
долларға жетті, мұның өзі 1997 жылғы айналым деңгейінен 27 % дерлік төмен.
Қазақстан мен ГФР арасындағы екі жақты көлемі тез қарқынмен өсіп
келеді. Қазақстанда 60 – қа жуық неміс фирмалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның сыртқы саудасын статистикалық зерттеу
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саудасын талдау
Халықаралық экономикалық байланыс - дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі
Нарықтық экономика. Қазіргі өтпелі кезең
Қазақстан Республикасының тауарлар және көлік құралдарын ресімдеу
Бөлшек тауар айналымы
Қазақстанның Республикасының қызмет көрсету дамуының қазіргі деңгейі
Экологиялық саясат
Сырқы экономикалық сауда
Орталық банктердің ұйымдастырудың жолдары мен операциялары
Пәндер