Файлды архивтеудің қажеттілігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Файлды архивтеудің қажеттілігі 2
Архивтік файл 2
WinRAR архивтік программасын пайдалану 3
Файлдарды архивке енгізу. 4
Файлдарды архивтен шығарып алу 4
Архивтердің тұтастығын тексеру 5
КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР 5
Вирустар және олардың түрлері 5
Бүлінген және вирус жұққан файлдар 7
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі 9
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 10

АРХИВТЕУ ПРОГРАММАЛАРЫ

Файлды архивтеудің қажеттілігі

Біз кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатынын
білеміз. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен
болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын
болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы – қажет емес
файлдарды жою. Ал егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін
де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда
дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді
сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы архиватор
программалары бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі
архивтеу деп аталады.
Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін
кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың
сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай
түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды
түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив
жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда
қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа информацияны
жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы
қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.
Әрине архиватордың әртүрлі информацияларүшін тиімділігі
әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, мәтіндік файлдарды екі
есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді
(РСХ немесе ВМР тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі
– төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қысуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік
береді.
Әдетте 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 15-ке
дейін дискет (көлемі 1,44Мб ) қажет етеді, ал архиватор көмегімен
бұл көлемді бірнеше есе қысқартуға болады. Файлдарды архивтеуге
арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде
архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып
алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. істер атқаруға мүмкіндік
береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың
форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы
файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады.
Архивтеу программалары тегін (SHAPEWARE) немесе делдалдық әдіспен
таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARI,
RAR, PKZIP және PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Бұлардан басқа
да архиваторлар бар.

Архивтік файл

Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет
болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше
файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар
тізімі) және әр файлдың сақталуы циклдік бақылау коды болады.
Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай
информациялар сақталады:
файлдың аты;
файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;
- архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік
бақылау коды

WinRAR архивтік программасын пайдалану

Архивтеу жұмысын бұл күндері кең тараған WinRAR архивтеу программасы
арқылы қарастырайық. WinRAR - алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды
басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32-разрядты нұсқасы. Әр
түрлі операциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нұсқасы бар, мысалы, DOS,
OS2 , Windows (32-разрядты), UNIX ( linux, BSD, SCO, Sparc, HP-UX) және
BeOS.
Windows-қа арналған RAR-дың екі нұсқасы бар:
-WinRAR.exe-графикалық интерфейсті қолдану (GUI) нұсқасы;
Rar.exe- мәтіндік режимде қатар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне
арналған нұсқасы.
WinRAR-дың мүмкіндіктері:
- RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;
мәліметтерді қысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;
арнайы мультимедиялық-қысу алгоритімін қолдану;
алып бару және қойып кету технологиясының қоршауын пайдалану;
басқа форматтағы (CAB, ARJ, LZH, TAR, GZ, ACE, UUE) архивтерді басқару;
бірнеше ұсақ файлдарды қысуда қарапайым әдістерге қарағанда қысу
деңгейі 10-50 %-ке көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдеу;
бірнеше томдық архивтерді жасау;
стандартты және қосымша SFX модульдер көмегімен өздігінен қысылатын
қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;
басқа да қосымша функциялар,мысалы, шифрлау,архивтік түсініктемелер
қосу (ANSI жүйесінің ESC-тізбегін сүйемелдеу), қателер хаттамасын жүргізу
және т.б.
WinRAR-ды екі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты
интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында.
WinRAR-ды қоршау режимінде қолдану үшін, WinRAR белгішесіне тышқанмен
екі рет шертіңіз. Бұдан соң файылдарды архивтеуге және оларды шығаруға
батырмалар мен менюді пайдаланамыз.
WinRAR –ды командалық қатарда қолдану үшін “Іске қосу” менюінен
“орындау...” жолына немесе “Программалар MS-DOS қажет.

Файлдарды архивке енгізу.

Ең алдымен, WinRAR-ды іске қосу қажет. Ол үшін WinRAR белгішесін
белгілеп алып, тышқанды екі рет шертеміз немесе Enter-ді басамыз.
WinRAR іске қосылған терезеде ағымдағы буманың ішіндегі файлдар және
бумалар тізімі көрсетіледі. Біз бірден архивтейтін файл тұрған бумаға
өтуіміз қажет. Ағымдағы дискіні өзгерту үшін Ctrl+D пернелер комбинациясын
пайдаланамыз, дискілер тізімінен аспаптар тақтасындағы немесе терезенің сол
жақ бұрышындағы керекті диск белгішесін шертеміз. Сыртқы бумаға шығу үшін
BackSpace (BS) немесе Ctrl+PgUp пернелерін,әйтпесе аспаптар тақтасындағы
“Жоғары” днген кішкене батырманы қолданамыз. Басқа бумаға өту үшін Enter,
Pgdn пернелерінің бірін басамыз немесе сол бума белгісін екі рет шертеміз.
Дискінің түпкі бумасына өту үшін Ctrl+\ пернелерін басу қажет.
Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды
ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару – бағыттауыш пернелері немесе
тышқанның сол жақ батырмасымен Shift пернесін бірге басу арқылы жүзеге
асырамыз. WinRAR терезесінде файлдарды ерекшелеп белгілеу үшін “Бос орын”
және Ins пернелерін қолдануға да болады.
Бір немесе бірнеше файлдарды ерекшелеп алып, Қосу батырмасына
шертеміз. Пайда болған сұқбат терезесіне архивтің атын енгіземіз немесе
алдын-ала келісім бойынша берілген атын растау керек. Осы жерден жаңа
архивтің форматын, қысу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің
параметрлерін таңдауға болады. Бұл сұқбат туралы архивке ат беру
параметрлер енгізу Сұқбат бөлімінде толық сипатталады. Архивті жасау үшін
ОК батырмасын шерту керек.
Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін
кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу керек.
WinRAR терезесін жүйелік науада кішірейтіп ықшамдау үшін, Фондық
батырмасын басамыз. Архивтеу аяқталған соң, статистика терезесі жойылады,
ал жасалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады.
Жасалған RAR архивіне тасымалдау арқылы файлдарды қосуға болады. Егер
WinRAR терезесінде архивті белгілеп, және оның атында Enter пернесін
бассақ, RAR архивті оқып, мазмұнын көрсетеді. Енді терезеде басқа файлдарды
қарапайым тасымалдау арқылы архивке файлдарды қоса аламыз.

Файлдарды архивтен шығарып алу

WinRAR ортасында архивтен файлды шығарып алу үшiн, алдымен архивті
ашып алу керек. Оны төменде көрсетілгендей бірнеше тәсілмен жасай
аламыз
-Windows ортасында архивтік файлға екі рет тышқанды немесе
Enter-басу (Сілтемеде немесе Жұмыс столында). Егер WinRAR
орнатылған кезде (алдын ала келісім бойынша) архив-файл типімен
байланысқан болса, онда архив WinRAR-да ашылады. Бұл әрекетті
кейіннен WinRAR-ды орнатып болған соң да “Интеграциялау” сұқбаты
көмегімен жасауға болады.
-WinRAR терезесінде немесе белгішесіне архивті тасымалдау. Бұны
жасамас бұрын WinRAR терезесінде басқа архивтің ашық болғандығы тексеріп
алған жөн, себебі тасымалданатын архивіміз басқасына қосылып кетуі
мүмкін,
-командалар қатарынан параметр түрінде архивтік атпен WinRAR-
іске қосу .
WinRAR терезесінде архивті ашқанда, оның мазмұны шығады. Шығарып
алынатын керек файлды және буманы ерекшелеп алу қажет. Ол үшін
“Бос орын” және Ins пернелерін қолдануға болады. Цифрлық пернедегі
+,- пернелері файлдар тобын толық ерекшелеп белгіленуге немесе
белгілеуді алып тастауға мүмкіндіктер туғызады.
Бір немесе бірнеше файлдарды белгілеп алған соң, WinRAR
терезесіндегі Шығару батырмасын басамыз (оны Alt+E пернелері
немесе Командалар менюінен “Файлды архивтен шығару” пунктін таңдау
арқылы орындаса да болады). Егер де архивтен шығарылған файлды
басқа бумаға сақтағыңыз келсе Шығару... (немесе Alt+A-ны басыңыз)
батырмасына шертіп, пайда болған терезеде қажет жолды көрсетіп,
ОК-ны басу керек. Мұнда бірнеше қосымша параметрлерді ауыстыру болады
(бұл туралы толығырақ информацияны Сұқбат бөлімінде оқи аласыз).
Архивтеу кезінде сеанстық терезені пайдаланып, қысу процесін
тоқтатуға болады. Ол үшін Болдырмау батырмасын басу керек. WinRAR
терезесін жүйелік науада кішірейту үшін, Фондық батырмасын басамыз.
Архивтен шығару қатесіз аяқталса, онда WinRAR өз ортасына оралады, ал кері
жағдайда диагностикалық хабарламасы бар Терезе пайда болады.

Архивтердің тұтастығын тексеру

Архивтегі әрбір файл үшін оның циклдік бақылау коды (CRC)
жазылып сақталады. Бұл код – файлдың ішкі мәліметінің арнайы
функциясы, файлға кішігірім өзгерту енгізілсе, оның бақылау коды да
өзгеруге тиіс. Сондықтан бақылау коды архивтік файлдың бүлінбей
дұрыс сақталғанының белгісі болып табылады. Файлдарды WinRAR
программасында архивтен шығарар кезде олардың әрқайсысы үшін бақылау
коды бөлек есептеледі де, ол бұрынғы жазылып сақталған кодпен
салыстырылып нәтижесі экранда көрсетіледі.

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР

Вирустар және олардың түрлері

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа.
Ол өзінен өзі басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да,
оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде келеңсіз тағы да басқа
әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру
жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда
алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе
қате орындалады.
Вирус іске қосылған жұмыс істеуге тиіс басқа программаларға да кері әсер
етіп, оларға да "жұғады" және де жалпы басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай
бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін
бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.).
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды
бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне
бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске
асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты
басқаруды негізгі программаға береді, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Архивтік файл
Архивтеу программалары туралы
Информатиктерге архивтеу туралы аздаған жаңалықтар
Архивтеу программалары. файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Файлды архивтеу
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Архивтеу бағдарламалары
Архивтеу программасының ерекшеліктері
Архивтеу программалары. Файлдарды архивтен шығару
Файлды архивтеу жайында
Пәндер