Формулалар редакторы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Формулалар редакторы 2
Математикалық символдар қатары 3
Теңдеуді енгізу 4
Формуланы форматтау 6
Қолданылған әдебиеттер: 9

Формулалар редакторы

Word программасындағы формулалар редакторының (Редактор формул – Equatіon
Edіtor) көмегімен құжат мәтін математикалық формулалар мен символдарды
орналастыруға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең
спектрлі мүмкіндіктерді береді. Формулалар редакторының көмегімен жазылатын
объектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көпмүшеліктер,
т.б. жатады және де олардың экран бетіндегі сырт бейнелері принтерден басып
шығарылатын көшірмесімен бірдей болады. Формулаларды форматтау барысында
қолданылатын әріптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын қаріптерге
байланысты өзгертілуі мүмкін.
Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу курсорын
мәтіннің формула енгізілетін жеріне орналастыру қажет және Енгізу-Объект-
Mіcrosoft Equatіon (Вставка-Объект-Mіcrosoft Equatіon) менюі арқылы
командаларды орындау керек. Осыдан барып теңдеулер редакторының терезесі
пайда болып, сол терезе арқылы қажетті формуланы енгізуге кірісеміз. Егер
енгізілетін объектілер тізімінде формулалар
редакторы жоқ болса, онда келесі әрекеттерді орындауға тура келеді:
– Mіcrosoft Word Folder бумасында орналасқан Word Commands деп аталатын
ішкі буманы ашу;
– формулалар редакторын бейнелейтін суретті тышқанмен екі рет сырт еткізу;
– формулалар редакторы терезесін одан шықпай-ақ жабу;
– Word-тан формулалар редакторын шақыру.
Формулалар редакторы жүктелгеннен кейін оның өз қолданбалы терезесі
ашылады. Ол терезе өзінің құрылымы жағынан Word терезесіне ұқсас болып
келеді.

Математикалық символдар қатары

Формулалар редакторы терезесіндегі математикалық символдар
пиктограммаларымен берілген жоғарғы жол бар, ол негізінен формуланы
енгізуде қолданылатын символдар менюі рөлін атқарады: мысалы, шексіздік
белгісі, вектор символы, т.с.с. таңбалар жиыны. Олардың ішінен қажетті
символдарды таңдауға және оларды формула ретінде енгізуге болады.
Математикалық символдар функционалдық ұқсастығы (үйлестігі) бойынша жеке
топтарға біріктіріліп орналастырылған.
Символды енгізу үшін керекті символ тұрған өріс элементін тышқан курсорымен
белгілеп көрсеткен жөн. Соның нәтижесінде осы өріске кіретін символдардың
толық тізімі ашылады. Тышқан курсорымен тізімдегі қажетті символды таңдап
алып, оны бір рет сырт еткізсек, символ мәтіндегі формулалар қатарына
енгізіледі.
Шаблондар қатары математикалық символдар пиктограммасынан төменде
орналасқан. Оның көмегімен мәтінде математикалық қатынастар, амалдар және
интеграл, матрица, жақша ішіндегі өрнектер сияқты күрделі объектілер және
тағы басқаларды енгізуге болады. Шаблондарды мәтінге енгізу алдыңғы
математикалық символдарды енгізу тәсілімен орындалады. Бір шаблонды
екіншісінің ішіне қоюға болады. Мысалы, интеграл белгісінен кейін түбір
шаблонын қоюға, ал түбір белгісінің ішіне (астына) бөлшек шаблонын қоюға
болады және т. с. с.
Формулалар редакторында енгізу курсоры бастапқыда L әрпі түрінде болады.
Көлденең және тік сызықтар формуланың келесі элементі қай жерге
енгізілетінін көрсетеді. Формулаларды жазуда математикалық символдар мен
шаблондар қатары қосымша инструменттер ретінде қолданылады, өйткені
таңбаларды тікелей пернелерден де енгізе береміз.
Редакторда терілген формула мәтінге формулалар редакторы терезесі
жабылған соң ғана енгізіледі.

Теңдеуді енгізу

Формулалар редакторын іске қосқан соң, белгілі-бір теңдеуді енгізуге
болады. Теңдеуге тікелей пернелер тақтасының көмегімен қарапайым мәтінді
және формулалар редакторындағы менюден арнайы символдарды таңдап алып
оларды да енгізуге болады.
Формулалар редакторының менюінен тиісті таңбаны таңдап алған соң, оны
жіңішке пунктирмен шектелге тіктөртбұрышты енгізу ұясына орналастырамыз.
Бұны осы шаблон арқылы енгізілетін символдардың ұясы деп те атауға болады.
Курсорды тиісті ұяға апарып, керекті таңбаларды енгізе бастаймыз. Ұяға
енгізілген таңбаларға байланысты тіктөртбұрыш өз мөлшерін автоматты түрде
өзгертіп отырады.
Қойылған шаблондар қабаттасып орналасқанда курсордың қай ұяда
орналасқанын анықтау қиынға түсуі мүмкін. Бұған курсорға дейінгі өрнектің
асты сызылып тұратыны және курсордың биіктігі символмен бірдей болып
жыпылықтауы көмектеседі.
Символдардың бірінен екіншісіне өту немесе қазіргі шаблоннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Формулалар редакторын іске қосу
МS Word бағдарламасындағы формулалар редакторы
Формулалар редакторы. Кестелерді жасау
Microsoft Word for Windows
Мәтіндік программаның жұмыс терезесі
MS WORD. Жалпы түсінік
Функцияның парамерлерін енгізу
Paіnt бағдарламасын іске қосу
Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары. Үлкен қолданбалы бағдарламалар
Пәндер