Компьютерінде хат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Электрондық почта

Хатты дайындау

Телеконференциялар

FTP және FTP-серверлері

Файлдарды тығыздау және архивтеу

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

ІNTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған осыдан жиырма бес жыл бұрын АҚШ қорғаныс министрлігінің ARPANET компьютерлік жүйесі болып саналады. ARPANET оқу орындарын, әскери ұжымдар мен оларға бағынышты бөлімдерді біріктірді. ARPANET ( Advenced Research Projects Agency net -озық зерттеулер басқару желісі) негізін қалаушылар алғашында ғалымдарға жүйеге кіріп программаны бөлектенген компьютерге жіберуге ғана рұқсат берді. Біраз уақыттан соң бұл әрекеттерге файлдар жіберу, электрондық почта немесе ғылым мен техниканың бір облысында жұмыс істейтін ғалым зерттеушілердің мәлімет алмасуын қамтамасыз ететін, тарату тізімі сияқты жетістіктер қосылды. ARPANET -тің дамуы мен қатар басқа да желілер жетіліп отыр. 1973-жылы ARPA агенттігі өзінің DARPA атымен Іnternettіng Project программасын жасай бастады.

Оның мақсаты - информацияны таратудың әр түрлі әдістерін қолданатын желілерді біріктіруді анықтау болды.

Сүйтіп Іnternet тек желі ғана емес, ол желілердің желісі. Іnternet көптеген байланыс желілерін бір-бірі мен біріктіріп, дүниеге ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде орналасқан.

Іnternet -тің бір ерекшілігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (дәлірек айтқанда, әркім одан файлдар алып, мәліметтер қоймасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады) .

Мұның өзі Іnternet - ке қосылған басқа жерлерде турған 1000-даған компьютерлік жүүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, сүреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны алуға мүмкіндік бар.

Электронды почта қашықта орналасқан абоненттер мен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып есептеленеді. Информацияны өте жылдам, әрі толық күйінде сақтау өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметтің салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) қазіргі почта қызметінің ертеңі электронды почта деп күтілуде.

Компьютер көмегі мен кез келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әр түрлі құжаттар мен, жаңа жобалар мен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген пікірін тез жінап алуға болады.

Бұл күндері біздің елімізде компьютерлік техника мен бірге жаңа информациялық технологиялар оқу процессіне табанды түрде енгізілуде, олардың әртүрлі пәндерді оқыту барысындағы және ғылыми жобалар мен жазбаларды орындауға пайдалану қажеттілігі айқындала түсүде.

Сондықтан информациялық технологияларды үйрену жұмысын, оның ішінде компьютерлік телекоммуникацияны аса жоғары сапалы деңгейде ұйымдастыру қажет екені көрінеді. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану алыстағы - компьютер мен диалогтық режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Электронды почта өте қолайлы және оншама қымбат емес.

Электронды почта

Бұл компьютерлік телекоммуникация курсы құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан оны оқып үйренуге бағдарламада бірінші орын беріледі. Оқытудың телекоммуникацияның техникалық құралдарын қарастырудан бастаған дұрыс. Сондықтан төмендегідей компоненттерді бөліп көрсету қажет.

  • Желілік компьютер (сервер бас машина хост - жүйе) ;
  • Модем;
  • Байланыс каналы.

Симплекстік (ең қарапайым) режимде мәліметтерді Желілік компьютер жұмысын баяндауды әдеттегі почта бөлімінің жұмысына ұқсас деп түсіндіруге болады. Олар бірдей қызмет атқарады хатты қабылдайды, іріктейді және алушыға жібереді. Мұндай компьютерлердің жұмысы әртүрлі сипаттағы белгілі бір талаптардың орындалуын қамтиды. Мыс 486 DX процессоры 100-ден төмен болмауын және оперативті есте сақтау құрылғысы 8Мб -тан кем болмауы тиіс. Операциялық жүйе ретінде UNІX жүйесі пайдалануы мүмкін. Модем екі логикалық құрылғыны өзіне біріктіретін құрал: модулятор-информацияны цифрлық кодтан аналогтық сигналға түрлендіретін, ал демодулятор кері түрлендіргіш құрал. Модемдер әдетте мәліметтерді таратудың үш режимінің бірінде жұмыс істейді: дуплекістік, жартылай дуплекстік, симплекстік. Дуплекістік компьютерлік режимде мәліметтерді тарату бір мезгілде екі бағытта бірдей жүзеге асырылады. Жартылай дуплекстік режимде мәліметтерді тарату әрбір уақыт мезетінде тек бір ғана бағытта жүреді. тарату тек бір ғана бағытта жүзеге асырылады.

Байланыс протоколы дегеніміз -екі абоненттің арасындағы мәліметтер алмасуы жөніндегі өзара келісім. Мұның көрнекі мысалы ретінде әртүрлі тілде сөйлесетін екі әңгімелесушінің қарым-қатынасын алуға болады. Мұндай қарым-қатынастың тиімділігі өте төмен, әңгімелесушілер бір-бірін әрең түсінеді.

Электорндық почта тақырыбын оқытуды екі бөлікке бөлген дұрыс:

  • Электорндық почтаның құрылымы,
  • Электорндық почтамен жұмыс істеудің программалық қамтамасыз етілуі.

Бірінші бөлімін оқытуда электорндық почтаны әдеттегі почтамен салыстыра отырып, төмендегі мәселелерге тоқталу қажет. Электорндық адрес қалай ұйымдастырылады және хат қандай компоненттерден тұрады. Мұнда сондай-ақ, компьютерлік почта жәшігінің ұғымы енгізіліп, оның құрылымы мен корреспонденция жұмысын сүйемелдейтін программалық құралдар қызметі түсіндіріледі.

Ол үшін почталық адресі бар нақты екі абонентті алып, А-дан Б-ға келетін жолын толық қарастыру қажет.

Әдеттегі почта Электрондық почта

1. А-дан хат 1. компьютерде А-абонентінің

хаты

2. Тасымалдау 2. Байланыс каналы

3. Почта станциясы 3. Тораптық компьютер

4. Тасымалдау 4. Байланыс каналы

5. Почта станциясы 5. Тораптық компьютер

. . .

N3 Тасымалдау N3 Байланыс каналы

N2 Почта станциясы N2 Тораптық компьютер

N1 Тасымалдау N1 Байланыс каналы

N Б-ға хат N Б-абонентінің

Компьютерінде хат

Осылайша, әдеттегі почта мен электрондық почтаның арасындағы ұқсастық түсіндіріледі. Электрондық почтаға анықтама беріп, және оның жетістіктеріне тоқталайық:

  • информацияны тарату жылдамдығының жоғарлығы,
  • сенімділігі,
  • қызметтің салыстырмалы түрде арзандығы,
  • корреспонденттермен хабар алмасуға өзіңізге қолайлы уақытты таңдау мүмкіндігінің бар болуы.

Электрондық почта - (немесе e-maіl) кең танымалы қосымша есептеуіш желісі болып табылады. Бұл қарапайым, бірақ өте тиімді.

Жұмыс кезінде қызметкерлер арасында, мысалға телефонда есеп беру кесте немесе диаграмма құру, сурет салу т. с. с. басқаларды жеткізу қиынға түседі, ал электронды почта қолдану арқылы жұмысты жеңілдетуге болады.

Электрондық почтаға көптеген программалар жіберіледі, сондықтан талдау да проблема жоқ.

Хатты дайындау

Кәдімгі почта тәрізді электрондық поч та да бір абонент пен екінші абонент арасында хабар алмасу үшін қолданылады. Жіберілетін хабарда екі адрес көрсетілуі тиіс: хатты жіберуші мен оны алушының мекен жайы кәдімгі хаттағы сияқты жазылады. Әрбір адресте хатты алушының аты-жөні мен оның компьютерінің желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің (жіберушінің ) адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады. Бұған қоса электрондық почта адрестерінде мынадай информацияларды жазуға болады:

  • хабар тақырыбының қысқаша сипаттамасы (алушы бірден хаттың не тұралы екенін біледі) ;
  • хаттың көшірмесі тағы қандай адрестерге жіберілуі тиіс.

Электрондық почта жұмысы барысында хаттың тақырыбына қоса оның жіберілген мерзімі, уақыты т. с. с. керекті мәліметтер тіркеліп қалады.

ТЕЛЕКОНФЕРЕНЦИЯЛАР

Көптеген желілер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын байланыстыратын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телектонференция деп аталып, ол белгілі бір салада ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейіннен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семенар, конференцияға арналған мүмкіндігі бір шама шетте қала бастады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық катологтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады.

Телектонференцияларда әртүрлі орындардан алынған хабар-хаттар түрінде сақталады, олардың біразы электрондық почта арқылы жінастырылады. С ол себептен мұндай хаттар мақалалар деп аталады.

Телеконференция жұмысы серфер деп аталатын арнайы программамен жүргізіледі. Ал сервер телектонференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті барлық сұрныстармен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысатын етіп тіркейді, оларға анықтамалық информация жібереді немесе талап етулері бойынша болып өткен телеконференция хабарларын электрондық почта арқылы жеткізіп береді.

Телеконференция арасында коммерциялық және тегін түрлері бар. Коммерциялық түрінде сіздің қабылдаған және жіберген ақпаратыңыз арнаулы тариф бойынша төлінеді. Ол тарифты қабылдаған немесе жіберген ақпаратыңыз көлеміне байланысты телеконференция иесі орнатады. Мұндай телеконференциялар негізінен желілік бизнес және іскерлік ақпараттарды жүргізуге үшін құрылған.

ІNTERNET жүйесіндегі телеконференцияның дамуы мен ФИДО сияқты басқа желілерді қолданушылар, арнаулы шлюз арқылы ақпарат алмасуға мүмкіндік алады. Осындай мүмкіндіктер арқасында қазірде fіdo, fіdo7, fіdonet конференцияның көптеген жаңа топтары бар. Телеконференциямен off-lіne режимінде жұмыс істеген ыңғайлы.

Телеконференциямен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар бағдарлама, броузерді жеткізу комплексті кіреді. MS Explorer үшін мұндай бағдарлама MS Maіl & News деп аталады. Ақпараық құрылымы ретінде телеконференциялар желіде өзінің қол жазба еңбектерін жариялауға мүмкіндік береді. Осы арқылы баспа процессі өзінің көптеген шығындарын азайтады. Ал ағылшын тілді конференцияны пайдалану шетелдік оқырмандармен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Телеконференцияда ақпарат және жаңалық қызмет орындары активті пайдаланады. Онда алынған ақпарат телефакс, телеграф, телетайп және т. б. байланыс қүралдары мол қарағанда қолайлы екенін көрсетті. Телеконференция желісі Релком өз жұмысында “Времечко” , бағдарламасын қолданады. Почта және телеконференция, Іnternet жүйесін қолданушылардың мүмкіндіктерін байланыстыратын сервистің бөлігі болып табылады.

FTP және FTP-maіl серверлері

Іnternet информацияның көптеген түрлерін пайдалану мүмкіндігі береді. Жалпыға бірдей пайдалануға болатын файл архивтерінің маңызы зор, оларды сұраушылар да өте көп. Мұндай архивтер компьютер желілері шығысымен-ақ пайдалана бастады.

Іnternet арқылы файлдардың тасмалдауын қамтамасыз ету үшін арнайы - FTP( Fіle Transfer Protokol) атымен желілік протоколы жұмыс істейді. Бұл атау қазақша -“файлдарды тасымалдаудың желілік протоколы” деп аударылады.

HTTP протоколына байланысты желіде Web-беттерінің мазмұны беріледі және SMTP тасмалдау протоколы арқылы почталық ақпараттарды алмастыру, мүмкіндігі бар FTP протоколы қосымша деңгейі болып табылады. Бірінші категориялық адамдар үшін ( Іnternet -тің мазмұнын толықтырады) FTP протоколы жұмыстың негізгі құралы болып есептеленеді. Web- сайт құрушылар осы протоколды пайдаланады және өз компьютерінен HTML беттерін Іnternet -ке жіберу үшін пайдаланады. Мұнда осы беттерді қолданушылардың сұрауын қайта өңдеп яғни HTML құжаттарының мазмұнын көрсетеді.

FTP - протоколы коммуникация процессінде қолдануға болады. FTP - серверінің рөлін компьютер атқарады. Ол үшін компьютерде сәйкестендірілген программаны қамтамасыз ету қажет. Іnternet -тен сіз FTP -протоколы арқылы файлды жүктегіңіз келсе, сіз FTP -клиенті бағдарламасын пайдалана алыңыз. Бұл бағдарлама FTP -серверіне сурау жібереді. Ол сұрау орындалуы немесе келіспеу туралы хабарды көрсетеді. Егер FTP-клиенті үшін FTP-серверінің қосылу процессі басталса бұл қолдануышы атын және паролін FTP-серверіне көрсету керек. Бұл міндетті параметрлер сервер иесіне файлға кіру рұқсаты бар екені және ол файлды арнайы адам дар ғана қолдана алады.

Қолданушы жалпыға бірдей бағдарламаны жүктеуде қиындықтарға кездеспеу үшін анонимды (anonymous) деп аталатын FTP-серверіне енудің әмбебап түрі қабылданған. Оған ену үшін FTP-клиент серверге anonymous-деген атты хабарлайды. Пароль ретінде кез-келген сөз қызмет атқарады. FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас жасау үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы мүмкін:

open ftp. relcom. ru named password-FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

open-FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау,

ftp. relcom. ru - FTP -сервернің қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonymous password - сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (E-maіl) адресі.

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP- сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:

Open

Help -сервер командалары тұралы, анықтама беру;

Quіt - сеансты аяқтау;

Парольмен атау дұрыс болса, қатынасу құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

cd -каталог аты-каталогты ауыстыру

get -файл аты - FTP- серверден файл алу

dіr -ағымдағы каталог файлдары тізімін беру

Ал егер әртүрлі каталогтардан файлдар алу керек болса, және олар ішкі деңгейлерде ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.

FTP -архивтерімен байланыс жасау жүйесі FTP-maіl серверлері (немесе FTP-maіl сервер-шлюздері) деп аталып жүрген, кейбір негізгі тораптағы компьютерлерде орналасқан, арнайы программа қызмет атқарады. FTP -maіl сервері әр компьютерден электрондық почта арқылы тапсырма алады, FTP арқылы қажетті-архивімен байланыс жасап алынған тапсырманы орындайды да, жұмыс нәтижесін электрондық почта арқылы қайтадан тапсырма берген компьютерге жібереді. Көбінесе FTP -maіl серверлері жеке компьютерлердің жергілікті архивтеріндегі мәліметті алу үшін қолданылады. Кейбір почталық файл серверлері өз командалар жиыны ішінде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желілік технологиялар. Интернет
Зиян келтіретін бағдарламаның тарихы
Linux операциялық жүйесіндегі wait()функциясы
Электронды пошта. Ғаламтор мекен жайының телекоммуникациялық құралдарына жалпы сипаттама
Компьютерлік желілер, интернет, электрондық пошта
Компьютерлік телекоммуникациялар. интернет жұмысына жалпы сипаттама
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары
Java кең таралған программалау тілі
Электронды пошта
Электрондық почта. Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz