Мәліметтер базасы және мәліметтер банкі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
Мәліметтер базасы және мәліметтер банкі 2
Excel программасын мәліметтер қоймасы ретінде пайдалану 4
Мәліметтерді сұрыптау және електен өткізу 4
Қолданылған әдебиеттер: 11

КІРІСПЕ

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің
дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды,
өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға
қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте
деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез
кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге
сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға,
жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

Мәліметтер базасы және мәліметтер банкі

Автоматтандырылған мәліметтер банкі керекті ақпаратты алу үшін
орталықтандырылған және ұжымдық көп аспектілік қолданылатын мәліметтерге
арналған информациялық, математикалық, бағдарламалар, тілдер,
ұйымдастырулар және техника құралдарынан тұратын жүйелер жатады.
Автоматтандырылған мәліметтер банкінде қызметтің бір бөлігін есептеу
техникасы, ал екінші бөлігін адам орындайды. Есептеу жүйесінде
сақталатын мәліметтер массивін мәліметтер базасы деп атайды. Мәліметтер
базасы (МБ) мәліметтер базасын басқару жүйесімен (МББЖ) бірге
мәліметтер банкінің (МБн) құрамына кіреді:

Мәліметтер базасын жасау кезінде екі мәселені ескеру керек:
1) Мәліметтер өздерінің қолданатын бағдарламаға тәуелсіз болуы
қажет (бағдарламаны өзгертпей-ақ мәліметерді қосу және қайта құру үшін).
2) Жәй бағдарламалау тілінде жазылуы күрделі еңбекті қажет ететін
бағдарламасыз-ақ МБ-нан керекті информацияны сұрау және іздеу мүмкіндігін
қамтамасыз ету.
МБ туралы айтқанда өмірдегі нақты объект саласы туралы айтады
(университет, аурухана, театр).
МББЖ деп – мәліметтер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін
бағдаламалау комплексін айтады. Отандық МББЖ: Пальма, Набоб, Банк т.б.
Шетелдік: Adabas, dBase 2,3,4, FoxBase, FoxPro, KARAT, Access, Oracle,
Paradox, Informix т.с.с.
Мәліметтер банкінің ерекшеліктері: 1) мәліметтердің жоғары деңгейдегі
жинақталуы артық нәрсенің жоқтығы; 2) МБн-нен тұтынушының жүзбе-жүз
әңгімелесуін ұйымдастыру; 3) өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған зерденің
болуы; 4) мәліметтерге тікелей шығу мүмкіндігі; 5) қуатты тілдік және
бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы; 6) мәліметтерді код арқылы өңдеудің
және классификациялық бірыңғай жүйесі және т.с.с.
Мәліметтер банкінің кемшіліктері: 1) жасалатын жүйенің күрделілігі;
2) ЭЕМ ресурстарының бір бөлігін МББЖ өз қажеттеріне жұмсайды;
3) бұзылуға және аварияға олардың нәтижесіне сезімталдығы.

Excel программасын мәліметтер қоймасы ретінде пайдалану

Мәліметтерді сұрыптау және електен өткізу

Excel программасын мәліметтер қоймасы ретінде де пайдалануға болады.
Әрине, оның мүмкіндіктері арнайы жасалған мәліметтер қоймасынан гөрі
әлсіздеу, дегенмен мұнда да көптеген жұмыстар жасауға болады.
Біз мәліметтер қоймасын жасап, олардың ішіндегі элементтерінің әртүрлі
белгілеріне қарай керекті информацияны іздеу мен оларды сұрыптау ісін
қарастырамыз. Осыларды түсіндіру үшін 1-суретте көрсетілгендей күн жүйесі
планеталары жөнінде мәліметтермен кестені толтырайық та, оны Eх6.xls деген
файлға жазып сақтап қояйық.
Бұл кестедегі өлшеу бірліктері мынадай:
– орбитада айналу периоды – жыл (жердегі) арқылы өлшенеді;
– күннен ара қашықтығы – млн км арқылы өлшенеді;
– экваториалдық диаметрі – мың км арқылы өлшенеді;
– массасы – х10кг арқылы өлшенеді.

1-сурет.
Мәліметтер қоймасының негізгі ұғымдары

Кестенің A2:F12 блогын мәліметтер қоймасы (базасы) деп қарастыруға
болады. Кестенің A, B, C, D, E, F сияқты бағаналарындағы информация өрістер
(поля) деп, ал 3-12 қатарларындағы мәліметтер – жазбалар (записи) деп
аталады.
Мәліметтер қоймасының құрылымына мынадай талаптар (шектеулер) қойылады:
– мәліметтер қоймасының бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары
(тақырыптары) орналасады;
– ал оның қалған қатарлары бос болмай, онда жазбалар мәні орналасуы тиіс;
– өріс (бағана) бойымен орналасқан мәліметтер біртектес болады, яғни олар
тек сандардан немесе тек текстерден тұруы қажет.
Мәліметтер қоймасымен атқарылатын негізгі жұмыстың бір түрі оның
құрамынан белгілі бір критерийлерге (айрықша белгілерге) байланысты керекті
мәліметті іздеп табу болып саналады. Жазбалар саны көбейген сайын
информацияны іздеу қиындайды, дегенмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық Банктің ақша айналысын бақылау
Мәліметтерді сақтау, өңдеу және қолдану
Электрондық басылым
Банктің «Депозит» ішкі жүйесін құрастыру
Биологиялық деректер базасы
Нефте банкі аақ-ның қаржылық сенімділігін бағалаудың ақпараттық жүйесін жобалау
Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Тестілеу бағдарламасы туралы жалпы мағлұмат
Банк жүйесіндегі маркетинг
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру
Пәндер