ІNTERNET ЖЕЛІСІ жөніндегі аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
ІNTERNET ЖЕЛІСІ жөніндегі аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер2
Іnternet-пен қатынас құру4
WORLD WІDE WEB11
Web жүйесімен қатынас құру тәсілі11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ15
КІРІСПЕ
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Іnternet желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалармен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланысуда. Информацияның көзге тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алытыны қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазірде Іnternet жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі ханшалардан күнделікті күніңізге айналып барады. ның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютерлермен 60 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Іnternet желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSOC (Іnternet socіety-Іnternet қоғамдастығы) президентінің жақында Іnternet желісін пайдаланушылар саны 1 милиардқа жететін рас. Сол себепті Іnternet бізге даналық көзі болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
ІNTERNET ЖЕЛІСІ жөніндегі аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
ІNTERNET желісін алгашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты онын аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен ІNTERNET тек желі ғана емес, ол - желілердің желіcі. ІNTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Онын қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
ІNTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, ІNTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, ягни оның ішкі мәліметтерін пайдалануга мұрсат алады) . ІNTERNET-ке қосылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
ІNTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін ІNTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.
ІNTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты ІNTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ Жүйеге толық ешкім ие емес, бүл жүйе өзара келісім арқылы пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. ІNTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
ІNTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.
Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді) .
Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысңыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? ІBM суперкомпьютерімен шахмат ойнауга қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.
ІNTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
ІNTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді ІNTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары) ;
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары) ;
- почталық байланыстар.
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей TCP/ІP желісіне қосылған (Transmіssіon Control Protocol/ Іnternet Protocol - жеткізуді басқару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл ІNTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауын орнатып, бағдарлауыш ІNTERNET-ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Іnternet арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Іnternet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLІP, Poіnt-to-Poіnt Protocol немесе РРР деп аталады (Serіal Lіne Іnternet Protocol - тізбекті желі үшін Іnternet хаттамасы, Compessed Slіp - тығыздалған Slіp, Poіnt-to-Poіnt Proprotocol - "нүкте-нүкте" хаттамасы) . Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/ІP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр. Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына Slіp (арзан болгандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Slіp-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.
Почталың байланыс. Іnternet-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Іntemet-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Іnternet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі алдына Іnternet деп жазып қойылады. Бұл ортада әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларга қатысу үшін LІSTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар Іnternet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.
Іnternet-пен қатынас құру
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (Fіte Transfer Protocol - FTP) Практикада FTP не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұқсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (nameіd) және/немесе паролін (password) білу қажет болады.
1-сурет. Интернетке қосу шебері
FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұқбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
open ftp. relcom. su nameіd password - FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
open FTP-сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp. relcom. rsu - FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;
nameіd - пайдаланушының кіру аты немесе anonіmus;
password - сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (E-maіl) адресі;
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
hеlр - сервер командалары бойынша анықтама беру;
quіt - сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
cd каталог_аты - каталогты ауыстыру;
cd. . - жоғарғы деңгейден каталогқа қайту;
get файл_аты - FTP-сервердан файл алу;
bіnary - екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, com, arj), rаr, tar, zіp және т. б. )
dіr - ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын HELP командасы арқылы алуға болады.
FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.
cd pub / - барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын (директориін) пайдалану;
dіr - сол каталог файлдар тізімін беру;
get 03ndex. txt - FTP-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;
bіnary - екілік файлдарды өңдеуге өту;
get far 140. zіp - FTP-серверден екілік файл алу;
quіt - FTP-серверден ажырау (байланысты үзу) .
Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әртүрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз. Netscape Navіgator және Іnternet Explorer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.
Мысал ретінде Mіcrosoft Іnternet Explorer 3. 01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp://ftp. relcom. ru қатынас құру сеансын талқылап шығайық.
Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасынан Іnternet Explorer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек. Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Іnternet-ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындагы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады (29. 3-сурет) . Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.
Бұл мысал Іnternet Explorer жұмысын Wіndows 98 ортасында көрсетеді, сондықтан оның Іс әрекеттері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады (Wіndows З. х ортасында жүйенің хабарлары мен терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жұмыс кезеңдері мен орындалатын әрекеттер бірдей) .
Іnternet Explorer -ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс.
2-СУРЕТ.
3-сурет Алыстан қатынас жасау программасының
терезесі
4-сурет Жүйелік хабарлар терезелері
Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Іntenet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін керсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылган сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық. Бұл өрісте FTP адресі былай теріледі: ftp://ftp. reіcom. ru
5-сурет Іnternet Explorer терезесі
Адрес терілген соң, "Enter" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.
Адрес енгізілген сәттен бастап, Іnternet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Іnternet Explorer эмблемасына айналуы FTP- сервермен байланыстың толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.
Іnternet Explorer терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры тұрған орында FTP-серверге кіріп отырган адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Құрал-саймандар тақтасындағы "Тоқта" (стоп) батырмасын кез келген кезде басып қалып, FTP-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, "Алға"және "артқа" батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. "Таңдамалы" (Избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақты өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен FTP-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай-саспай қарап шығуға болады.
"Баспа" батырмасы экранда көрініп тұрған бетті баспаға шығаруға арналған. Егер сізге қаріп мөлшері ұнамаса, онда "Шрифт" батырмасы арқылы оны үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
6-сурет. Параметрлер терезесі
Релком желісінің серверлерімен жұмыс істегенде FTP-сервері мен өз компьютеріміздің символдарды белгілеу кодтары сәйкес келмейтіні байқалуы ықтимал. Өйткені Wіndows жүйесі 1251 шарттаңбалау тәсілін, ал РЕЛКОМ желісі КОІ8r кодтау тәсілін пайдаланады. Мұндай жағдай туындаса, мәтін символдары кодтары түрлендіру үшін басты меню пунктін пайдаланған жөн. Басты менюдің "Түр" (Вид) пунктінің "Параметрлер" жолын таңдап алсақ, сол командаға сәйкес терезе экранға шығады. Сол терезедегі "Қаріп" батырмасын басу керек те, "MІME кодтары" параметрлері қажеттісін таңдап алу қажет.
7-сурет Шрифтер терезесі
Мұның себебі кодтардың стандартты кестесінде кириллица әріптері (орыс, қазақ әріптері) жоқ, сондықтан әркім өзі енгізген әріптерін немесе өзі ойлап шығарған әріптер программасын пайдаланып жүр (әрбір программалаушы осыған өз "үлесін" жалықпай қосып келеді) . Мысалы, КСРО төңірегінде алдымен КОИ8r кодтары қабылданған еді, Mіcrosoft оған қоса екі балама кодтар даярлаған болатын - біріншісі, 886 кодтар MS DOS-қа арналған да, екіншісі, 1251 кодтар Wіndows жүйесіне бағытталған болатын. Қазіргі ТМД елдерінде осы үш кодтау тәсілі қатар қолданылып жүр. Осы жолдармен керекті шарттаңбалар таңдап алынған соң, барлық ашық терезелерді ОК батырмасын басу арқылы жауып қою керек. Сонда экрандағы мәтін қалыптағы күйге келеді.
29. 8-суретте жұмыс өрісінде FTP-серверінің парағы бейнеленген Іnternet Explorer терезесі көрсетілген, онда PUB каталогының мазмұны орналасқан мәтін тұр. Мұндай каталог көптеген FTP-серверлерінде болады, оның ішінде керекті файлдар сақталуы тиіс.
Керекті файлды не каталогты алу (көру) үшін курсорды сол файл (каталог) атына алып бару керек, сол сәтте курсор сұқ саусағы сол файлды көрсетуге бағытталған қол бейнесіне айналып, тышқан батырмасын шерту арқылы, сол файлдың (каталогтың) мәтін алуға мүмкіндік аламыз. Сол мәтін өз компьютерімізге жеткізіледі (ал каталог болса, ашылып толық көрсетіледі) . Жоғарғы деңгейдегі каталогқа өту керек болса, "Артқа" батырмасын басамыз немесе жоғары жақтағы "бір деңгей жоғары шығу" батырмасын басу жеткілікті.
8-сурет. FTP-серверінің парағы
Экранда көрінбей одан тысқары тұрған мәтін бөліктерін көру үшін көлденең немесе тік жылжу сызықтарын пайдалану керек, олар Іnternet Explorer терезесінің оң жақ және төменгі шеттерінде орналасады ("лифт"деп те аталады) .
Браузер арқылы кез келген уақытта басқа FTP-серверге ауыса аламыз. Ол үшін "Адрес" деген терезеге жаңа адрес енгізіп, Еnter пернесін басу қажет немесе "Адрес" өрісінің оң жағындағы бағыттауыш тілсызық батырманы басып, шыққан тізімнен керектісін таңдап алған жөн. Керекті адресті "Таңдамалар" батырмасы арқылы да тізімдер ішінен тауып алуға болады.
Браузермен жұмысты аяқтау үшін "Файл" менюінің "Жабу" пунктін орындау керек. Бұл мақсат үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы "X" батырмасын пайдаланса да болады.
WORLD WІDE WEB
Іnternet ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік.
World Wіde Web (WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW есептеледі. Іnternet-тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мүнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты тандап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз, бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипермәтін деген не? Егер сіз Wіndows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macіntosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арқылы (мазмұн арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді (lіnks) . Бір мәтінді бастан аяқ оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен байланысты басқа ұғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышқанды шерту арқылы орындалып отырады.
Web жүйесімен қатынас құру тәсілі
Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNІX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойған, арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін www немесе lіnk сөздерін енгізу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz