MS-DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

MS-DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ2

MS-DOS операциялық жүйесі жөнінде түсінік2

Мәлімет жинақтауыштар (дискілер) 3

Жинақтауыштарды (дискеттерді) форматтау3

Файл деген не?4

Файлдар атаулары4

Каталогтар5

Файлға баратын жолды көрсету6

MS-DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

MS-DOS операциялық жүйесі жөнінде түсінік

MS-DOS - Mіcrosoft фирмасы шығарған компьютерді қосқанда жүктелетін дискідегі операциялық жүйе болып табылады.

Оның ІBM PC компьютерлеріне арналған алғашқы нұсқасы 1981 жылы Mіcrosoft фирмасында жасалған. Ал MS-DOS - 3. 3 нұсқасы 1987 жылы жасалды да, келесі 3-4 жылға стандарт болып саналды. Қазіргі кезде ең қуатты компьютерлерде оның 4. 0, 6. 2, 7. 0 нұсқасы қолданылады.

DOS көмегімен мыналар іске асады:

  • компьютер мен оны пайдаланушы адам арасындағы сұхбат;
  • компьютерді басқару;
  • қолданбалы бағдарламаларды іске қосу;

DOS операциялық жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:

1) Енгізу-шығару (BІOS) базалық жүйесі, ол барлық кезде компьютердің жанында тұрады да кіргізу-шығаруға байланысты операциялық жүйенің ең қарапайым және әмбебап қызметтерін атқарады;

2) Операциялық жүйенің жүктеуіші - DOS-ты іске қосатын жақсы бағдарлама;

3) ІO. SYS және MS DOS. SYS дискілік файлдары (атаулары) DOS нұсқасына байланысты өзгереді;

4) DOS командылық процессоры - пайдаланушы кіргізген командаларды өңдейді және ол COMMAND. COM дискілік файлында орналасады.

5) DOS сыртқы командалары - бұл жеке файлдар түрінде операциялық жүйемен бірге берілетін бағдарламалар;

6) Қондырғылар драйверлері - DOS енгізу-шығару жүйесін толықтыратын арнайы бағдарламалар және де олар жаңа қондырғыларды күтіп-баптауды немесе стандарт емес пайдалануды қамтамасыз етеді.

Мәлімет жинақтауыштар (дискілер)

Дербес компьютердегі бағдарламалар мен берілген мәліметтердің негізгі орны магнитті дискідегі жинақтағыштар болып табылады. Сондықтан компьютер жұмысының тиімділігі оларды дұрыс қолдануға байланысты болады. Дисктер латынның бас әріптерімен қос нүкте қою арқылы белгіленеді A:, B:, C:, D: және т. б.

Көпшілік компьютерлерде екі диск орнатылатын ұя бар - иілгіш дискілерге (дискет) арналған және олар А: және В: әріптерімен белгіленеді, қатты диск (винчестер) С: әрпімен белгіленеді.

Компьютерді қосқанда DOS жүктеледі де, дисплей экранында DOS жүйесінің стандартты жұмысқа шақыру командалары шығады:

С:\ > - винчестердің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.

А:\ > - А: дискетінің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.

Жинақтауыштарды (дискеттерді) форматтау

Дискеттерді бірінші рет пайдаланғанда оны дайындап алу керек. Бұл format. com командасының көмегімен келесі түрде іске асады: бірінші format командасы содан соң диск командалық жолға теріледі, екінші Enter пернесі басылады.

Мысалы: format а: - А: дискетін форматтау.

Команданы енгізген соң, экранға мына төмендегі мәлімет шығады:

Іnsert new dіskette to drіve A: and strіke ENTER when ready

(дискетаны кіргізіп ENTER пернесін басыңыз)

Егер де дискета бүлінген болса, онда

Track 0 bad - dіsk unusable

(0 жолы бұлінген, дискетті пайдалануға болмайды)

Дискетті форматтап болғаннан соң:

Format another (Y/N) ?

(Тағы форматтау керек пе (Y-иә, N-жоқ) ?

Y немесе N пернесі одан кейін ENTER басылады.

Ескерту. С: дискіні форматтауға болмайды, себебі қатты дисктегі (винчестердегі) барлық мәлімет өшіріледі.

Файл деген не?

Магниттік дисктердегі мәлімет файлдарда сақталады. Файл - бұл бағдарлама текстері, құжаттар, сандық мәліметтер және т. б. сақталатын дисктің белгілі бір аймағы. Файлдар көбінесе екі топқа бөлінеді - мәтіндік және екілік файл.

Мәтіндік файлдар жазылған мәліметтерді оқуына арналған. Екілік файлдар мәліметтерді компьютердің кодтарында сақтайды.

Файлдар атаулары

Файл атауы екі бөліктен тұрады - оның негізгі аты және сол аттың кеңейтілу аты. Файл атауында 1-ден 8-ге дейін таңбалар болуы мүмкін. Кеңейтілу өз атынан нүктемен ажыратылады да, 3 таңбадан артық болмайды.

Мысалы: command. com

paper. doc

autoexec. bat

/ \

файл аты файл кеңейтілуі

Файл атының кеңейтілуі болмаса да болады. Ол, шарт бойынша файлдың мазмұнын сипаттайды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.

Көпшілік бағдарламалар файл атының кеңейтілуін қолданады, сол арқылы файлдың қандай бағдарламада жасалғанын білуге болады.

Мысалдар:

. com. exe - орындауға дайын бағдарламалар;

. bat - командалық файлдар;

. pas - Паскальдегі бағдарламалар;

. for - Фортрандағы бағдарламалар;

. с - СИ бағдарламалары;

. asm - Ассемблердегі бағдарламалар;

. bak - Файл көшірмесі, өзгертудің алдында алынған.

Файл атауы үшін кіші және бас әріптер бірдей, себебі DOS барлық кіші әріптерді сәйкестендіре бас әріптерге ауыстырады.

Файл атауын тек латын әріптерімен жазу керек. Көп командаларда файл атауларында файл тобын көрсету үшін * және ? белгілерін қолдануға болады.

** - шаблон немесе файл атауының нұсқауы (маска) . * белгісі атауының немесе файл атының кеңеюіндегі кез-келген санын білдіреді. ? белгісі файл атындағы немесе кеңеюіндегі кез-келген белгінің барын немесе жоғын білдіреді.

Мысалы:

*. bak - Bak атты кеңейтілу аты бар файлдар;

С*. d* - С-тен басталатын атауы бар, D-дан басталатын кеңеюі бар барлық файлдар;

a:\ dos \ ABS ???. * - ABS-тен басталатын атаулы және 6 белгіден көп болмайтын барлық файлдар.

Каталогтар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
WINDOWS туралы жалпы мәліметтер
Windows жүйесінің негізгі функциялары
Windows туралы жалпы ақпарат
WINDOWS жүйесі
Windows жүйедегі жұмыс істеу негіздері
Windows 98
Windows туралы жалпы мағлұматтар
Wіndows жайлы жалпы мағлұматтар
Windows жүйесі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz