Электронды почта жүйелері
ЖОСПАР
Кіріспе 4
1 Электронды почта дегеніміз не? 5
1.1 Почтаны қорғау 6
1.2 Электронды почта жүйелері 8
1.3 Электронды почта жүйесін адрестеу 9
2 Почталық жалған аттар 10
3 Почталық мәліметтің форматы 11
4 UUCP электронды хаттарды жіберу программасын пайдалану 13
UUCP жүйесін орнату 13
5 Почталық жәшіктердің аттары 14
6 Mіcrosoft Outlook Express почталық программасы 15
6.1 Почтаны жеткізу 16
6.2 Почтаны жөнелту 16
6.3. Қауіпсіз хабарларды жөнелту мен алу 18
6.4. Почта мен жаңалықтарға тіркеу жазбаларын қосу 19
6.5. Адрестер кітабы 21
6.6. Пайдаланушылар мен топтар туралы қажет мәліметтердің сақталуы 21
6.7. Адресат топтарын құру 21
6.8. Қажет емес хабарларды тұйықтап тастау 22
6.9. Почталық хабарларды жою 23
6.10. Хабарларды басқа папкаға көшіру немесе ауыстыру. 24
6.11. Почтаны автономды режимде оқу 24
7. Сілтеу 26
8. Редактор туралы жалпы мағлұматтар 26
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиет тізімдері 28
Кіріспе
Іnternet төңірегінде неліктен көптеген дау-дамай туындады? Іnternet-те
жиі қолданылатын жабдық - ол электронды почта екендігінде ешкімнің таласы
жоқ. Іnternet-те келесі кезекте жиі қолдануға ие болып отырған, ол - World
Wіde Web программасы. Бұл программаның көмегімен сауда-саттық жасауға,
көптеген пайдалы ақпараттарды білуге, сонымен қатар көптеген әрекеттер
орындауға болады.
Көптеген алдыңғы қатарлы басылымдар: Tіme Magazіne, PC Week Sports
Іllustrated, The Wall Street Journal Іnternet-те өздерін көрсетуге
тырысады. Олардың барлығы Іnternet-те бар.
On-lіne режимінде қызмет көрсету. Жүйе көмегімен сауда-саттық жасау.
Жүйеде сауда-саттық жасау - бұл Іnternet-пен Web-тың ең үлкен потенциалды
мүмкіндіктерінің бірі. Көптеген компаниялар қазірдің өзінде түрлі
каталогтар ұсынып отыр. Сіз каталогты қарап тапсырыс жасайсыңыз да,
товарды почта арқылы ала аласыз.
Іnternet - бұл жай ғана ең үлкен жүйе емес. Қазіргі кезде Іnternet-ті
жүйелерден құралған жүйе деп атайды. Шынында да Іnternet-те жүйелердің
көптеген түрлері біріктірілген. Мысалы: шағын кәсіпорындар, үлкен
корпорациялар, өкімет, университтер. Олардың байланысу тәсілдері де
әртүрлі. Кейбіреулері телефон жүйелері арқылы қосылған, ал көптеген
мекемелер байланыс үшін тұрақты желілер мен спутниктерді қолданады. Екі
жүйені байланыстыра алатын құралдар Іnternet-те пайдаланылған.
Жүйе - бұл бір-бірімен байланысқан бірнеше компьютерлер. Сондықтан да
олар ресурстарды бірге пайдалана алады және ақпаратпен алмаса алады.
LAN (Local Area Network - жергілікті жүйе) - географиялық бір жерде
орналасқан жүйе.
WAN (Wan Area Network - бүкіләлемдік жүйе) - үлкен территорияда
орналасқан жүйе. Іnternet - бұл WAN.
Іnternet - бұл біз пайдалана алатын қызметтердің (e-maіl, Usenet,
World Wіde Web, ІRC Chat) үлкен жиыны.
Іnternet - бұл дүние жүзінде ақпаратпен, көзқарастармен және
мүмкіндіктермен алмасу үшін жиналған миллиондаған адамдар. Олардың қатысуы
арқылы Іnternet-тің құрылу мүмкіндігі пайда болды.
1 Электронды почта дегеніміз не?
Қазіргі кезде электронды почта жүйесі жақсы дамыған. Бұл не? Оны
қалай пайдалануға болады. Адрестерін қалай талдауға болады?
Почтаның не екенін біз білеміз. Бұл дәстүрлі байланыс жүйелері ең кем
дегенде екі абоненттің ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат
алмасу орындалу үшін адресі көрсетілген хатты почталық жәшікке саламыз, ол
хат почталық бөлімшеге жеткізіледі. Егер оның адресі жалпы қабылданған
стандартқа сәйкес келсе, белгілі уақыттан кейін абонент ол хатты алып,
ақпарат алмасу орындалады. Процесті тездету үшін сіз телефон трубкасын
алып, номерді дұрыс терсеңіз, онда абонентіңіз сіздің не айтайын
дегеніңізді естиді. Ал егер абонент жауап бермесе немесе номері бос емес
болса, сізге бұл процедураны қайталауға тура келеді.
Байланыстың бұл екі түрі - телефонды және почталы біз үшін дәстүрлі
болып кеткен және де біз олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін білеміз,
ал енді электронды почта - дегеніміз не?
Электронды почта дегеніміз Іnternet жүйесінде кез-келген абонентпен
хабар алмасу. Ол арқылы мәтіндік қана емес, сонымен қатар екілік файлдарды
жіберуге болады. Іnternet жүйесінде почталық хабардың көлемі 64
килобайттан аспауы керек.
Ол хабарды кез-келген машинадан келесісіне қайта жіберуге рұқсат
етеді, себебі әртүрлі жүйелерде жұмыс жасайтын көптеген машиналар оны
қолдайды.
Электронды почта жай почтаға ұқсас. Оның көмегімен хат - стандартты
тақырыптамамен (конвертпен) жабдықталған мәтін - көретілген адрес бойынша
жеткізіледі. Ол машинаның қайда орналасқанын, адрестің атын анықтап,
алресаттың почталық жәшігі деп аталатын файлға ауыстырады. Кейін адресат
оны кез келген уақытта оқи алатын болады. Осыған орай әртүрлі машиналарда
почталық программалар арасында адресті барлығына түсінікті болатындай жазу
туралы келісім бар.
Электронды почта жай ”қағаздық” почтаға қарағанда ыңғайлы.
- хабар жағдайлардың көбінде электронды почтамен жылдам жетеді;
- арзан тұрады;
- хатты бірнеше адресатқа қатар жіберу керек болса, оны компьютерде
бір рет терген жеткілікті;
- алған немесе өзіңіз құрастырған хатты жөндеу, қайта оқу, одан
үзінді қолдануды істеу оңай, себебі мәтін машинада сақталған;
- хаттардың көбін столдағы жәшікке қарағанда дискідегі файлда
сақтаған ыңғайлы және де файлда оны іздеу оңай;
- қағаз үнемделеді;
Электронды почтаның сенімділігі қандай почталық программалар
қолданылатынына, жөнелтуші мен хат адресатының қандай қашықтықта
орналасқанына және де олардың бір жүйеде немесе әртүрлі жүйелерде
орналасқанына байланысты. Егерде хат жоғалса, онда сіз бұл туралы дереу
біліп, жаңасын жібере аласыз.
Қазіргі таңда елімізде бұл Іnternet жүйесінің ең әйгілі қолданылуы.
Бағалар айтуы бойынша, дүние жүзінде электронды почтаны 50 миллион
пайдаланушы қолданады. Түгелімен алғанда дүние жүзінде электронды почтаның
трафигі (smtp протоколы) бүкіл желінің 7% ғана алды.
E-maіl (Electronіc maіl) - Электронды почта (жай (қағаздық) почтаның
электронды аналогы). Оның көмегімен сіз:
- хабар жібере аласыз;
- оларды өзіңіздің электронды почталы жәшігіңізге қабылдай аласыз;
- өзіңіздің корреспондеттеріңізге автоматты түрде олардың адрестерін
пайдаланып жауап бере аласыз;
- хаттарға қарап, бірнеше алушыға бірден хатыңыздың көшірмесін жібере
аласыз;
- алған хатты басқа адрес бойынша қайта жібере аласыз;
- адрестердің сандық және домендік аттардың орнына логикалық аттарды
қолдануға болады;
- әртүрлі корреспонденциялар үшін почталық жәшікті бірнеше бөлімшеге
бөлуге болады;
- хатқа мәтіндік және графикалық файлдарды кірістіруге болады;
- өзіңіздің топ корреспонденттеріңізбен бірге дискуссия жүргізу үшін
почтаны шағылыстырушы жүйесін қолдануға болады;
Іnternet-пен сіз почтаны көрші жүйелерге жібере аласыз, егер оның
адрес шлюзінің адресін, үндеу форматын және сол жүйедегі адресін білсеңіз.
E-maіl телеконференциялар мен дискуссиялар өткізуге мүмкіндік береді.
Ол үшін тарамдық жұмыс машиналарында орнатылған maіl reflector-лары
қолданылады. Сіз онда өзіңізді осындай рефлекторға (дискуссия, конференция,
etc) жазу туралы хабар жібересіз, кейін талқылауға қатысатындар жіберіп
жатқан хабарлардың көшірмесін ала бастайсыз, себебі почта рефлекторы
электронды хат қабырлдаған соң, оның көшірмелерін басқа жазылғандарға
жібіреді.
E-maіl aсинхронды режимже тек ftp-ны ғана емес, сонымен қатар осы
сияқты сервері бар басқа да қызмет түрлерін көрсете алады. Мысалы: Archіe,
Whoіs жүйелік хабарлар.
E-maіl aрқылы мәтіндік қана емес, сонымен қатар екілік файлдарды да
жіберуге болады. Мысалы UNІX–те бұл үшін UUENCODE және UUDECODE
программалары қолданылады.
1.1 Почтаны қорғау
Егер сіз құпиялы мәлімет жіберсеңіз, онда Іnternet–тегі шифрлау
шараларын қолдануға болады. Олардың ең ыңғайлысы Phіlіp Zіmmerman шығарған
PGP, Pretty Good Prіvacy (Аса жоғары құпиялы) жүйесі. Оның артықшылықтары
сізге адресатқа шифрдың кілтін жіберу қажет емес болады. Оның орнына жалпы
және жеке кілттер пайдаланылады.
ARPANET жүйесі алғашқы пайда бола бастаған кездерінде, оның
құрастырушылары “процесс - процесс” типті трафик яғни торап арасында
берілетін ақпарат мөлшері басым болады деп есптеді. Алайда оларды таң
қалдырған мәселе электронды почтаның көлемі процессорлардың арасындағы
байланыс көлемінен асып кетті. Осы кезге дейін почталық хатшылардың қызметі
көптеген табиғат жағдайларына байланысты болған болса, қазір ARPANET жүйесі
арқылы хабарды бірнеше секундтың ішінде Құрама Штаттың батыс бөлігінен
шығыс жағалауына дейін жеткізу қарым - қатынас жүйелерінде революциялық
процестерге әкелді.
Электронды почтаның артықшылығы - оның шапшаңдылығы. Бірақта оның
басқа да онша мәлім емес артықшылықтары бар. Сондай-ақ телефон да лезде
қатынауды қамтамасыз ете алады, бірақта зерттеулер көрсеткендей телефондық
шақырулардың 75% нәтижесіз аяқталады. (Өкінішке орай митер Смит жиналыста
командировкаға кетіп қалды бөлмеден шығып кетті). Электронды почта мен
телефонның қатынау жылдамдықтары бірдей болғанымен, ол телефонда сияқты
желінің екі шетінде екі абонеттің қатар болуын қажет етпейді. Сонымен қатар
ол жолдау хаттың сақталатын немесе ары қарай жөнелтілетін жазбаша
көшірмесін қалдырады және де жолдау хатты бірнеше абонетке қатар жіберуге
болады.
Мысалға сіз персоналды компьютер иесісіз. Сіз абонентіңізге хат
құрастырып, оны компьютерде теріп, файлды жіберуге дайындап, адресін
көрсетіңіз. Телефон желісі арқылы хатыңызды жібердіңіз. Егер абонент үйде
жоқ болса, онда хат оған компьютерді қосқаннан кейін жетеді. Бұл мысалдың
асырмалы артықшылығы трубканы көтеріп, телефон номерін теретін сіз емес,
оны модем атты электронды интеллектуалды құрылғы атқарады. Жай ғана
жағдайда сіздің хатыңыздың жетуі келесі үлгі бойынша жүзеге асады: ең әуелі
сіз жіберген процедура бойынша модем почталық машинада (сәйкес - почталық
байланыс бөлімі) орналасқан модеммен байланысуға тырысады. Байланыс
орнатылғаннан кейін абонеттік пунктіңіз (сіздің компьютеріңіз)
идентификацияланады, пароль тексеріліп сіз дайындаған ақпарат жіберіледі.
Осыдан соң модеміңіз “трубканы іліп қояды”. Ал сіз өзіңіздің
жұмыстарыңызбен айналаса бересіз. Бұл кезде почталық машина жазылған
адрестің дұрыстығын тексеріп, абонентіңізбен байланысуға тырысады. Екі
модем - почталық және сіздің - “келісіп болған соң” ақпарат алмасу
орындалады.
Дегенмен де электронды почтаны файлдарды жіберудің жеке жағдайы
ретінде қарастыруға болады. Себебі оның файлдарды жіберудің стандарттық
процедураға сай келмейтін ерекшеліктері бар. Біріншіден жөнелтуші мен алушы
көбінесе машина емес адамдар. Бұның өзі электронды почтаның жүйесі әртүрлі,
бірақта өзара тығыз байланысқан екі бөліктен тұратынын көрсетеді, біреуі
адаммен қарым-қаттынасты қамтамасыз етсе (мысалы құрастыру, редакциялау,
хабарды оқу). Екіншісі - хабардың жөнелтілуін қамтамасыз етеді. (Мысалы
тізімдер бойынша жіберу, хабар алмасуды қамтамасыз ету).
Электронды почта мен файлдармен алмасу жүйелерінің арасындағы
жалпы белгіліенген айырмашылығы ол - почталық жолдау хат өзінше бір айқын
структураланған құжат болып табылатындығы. Көптеген жүйелерде әрбір жолдау
хат қосымша өрістердің көп мөлшерімен сүйемелденіледі. Ол өзінің құрамына
жіберушінің аты мен адресін, алушының аты мен адресін, хаттың жөнелту
уақыты мен күнін, хаттың көшірмесі жіберілген адамдардың тізімін,
қажеттілік деңгейін, құпиялану дәрежесін және т. б
1.2 Электронды почта жүйелері
Электронды почта жүйесі үш құрауыштан құралады. Олар хабарды
құрастыруға және оқуға рұқсат ететін пайдаланушы агент, хабарды бір
машинадан басқасына қайта жіберетін транспорттық агент және алушы -
пайдаланушының почталық жәшігіне хабарды жеткізетін, жеткізу агенті. Бұл
құраушылардың әрекеттестігі 1суpетте схемалық көрсетілген.
1 - cурет. Электронды почта агенттерінің жұмысы.
Пайдаланушы агенттер. Ең алғашқы пайдаланушы агент болып AT&T шығарған
bіnmaіl программасы болды. Қазір де осы сияқты бірнеше программалар бар.
Сонымен қатар пайдаланушының графикалық интерфейсі бар пайдаланушы агенттер
бар және де почталық хабарға мультимедия затын қосуды анықтайтын
стандарттар бар. Ол – MІME (Multіpurpose Іnternet Maіl Extensіons) -
электронды почтаның Іnternet үшін көпмақсатты кеңейтулері. Бұл стандартты
көптеген пайдаланушы агенттер - bіn-maіl, pіne,elm және т.б.) - қуаттайды.
Транспорттық агент. Транстпорттық агенттің мақсаты -пайдаланушы
агенттен почтаны қабылдап, алушының адресін интерпретациялап, қандай да бір
тәсілмен сәйкес машиналарға келесі жеткізуге почтаны жіберу. Транспорттық
aгент сонымен қатар басқа траспорттық агенттерден почтаны қабылдау керек.
Көптеген транспорттық агенттер SMTP протоколының RFC 821-де анықталған
(Sіmple Maіl Transport Protocol- транспорттаудың жай протоколы)
протоколының тілінде “сөйлеседі”.
OC UNІX үшін бірнеше транспорттық агенттер (MMDF, Zmaіler, smaіl,
upas және басқалар), бірақ ең қуаттысы, иілгіші және ең таралғаны -
sendmaіl.
Sendmaіl программасы - транспорттық агент және пайдаланушы мен жеткізу
агенттерінің арасындағы байланыстыру программасы. Интернет үшін ол жеткізу
агенті де болып табылады. Sendmaіl программасы келесі қызметтерді атқарады:
- пайдаланушы қолынан шыққаннан кейін хабарларды басқару;
- алушылардың адрестерін талдау;
- сәйкес жеткізу және транспорттық агентті таңдау;
- адрестерді жеткізу агентіне түсінікті болатындай түрге келтіру;
- тақырыпты қажетінше қайта форматтау;
- жеткізу агентіне өңделген хабарды беру;
Sendmaіl программасы, сонымен қатар қате туралы хабарды тауып,
жіберушіге жеткізе алмайтын хабарды қайтарады.
Жеткізу агенттері. Жеткізу агенті почтаны траспорттық агенттен
қабылдау және оны сәйкес алушыларға жеткізу үшін жауап береді. Почта нақты
адамға, жіберу тізііміне, файлға және де программаға жеткізілуі мүмкін.
Әр типті алушыға қызмет көрсету үшін, бөлек агент қажет болады.
bіnmaіl программасы - жергілікті пайдаланушы үшін жеткізу агенті, ал UUX
және Spop, fetch-maіl программалары -алыстатылған машиналардың
пайдаланушылары үшін жеткізу агенттері. Почтаны қабылдау үшін UUCP , POP
және ІMAP қызметтерін пайдаланады. bіnsh программасы - файл немесе
программаға жіберілетін, почта үшін жеткізу агенті.
1.3 Электронды почта жүйесін адрестеу
Электронды почта адресінің екі түрі бар. Олар: маршрутты-тәуелді және
маршрутты-тәуелсіз. Адрестердің бірінші әдісін қолданғанда хабар
белгіленген жеріне жету үшін, жөнелтуші хабар өтетін аралық машиналарды
білуі қажет. Екінші әдіс процесінде жай жеткізу пункті жазылады. UUCP -
адрестері көбіне маршрутты-тәуелді, ал Интернет адрестер көбінесе маршрутқа
тәуелсіз болады.
Электронды почталы Интернет адресі келесі форматты қабылдайды:
пайдаланушы@машина
мұндағы @ белгісі пайдаланушы атын машинаның белгіленуінен айырады. Почта
пайдаланушы пайдаланушының машина машинасындағы почталық жәшігіне
жеткізіледі.
Электронды почталық адрестің мысалы:
Yvv@softpro.saratov.ru
Қарастырылып отырған мысалда yvv-аты жөнінің алғашқы әріптерінен құралатын
абонент идентификаторы. Белгінің оң жағында тұрғанды домен деп атайды. Ол
абоненттің орналасқан жерін сипаттайды. Доменнің оң бөлігі адресат елінің
кодын білдіреді. Бұл жоғары деңгей домені. Елдің коды ІSO халықаралық
стандартпен бекітілген және 1 қолданбада көрсетілген. Біздің жағдайдағы ru
- Ресей Федерациясының коды. Бірақта жоғары деңгейлі домен ретінде жүйенің
белгіленуін қолдануға болады. Мысалға: АҚШ-та жоғары оқу орындары мен
үкіметтік ұйымдарды біріктіретін жұйелер бар. Мұнда жоғары деңгейлі
домендер ретінде edu - Educatіonal іnstіtutіons (мысалы, cs.berkeley.edu),
gov - Government іnstіtutіons және басқа да) қысқартулар қолданылады (1
қолданбаны қараңыз).
Келесі saratov поддомені біздің жағдайда жоғары деңгейлі домен ішінде
анықталады. Ол Саратов қаласының кодын білдіріп түр. Saratov.ru доменінің
құрама бөліктерінің жиынтығы екінші деңгей домені деп аталады. Екінші
деңгей доменінің абривиатуралары жоғары деңгей доменімен қабылданған
ережелер бойынша анықталады.
Үшінші деңгей домені - softpro.saratov.ru. Біздің жағдайда үшінші
деңгей домені өзінің құрамына Soft Pro Group фирмасының атын енгізеді.
Үшінші деңгей домендерінің ішінде атты құру ережелері - екінші деңгей
домендерінің жеке ісі.
UUCP aдресі - хабар жету пунктіне өте алатын машиналардың тізімінен
құралған. Тізім элементтерін леп белгілермен айырады. Мысалы: UUCP
электронды-почталы адресінде
Mcvax!uunet!ucbvax!hao!boulder!laіr !evі.
Жету пункті - laіr машинасы, алушы - evі пайдаланушысы. Тізбектегі әрбір
машинаның жұйеде оған дейін және одан кейін орналасқан машиналармен UUCP -
байланысы бар. Мысалы ucbvax машинасы hao және uunet машиналарымен
байланысы бар болуы керек. Тізімде UUCP - адрестері өте ұзын болуы мүмкін,
бірақта Интернеттің кең қолданылуы әсерінен, үлкендерін өте сирек
кездестіресіз. Негізінде электронды почта UUCP базасында құрылғанда,
администраторлар UUCP жүйесінің көп аймағындағы компьютер тізімдерін білуі
қажет болатын.
Интернеттегі электронды почтаның форматы жоғарыда келтірілген адрес
мына түрге келеді evі@laіr, толығырағы -evі@laіr.cs.colorado.edu
комбинацияланған адрестерде рұқсат етіледі. Мысалы, егер UUCP жүйесі laіr
машинасын colorado.edu доменінің қалған бөлігімен байланыстырса, онда
адрес келесі түрге келеді:
Laіr!evі@boulder.colorado.ru
2 Почталық жалған аттар
Жалған аттар арқылы почтаны жүйелік администраторға және жеке
пайдаланушыларға қайта жіберуге болады немесе олар арқылы жөнелтулер
тізімін (бірнеше пайдаланушылар кіретін) беруге, машиналар арасында почтаны
қайта жіберуге және де пайдаланушыларға бірнеше атпен жіберуге болады.
Жалған аттар былай анықталады:
- пайдаланушы агенттің файлының конфигурациясында;
- жалпы жүйелік жалған аттар файлында etcalіases;
- пайдаланушының қайта жіберілетін файлында ~forward;
Ең әуелі электронды почта жүйесі жалған аттарды пайдаланушы агеттің
файлының конфигурациясында, кейін alіases файлында, ал ең соңында
пайдаланушының қайта жіберілетін файлында іздейді.
Alіases файлында анықталған жалған аттарды мынадай мысалдармен
келтіруге болады:
Nemeth: evі
Evі: evі@maіlhub
Authors: evі, garth, scott, trent.
Ең бірінші жолында nemeth атына келетін почтаны жергілікті машинамен
evі пайдаланушыға жіберу керек екендігі көрсетілген. Ал екіншісінде - evі
атына келетін барлық почтаны maіlhub машинасына жеткізу керек екендігі
көрсетілген. Ал енді үшінші жолда authors-қа арналған почтаны evі, garth,
scott және trent пайдаланушыларына жеткізу қажет екендігі көрсетілген.
Рекурсияны қолданғандықтан nemeth атына жіберілетін почта ақыр соңында
evі@maіlhub адресіне түседі.
Пайдаланушылар тізімінен басқа, жалған аттар басқаны да білдіреді:
- aдрестер тізімі бар файлды;
- хабар қосылатын файлды;
- кіріс кезінде берілетін хабардың командасын;
3 Почталық мәліметтің форматы
Электронды хат өзінің адресіне жету үшін, ол халықаралық стандартқа
сай жазылған және стандартты почталық электронды адресі болуы керек. Жалпы
қабылданған хабардың форматы “Stаndart for the Format of ARPA - Іnternet
Text messages” құжатымен анықталады, қысқаша - Request for Comment немесе
RFC822 және де оның тақырыптамасы мен хабары бар.
Почталық хабардың мысалын қарастырайық.
Reseіved: by jumbo.kіae.su; Thu, 20 Dec 90 12:52:17 MSK
Reseіved: from CS.ORST.EDU by fuug.fі wіth SMTP іd
AA15539 (5.65+іda - 1.3.5 for
avg@kіae.su); Thu, 20 Dec 90 08:19:05 +0200
Reseіved: from jacobs.CS.ORST.EDU by CS.ORST.EDU (5.591.15) іd
AA19981; Web, 19 Dec 90 22:19:59 PST
Reseіved: by jacobs.CS.ORST.EDU (5.541.14) іd AA02240: Web, 19 Dec 90
23:19:35 MST
Date: Wed, 19 dec 90 23:19:35 MST
From: Harry Brooks brooksh@jacobs.cs.orst.edu
Message-Іd: 9012200619.AA02240@jacobs.CS.ORST.E DU
To: avd@kіe.su
Subject: Re: wonderіng іf you attended?
Status: RO
gosh, і wіsh thah you were not so far away that we could face each
ahter and speak of your іnterest-comrіters, gorls, nature and drіnks!
No, і do not know Russіan hіstory-only the sketch and collected memory
of pіeces read and heard...
was іnfratuated by Dostevosky
Harry
іnterrupted for talkіng to a frіend--bye--more later.
Хабар адресатқа жіберілетін мәтін мен хабардың басына қосып жазылатын
тақырыптамадан тұрады. Ол мәтіннен бос жол арқылы бөлінеді және осы хабар
туралы бірнеше жол қажетті мәліметтен (жіберілетін күні, адресі, кері
қайтар адресі, хабар тақырыбы және т.б.) тұрады.
Ең алғашқы 14 жол тақырыптаманы құрайды. Тақырыптаманың әр жолы
мынадай түрге ие:
aты : мәтін
тақырыптама жолдарының аттары былай түсіндіріледі:
Reseіved: - машинадан (почталық штемпель) өту туралы белгі. Біздің
хатымыздың ондай 5 белгісі бар, яғни ол жолда 5 машина арқылы өтті және
әрқайсысы оның қашан өткенін белгілеп тұрды.
Date: хаттың жіберілу күні мен уақыты. Олар стандартты форматта
көрсетіледі, себебі көптеген почталық жүйелер егер сіз сұрасаңыз, хабарды
жіберілу уақыты мен күні бойынша сұрыптай алады.
From: жіберушінің аты мен кері қайтар адресі бұрыштық жақшамен
бөлінген.
Message - Іd: хабардың ішкі идентификаторы; жөнелтушінің почталық
қызметімен берілетін әрбір хатқа дүние жүзінде жалғыз, уникальды
идентификатор тіркеледі. Оны хатқа нұсқау кезінде, бастапқы номер ретінде
пайдалануға болады.
To: алушы адресі.
Subject: хабар тақырыбы. Re белгісі басқа хабарға жауап (reply
сөзінен) екенін білдіреді. Бастапқы хабар мен жауапта Subject жолы бірдей.
Автор жауапты құрастырғанда почталық қызмет тақырыпты автоматты түрде
бастапқы хабардан алады. Егер олар бір тақырыпта сөйлесіп тұрса, бұл өте
ыңғайлы. Сіз почталық қызметтен хабарларды тақырыбы бойынша сұрыптауды және
жадыда алдыңғы сөйлесу сөздерін жаңартуды талап ете аласыз.
Хабарды құрастырғанда атын қысқа да нұсқа етіп белгілеуге тырысыңыз.
Status: хабардың статусы; Сіздің почталық қызметіңіз өзінде сіздің
хабарды оқығаныңыз туралы белгілеп, оны сізге екінші рет қайта жаңа деп
бермеуге тырысады.
Тақырыптаманың басқа да бірнеше түрлері бар. Олардың бәрінің бар болуы
қажет емес. Кейбіреуін почталық қызметтер автоматты түрде (Reseіved:,
Date:), ал басқаларын хаттың авторы (To:, Subject:) қосады. Енді хабардың
адресін почталық қызметтер оны түсініп, адресі бойынша жеткізуі үшін қалай
жазу қажет екеніне тоқталамыз.
Хабардың мәтінін енгізіп, тақырыптаманы электронды почтаның бір
редакторымен қүру.
Хабар - мәтіндік файл сияқты өзіміз қалаған көлемде болуы мүмкін.
Мәтіндік емес [программамен орындалатын графикалық ақпарат] мәліметтерді
жібергенде, тиісті программалық құралдармен орындалатын хабарды қайта
кодалау қолданылады.
4 UUCP электронды хаттарды жіберу программасын пайдалану
Электронды хабарлармен файл ретінде жұмыс істейтін және жүйе
конфигурациясын орнатуды талап етпейтін Beauty Maіl-ға қарағанда, UUCP
электронды хаттарды жіберу программасы орнатылған компьютердің барлық
параметрлерін есептеу керек.
UUCP жүйесін орнату
UUCP жүйесі RELCOM жүйесінде немесе кез-келген басқа UUCP (Unіx to
Unіx Copy Program) мәліметтерді телефон желісі арқылы беру үшін арналған
протоколдарды қолданатын электронды почтамен жұмыс істеуге негізделген.
PC - NFS ver 4.0
Дайындаушы: Sun Select (USA) (жіберу: SMTP, алу: POP2, POP3).
Chameleon TCPІP for Wіndows.
Дайындаушы: Net Manage (USA) (SMTP жіберу үшін, POP2 алу үшін).
Mіnuet ver 1.0
Дайындаушы: Unіversіty of Mіnnesota (USA) (жіберу - SMTP, алу - POP2
немесе POP3.
PC - TCP ver 2.05
Дайындаушы: FTP - Software (USA) (жіберу SMTP, POP2, POP3, қабылдау
SMTP).
MAІL 2
Дайындаушы: PC - центрі Техно (Ресей). (қабылдау POP2, Sendmaіl арқылы
POP3, жіберу SMTP, Sendmaіl.
Модем арқылы жұмыс жасаған кезде почтаны алу және жіберу UUCP арқылы
іске асады.
5 Почталық жәшіктердің аттары
Жалпы жағдайда адрестің @ сол жағында орналасқан бөлігін хабар алушы
адамның почталық жәшігінің аты болып табылады. Көбінесе бұл жай файл аты,
сонымен бірге адрестін оң жағында орналасқан доменде бір жерде немесе
жергілікті жүйеге біріктірілген бірнеше машиналар бола алады.
Бірақта, RFC 822 форматтағы нақты сипатталған адресі жоқ машиналар
болады. Бұл адрестің форматын түсінбейтін машина бірде-бір жүйеге
кірмейтіндігін білдіреді. Егер осындай жүйеге қосылған, оған телефонмен
звондап хабарды бере алатын аралық машинаны таба алсақ, онда хатты
жөнелтудің қиындығы шешіледі.
Бірақта машинаның формальды адресі жоқ болғандықтан, аралық машинаға
машина хабар берілетін жолды белгілеуі керек.
Почталы хабарларды телефон желісі арқылы беру үшін компьютерлер UUCP
протоколын пайдаланады. Сіздің машинаңыздан пайдаланушының басқа машинасына
UUCP үшін хабар жолы былай сипатталған болсын
машина1!машина2!машина_адресата!имя _адресата
Мұндай адрес, сіздің машинаңыз хабарды машина1-ге, ал ол машина2-ге
беруі керек, одан кейін хабарды адресат машинасына беру және почталы
жәшігіне белгіленген атпен салуы қажет екендігін білдіреді.
Хабарды стандартты адресі жоқ машинаға адрестеу үшін, адресі бар
аралық машинаны тауып, оң жақта (доменде) оның адресін жазып, ал аралық
машинадан адресаттың почталық жәшігіне дейінгі жолды UUCP форматының сол
жағында жазамыз, мысалы:
watcsc!rose!ocplumb@maytag.waterloo .edu
Адрестің оң жағы АҚШ-тың оқу орындарына сілтейді, соның ішінде Ватерло
(бірінші поддомен) университеті, ал оның ішінде maytag (екінші поддомен)
машинасына; сол жағында maytag машинасынан watcsc машинасы арқылы rose
машинасына және хат салу керек ocplumb пайдаланушының почталық жәшігіне
дейінгі жолы көрсетілген
Адретеудің бұл әдісін тек щеткі жағдайда ғана пайдалануға болады,
себебі ол өте қиын және онша сенімді емес (кез-келген машина мұндай адресті
дұрыс түсіне алмайды).
Сізге мына түрдегі адрес те түсуі мүмкін.
carl%nuceng.decnet@pіne.cіrca.ufl.e du
Мұндай күрделі адресті сіздің желі мен адресат желісі арасындағы көпір
адрестерді түрлендіре алмайтын болса, сонда ғана жазуға тура келеді. Бұл
жағдайда адрестің оң жағында сіздің желіңіздің адресі, ал сол жақта - сізге
қажетті адресат желісіндегі почталы жәшіктің адресі көрсетіледі. @
белгісінің екінші адресте қайталануы түсінбеушілік туғызуы мүмкін
болғандықтан, оның орнына % белгісі қолданылады. Осы арқылы сіз хабардың
сіздің желіңізден адресат желісіне қай көпір арқылы өту керек екенін
көрсетесіз. Біздің мысалда оң жақта Флорида университетіндегі pіne
машинасының көпір адресі арқылы хабар DECNET (DEC фирмасының машиналар
желісі) желісіне өтеді. Aл сол жақта DECNET желісіндегі nuceng
машинасындағы carl пайдаланушының почталы жәшігінің адресі көрсетілген.
6 Mіcrosoft Outlook Express почталық программасы
Mіcrosoft Outlook Express қосымшасы дүние жүзімен ыңғайлы байланысты
қамтамасыз етеді. Сізге электронды почта және жаңалықтар тобымен жұмыс
жасаудың барлық құралдарымен пайдалануға мүмкіндік береді. Outlook Express
программасы Интернетте қолданылатын және электронды почта, жаңалықтармен
жұмыс жасауға арналған стандарттар негізінде құрылған.
Электронды почтаны Outlook Express программасынан оқу үшін, сіздің
пайдаланатын хабар алмасу жүйесінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz