Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5бет

1. Шағын кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ...6.12 бет

1.1. Шағын кәсіпорынның маңызы мен атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.7 бет

1.2. Шағын кәсіпорын жұмысының экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.10 бет

1.3. Кәсіпкерліктің мәні және негізгі ерекшеліктері ... ... 10.12 бет

2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.23 бет

2.1 Шағын кәсіпкерлік . ұлттық экономиканы дамытудың
маңызды шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.18 бет

2.2 Қызылорда облысындағы шағын кәсіпкерліктің дамуына
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.20 бет

2.3. Жұмыспен қамтуды арттырудағы шағын кәсіпкерліктің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.23 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.26 бет

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ___________________________________ ______________3-5бет

1. Шағын кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік___________________6-12 бет

1.1. Шағын кәсіпорынның маңызы мен атқаратын
қызметтері_________________________ ___________ 6-7 бет

1.2. Шағын кәсіпорын жұмысының экономикалық
сипаттамасы________________________ ____________________7-10 бет

1.3. Кәсіпкерліктің мәні және негізгі ерекшеліктері ________10-
12 бет

2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму
жағдайы____________________________ _______________________13-23 бет

2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың
маңызды шарты______________________________ _____13-18
бет

2.2 Қызылорда облысындағы шағын кәсіпкерліктің дамуына
талдау_____________________________ ______________ 18-20
бет

3. Жұмыспен қамтуды арттырудағы шағын кәсіпкерліктің
маңызы_____________________________ ___________ 20-23 бет

Қорытынды__________________________ __________________ 24-26 бет

Пайдаланған әдебиеттер_________________________ _________ 27 бет

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Менің курстық жұмысымның тақырыбы
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы және оның жұмыспен қамтудағы
ролі. Курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімінде кәсіпорынның маңызы және міндеттері, шағын
кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы, сонымен қатар кәсіпкерліктің мәні
мен негізгі ерекшеліктері туралы тақырыптарға тоқталдым.
Екінші бөлім аты Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму
жағдайы. Яғни бұл бөлімде Қазақстан аумағындағы кәсіпкерліктің экономикалық
маңызы мен осы Қазақстан Республикасындағы Қызылорда облысының шағын
кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы, яғни оның дамуы, сонымен қатар
жұмыспен қамтуды арттырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі туралы баяндадым.
Осы шағын кәсіпкерлік, шағын кәсіпкерліктің дамуы және оның жұмыспен
қамтудағы ролі туралы жазған ғалым-жазушылардың еңбектері көптеп
қолданылды. Олар: Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, О.Б.
Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров, Ғ.С. Сейітқасымов,
М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық
экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты - олардың әлеуметтік-
экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру
мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету. Нарықтық экономиканың басты
принципіне байланысты, қандайда болмасын шаруашылық субъектілері, ол адам
болсын, жанұя, топ, ұжым, кәсіпорын, мүмкіндік түрде жұмысты іске асыруына
және экономикалық қызметте кәсіпкерлік түрін таңдап алуына құқықты.
Экономикалық қызметте кәсіпкерлік түріне әртүрлі өнім, тауар өндіру,
қызмет көрсету, сол сияқты сауда-делдалдық, қаржы-несие, ғылыми – ақпарат,
басқару жұмыстары, яғни өндіріс шеңберіндегі кез-келген жұмыс түрі, бөлісу
және қайта бөлу, айырбас, тұтыну және қоғамдық өнімді пайдалану және т.с.с.
жобалануы тиіс. Бұлардың бәрі заңға сәйкес, оған қайшы келмеуі керек.
Кез-келген экономикалық өндіріс үрдісінде жаңалау цикліндегі типтік
фазамен байланысты (өндіру – айырбас – бөлу – тұтыну) экономикалық
қызметтерді кәсіпкерлік жұмыстарға, өндірістік, коммерциялық және қаржылық
түрлеріне бөлуге болады.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл түріне тауарларын өндіруге бағытталған,
өнімді тұтынушыларға сату жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсыну
жатады. Сонымен қатар, өндіріс міндетінде негізгі мақсаттан, атап айтқанда
өндірістік ресурстар мен қамтамасыз етілуінен басқа: өнімді сақтау,
тасымалдау, өткізу және т.с.с. қосымша қызметтер кәсіпорынның негізгі
міндетін толықтырды.
Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл түріне негізінен тауар-ақша және тауар
айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады. Мысалы, тауарды
сатып алу барысында сатудың төмендегідей негізгі коммерциялық кезеңдері
анықталады:
• Тауардың түрін таңдау;
• Жоғары сапалы тауарға сатып алу бағасын белгілеу;
• Өндірген тауарға деген сұранысын белгілеу.
Қаржылық кәсіпкерлікте сатып алу және сату объектісі ретінде құнды
қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.),
валютаны, ақшаны жатқызуға болады.
Қаржылық мүмкіндігі мол сатып алушыларды тарту және оларды анықтау,
іздеу жөнінде маркетингтік жұмыс пен нарықтағы құнды қағазға талдау жүргізу
арқылы қаржы-несие келісімдерді іске асыруға жол ашылады. Қаржы
кәсіпкерлігінде негізгі қатысушы ретінде қаржы биржасы саналады.
Пікірлердің нәтижесінде, мемлекеттік қолдаудың бағыттары бойынша
бірнеше нақты шараларды іске асыру қажет.
Бірінші шара – шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғайтын салық
реформасын жасау керек, атап айтқанда, біріншіден, экономиканың бұл
секторына мемлекет тарапынан таза фискальдық көзқарасты өзгерту; екіншіден,
тиімді инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін енгізу.
Кәсіпкерлерді мемлекет қылмыстық құрылымдардан қорғауы тиіс. Сонымен
қатар, кәсіпкерлер өздерінің қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік, аймақтық,
жергілікті деңгейлерде құрып, өз-өздерін кәсіби жүйе арқылы қорғай алса
құба-құп. Құқық қорғау органдары мен кәсіпкерлердің қоғамдық
бірлестіктерінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты жан-жақты қолдап-қорғаған
жөн.
Шағын кәсіпкерлікті құқықтық қолдауда қолданыстағы заң құжаттары
талаптарының сөзсіз орындалуын және олардың мазмұнының ведомстволық
ережелермен бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте,
саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық
секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын
әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш
деңгейінің арасында да тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейдегі шағын
кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік және әдістемелік
көмек көрсетіп қоймай, аймақтық, және жергілікті деңгейдегі қолдау
құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.
Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту шараларын жетілдіру үшін:
- салықтық есеп қағидалары мен төлеу процедуралары, салық салу
базасын, салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына
өзгерістерді жылына бір реттен жиі емес мемлекеттік бюджетті
қабылдауға байланысты енгізуді шектеу және оны күнтізбелік жыл
басына енгізу;
- қаржы операцияларын қолма-қолсыз есеп айырысу жөніндегі барлық
қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын
азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;
- несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын
өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы
отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды
тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;
- шағын кәсіпкерлікті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін
лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен
бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді
қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.
Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру және оның рөлін көтеру дамыған
елдерге ғана емес, сонымен бірге Азия, Африка және Латын Америкасына
көптеген дамушы мемлекеттеріне тән екендігін атап өту қажет. Қазіргі кезде
дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі
бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында ұсақ өндірісті дамыту
және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады.
Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнесті
жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн
дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы
iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды
тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған
экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер
экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын
динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз
етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты
экономикаға жол ашады.

1.Шағын кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік

1. Шағын кәсіпорынның маңызы мен атқаратын қызметтері

Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті
жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ, шағын және орта
мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы
бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың
кәсіпкерлік ісі туралы.
Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы
дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі
замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта
және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы
көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмалар зор материалдық,
финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы
дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа
әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан соңғы уақытта шағын және орта
дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және
қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда
болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап
етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі
жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын
мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес
тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге
септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда
болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар
және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және
жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын
кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында
емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында
немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде
маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болу да
мүмкін. Шағын кәсiпкерлiктiң табысты дамуын айқындайтын басты шарттардың
бiрi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн
инфрақұрылымның жақсы дамыған және дұрыс жұмыс жасайтын элементтерiнiң
жолға қойылуы болып табылады. Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк жүйесiн құру
мен қолдау - бұл нарықтық қайта құруларды жүзеге асырып жатқан елдердiң аса
маңызды мiндетi.
     Қазiргi уақытта республикада шағын кәсiпорындардың өмiршеңдiгi мен
өркендеуiн арттыратын, жаңа отандық технологияларды жасауға және игеруге,
жоғары пайдалы ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердi шығаруға мүмкiндiк туғызатын,
шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың тиiмдi құралы болып табылатын бизнес-
инкубаторлар, технопарктер және шағын кәсiпкерлiктi дамуы жөнiндегi
орталықтары жұмыс жасауда. Бiрақ, шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын
құру идеясы Қазақстанның көптеген аймақтарында қолдау тапқанына және
тарағанына қарамастан, жұмыс iстеп тұрған ұйымдардың туындап келе жатқан
тәжiрибесi республиканың шағын кәсiпкерлiгiн қолдаудың нарықтық
инфрақұрылымын табысты дамыту үшiн жеткiлiксiз. Шағын кәсiпкерлiктi
қолдаудың республикалық жүйесiнiң дамуын тежеп отырған бiрқатар мәнiстер
бар: шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру жөнiнде
бiрыңғай әдiстемелiк ұсынымдар әзiрленген жоқ, жергiлiктi жерлердегi
атқарушы өкiметпен өзара iс қимыл жасау схемалары жасалған жоқ және т.б.
Бизнес-инкубаторлар, технопарктер, кәсiпкерлер құқықтарын қорғау жөнiндегi
қауымдастықтар, мемлекеттiк уәкiлеттi органдар көптеген кәсiпкерлер
есептеу, бизнес-жоспарлау, маркетинг, қаржылық талдау, құқықтық мәдениет
машықтарын әлсiз меңгергендiктен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi күшейту керек. Кәсiпкерлерге
заңдардағы және қажеттi құжаттарды ресiмдеудiң сол немесе өзге тәртiбiндегi
көптеген өзгерiстердi уақтылы байқап отыру қиын. Шағын кәсiпкерлiктi тиiмдi
дамыту жағдайларын жасау, шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың икемдi
жүйесiн қалыптастыру үшiн жергiлiктi атқарушы өкiмет пен кәсiпкерлердiң
қоғамдық бiрлестiктерiнiң өзара үйлескен iс-қимылы қажет. Осы мақсаттарға
жету үшiн мынадай бiрiншi кезектегi шараларды бөлiп көрсеткен дұрыс:
мемлекеттiк қолдаудың нақты шараларының мазмұны туралы толық және жариялы
ақпараттың болуы;

Кез келген кәсiпкер ала алатын, заңдар, салықтар, бәсекелестер,
клиенттер, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногының жай-күйi
туралы iскерлiк сипаттағы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық желi
қалыптастыру; шағын кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiнде осы экономика секторының
жай-күйiн және оның даму үрдiстерiн айқындауды объективтi түрде бағалау
мақсатында жүйелi зерттеулер ұйымдастыру; шағын кәсiпкерлiктiң есеп және
мемлекеттiк статистика жүйесiн жақсарту;
 шағын кәсiпкерлiк секторының қызметiн ынталандыруға, халықты жеке
бизнеспен айналысуға даярлауға, кәсiпкерлер туралы тиiстi қоғамдық пiкiр
қалыптастыруға бағытталған насихаттау және бiлiм беру науқанын ұйымдастыру.

2. Шағын кәсіпорын жұмысының экономикалық сипаттамасы

Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар
жатады:
1). Мемлекеттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке
негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)
2). Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес шаруашылық есепке
негізделген (байланыс, телекоммуникация, геодезиялық жұмыстар өндірісі және
т.б.).
Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен жұмысын
шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканың барлық және
мемлекеттің экономикалық әуелетінің дамуына әсер ететін, мемлекеттік
бюджетті айтарлықтай толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын
тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласына таралады.
Оған 90-шы жылдардың ортасындағы Қазақстан Республикасы мемле- кетінің
кәсіпкерлік қызметі мысал бола алады: Қазақстанның кен өндіру, отын-
энергетика және металлургия кешендерінің аса ірі өнеркәсіп өндіріс- терін
төлем төлей алмаушылықтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын тарта
білді.
1-кесте.

Шағын кәсіпорындардағы жұмысшылардың шектеулі саны:
• өнеркәсіпте, құрылыста және көлік саласында (автобус, троллейбус
парктері) – 100 адам;
• инновациялық қызметтерде – 60;
• көтерме саудада – 50;
• ғылыми техникалық ортада – 60;
• бөлшек сауда мен тұрмыстық қызмет көрсетуде – 30;
• басқа да салалар мен қызмет түрлерінде – 50 адам.
Шағын кәсіпкерліктің негізгі артықшылықтарына мыналарды жатқызуға
болады:
➢ алғашқы капитал салымдары мен айналым қаржылары тапшы
болған жағдайында көптеген кәсіпкерлер үшін тиімді нысан;
➢ нарықтық сұраным өзгерістеріне тез бейімделу мүмкіндігі
мен икемділігі;
➢ жұмыссыздықпен күресудегі орны мен ролі. Жұмыс орындарын
ұйымдастыруда кең мүмкіндіктің болуы;
➢ үстеме шығын шамасының анағұрлым төмендігі;
➢ басқару аппаратының ықшамдылығы;
➢ жергілікті шикізат қорларын іске жарату, тіпті өндіріс
қалдықтарын да іске асыру және басқа мүмкіндіктерді
пайдалану.

3. Кәсіпкерліктің мәні мен негізгі ерекшеліктері

Алдымен кәсіпкерлік ұғымына қазақстандық заңнамаға сәйкес анықтама
береміз, себебі кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері содан туындайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік
(предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш.
Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе
бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш
қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен,
коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау
қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне
қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады.
Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе
қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.
Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа
ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас
ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да
экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады.
Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік
қызмет термині қолданылады.
ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-б. 1-т.-на сәйкес
Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не
мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк
кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң
атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге
асырылады. Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ оны талдауы кәсіпкерліктің
төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді:
1. Дербестік.
Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп
көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік дербестік
кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік
дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субъекті жататын заңдық атағына
байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым.
Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың да айтарлықтай
мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік —
кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі.
Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық
– құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін таңдау – мұның бәрі -
ұйымдық дербестіктің көрінуі.
2. Тәуекел.
Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық
жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған
зиянды кәсіпорындардың біле тұра жол берген әкімшілік - жоспарлы экономика
кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік
тәуекел - табысты жұмысқа қуатты ынта.
3. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.
4. Жоғарыда келтірілген кәсіпкерлік анықтамасына сәйкес субъектілер
табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден
алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді талап етеді. Істің мәні мынада,
кәсіпкерлік қызмет көп қырлы және оның бағыттарын көрсетілген тізім арқылы
ұсынуға болмайды. Осылайша, субъект табысты мүлікті иелену құқығын іске
асыру барысында ала алады (мысалы, оны жалға беру кезінде. Жалдау - иелік
ету және пайдалану, бірақ иелену емес). Патент иесі табысты жүйелі түрде
алады, басқа адамдарға өзінің зияткерлік қызметі нәтижесін пайдалануына
құқығын беріп, лицензиялық шарттар жасасады.
5. Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде
заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке
тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны
60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.жатады. Олар
тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.
Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке
тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны
325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250
адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі
активтерінің жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын
заңды тұлғалар жатады.
Бұдан басқа 1997 ж. 19.06. ҚР Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Өзгертулер қабылданғанға дейін шағын кәсіпкерліктің субъектілері ойын-
сауық және шоу-бизнесі саласындағы қызметпен, банк қызметімен және
сақтандыру рыногындағы қызметпен (сақтандыру агенті қызметін қоспағанда):
бағалы қағаздардың рыногындағы қызметпен айналыса алмады.
Бүгінгі таңда ҚР Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңның
3-бабының 7-тармағына өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуіне
байланысты шағын кәсіпкерліктің субъектілері айналыса алмайтын қызметтің
жоғарыда аталған тізбесі айтарлықтай кең.
Қазіргі уақытта заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және есірткі,
психотроптық заттардың және прекурсорларының айналымымен байланысты
қызметті: акцизделетін өнімдерді (алтын, платина мен күмістен жасалған
зергерлік бұйымдарды өндіруді қоспағанда); өндіру және (немесе) өткеру,
ойын-сауық және шоу-бизнесі, стандарттау, метрология, сертификаттау, сапаны
тіркеу мен басқару саласындағы қызметті; сақтандыру рыногындағы қызметті
(сақтандыру агенті қызметін қоспағанда): бағалы қағаздардың рыногындағы
қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері
бола алмайды.
Акцизделетін өнімдердің тізбесі ҚР Салық кодексінің 257-бабында нақты
анықталғанын атап көрсетеміз. Атап айтқанда спирттің барлық түрлерi,
алкоголь өнiмi, темекi бұйымдары, құрамында темекi бар басқа бұйымдар,
албырт және бекіре балықтың уылдырығы, бензин (авиациялық бензиндi
қоспағанда), дизель отыны, жеңiл автомобильдер, оқпен ататын және газ
қаруы, шикi мұнай жатады. Ойын бизнесi, лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу
қызметтің акцизделетiн түрлерi болып табылады.
Көрсетілген заңда енгізілген өзгертулермен байланысты ойын бизнесiнің
жаңа ұғымы берілген. Бұрын ойын бизнесi делініп құмар ойындарды (казино,
бильярд), лотереяларды өткiзу түсіндірілсе, қазіргі уақытта ойын бизнесi -
құмар ойындарды ұйымдастырып, өткiзуге және (немесе) табыс табу мақсатымен
бәс тiгуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет болып табылады екен.

2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік.

2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан
Республикасы Президентінің Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен
мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы қаулысының үлкен ролі
бар.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар
бола алады:
• Қазақстанның азаматтары;
• шетел мемлекетінің азаматтары;
• Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Кәсіпкерлердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық
заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
• Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар
үшін қажетті мүліктер сатып алу;
• Барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
• Меншік түрлеріне және ұйымдастыру – құқықтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
• Кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
• Кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
• Нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі,
кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап
ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады.
Кәсіпкерлікті дамытуды белсенді түрде қолдайтын және республика үшін
оның мағынасын өзгелерден жақсы түсінетін мемлекет Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев: шағын кәсіпкерлікте еңбекке жарамды халықтың ең аз
дегенде 50%-ы жұмыс істеуіне қол жеткізу керек деген мақсатты алға
кездейсоқ қойған жоқ.
“Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым
факторлары” елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал
жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау
қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді
жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:
- еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың
кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
- оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру
(жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем
ақшалар);
- бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын
кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
- шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын
кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек.;
- ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе
сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі
кәсіпорындардың ресурстарын тарту.
Қазақстан Республикасында шағын кəсіпкерлік артық еңбек ресурстарын
жинақтайтын, қосымша жұмыс көшінің негізгі саласы болып қалады.

Шағын бизнесте жаңа жұмыс орындарын құру үшін мынадай шаралар қажет:

- əкімшілік кедергілерін азайту жəне сыбайлас жемқорлықты болдырмау
үшін, шағын бизнеспен өзара іс-əрекетте жауап беретін мемлекеттік өкімет
органдарының қызметіне бақылау жүйесін əзірлеу;

- аймақтық ұстаным бойынша шағын бизнеспен айналысатындарға өзін-өзі
ұйымдастыруды ықпал ету;

- басымды бағыттарды бөлу үшін шағын бизнестің нақты жобаларының
мəліметтер базасын құру;

- ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеу жөнінде тамақ өнімдерінің шағын-
өндірістерін ұйымдастыру үшін, жергілікті өкімет органдарының балансында
тұрған, бос қалған жəне тиімсіз пайдаланылып жүрген ғимараттарға түгендеу
жұмыстарын жүргізу;

- саудада жүрген, əсіресе əйел адамдардың еңбек жағдайын жақсарту үшін
қала жəне аудан орталықтарында ең аз төлемақымен, (электрэнергиясы,
жылумен қамтамасыз ету төлемдері) базарларда сауда жасайтындар үшін шағын
қоймалар ұйымдастыру, сауда саласында шағын бизнестің инфрақұрылымдық
қамтамасыз етілуін жақсарту;

- өнеркəсіп көлемінің өсуіне жəне республика бойынша өнімдерді тасуға
байланысты республикалық мəні бар автожолдардың бойынан жол бойындағы
инфрақұрылымдар (кемпингтер, кафелер, мотелдер жəне т.б.) объектілерінде
шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасау.

- шағын жəне отбасылық кəсіпкерлікке жəрдемдесу (шағын кредит, өнімдерді
санитарлық - эпидемиологиялық бақылаудан өткізу, сауда-алаңдарын
көркейту);

- жұмысты жаңа бастаған кəсіпкерлерге салық салу ставкасын төмендету;
- жергілікті бюджеттен қаржылық қолдау көрсету жөніндегі жобаларды қарау
кезінде құрылған жұмысшы орындарының санына ерекше көңіл бөлу.

Бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру жəне тұрмыстық қызмет көрсету
салаларында 2003 жылы 1631, 2004 жылы – 1761, 2005 жылы – 1818 жаңа жұмыс
орындарын құру жоспарланды.
Шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді өткізу
кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі – бәсекелестік
ортаның жоғарылылығы. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа
да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы
заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың
болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.
Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі
мемлекеттік саясатты жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп
көрсетуге болады. Аталған факторлар өз кезегінде шағын бизнестің дамуын
тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік береді.

Кесте 2 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымының өзгеру деңгейі

Көрсеткіштердің Жылдар 2007
аталуы 2002
жылға,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктегі қиыншылықтар мен одан шығу жолдары
Ұсақ бизнес
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Шағын кәсіпорын жұмысының экономикалық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар қалыптасуының тиімділігі және дамуы (кәсіпорын мысалында)
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
Пәндер