Web браузерлер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

Web браузерлер

Іnternet Explorer

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Соңғы кездегі Internet желісінің күрт дамып кетуі қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір- бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны падалана алатыны қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күңіңізге» айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC /Internet Society- Internet қоғамдастығы/ президентінің жақында INTERNET, бізге «даналық көзі» болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды. Internet - кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен, ауқымды /глобальный/ желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір- бірімен ТСР/ІР хаттама /протокол/ ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса болады.

Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып /беріп/, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар. Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз. Интернет /кіші әріппен жазылса/ -ТСР/ІР хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70- жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің ARPANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен, INTERNET тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір- бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

Web браузерлер

Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіgator программалық жабдықтары осы топқа жатады, оларды browser - броузер (браузер) деп атайды. Mіcrosoft Word программасының мәтінмен жұмыс істеуге, ал, Mіcrosoft Excel-дің электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналғаны сияқты Іnternet Explorer мен Netscape Navіgator, Opera, Mozilla Firefox - құжаттарын көру, олардың бірінен-біріне ауысу, яғни олармен қатынас құру құралдары болып саналады. Мұндай программаларды соңғы кезде көрсеткі (обозреватель) программалар деп те айтып жүр.

Көрсеткі программаның негізгі қызметі - Интернеттегі Web парақтарын оқып, экранда көрсету. Керекті парақты іздеп табу URL адрестерімен анықталады.

Іnternet Explorer

Сілтеуіш (Проводник) программасымен таныс адамдар Іnternet Explorer программасымен бірден қиналмай жұмыс істей береді, өйткені бұл программалардың интерфейстері өте ұқсас. Мысалы, көрсеткінің меню жолы сілтеуіштің меню жолымен бірдей десе де болады.

Көрсеткі аспаптар тақтасы желі мәліметтерімен жұмыс жасауға арналғандықтан, оның айырмашылықтары болуы да заңды құбылыс. Дегенмен, егерде көрсеткі ортасында жергілікті жаңа бума (папка) ашылса, онда оның аспаптар тақтасы Сілтеуіш программасымен бірдей болып шығады.

Көрсеткі аспаптар тақтасы батырмаларының бірінші табы басқа парақтарға ауысу ісін басқарады. Олар келесі не алдыңғы Web-парақтарына көшуді, парақ мәліметтерін жүктеуді тоқтату немесе ондағы мәліметтерді жаңарту жұмыстарын орындайды. Бұл батырмаларға Ауысу (Переход) менюі командалары сәйкес келеді, ал оның Тоқтату (Остановить), Жаңалау (Обновить) командалары Түр (Вид) менюімен алынған. Осы топтың соңғы Негізгі парақ батырмасы (Основная страница) Web-парақтарының ең негізгі бетіне - Іnternet Explorer программасы жүктелген кезде келісім бойынша бірден шығатын алғашқы бетке ауыстырады.

Іnternet Explorer терезесінің аспаптар тақтасы батырмаларының екінші тобы көрсеткішінің арнайы тақтасын ашады, олар Сілтеуіштің сол жақ терезесі ролін атқарады. Бұл тақта Интернетте мәлімет іздеуді, таңдалып алынған Web-парақтарын экранға шығаруды (жүктеуді), бұрынғы қарастырылған парақтарға оралуды қамтамасыз етеді. Оған қоса, бұл батырмаларды қолдану концепциясы Іnternet Explorer 4. 0 нұсқасымен келген Web тораптарының жаңа типтерін - Web түйіндерін пайдалануды жүзеге асыра алады. Бұл батырмаларды Түр - Көрсеткі тақталары (Вид - Панели обозревателя) командалары арқылы да ашуға мүмкіндік бар.

Көрсеткі батырмаларының соңғы тобын арнайы қызмет ету функцияларын орындау үшін пайдаланады. Түр - Толық экранды режимге көшу (Вид - Во весь экран Электрондық почта /Переход - Почта командасы) арқылы хабар жөнелту, қаріп түрлерін алмастыру (Вид - Шрифт командасы), Web - парағын қағазға шығаруды (Файл - Печать) және экрандағы мәтінді Web ішкі редакторы көмегімен түзету тәрізді жұмыстарды атқара алады.

Енді WWW мүмкіндігін іс жүзінде қолданудан мысал келтірейік. Ол үшін жұмыс үстеліндегі Іnternet Explorer көрсеткісі белгішесінде тышқанды екі рет шертеміз.

Мысал ретінде музыка әлемімен танысып көрелік. Ол үшін көпшілікке белгілі MTV музыкалық арнасы серверіне былай кіреміз: тышқан курсорын адрес қатарына орналастырып, оны бір шертеміз де, www. mtv. com деген адресті енгіземіз, соңында Еnter пернесін басу қажет.

Егер провайдерге әлі қосылмай тұрсақ, онда онымен телефон арқылы байланыс орнататын программа терезесі экранға шығады.

Терезенің Байланыс орнату (Установить связь) деген батырмасын шертеміз, сонда экранға провайдер торабы мен өз компьютерінің арасындағы байланыс нәтижесі шығады. Егер арнаның бос еместігі туралы хабар шықса, ОК батырмасын басып, шамалы уақыттан соң, осы әрекетті қайталау қажет. Байланыс сәтті орнатылған жағдайда компьютердің желімен мәлімет алмасу жылдамдығы көрсетіледі де, экранға MTV парақтарының бастапқы титул беті шығады. “MTV news” сөзін таңдап, оны тышқанмен шертеміз, сонда экранға келесі беттегі мәлімет шығады. Егер ол толық көрінбесе, терезе жақтауындағы жоғары-төмен сырғу батырмаларын баса отырып керекті мәліметтерді түгел қарап шығу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
WEB - сайт және дизайн
Web - беттерде мәтінді ұсыну
HTML - базалық технологиясы туралы ақпарат
WEB сайт түрлері
HTML-тілінің көмегімен Web-бетті қалыптастыру
Web-құжат туралы түсінік
Web - сайт құру
World Wide Web
Құжат ішінде мәтінді ұйымдастыру
HTML тілін пайдаланып Интернетке арналған компьютерлік жұлдыз жорамал бойынша Web-жоба құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz