Мәліметтерді модельдеу. Баркер әдісі

Мәліметтерді модельдеу. Баркер әдісі
Мәліметтерді модельдеудің ең кең таралған түрі ол диаграмма - «сущность-связь» болып табылады (ERD) . Осы диагриамманың көмегімен осы пән аумағына қатысты объектер, оның қасиеттері және бір-бірімен қатысы анықталады. ERD - реляциондық мәліметтер базасын жобалау үшін өте қажет болып табылады.
Ең алғаш ERD туралы нотацияны П. Чен оқыған, содан кейін оны ары қарай дамыта түскен Баркер болып табылады. Одан әрі Баркер әдісі автомобиль сататын бір компанияның модельдеу аумағында кеңінен қолданыла бастады. Осыдан Баркер әдісі деп аталып кеткен. Төменде осы компанияның бас менеджерімен сұхбаттың бір үзіндісін келтірейік: бұның бірден-бір міндеті ол - автомобильге қатысты барлық мәлімет. Ол машинаға қанша кеткенін білуі керек және машинаны құрастыруға қанша ақша кеткенін білуі керек. Осы мәліметтерді біле отырып ол осы экземплярды сата алатындай төмен баға бере алады. Сонымен қатар ол сол жердегі әр-бір сатушыға басымен жауап береді. Сондықтан ол әр-бір сатушының кім және қанша машина сатқандығына да өз басымен жауап береді.
Сатушы: ол қанша ақшаға сататындығын және төменгі құны қанша екендігін білуі керек. Сонымен қатар ол машина туралы барлық мәліметті білуі керек. Мысалы: шыққан жылы, маркасы, моделі, т. с. с.
Админстратор: оның міндеті сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шарт болып табылады. Сонымен қатар не үшін сатып алушы, машина, сатушы туралы мәлмет керек екендігін және сатушыға осы үшін қанша пайда түскендігін білуі керек.
Мәліметтерді модельдеудің ең алғашқы қадамы - осы сұхбаттасудан шыққан қортынды және мәнін бөліп көрсету болып табылады.
Мәні(Entity) - заттық аумақты қарағандағы нақты және ойдағы мәнге ие болатын объект (1-сурет) .
1-сурет . Мәнінің графикалық көрінісі
Әр-бір мән өзіне тән және ешкімге ұқсамайтын бірден-бір кейіпке ие болуы тиіс. Сонымен қатар әр-бір мән экземплярының тура сондай мән экземплярларынан айырмашылығы үлкен болуы тиіс. Солардың әрқайсысы мынадай қасиеттерге ие болады:
- әр-бір мән тек бір ғана атқа ие болуы керек және сол атқа әрқашан талдау беріліп отырылуы керек. Сол бір талдауды одан басқа аттарға қолдануға болмайды;
- мән бір немесе бірнеше атрибутқа ие болады. Олардың біреуі сол мәнге жатуы ал кейбіреулері басқа бір мәнге жатуы мүмкін;
- мән бір немесе бірнеше атрибутқа ие болуы мүмкін және сол атрибут мәннің басқаларына ұқсамайтындығын білдіреді;
- Әр-бір мән басқа модельдердің мәндерімен байланысқа түсе алады.
Енді жоғарыдағы келтірілген сұхбаттардан қортынды шығаратын болсақ, бас менеджер үшін мән болып автомашина және сатушы болып табылады екен. Ал сатушыға болса ол автомашина мен соған қатысты мәліметтер болып табылады екен. Админстраторға болса автомашина да, сатушы да, сатып алушы да, екеуінің арасындағы келісім-шарт та мән болып табылады. Енді осыдан төрт мән шығады, олар мынадай түрде болады (2-сурет) :
2-сурет
Мәліметтеоді модельдеудің келесі қадамы болып байланыстарды идентифика-циялау болып табылады.
Байланыс(Relationship) - заттық аумақтағы екі мән арасындағы атау берілген құрама. Басқаша айтқанда байланыс - бірнеше мәндердің қосылысы, құрамасы болып табылады. Яғни бір оригинал мән бірнеше экземпляр мәндерге бөлінген деп түсінуге болады. Сонымен қатар мынадай қорытындыға келуге болады: әр мән экземпляры тек қана оның «ата -анасы» болғанда ғана бар болуы мүмкін.
Байланысқа ат беріледі де ол сол байланыс сызығының аумаында болады. Әр-бір екі мән арасындағы байланыстың аты тек бірден-бір болуы керек, ал модельде олардың аттары уникалды болуы шарт емес. Байланыс аттары оның «ата-анасының» аттарымен байланысты болады. Сондықтан сөйлем мән «ата-анасының» есімімен, байланыс атымен, сөйлем дәрежесімен және мән-ұрпағының атымен берілуі мүмкін.
Мысалы, сатушы мен келісім-шарт арасындағы байланыс мынадай түрде болады:
- сатушы бір немесе бірнеше келісім-шарт үшін сый-ақы алуы мүмкін
- келісім-шарт тек бір адамның атынан ғана болуы керек
Байланыс дәрежесі мен міндеті графикалық түрде былай көрсетіледі (3-сурет) :
3-сурет
Енді сатушы мен келісім-шарт арасындағы ә сөйлемнің графикалық сипатына қарайық (4-сурет) :
4-сурет
Басқа қалған мәндердің арасындағы байланыстарды былай көрсетуге болады:
5-сурет
Мәліметтерді модельдеудің соңғы қадамы болып - атрибуттарды идентификациялау болып табылады.
Атрибут - заттық аумақтағы мәннің квалификация жағынан, талдау жағынан, классификация жағынан, сандық характеристика жағынан немесе күйі жағынан алынған мінездеме. Атрибут біріккен объектердің (адам, орын, күй, т. б. ) бірлесуінің қасиеті мен мінездемесінің типі болып табылады. Ал атрибут экземпляры - жиынның бір мүшесінің бөлектенген мінездемесі болып табылады. Атрибут экземпляры сол мүшенің мінездемесінің типі мен мағынасының типімен анықталады. ER-моделінде атрибуттар нақты түрде мәндермен бірлесіп келеді. Сондықтан мән экземпляры бірлескен атрибуттар үшін тек бір ғана нақты мағынаға ие болуы керек.
Атрибут нақты немесе нақты емес болуы мүмкін (6-сурет) . Нақты дегеніміз ол атрибуттың анықталмаған мәндерді қабылдай алмайтындығын көрсетеді (null values) . Атрибут түсіндірмелі болуы мүмкін немесе тек бірден-бір ғана идентификатор құрамына кіруі мүмкін.
Бірден-бір идентификатор - бұл әр мән экземплярын бірден-бір ғана әдіспен талдауға арналған атрибут немесе атрибуттар жиыны. Егер әр мән экземплярлары толығымен талданып болғаннан кейін олар өздерінің кілттік атрибуттарымен талдау жасайды. Болмаған жағдайда олардың талдауына басқа бір мән қатынасады (7-сурет) .
6-сурет
Толық идентификация
Басқа мән идентификациясы
7-сурет
Әр атрибут тек бір ғана атқа ие болады. Ол ат сол атрибут мінездемесін сипаттап тұруы керек. Атрибуттар бір блоктың ішіндегі бірлескен мәндердің тізімі ретінде де беріледі. Және де атрибуттар бөлек бір қатарға ие болады. Бірінші кілттік атрибуттар тізімнің жоғарғы жағынан орын алады және # символмен белгіленеді. Сонымен қатар әр-бір мән өзіне тән кілтке ие болуы тиіс. Мәннің мүмкіндік кілті - ақыры бір экземплярды анықтайтын (мүмкін болатын) атрибут немесе атрибуттар жиыны. Бірнеше мүмкін болатын кілтердің арасынан тек біреуі ғана біріншілік кілт болып табылады да, қалғандары альтернативті болып саналады. Енді осы ақпараттарға сүйене отырып тағы бір диаграмманы қарастырайық (8-сурет) . Осы аталған мәліметтер моделінен басқа да түрлері болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz