WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс


2. 3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
№ 1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс (1 сағат) .
Windows - тiң негiзгi объектерi
Жұмыстың мақсаты: Windows-тiң негiзгi тәсiлдерiн мазмұндау, Windows ортасында бағдарлауды үйрену, ұғымдар кiргiзу:
Жұмыс столы
Тапсырмалар панелi
Бас меню
«Тышқан » түрi бар манипулятор
Менiң компьютерiм
WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс
Windows кез-келген ситуацияны (мәтiн, графика, программа және т. б. ) өңдейтiн операциялық жүйе. Ол қолданушыларға ыңғайлы графикалық құалдармен қатар осы ортада бiр мезгілде бiрнеше операцияларды орындау, прграмманы тез iске қосу мүмкiндiктерiн бередi.
WINDOWS - тiң негізгі объектері
1 Жұмыс столы
Компьютер iске қосылғаннан кейiн бiрден Windows операциялық жүйесi жүктеледi. Операциялық жүйе жүктелгенде, экранда жүйелiк буманың, құжаттардың ярлыктары және таңбалары болады. Таңбалары, шартбелгiлерi бар экран, Жұмыс столы деп аталады (1. 1. сурет) . Компьютер экранында Windows жүйелiк бумаларының таңбалары орналасқан - Мой компьютер (Менiң компьютерiм), Корзина (Қоржын) және т. б.
2 Тапсырмалар панелі (Панель задач)
Тапсырмалар панелі (Панель задач) - жұмыс столының төменгi жағында орналасқан ашық-сұр жол.
Онда программаларды тез қосуға, файлдарды iздеуге, сол сияқты ақпараттық ақпараттармен қатынасты қамтамасыз ететiн «Іске қосу» («Пуск» ) батырмасы бар.
Құжат немесе Тапсырмалар панелі терезiнде Программа ашылғанда (активтi), ашылған элементке сәйкес келетiн жазуы бар батырма пайда болады. Тыщқанның көмегiмен ол батырманы басу, керек терезеге тез өтуге мүмкiндiк бередi.
Тышқанмен «Іске қосу» («Пуск» ) батырмасын басу Windows 98 - дiң бас менюiн ашады.
3 Бас меню
Бас менюдiң командалары, қосымшаларды iске қосуға, файлдарды iздеуге, жүйенiң әртүрлi параметрлерiн баптауға, анықтамалық ақпараттар алуға және т. б. арналған. Бас менюдiң командаларының келесi деңгейдегi менюлары болуы мүмкiн. Ондай командалар 4 символымен белгiленген. Бас менюдiң негiзгi элементi, жиi қолданылатын программаларды жүктейтiн Программа жолы. Оның өзiнде «Стандартты», «Бағыттауыш» («Проводник ») және басқа жолдар бар.
Экранда Ctrl+Esc батырмасын басқаннан кейiн де, Бас меню пайда болады. «Іске қосу» («Пуск») батырмасы экранда көрiнбеген кезде, бұл өте тиiмдi тәсiл. Кейбiр экрандарды баптау режимiнде, ол басқа терезелермен жабық болады.
4 «Тышқан» манипуляторы
Бiз тышқанның көмегiмен Windows және оның қосымшаларының жұмысын басқарамыз: кез келген операцияны орындауға немесе орындамауға команда беремiз, фигуралар саламыз немесе оның фрагментiн ерекшелеймiз, ерекшеленген мәтiн фрагментiн немесе оның бейнесiн басқа позицияға тасымалдаймыз. Тышқанды столда(немесе кiлемшеде) әртүрлi бағытта жылжыта отырып, тiлсызықты экранның кейбiр позициясына орнатуға болады (басқа сөзбен айтқанда, тiлсызықпен нақты элементтi көрсету), содан кейiн тышқанның сол немесе оң батырмасын басып, машинаға сигнал жiберу.
5 Менiң компьютерiм
Жұмыс столындағы «Мой компьютер» (менiң компьютерiм) таңбашасы, бүкiл компьютер түтас сол белгiнiң iшiнде деген мағынаны бiлдiредi. Компьютердегi бумалар мен файлдарды қарау үшiн, ол таңбашаға тiлсызықты апарып, екi рет сол жақ батырманы басу керек (1. 3. сурет) .
а) Менің компьютерім терезесі
б) Менің компьютерім терезесі - Диск С:
«Мой компьютер» -де дисководтар бар:
А: (алмалы - салмалы дискеттер үшiн) ;
С: (қатты диск) ;
Е: (компакт - диск) .
1. 3. сурет. Мой компьютер (Менiң компьютерiм) Терезелерiнiң ашылу ретi
Windows бағыттауышы
1. 4. сурет. Проводник (бағыттауыш) терезесi
6 Бағыттаушы
Бағыттауыш бiр мезгiлде компьютердегi бумалардың қабатталу құрылысын сол терезеде, ал ерекшеленген бумалардың құрамын оң терезеде бейнелейдi. Бұл файлдарды жылжытқанда және көшiргенде өте ыңғайлы. Ол үшiн, оң терезеге көшiрiлетiн файлдың құрамын шығару жеткiлiктi және бұл файлды сол терезедегi басқа бумаға тасымалдау керек (1. 4. сурет) .
7 Контекстiк меню
Тыщқанның оң батырмасын басу, ерекшеленген объектiң контекстiк менюiн бейнелейдi. Мысалы, кез келген файл үшiн бұл менюде ашу, көшiру, жою командалары бар.
Терезенi өрбiту (жаю, үлкейту), жыймалау және жабу батырмалары
Кез келген терезенiң оң жақ жоғарғы бұрышындағы
түрiндегi терезе жабу батырмасы программадан шығуға мүмкiндiк бередi. Орнына келтiру және өрбiту батырмаларының түрлерi
және
, жыймалау батырмасының түрi -
.
9. Бұл не? (Что это такое?)
Көптеген диалог терезелерiнде анықтама алу әдiстерi қарастырылған. Ол үшiн терезенiң команда жолында орналасқан (оң жақ жоғарғы бұрыш) ? батырмасын, содан кейiн терезедегi керек команданы тышқанмен шерту керек (1. 6. сурет) . Осы кезде экранда түсiнiктеме мазмұны бар, қалқитын терезе пайда болады (1. 7. сурет) .
Бұл түсiнiктеменi басқа жолмен де шығаруға болады. Тышқанды керек элементке апарып, оң жақ батырмасын басып, контекстiк менюден жалғыз пункт. Бұл не? (Что это такое?) - нi таңдаймыз.
10. Жұмыстың негізгі тәсілдері
Программаны іске қосу үшін, бас менюдің ішінен керек программа бар буманы таңдап алыңыз, содан кейін сол программаны тышқанмен шертіңіз.
Бір мезгілде барлық терезелерді жыймалау үшін, тілсызықты Тапсырмалар панелі (Панели задач) бос жеріне әкеліп, тышқанның оң батырмасын басыңыз және контекстік менюден Бәрін жинау (Свернуть все) командасын таңдап алыңыз.
Бірден бірнеше файл немесе бума таңдау үшін, объектерді ерекшелеу кезінде Ctrl батырмасын Остап тұру жеткілікті.
Қоржындағы (Корзина) файл дар мен бумалар ол нақты тазаланғанша сақталады.
Құжатты (Документ) ашу үшін, оның таңбасына тілсызықты қойып, тышқанмен екі рет шертсе жеткілікті.
Копьютерді өшіруге Бас менюдегі Жұмыстың аяқталуы (Завершение работы из Главного меню) командасы мүмкіндік бередіжәне одан кейін Компьютерді өшіру (Выключить компьютер) жолын таңдап, “Иә” (Да) батырмасын басады.
Компьютермен жұмыс істеген кезде мойыныңыз ауырмау үшін, қолдың астына лайықты төсеніш керек немесе қолды стола қоймау керек.
Windows операциялық жүйесінің жұмысының аяқталуы
1 «Іске қосу» (Пуск) батырмасын табыңыз.
2. Бас менюден «Жұмысты аяқтау» (Завершение работы) командасын таңдаңыз, (тышқанның сол жақ батырмасын шерту) экранда келесі хабар пайда болады:
Егер терезе жабыларда сақталмай қалған файл болса, онда экранда мынандай хабар пайда болады:
Студенттердің өзіндік жұмысы
1 - вариант
1. Менің компьютерім (Мой компьютер) программасын іске қосыңыз.
«С:» дискін активтендіріңіз.
Windows жүйелік папкасын ашыңыз.
CALC қосымшасын іске қосыңыз (калькулятор таңбашасымен) - калькулятор.
Калькуляторды келесі амалдарды орындаңыздар
а) 125. 26*63. 65 б) 456. 36/(377-2. 58)
в) (456. 25 - 35. 35 ) *(3. 658-45. 254)
Нәтижесін жазыңыз.
Калькулятор терезесін жинау.
SOL қосымшасын (карта колодасының таңбасымен) іске қосыңыз - “Косынка” пасьянсы.
8. Меню арқылы (тілсызықпен ? белгісін басыңыз) ”Анықтаманы” шақырыңыз:
а) Мазмұны (содержание) вкладкасында ойын жолын таңдау;
б) ойын ережелерін оқу;
в) көмек терезесін жабу;
г) көрсетілген уақытта ереже бойынша ойнау;
д) Пасьянсы “Косынка” терезесін жыймалау.
9. Windows терезесін жабу.
10. Калькулятор терезесін өрбітіп (ашып), 45. 6 2 +32 3 , амалын орындау, жауабын жазу.
Калькулятор терезесін жабу, ары қарай тізбек бойында «С:» диск терезесін және Мой компьютер (Менің компьютерім) .
2 - вариант
Менің компьютерім (Мой компьютер) программасын іске қосу.
Анықтама меню (Вызов справки) арқылы (тiлсызықпен ? таңбасын басу және тыщқанмен анықтаманы шақыру) : шақыру.
a) орыс әрiптерiн теру режимiне өту (оқытушыдан сұра) ;
б) Предметный указатель өрісінде Алғашқы әрiптердi кiргiзiңiз (Введите первые буквы) . . . терiңiз Терезе(окно) .
в) Выберите термин или фразу (термин немесе фраза таңдаңыз) өрiсiнде … тышқанмен Окна сообщений, изменение вида таңдаңыз;
г) Шығару (Вывести) батырмасын басыңыз (терезенiң төменгi жағында) ;
д) шығарылған мәтiндi оқып, терезенi жабу.
3. Менiң компьютерiм терезесiнде Басқару панелi (Панель управления) жолында тышқанмен екi рет шерту.
4. Басқару панелi (Панель управления) терезесi iшiнен экранды таңдау және тышқанмен екi рет шерту.
5. Қасиет (Свойства) диалог терезесiнде Хат тау Оформление (Оформление) вкладкасын Экраннан таңдау.
6. Терезенiң iшiнде
батырмасын басып Түсі (цвет) сөзi арқылы түсiн өзгерту.
7. ОК батырмасын басыңыз.
Менің компьютерім (Мой компьютер) терезелерiн жабу.
3 - вариант
1. Жұмыс столында тышқанмен бос орынды көрсетiңiз және тышқанның оң батырмасын басыңыз.
2. Динамикалық (контекстi) меню пайда болады, Свойства (қасиет) жолын таңдаңыз.
3. Свойства (қасиет) диалог терезесiнiң iшiнен:Экран Оформление (хаттау) вкладкасын таңдаңыз.
4. Оқытушы сiлтеген экранның түсiн, Түсі (цвет) сөзiнiң алдындағы
батырмасын басу арқылы таңдаңыз.
ОК батырмасын басыңыз.
4 - вариант
1. Іске қосу (Пуск) батырмасын басу арқылы, Бағыттауыш (Проводник) программасын iске қосыңыз, ары қарай тышқанмен шертiп Программы - Проводник-тi таңдаңыз.
2. Бағыттауыш (Проводник) терезесi пайда болады, терезенiң сол жақ бөлiгiнде Менің құжаттарым (Мои документы) бумасын тышқанмен шертiңiз, терезенiң оң жақ бөлiгiне және бума таңбашасына көңiл аударыңыз.
3. Терезенiң сол жақ бөлiгiндегi Windows бумасын тышқанмен шертiңiз, терезенiң оң жақ бөлiгiне көңiл аударыңыз.
4. Windows бумасының алдында, тышқанме “+” белгiсiн шертiңiз, не болғанын түсiндiрiңiз.
5. Windows бумасының алдында, тышқанме “-” белгiсiн шертiңiз, не болғанын түсiндiрiңiз.
6. Терезенiң оң жақ бөлiгiндегi Temp бумасының таңбасында тышқанмен екi рет шертiңiз және не болғанын түсiндiрiңiз.
Бағыттауыш (Проводник) терезесiн жабыңыз.
Негізгі әдебиеттер: : [1] - 1-638 б, [2] 1- 432 б.
Қосымша әдебиеттер: [6]
Бақылау сұрақтары:
1. Іске қосу (Пуск) батырмасының тағайындалуы.
2. Экранда Тапсырмалар панелін (Панель задач) көрсетiңiз және жұмысын түсiндiрiңiз.
3. Менің компьютерім (Мой компьютер) жүйелiк бумасы қандай роль атқарады?
4. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесiнiң Бағыттауыш (Проводник) терезесiнен айырмашылығы?
5. Файлдар мен бумалардың қабаттылық құрылысын қалай қарауға болады?
6. Жұмыс столының функциясын түсiндiрiңiз.
7. Ярлык пен буманың айырмашылығы.
8. Тыщқанның сол батырмасы не үшiн қажет?
9. Тыщқанның оң батырмасы не үшiн қажет?
10. Жұмыс столының экранның түсiн қалай өзгертуге болады?
11. Динамикалық немесе контекстiк меню дегенiмiз не?
12. Терезенi жабу, жинау, өрбiту қайда орналасқан және олар не iстейдi?
13. Терезенi жинаудың, терезенi жабудан айырмашылығы?
№ 2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мәтіндік редактор Word. Құжатты құру және форматтау (пішімдеу) . (2 сағат) .
Жұмыстың мақсаты:
- фрагменттерді, жолдарды, абзацтарды, мәтіндерді белгілеуді үйрену;
- қаріпті (шрифт), абзацтарды пішімдеуді үйрену;
- мәтінді туралау (выравнивать), шегіністерді (отступ) орнатуды үйрену;
- тізімдермен жұмыс істеуді үйрену;
- абзацты пішімдеу үшін сызғышпен жұмыс істеуді үйрену;
- интервалдарды орнатуды және т. б. үйрену;
Теориялық бөлім: Құжатты пішімдеу үшін керек фрагментті ерекшелеу (белгілеу) қажет. Ерекшеленбеген мәтінді пішімдеуге болмайды.
Тышқанның көмегімен құжат фрагментін ерекшелеу (белгілеу) әдістері:
Бөліп алу қажет болмаған жағдайда тышқанмен объектіге жай ғана шертіп немесе кез-келген алдыға жылжу пернелерінің біреуін басу керек.
Қаріпті (шрифт) пішімдеу
Пішімдеу - таңбаға қажетті параметрлерді орнату. Қаріпті пішімдеу - арнайы эффектінің бояуын, түрін, өлшемін өзгерту. Қаріпті орнату үшін 2-суретте көрсетілгендей арнайы қаріп сұхбатты терезесі шақырылады.
Қаріп сұхбатты терезесі
Абзацты пішімдеу
Беттегі абзацтың жағдайын келесі параметрлер анықтайды:
Алаң (поля) негізгі мәтіндік облыстың жалпы енін, яғни мәтіннің арасындағы қашықтықты және беттің шеттерін анықтайды. Беттің Тапсырма алаңы бөлімін қарастыр.
Шегініс (отступ) абзацтар арасындағы және сол немесе оң жақ алаңдар қашықтығын анықтайды. Облыстың шектелген алаңында абзацтар тобының немесе бір абзацтың шегінісін үлкейту немесе кішірейту үшін Пішімдеу саймандар тақтасындағы Шегіністі үлкейту және Шегіністі кішірейту батырмаларын пайдаланыңыз. Сол сияқты шегініс теріс болуы мүмкін (мұндай шегініс выступом деп аталады) .
Горизонталь бойынша белгілеу сыртқы түрді және абзацтың шеттерін анықтайды және сол жаққа қарай, оң жаққа қарай, ортаға немесе ені бойынша тегістеу арқылы орындалуы мүмкін. Мысалы, көп жағдайда абзац сол жаққа қарай тураланады, бұдан абзацтың сол жақ бөлігі сол жақ алаңға қарай жиналады. Мәтінді көлденеңінен туралаудағы өзгерістері жөнінде мәліметтерді қара.
Тігінен туралау жоғарғы және төменгі алаңға байланысты абзацтың жағдайын анықтайды. Мұндай туралау мәтінді жоғары қарай немесе беттің ортасына қарай немесе абзацты беттің ұзындығы бойынша тепе-тең орналастыру қажет болғанда, титулдық парақтарды құру үшін қолданылады. Мәтінді тігі бойынша туралаудағы өзгерістер жөніндегі мәліметтерді қара.
Абзацта шегіністің көмегімен бір жолды басқаларға қатысты жылжытуға болады. Жеке жолдарды шегіндіру тапсырмасы үшін көлденең сызғышты, Шегіністер және интервалдар бүктемелеріндегі параметрлерді ( Пішімдеу менюі, Абзац командасы), сол сияқты бос енгізуді қолданады. Бос енгізу туралы мәліметтерді қара.
Сол сияқты мәтінде шегіністерді құру үшін мәтінде жеке жолды пішімдеуге ыңғайлы болып табылатын, әсіресе толтырулармен берілген табуляция қажет болғанда табуляция позициясы қолданылады. Табуляция позициясы күрделі элементтерді, мысалы колонкалар немесе кестелерді құру үшін қолдануды ұсынбайды.
Жоларалық интервал абзацтағы мәтіннің тігінен жолдардың арасындағы қашықтықты анықтайды. Абзацтар арасындағы интервалдар параметрлері абзацтың алдындағы және соңындағы интервалдарды анықтайды. Егер беттегі бір абзацты басқа абзацтардан бөліктеу керек болса немесе бірнеше абзацтардың арасындағы интервалдарды өзгерту керек болса, онда абзацтың алдындағы, абзацтың соңындағы немесе бірден екі параметрлерді үлкейту керек.
Абзацтар мен жолдардың арасына қойылған интервалдар абзацты пішімдеуге кіреді. Екі интервалмен абзацта мәтінді теруде Enter пернесін басу көмегімен, жаңа абзацты бастауға болады. Бұл жағдайда екі интервалмен пішімдеу келесі абзацқа ғана емес, сол сияқты абзацтар арасындағы интервалға да қолданылады.
Жолдар немесе абзацтар арасындағы интервалдарды өзгерту жөніндегі мәліметтерді қара.
Көлденең сызғыштың көмегімен пішімдеу
Сызғыштың соңында шегіністерді белгілеу (маркер) деп аталатын үшбұрышты маркерлер орналасқан. Оларды жылжыту тышқанның көмегімен жүзеге асырылады. Сызғыштың өлшем бірлігі Сервис менюіндегі Параметрлер командасы көмегімен орнатылады. Жалпы бүктемесінде Өлшем бірлігі тізімін ашу керек және керекті бірлікті беру қажет.
Интервалдар
Интервалдар жоларалық және абзацтардың арасында болады. Интервалдарды абзацқа дейін және абзацтан кейін орнату үшін:
- Абзац терезесіндегі Шегіністер бүктемесіне және интервалдарға кіру қажет;
- Интервалдар пунктінде алаңдардың қажетті мәнін орнату қажет;
Сервис менюінен Параметрлер терезесіндегі Жалпы бүктемесінде өлшем бірлігін орнату.
Тізілгендер тізімі
Мәтіннің жолының маркерлерді қосу немесе мәтінді еңгізуде маркерленген тізімді құру мүмкіндігі бар. Егер жаңа абзацтың бас жағына (-) дефис немесе (*) жұлдызшаны еңгізіп, Бос орын немесе Tab пернелерін бассақ, содан кейін мәтінді терсек, мұндай абзац Enter пернесін басу арқылы аяқтаған кезде автоматты түрде маркерленген тізімнің элементіне түрленеді.
Маркер түрінде кез келген графикалық объект немесе суретті қолдануға болады. Суреттелген маркерлер Web- құжаттарында жиі кездеседі.
Суреттелген маркерлер ретінде картинкалар немесе клиптер жинағындағы суреттерді қолдануға болады, сол сияқты суреттер немесе сканерден өткен фотосуреттерді де пайдалануға болады. Суреттерді белгілеу кезінде суреттерді бөлу үшін, шекараны қосу және жарықты баптау үшін саймандардан құралған Баптау көрінісі саймандар тақтасы пайда болады.
Нөмерленген немесе маркерленген тізімнің пішімін өзгерту
Нөмерлер немесе маркерлермен берілген абзацты өзгерту үшін белгілеңдер.
Формат менюінде тізім командасын таңдаңыз, ал содан кейін тізімнің түріне сәйкес келетін бүктемені таңдаңыз.
Элементтерді белгілеу үшін қолданатын тізім пішінін таңдаңыз.
Өзгерту батырмасын басыңыз.
Пішімдеудің қажетті параметрлерін таңдаңыз.
Кез-келген параметрлер туралы мәлімет алу үшін сұрақ белгісі бар батырманы басыңыз. Содан кейін осы параметрге шертіңіз. Жасалынатын өзгерістер пішімдеу саймандар тақтасындағы маркерленген тізім немесе нөмерленген тізім батырмаларын басу арқылы күшіне енеді.
Тапсырма
1. Бір тәсілмен Word мәтіндік редакторын іске қосу және Мәтін деген атпен Менің құжаттарым бумасында құжатты құру. Құрылған құжатта өз автобиографияңызды теріңіз.
Мәтіннің тақырыбын беттің ортасына қою және 16 пт өлшемдегі әріптермен теріңіз.
Мәтінде Enter пернесінің көмегімен бірнеше абзацтар жасаңыз. Көлденең сызғыштың маркерлерінің көмегімен сол және оң жақ шегіністерін орнатыңыз.
Мәтіннің стилін әдеттегі Times New Roman түрінде алыңыз. Индикаторда RU орыс регистрін орнатыңыз.
Мәтінде тышқанның курсорымен Ф. И. О белгілеу және әріпті жартылай қалың курсивке ауыстыр. Пернелердің көмегімен мәтіннің бір абзацын белгілей отырып, тышқанның курсорымен ұстап мәтіннің соңына қой.
Мәтінде жоларалық интервалды Бір жарым және осы интервалды Дәл ретінде орнатыңыз. Қаріптің өзгеру бірлігін және интервалдарды ПИК (ПК) -қа ауыстыр. Барлық абзацтардың алдындағы интервалдарды 3 пк-ға орнат.
Барлық мәтінді үш рет шерту арқылы белгілеп, сұхбат терезесінде беттің параметрлерін орнат; солдан шегініс 1 см; оңнан шегініс 1, 5 см.
Мәтінде тізілген тізім бойынша барлық қалаларды, қайда тұрасыз немесе қайда болғаныңызды маркерленген тізіммен тізіп шығыңыз. Барлық мектептерді, оқу орындарын, қайда оқығаныңызды маркерленген тізіммен тізіп шығыңыз. Маркерлеуді Өзгерту терезесінен немесе символдар кестесінен таңдаңыз.
Сервис менюіндегі Параметрлер командасының көмегімен көлденең және тік сызғыштардың өлшем бірлігін ауыстырыңыз. Курсордың көмегімен көлденең сызғыштың бір жолын белгілеп, 5 өлшем бірлігі болатындай жолдың сол жағынан және оң жағынан бірдей шегіністер орнатыңыз.
Автобиографияңызды бітіріп, соңына қол қойыңыз, жолдың соңына датаны қойыңыз, осы жолдың алдындағы интервал 24 ПТ болсын. Саймандар тақтасы батырмасының көмегімен шегіністі үлкейтіңіз. Құжатты Қалай сақтау керек командасы арқылы сақтаңыз, Мәтін деген атқа кластың нөмерін немесе тобыңызды қосыңыз, Мәтін 9 б.
Негізгі әдебиеттер: : [1] - 1-638 б, [2] 1- 432 б.
Қосымша әдебиеттер: [6] .
Бақылау сұрақтары:
- Қаріптерді пішімдеу не үшін қолданылады?
- Мәтіннің стилін қалай өзгертуге болады?
- Қаріптер мен әріптердің өлшемін қалай өзгертеміз? Курсордың көмегімен мәтінді қалай белгілейміз?
- Мәтінді туралауды қалай орындаймыз? Туралаудың қандай түрлерін білесіз?
- Нөмерленген тізімді қалай орындауға болады? Қандай тәсілмен мұны жасауға болады?
- Маркерленген тізімді қалай орындаймыз? Жаңа маркерді қалай орнатуға болады?
- Абзацты пішімдеу қалай орындалады? Абзацты, жолды, сөзді қалай белгілейміз?
- Абзацтар арасындағы интервалдарды қалай орнатамыз? Жоларалық интервалдарды қалай орнатамыз?
- Қаріптерді өзгерту бірліктерін және интервалдарды қандай тәсілмен ауыстыруға болады?
- Сызғыштың және саймандардың көмегімен шегіністерді қалай үлкейтуге және кішірейтуге болады?
№3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: EXCEL Электрондық кестесі. Электрондық кестемен деректер қоры ретінде жұмыс жасау.
(2 сағат) .
Жұмыстың мақсаты:
Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде қолдану тәсілдерімен танысу;
Деректер қорында әр түрлі белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу әрекеттерін меңгеру;
Деректерді сұрыптауды үйрену.
Деректер қорының негізгі түсініктері
Кестенің А2:F12 аймағын деректер қоры ретінде қарастыруға болады (1 суретті қара) . Деректер қорында осы кестенің A, B, C, D, E, F бағаналары өріс (поля), ал 3-12 жолдары жазбалар (запись) деп аталады. A2:F2 аймағында өрістің аттары жазылған.
Деректер қорының құрылымына шектеулер қойылады:
Деректер қорының бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасса;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz