WІNDOWS 95 ЖҮЙЕСІНДЕГІ СІЛТЕУ ТЕРЕЗЕСІ
WІNDOWS 95 ЖҮЙЕСІНДЕГІ СІЛТЕУ ТЕРЕЗЕСІ
Сілтеу немесе Зерттеу (Проводник – Explorer) терезесі – Wіndows 95
жүйесінің файлдармен жұмыс істейтін негізгі программасы. Оның көмегімен:
дискідегі файлдардың көшірмесін алу;
оларды басқа орынға жылжыту; өшіру; компьютер желілерінде байланыс
ұйымдастыру; программалық файлдарды іске қосу (орындау); дискеттерді
форматтау сияқты әрекеттерді атқаруға болады. Бұл программа арқылы әртүрлі
мәліметтерді баспаға шығаруға (текстен басқаларын да), диск, файл не
каталог туралы толық информация алуға; және т. с. с. мүмкіндік бар.
Сілтеу программасы кез келген операциялық ортаның жүйелік қоршаулар деп
аталатын арнайы программалар тобына жатады. MS DOS жүйелік қоршаулары
туралы айтылған болатын (олардың ең көп таралғаны Norton Commander
программасы).
Wіndows 3.х жүйесінің де осындай арнайы программасы Fіle Manager – Файл
диспетчері деп аталды. Ол программа әлі де жұмыс атқара береді, оның
негізгі іске қосу файлы - wіnfіle негізгі дискінің Wіndows каталогында
орналасқан.
Сілтеу программасын іске қосу
Wіndows жүйесіндегі Сілтеу терезесінің шартбелгісі Іске қосу (Пуск)
батырмасын басқан соң көрінетін Программалар тобының төменгі қатарында
орналасқан. Тышқан курсорымен сол белгіні таңдап алып, оны сырт еткізсек,
14.1-суретте көрсетілген Сілтеу терезесі экранға шығады. Егер ЭЕМ-ді
пайдаланушы адам оған өзіне ұнайтын кейбір өзгертулер енгізсе, терезе түрі
басқаша да болуы мүмкін. Бұл программада экран бейнесі әртүрлі бола береді,
бірақ оның көптеген элементтері Wіndows жүйесінің кәдімгі стандартты
түрінде беріледі. Терезенің жоғарғы жағында меню қатары бар, оның маңында
Саймандар (Инструменттер) панелі орналаса алады. Терезе екі бөліктен
тұрады, оның сол жақ жартысында – компьютердегі негізгі құрылғылар мен
программалық компоненттер өз ортасындағы белгілі бір ретімен беріледі.
Компьютердегі программалар құрылымының ең жоғарғы деңгейінде жұмыс үстелі
(Desktop) орналасады, оған – My computer, Network Neіghborhood (егер
компьютер желіге енгізілсе), Dіal Up Networkіng (бұл да орнатылса)
құрылымдары кіреді.
Әдетте Менің компьютерім (My computer) программасы "ашық күйде"
орналасып, компьютердің құрамдық бөліктерін:
дискіқозғағыштар мен қатты дискілерді, жалғасқан желілік дискілерді;
бейнелеп тұрады. Бұл элементтердің әрқайсысың құрылымы бейнеленіп, терезеде
оның ішкі мәліметтері: дискілердегі – каталогтар құрылымы, каталогтар
(бумалар) үшін – бағынышты каталогтар; Network Neіghborhood программасы
үшін – желіге байланысқан компьютерлер тармақталып тізбектеле көрініп тұруы
мүмкін.
Ал, Сілтеу терезесінің оң жақ жартысында – сол жақта белгіленген
объектінің ішкі мазмұны көрініп тұрады. Мысалы, сол жақта каталог
белгіленген болса, оң жақта сол каталогқа кіретін ішкі подкаталогтар мен
әртүрлі файлдар көрсетіліп тұрады. Файлдар атының алдында олардың қандай
программада дайындалғанын, яғни тегін бейнелейтін
кішкене шартбелгілер де орналасады.
Программа терезесінің төменгі жағында қалып-күй қатары бар, ол сол мезетте
белгіленіп тұрған объект жайында мәлімет береді, мысалы, файл белгіленген
болса, оның көлемі мен жазылған мерзімі туралы мәлімет беріледі. Ал, диск
белгіленсе, оның толық көлемі мен бос аймағы жайында хабарлама шығып
тұрады.
Терезенің сызық арқылы екі бөлікке бөліну аудандарын өзгерту үшін:
курсорды сол бөліктер шекарасына әкеліп (оның түрі екі жаққа бағытталған
тілсызыққа айналады), тышқан батырмасын басып шекараны оңға не солға
жылжыта аламыз.
Сілтеу терезесінің Саймандар панелі
Сілтеу терезесінің Саймандар панелі копьютер құрылымын бейнелейтін
әртүрлі варианттарды көруге арналған, оның жұмысы басқа стандартты
терезелерге ұқсас етіп жасалған (мысалы, файлдар мен каталогтар жүйесін
ашу, файлдарды сақтау тересі, My computer терезесі және т. с. с.).
Саймандар панелінің сол жағында компьютер элементтері түгел көрсетілетін
шашырап ашылатын (раскрывающийся список) тізім орналасады, ол арқылы
тышқанды қажетті сәтте сырт еткізе отырып, ағымдағы дискіні өзгертеміз
немесе жергілікті желідегі басқа компьютерге ауыса аламыз.
Әдетте, мұнда ағымдағы дискінің бұтақ тәріздес каталогтары тармақтары және
басқа дискілердің шарт белгілері көрсетіліп тұрады, дискілер өз аттарына
сәйкес латын әріптерімен белгіленген.
Тышқан курсорын диск белгісіне не бір каталог атына жеткізіп, оны сырт
еткізсек, соған сәйкес файлдар құрылымы панельдерге шығарылады.
Жоғары деңгейдегі каталогқа көшу үшін саймандар панеліндегі ашылатын
тізімнің оң жағындағы бүгілген тілсызықты батырманы басу жеткілікті. Содан
кейінгі екі батырма желідегі компьютерлер- мен дискілерге байланысу мен
одан ажырату істерін орындайды, олар туралы кейінірек айтылады.
Wіndows 95 жүйесі желілік ресурстарды тікелей оларға қосылмай-ақ пайдалану
мүмкіндігін қамтамасыз ете алады, ол үшін керекті файлдың толық маршрутын
мынадай етіп көрсету керек:
компьютер атыжелі ресурсы аты файл маршруты файл аты мұндағы
компьютер аты – желіні қарағанда, компьютер атына сәйкес көрсетілген атау,
желі ресурсы аты – бұл каталог (диск) бірлесе пайдалануға берілердегі оның
атауы, егер ол атау ұзын сөз тіркесінен тұрса, оны тырнақшаға алып отыру
қажет. Файлдарды, каталогтарды көшіру және жылжыту (олардың орнын
өзгерту)
Файлды көшіру – жаңа каталогта оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлды
жылжыту – оның бір каталогтан екінші каталогқа көшірмесін алып, ескі
орыннан өшіріп тастау. Бұл әрекеттер әдетте тышқанмен оңай, әрі жылдам
орындалады.
Файлдарды көшіру не жылжыту кезінде сол жақ терезеде керекті каталог (не
бума) көрсетіліп тұруы тиіс. Ол үшін диск таңдап алынып, екі рет сырт
еткізу жолымен оның құрылымы ашылған күйде болады және осы тәсілмен
бумаларды да тізбектей аша отырып, керекті мәлімет алынатын каталог
құрылымы бейнеленеді.
Файлдар әрқашанда бір каталогтан екінші каталогқа көшіріледі. Сол себепті
оң жақ терезеге көшірілетін файл бар каталогты (беретін каталог)
орналастырып, екінші терезеге сол файлдың көшірмесін қабылдайтын каталогты
(алатын каталог) шығарып қойған жөн. Одан кейін орындалатын әрекеттер
біртектес болады, олар: көшірілуге тиіс файл немесе файлдар тобы
белгіленеді, сонан кейін тышқан арқылы беретін каталогтан алушы каталогқа
сол белгіленген мәліметтер жеткізіледі.
Файлдармен жұмыс істеу кезінде көбінесе бір файл емес бірден бірнеше файл
өңделеді (көшіріледі, өшіріледі және т. с. с.). Сол үшін өңделуге тиіс
файлдар алдын ала белгіленуге тиіс.
Бір файлды белгілеу қиын емес – сол файлдың шартбелгісінде тышқанды бір
сырт еткізу керек.
Қатар орналасқан бірнеше файлды белгілеу үшін: – бірінші тұрған файлдың
белгісінде тышқанды бір сырт еткізу керек;
– Shіft пернесін басып ұстап тұру қажет;
– соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп, тағы да сырт еткізу керек.
Белгілеуді керісінше алып тастау үшін сол файлдар атының үстіңгі немесе
астыңғы жағына тышқан курсорын алып барып, оны бір рет сырт еткізу керек.
Каталог ішінде әр жерде орналасқан файлдарды белгілеу үшін:
– бірінші файл белгісінде тышқанды сырт еткізу керек;
– Ctrl кернесін басып, ұстап тұру керек;
– керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп сырт
еткізіп отыру керек.
Белгілеуді алып тастау үшін курсорды сол файлдардан тысқары жерге алып
барып, тышқанды бір сырт еткізу қажет.
Файлдармен бірге ішкі каталогтарды да белгілеуге болады. Енді таңдап
алынған файлдарды көшіру (жылжыту) үшін курсорды сол белгіленген объектінің
бір шетіне алып барып, тышқан батырмасын басу керек, сонда файлдармен
әрекет жасалатынын көрсететін жылжымалы шартбелгі пайда болады. Тышқан
батырмасын сол басулы күйінде ұстап тұрып, жылжымалы шартбелгіні файл
көшірілуге тиіс бума белгісіне жеткіземіз де, батырманы қоя береміз. Осының
нәтижесінде файлды көшіру (жылжыту) орындалады, егер көшіру ұзақ уақыт
жүргізілетін болса (файл көлемі үлкен болғанда), 14.2-суреттегідей көрініс
экранда бейнеленіп әрекеттің ұзақтығын көрсетіп тұрады. Мұның нәтижесінде
мәліметті көшіру немесе жылжыту әрекетінің орындалуы, келісім бойынша,
информацияны беретін және оны алатын объектілердің орнына байланысты
болады.
Егер файл (белгіленген файлдар) бір орыннан екінші орынға бір диск
көлемінде тасымалданған болса, онда, келісім бойынша, ол файл жылжытылады,
яғни ескі орыннан өшіріліп тасталады. Ал, егерде файл (белгіленген файлдар
тобы) бір дискіден екінші бір дискіге тасымалданған болса, онда ол файлдың
тек көшірмесі алынады, яғни ол ескі орында да сақталады.
Файл немесе файлдар тобын тасымалдау кезінде компьютерге керекті әрекетті
нақты түрде де білдіруге де болады. Ол үшін бір диск көлемінде-ақ файлдар
көшірмесін алу қажет болғанда, тышқан батырмасымен бірге Ctrl пернесін
басып тұру керек, әрекет аяқталғанда екеуін де бірдей қоя беру керек.
Ал, бір дискідегі файлдарды екінші бір дискіге жылжытып жіберу қажет
болса, тышқан батырмасымен бірге Shіft пернесін қоса басып тұру керек.
Өз ісіңізге сенімді болу үшін қателеспеуге мүмкіндік беретін тағы бір
тәсілді білген артық болмайды. Тасымалдау кезінде тышқанның сол жақтағы
емес, керісінше оң жақтағы батырмасын басып тұратын болсақ, онда операция
соңында көшірме алу қажет пе, жоқ әлде жылжыту қажет пе, соған нақты түрде
жауап беруді талап ететін операция қасиеттерінің менюі экранға шығады. Сол
меню арқылы керекті әрекетті курсормен нақты түрде көрсетуге міндеттіміз.
Файлдарды, каталогтарды өшіру және қалпына келтіру
Каталогтарды немесе файлдарды дискіден өшіру тек Сілтеу терезесінде емес,
кез келген ашық түрдегі бумада (мысалы, My Computer программасында), іске
қосылып тұрған қолданбалы программаларда да жүргізіле береді. Бұл әрекетті
тышқанмен атқарған қолайлы, бірақ пернелермен де өшірілетін информацияны
алдын ала белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Бірнеше файлды белгілеу
жоғарыда айтылғандай Ctrl және Shіft пернелері арқылы жүргізіледі.
Сонымен файлдар мен каталогтарды өшіру үшін:
– терезелердің бірінен сол каталогты немесе файлды таңдау керек;
– Delete пернесін басу қажет немесе Файл-Өшіру командасын орындау қажет;
– Сұхбаттасу терезесінде өшіру әрекетінің орындалатынын тағы растау керек.
Осы мақсатта Drag & drop технологиясын да қолдану мүмкіндігі бар, ол үшін
белгіленген өшірілуге тиіс объектіні тышқанмен Қоржын (Корзина – Recycle
Bіn) шартбелгісіне жеткізсе болғаны.
Мәліметтерді өшіруді қолданбалы программалармен жұмыс істеу барысында
файлдарды ашусақтау кездерінде орындауға болады, ол үшін де өшірілетін
файлдарды белгілеп алып, Delete пернесін басса болғаны. Осы айтылған
әрекеттердің бәрінде де өшірілген мәліметті қайта қалпына келтіру
мүмкіндігі бар, өйткені өшірілген файлдар толық жойылмай, уақытша Қоржынға
салынады (14.3-сурет).
Қоржын бөлек программа рөлін атқарады, ол өшірілген информация туралы
мәліметті есте сақтап, олардың үстіне басқа ешнәрсе жаздырмайды.
Әрине ол дискіден біраз орын алады, келісім бойынша, қоржын диск көлемінің
10%-іне дейін пайдалана алады. Оның көлемін, қажет деп тапсаңыз, Қоржын
программасының опцияларымен өзгерту мүмкіндігі бар. Егер файлдармен көп
жұмыс істеп, қоржындағы орын толтырылса, онда ең ескі өшірілген мәлімет
біржола жойылады. Бірақ мәлімет сирек өшірілсе, онда оның алдыңғыларын
әрқашанда Қоржыннан қайта шығарып алып, бастапқы қалпына келтіре аласыздар.
Ол үшін қоржын ішінен керекті файлды тауып алып, қалпына келтіру ісін
орындай саласыз.
Есте сақтайтын бір жайт, алғашқы қалпына тек Wіndows жүйесінде өшірілген
файлдар ғана келе алады (NC арқылы өшірілсе, қалпына келмейді).
Қалпына келтіру ісі қоржынды Empty Recycle Bіn командасымен (динамикалық
меню) тазалағанға дейін орындала береді, ал оны тазалаған соң дискідегі
орын кеңігенмен, мәліметтеріңіз ұшты-күйлі жоғалады. Дискіде орын таусылар
шақта программа өзі-ақ қоржынды тазалау керектігін еске салады.
Кейбір мәліметтерді бірден толық өшіріп тастау қажет болса, оларды
қоржынға салмай-ақ, белгілеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz