Мемлекеттің ақша – несие саясаты жайлы ақпарат


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе . . . 3-4

  1. Мемлекеттің ақша - несие саясатының теориялық негіздеріАқша - несие саясаты: мәні, маңызы, бағыттары . . . 5-12Мемлекеттің ақша - несие саясатын жүргізуші орган -

Ұлттық банк . . . 12-28

  1. Ақша - несие саясатының негізгі бағыттарына талдауАқша - несие саясатының 2006 -2008 жылдарға арналған

негізгі бағыттары . . . 29-34

  1. Ақша-несие саясатының құралдарын болжау бағыттары . . . 34-45

Қорытынды . . . 46-47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 48

Кіріспе.

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып - сатумен де айналысады.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығындағы сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша - несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс - әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына эәне мультипликаторға әсер теу арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша - несие саясатын анқтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша - несие сасатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша - несие айналымының тетігі - ақша - несиелік реттеу құралдарының, ақша - несие тұрғысынан реттеуші органдарлың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

Ақша - несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:

  • ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері;
  • Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативтері;
  • Мемлкеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы операциялары;
  • Банктерге несиелер;
  • Валюта нарығындағы интервенция;
  • Айрықша жағдайларда жекелеген түрлердің несиелік операциялардың деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;
  • Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме.

1. Мемлекеттің ақша - несие саясатының теориялық негіздері.

1. 1. Ақша - несие саясаты: мәні, маңызы, бағыттары

Ақша - несие саясат - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша - несие саясатының макроэкономикалық деңейдегі субъектісі - Ұлттық банкі болып табылады. Ал ақша - несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма - қол және қолма - қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша - несие саясатын анқтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша - несие сасатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Шаруашылық жағдайына байланысты ақша - несие саясатының екі типі болады:

  1. рекстрикциялық ақша - несие саясаты;
  2. экспанциялық ақша - несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша - несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай- ақ мөлшерлемесінің дейгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша - несие саясаты - несие беру клемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуін бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша - несие саясатының басты кздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша - несие саясатының мақсаты және құралдары .

Ақша - несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

Ақырғы мақсат:

  • экономиканың өсуі;
  • толық жұмысбастылық;
  • бағаны тұрақтандыру;
  • төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

  • ақша жиыны;
  • пайыз мөлшерлемесі;
  • айырбас курсы.

Құралдары :

  1. несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
  2. міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
  3. есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
  4. ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (1) және жанама (2, 3, 4) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады. Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие - ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асыралады.

Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша - несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша - несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
  • ҚҰБ - те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
  • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
  • банктерге және ұ\үкіметке несие беру;
  • валюталық нарықтағы басқыншылық;
  • кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
  • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

Пайыз саясаты

ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру млшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша - несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.

Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесіақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейәіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұарнысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.

Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарқытық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз млшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған.

Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті. Ақша жүйесіндегі жанама реттеу құралын қарастырамыз.

Міндетті резервтер

Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз млшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.

Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.

Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы; жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.

Банктер артық резервтерді сақтайды - бұл міндетті резервтердің артық сомасы тімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.

Резервтік талаптар

Ақша нарығындағы тепе - теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың муіндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлтттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммециялық банктерді жанама ақшалай - несиелік реттеудің негізгі құралдырының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша - несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға чәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20 % мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10, 5 % - ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корресподенттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын тмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барасында ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретінде тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ - та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық млшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды.

Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер етенін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігнен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады.

Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгйін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:

  1. міндетті резервтер;
  2. резервтеудің баламалы тәртібі.

Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі (rr) ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысынң динамикасына әсер етеді.

Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қарастыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүогізгенде үлкен болады.

Ақша - несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді. Несиенің азаюы және ақшаның қымбатталуы барлық жүйеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмендейді. Есеп млшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.

Әдетте тіркелеген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға тіреледі.

Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін беріледі. Орта және ұзақ мерзімдік несиелерді Орталық банк ерекше жағдайларда береді.

Несиелік операциялар.

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарды классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақастаныда жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей тініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Ақша нарығындағы операциялар.

Ақша нарығындағы операциялар Ұлттық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату мен сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді.

Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділіг және несиелік жұмыстарды рететудің ыңғайлы әдістердің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмииссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Осы айтылғанның барлығын орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі не керісінше.

Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша - несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.

Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша - несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады:

  1. ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат) ;
  2. пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат)

Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясатақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонтальды түрде болады.

Ақша - несие саясатның варианттарын таңдау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланыста болады. Мысалы: егерде ақшаға сұраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланыста болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағадйда аұша ұсынысын вертикальды түрде бейнелейді.

Егерде ақщша айналымының күтпеген, кездейсоқ згерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтапқалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизонтальды болады. Ls қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына (38 - сурет), пайыз мөлшерлемесіне (37 - сурет) әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы: ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды. (Бұл құбылыс Ld қисығын оңға қозғалтады, тепе - теңдік нүктеде өзгереді) .

Мұндағы: R - пайыз мөлшерлемесі

M - ақша жиыны

R

Ls

. . . В 37-сурет. Салыстырмалы түрде қарағанда

. . . Ld2 қатаң ақша саясаты.

А

Ld1

М

R

Ls

. . . В

. . . А . . . 38-сурет. Салыстырмалы түрде қарағанда

Ld2 икемді ақша саясаты.

Ld1

M

Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының иөендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін. Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайых мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мұндай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дұрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса және жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. (Нақты ЖҰӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі:

D

М/Р = кУ - Һ х R Ақша ұсынысың тұрақты жағдайында пайыз

мөлшерлемесі өседі, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдайда ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.

Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз млшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуі қажет. Бірақ, мұндай жағдай жиынтық сұраысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.

Ақша - несие саясатының жанама әсерлерін ле ескерен жн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысынң өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (cr немесе rr) . Халық депозиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда C/D = cr өседі, банктер артық резервтерін өсіреді, ол R/D = rr мәнін өсіреді.

Мұндай шарадан кейін ақша мультипликаторы тқмендейді, бұд жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.

Ақша - несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі терюелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.

Ақша - несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Ортылық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.

Ақша - несие саясаты салық - бюджет және сыртқа экономикалық саясатпен тығыз байланысты.

Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі) Салық - бюджет және ақша саясаттарын бір - біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс - әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.

Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды.

1. 2. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуші орган - Ұлттық Банк.

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беру екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие саясатының дамуы
Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Банктік несиенің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Дәрістер жинағы. (Экономика.)
Нарықтың әлеуметтік – экономикалық мазмұны
Экономика пәнінен дәрістер
Салық салу туралы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы тиімді мемлекеттік реттеу механизмдерін ұсыну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz