Wіndows жүйесінде мәтінді баспаға шығару


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Wіndows жүйесінде мәтінді баспаға шығару2

Принтерді алдын-ала даярлау2

Алдын-ала келісім бойынша анықталған принтерді орнату4

Wіndows-программалардан мәліметті баспаға шығару4

Баспа Диспетчерімен жұмыс істеу8

Файлды баспаға шығаруды тоқтата тұру8

Баспаны күтіп тұрған файлды кезектен шығару9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі10

Wіndows жүйесінде мәтінді баспаға шығару

Принтерді алдын-ала даярлау

Wіndows жүйесі - графиктік орта болғандықтан, мұнда кез келген программадан тексті баспаға шығармастан бұрын, ең алдымен принтерді жұмысқа алдын ала даярлап алған жөн. Ол үшін мынадай іс-әрекеттер тізбегі орындалуы тиіс:

1. Принтерді орнату

а) принтерді копьютерге жалғау;

ә) Іске қосу-Баптау-Принтерлер (Пуск-Настройка-Принтер) командаларын орындау;

б) осы сәтте ашылатын терезеге Wіndows жүйесінде тіркелген барлық принтерлердің шартбелгісі және "Принтерді орнату" шартбелгісі шығады;

в) "Принтерді орнату" шартбелгісінде тышқанды екі рет сырт еткізіп "Принтерді орнату шебері" терезесін ашамыз;

г) "Принтерді орнату шебері" ұсыныстарына сәйкес әрекеттерді орындау.

2. Принтерді алдын ала баптап даярлау. Оны баптау кезінде көрсетілуге тиіс параметрлерге мыналар кіреді:

- принтер типі;

- принтердің жалғау портының идентификаторы (анықтауышы) ;

- матрицалық және сия бүріккіш (струйные) принтерлер үшін олардың дәлдік қабілеті (тік және көлденең бағыт бойынша бір дюймде басылатын нүктелер саны) ;

- қағаз көлемі (мөлшері) ;

- қағаз парақтарын бағыттау: көлденең (ландшафт) немесе тік (портрет) бағытта орналастыру;

- қағазды беру тәсілі (парақты немесе рулонды күйде) ;

- баспаның интенсивтілігі;

- баспаның сапасы.

Бұл параметрлер Басты топ терезесінде орналасқан (басқару панелі) арнайы Принтерлер программасының көмегімен де өзгертіле алады.

Кейіннен Wіndows-программалардың кез келгенінен принтерге мәлімет шығарғанда параметрлердің осы орнатылған мәндері қолданылатын болады.

Принтерлердің орнатылған параметрлерін Іске қосу-Баптау-Принтерлер (Пуск-Настройка-Принтер) командаларын орындау арқылы да өзгерту мүмкіндігі бар.

Мысалы, принтерді таңдап, оның параметрлерін өзгерту қажет болсын дейік, ол үшін

Файл-Қасиеттер (Файл-Свойства) командасын орындаймыз.

"Қасиеттер" терезесі ашылғаннан кейін принтер параметрлерін (дәлдігін, қағаз көлемін, түрін және оны беру тәсілін) өзгерте бастаймыз.

Алдын-ала келісім бойынша анықталған принтерді орнату

Алдын-ала келісім (үнсіз келісім) бойынша анықталған принтерді орнату деп Wіndows жүйесінің кез келген программасынан баспаға мәлімет шығару керек болғанда, принтер жұмысының сол анықталған параметрлер мәндері бойынша жүргізілуін айтады.

Сонымен, үнсіз келісім бойынша принтерді орнату үшін, оны "Принтерлер" программасы терезесіндегі тізімде белгілеп алып, Файлсіз келісім бойынша орнату (Файл-Установить по умолчанию) командасын орындаймыз. Сол сәтте менюдегі "үнсіз

келісім бойынша орнату" (Установить по умолчанию) опциясының алдында тексеру жалаушасы пайда болады.

Wіndows-программалардан мәліметті баспаға шығару

Көптеген Wіndows-программалар қағазға басып шығарылатын құжаттар жасау үшін қолданылады.

Мұндай стандартты программалар қатарына WordPad (Wrіte), Paіnt (Paіntbrush), Блокнот, Календарь, Картотекалар жатады. Принтерді алдын ала даярлаудың көптеген параметрлері программалар мәліметтерімен тікелей тағайындалуы мүмкін. Бұл үшін менюдің Файл пунктінде "Принтерді Таңдау" (Выбор принтера) командасы орнындалып, содан кейін жоғарыда жазылғандарға ұқсас сұхбаттасу терезелері біртіндеп ашыла бастайды.

Атап өткен программаларда алдынала келісім бойынша анықталған принтер мен принтерді қосу порттарын қайта тағайындауға болмайды. Мұны тек басқару панелінің "Баптау" (Настройка) командасы арқылы жасау қажет. Алайда, Word, Excel сияқты қуатты программалар өздерінің ішінде-ақ бұл жұмысты да орындауға мүмкіндік береді. Wіndows-программалардан информацияны баспаға шығару үшін Файл- Баспаға шығару (Файл-Печать) командасын қолданған жөн.

Бұған сәйкес, процессор уақыты кезекпен жұмыс істеп тұрған екпінді программаларға бөлініп берілуі тиіс. Бір программаға бөлініп берілетін процессорлық уақыттың бөлігі (порциясы) - квант деп аталады, ал осылай уақытты бөліп отыру тәсілін - кванттау деп

атайды.

Егер программа өзінің бір квантында толығымен орындалып бітпесе, онда оның жұмысы тоқталады да, программаның жұмыс нәтижелері есте сақталып қалады. Процессорлық уақыт осы программаға қайта берілген кезде, оның жұмысы тоқталған жерден ары қарай жалғасады. Принтер - механикалық (электромеханикалық) құрылғы болғандықтан, ол электроникаға қарағанда аңағұрлым баяу жұмыс істейді. Жедел жадтағы мәлімет принтерге өте жылдам беріледі де, ал оны баспаға шығару өте жай орындалады. Процессор информацияның кезекті порциясының баспаға шығарылуының аяқталуын күтіп тұрмас үшін, Wіndows жүйесінде арнайы шаралар қарастырылған. Міне, осындай сәттердегі принтердің жұмыс істеу тәртібін басқару Баспа Диспетчері деп аталатын жүйелік программаға жүктелген.

Қолданбалы программа баспаға шығарылатын информацияны буферлік жадқа жібереді. Ал бұл информацияны принтерге жеткізу мен оны баспаға шығаруды қамтамасыз ету - Баспа Диспетчерінің жұмысы. Баспа Диспетчері жұмыс істеп тұрған басқа программалармен бірге өзінің процессорлық уақыт квантын алу үшін "кезекке тұрады". Оған кезек келген кезде, ол принтерге информацияны шығаруды ұйымдастырады. Мәліметтердің басып шығарылмаған бөлігі келесі уақыт квантында шығарылатын болады. Принтерге басып шығару процесінің баяулығына және процессордың үлкен жылдамдықпен істеуіне байланысты кідіріс болуы сырт көзге тіптен байқалмайды да.

Баспаға шығару жылдамдығы Баспа Диспетчеріне бөлінетін процессорлық уақыт квантының мөлшеріне байланысты. Принтермен кез келген екпінді программа жұмыс кезінде бірнеше рет қатынас құрып отырады. Диспетчер олардың кезегін ретпен ұйымдастырып, жұмыс істеу тәртібін қатаң түрде қадағалап отырады.

Баспа Диспетчері кез келген программа принтерді сұрағанда, бірден іске кіріседі. Мұндай сәтте Wіndows жұмыс столына Баспа Диспетчерінің шартбелгісі шығады. "Принтерлер" программасын іске қосып қай программаның баспамен жұмыс істеп жатқанын білуге болады.

Принтердің информациялық қатарында ("Принтер" опциясы) мынадай мәліметтер бар:

- принтер аты;

- принтердің компьютерге жалғанған порты;

- принтердің қазіргі қалып-күйі.

Әдетте бұл команда Баспаға шығару сұхбат терезесінің ашылуына әкеледі. Әртүрлі программаларда Басып шығару сұхбат терезелерінің сыртқы түрі бөлек болғанмен, бірақ олардың ішкі мәндері бірдей болады.

Мысал ретінде WordPad редакторынан мәтін басып шығаруды қарастырамыз. Көбінесе мәтін бірден принтерге шығарылады, бірақ кейде ол файлға да жазылып шығуы мүмкін. Егер файлға жазылса, кейін оны Wіndows жүйесін пайдаланбай-ақ (мысалы, MS DOS ортасында copy файл-аты prn сөздері арқылы) басып алуға болады. Бірақ бұл өте қымбат информация, мұндай файлдың бір қатарының өзі бірнеше кб орын алуы (қаріптерге байланысты) мүмкін.

WordPad редакторында файлға шығару режимі Баспаға шығару сұхбаттасу терезесіндегі тиісті батырмамен тағайындалады.

Қажетті параметрлер енгізілісімен, мәтінді баспаға шығару басталады. Баспаға шығару процесінің басталғаны жайлы хабар сұхбаттасу терезесіне шығарылады. Кез келген сәтте принтерді тоқтатуға болады, ол үшін Болдырмау (Отмена) батырмасын тышқанмен сырт еткізсе болғаны.

Баспа Диспетчерімен жұмыс істеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көптапсырмалы операциялық жүйе
Принтердің түрлері және олардың жұмыс жасау принциптері
Windows жүйесінің стандартты программалары жайында
Wіndows жүйесінің cтандартты программалары
Принтердің түрлері
Word мәтіндік редактор
Windows операциялық жүйесіндегі стандартты программалар
Windows жүйесінiң стандартты программалары
Wіndows жүйесінің cтандартты программалары туралы
Windows жүйесінің стандартты программалары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz