Word редакторында құжатты қағазға басып шығару


ЖОСПАР
Word редакторында құжатты қағазға басып шығару2
Басып шығарылатын мәтінді алдын ала көріп шығу2
Беттерді белгілеу арқылы көру режимі2
Мәтінді алдын ала көру режимі3
Құжатты баспаға шығару5
Баспаға мәтіннің бірнеше көшірмесін шығару6
Құжатты баспаға бөліп шығару6
Құжатты қосымша информациямен бірге баспаға шығару8
Құжат жайлы қосымша информацияны баспаға шығару9
Басылымның алғашқы нұсқасын алу10
Беттерді артынан алдына қарай (кері ретпен) баспаға шығару11
Командалық қатарлар өрістерін жаңарту11
Байланыстарды жаңарту11
Фондық режимде баспаға шығару12
Басылым қағаздарын таңдау12
Қолданылған әдебиеттер:14
Word редакторында құжатты қағазға басып шығару
Құжатты баспаға жібермес бұрын, алдымен оның қағаз бетінде қалай орналасатынын арнаулы алдын ала мәтін көру режимі арқылы қарап шығу керек. Бұл біраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Word редакторында бірден мәтіннің бірнеше дана көшірмесін баспаға шығаруға мүмкіндік бар, сондай-ақ, құжаттың тек кейбір беттерін ғана баспаға шығаруға болады. Кез келген құжаттық мәтінді Word экранында орналасқан "Қасиеттер" сұхбат терезесіндегі ол жайлы мәліметтерімен бірге басып алуға болады. Бұдан өзге де баспаға шығарудың толып жатқан қосымша опцияларын да (мүмкіндіктерін) қарастырамыз.
Басып шығарылатын мәтінді алдын ала көріп шығу
Басып шығарылатын мәтінді көріп шығу үшін келесі төрт режимнің кез келгенін қолдана аламыз, олар: әдеттегі (обычный), беттерді белгілеу (разметка страницы), құжат құрылымы (структура документа) және баспаға шығару алдында мәтінді көріп шығу (предварительный просмотр) . Егер де құжат құрамында арнайы элементтер (кестелер, кадрлар, графиктік объектілер, т. с. с. ) болса, тек беттерді белгілеу және баспаға шығару алдында мәтінді көріп шығу сияқты екі режим ғана басып шығарылатын құжат жайлы алдын ала толық көрініс бере алады.
Көрсетілген төрт режимнің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, бетті белгілеу режимі мәтіндің немесе графиктің жеке элементтерінің орнын өзгертуге және Word-тың барлық саймандарын қолдануға мүмкіндік береді. Ал алдын ала мәтін көру режимі арнайы батырмалар орналасқан "Алдын ала көру" панелін пайдалануды ұсынады.
Беттерді белгілеу арқылы көру режимі
Бұл әмбабап режим болып табылады, сол себепті ол құжатты оқу мен түзетуде және баспаға шығарудан бұрын алдын ала оны көруде қолданылады.
Бетті белгілеу арқылы көру режимінде мәтіндік құжат баспадан шығарылғаннан кейін қандай күйде болса, дәл сондай күйде көрінеді. Сондықтан бұл режимде тақырыптардың, кестелердің, суреттердің және оларға түсінік беретін төменгі шетте орналасатын сілтеме жазулардың (сноска), сондай-ақ беттердің нөмірлері таңбаларының қағаз бетіне орналасуын бақылап отыру өте қолайлы.
Мәтінді беттерді белгілеу режимінде көру үшін мынадай әрекеттер орындалады:
- оқылатын (өңделетін) құжатты экранға шығару, яғни ашу керек;
- Сыртқы түр-Бетті белгілеу (Вид-Разметка Страницы) командасын орындау немесе көлденең жылжу белдеуінің сол жақ шетінде орналасқан бетті белгілеу режимінің батырмасын басу қажет;
- жеке бір беттің қағазда қалай орналасатынын көру үшін Сыртқы түр-Масштаб (Вид-Масштаб) командасын орындап немесе саймандар стандартты панелінде орналасқан Масштаб батырмасын басып, олардың нәтижесінде қағаз бетінде объектілердің орналасуы жайлы толық (адекватты) көрініс ала аламыз (20. 1-сурет) ;
- басқа бір көру режиміне өту үшін, Сыртқы түр (Вид) менюінің ішкі командаларын немесе көлденең жылжу белдеуінің сол жақ шетінде орналастырылған көру режимдерінің ауыстырып қосқыш батырмаларын қолдану қажет.
Мәтінді алдын ала көру режимі
Бұл режимде құжаттың бір немесе бірден бірнеше беттерін кішірейтілген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтінге соңғы өзгерістер енгізуге болады. Мұнда құжаттың бірнеше беттерін көру барысында мәтінді оқу немесе жеке графиктік элементтерді айқын бейнелеу мүмкін емес. Алайда элементтердің өзара орналасуы жайлы толық мәлімет алып, төменгі сілтеме қатарларды байқап, артық кеткен бос қатарларды тез анықтауға болады. Мәтінді алдын ала көру режимінде жұмыс істеу үшін 20. 2-суретте келтірілгендей, "Алдын ала көру" (Предварительный просмотр) деп аталатын арнайы саймандар панелі қарастырылған.
"Алдын ала көру" саймандар панелінің батырмалары:
- "Баспаға шығару" сұхбат терезесінде анықталған опцияларға сәйкес құжатты қағазға басып шығарады.
-Yлкейту/Кішірейту (тышқан курсоры үлкейтілген әйнекке айналады) мен өңдеу (курсор пішіні стандартты) режимдерін алма-кезек ауыстыруды іске асырады.
Бір бет - Құжаттың жалғыз бетінің мазмұнын көруді іске асырады.
Бірнеше беттер - Бір уақытта құжаттың бірнеше беттерін қарап шығуды іске асырады.
Масштаб - Құжат бейнесінің масштабын экранда өзгертеді
Сызық - Көлденең жылжу белдеу сызықтарын бейнелеп көрсетеді немесе жасырады.
Беттерді қиыстырып келтіру - Құжатты жан-жағынан ығыстырады. Егер соңғы бет кішігірім көлемдегі мәтінді құраған жағдайда қолданған жөн.
Толық экранға - Экраннан панельдер мен басқа элементтерді жоюға байланысты құжаттың мазмұнын көруге арналған облысты максималды үлкейтеді. Жабу - Алдын ала көру режимдерінен шығуды іске асырады.
Анықтама - Контексті-тәуелді анықтаманы ұсынады
Сонымен "Алдын ала көру" режимінде экранға құжатты шығару үшін келесі әрекеттер орындалады:
- көргіңіз келетін құжатты экран бетіне шығарыңыз;
- Файл-Алдын ала көру командасын (Файл-Предварительный просмотр) командасын
орындаңыз немесе саймандар стандартты панеліндегі "Алдын ала көру" батырмасын басыңыз;
- Экранда құжаттың бірнеше беттерін бір уақытта қарап шығу мүмкіндігін енгізіңіз.
Бұл үшін "Алдын ала көру" саймандар панеліндегі Бірнеше беттер (Несколько страниц) батырмасын басыңыз. Бірнеше беттер батырмасынан төменде беттер бейнесі бар терезе пайда болады. Беттер санын және олардың орналасу тәртібін анықтап көрсетіп беру үшін тордың кез келген ұясын тышқанмен басыңыз да тор бойымен жылжыңыз. Соңында тышқан батырмасын босатыңыз, сонда экранға көрсетілген беттер саны шығарылады (20. 3-сурет) .
Алдын ала көру режимінде басқа беттерді бейнелеп көрсету үшін Page Up және Page Down пернелерін қолданған жөн.
- Құжаттың жеке беттерін бөлектеп көруге оралу үшін "Бір бет" (Одна страница) батырмасын басыңыз;
- Алдын ала көру терезесінде жұмыс істеуді аяқтау үшін Жабу (Закрыть) батырмасын басыңыз. Алайда, дәл қазір бұл терезені келесі мысалдарды орындауда қажет болатындығына орай ашық қалдырыңыз. Алдын ала көру режимінде мәтінді оқып шығу мүмкін емес. Алайда, құжатты көру барысында, сізге оның кейбір үзінділерін толығырақ қарастырып шығу және оған өзгертулер енгізу қажет болуы мүмкін.
Сондықтан құжатты алдын ала көру режимін толығырақ қарастырып шығу және оны өңдеу үшін мынадай әрекеттер орындалады:
- "Алдын ала көру" саймандар панеліндегі үлкейту батырмасын басыңыз, мұның нәтижесінде тышқан курсоры қосу таңбасы бар үлкейтілген әйнек түріне енеді;
- тышқан курсорын беттің қай бөлігін толығырақ қарастырғыңыз келеді, сол бөлігіне апарып белгілеп оның батырмасын басқанда, экранға беттің көрсетілген бөлігі 100%-ке үлкейтіліп шығарылады да, тышқан курсоры үлкейтілген әйнекке ауысады;
- үлкейтілген мәтін бөлігін жөндеп-түзетуге және бетті белгілеу режиміндегідей форматтауға болады, ол үшін лкейту батырмасын тағы да бір рет басу керек.
Сонда тышқан курсоры өзінің қалыптағы стандартты күйіне өзгереді;
- қажетті өзгертулер енгізілген соң, бұрынғы кішірейтілген бейнеге қайта оралу үшін алдымен үлкейту батырмасын, сосын барып құжат бетін басу керек.
Алдын ала көру режимінен шығу үшін "Алдын ала көру" саймандар панеліндегі Жабу батырмасын басыңыз немесе Файл-Алдын ала көру командасын қайталай орындаңыз. Нәтижесінде, сіз алдын ала көру режиміне ауысқанға дейінгі жұмыс істеген режиміңізге ораласыз.
Алдын ала көру режимінде тұрып-ақ құжатты баспаға шығаруға болады. Ол үшін "Алдын ала көру" саймандар панеліндегі Баспаға шығару батырмасын басу жеткілікті, бірақ мұнда баспа параметрлерінің ағымдағы мәндері арқылы құжат толығымен қағазға шығарылады. Ал егер де құжаттың бірнеше беттерін ғана баспаға шығару керек болса немесе баспа параметрлерін өзгерту қажет болған жағдайда, "Баспаға шығару" сұхбат терезесін ашу керек. Ол үшін Файл-Баспаға шығару командасы орындалады.
Құжатты баспаға шығару
Әдетте, құжатты онымен жұмыс істеуді аяқтаған соң басуға жіберуге болады, яғни мұндайда Word терезесіндегі ағымдағы мәтін толық қағазға шығарылады. Алайда, құжаттың толық жөнделіп біткеніне көз жеткізсек, онда оны Word терезесін ашпай-ақ, тіпті Word-ты іске қоспай-ақ, басып шығара аламыз (оны келесі тарауларда қарастырамыз) .
Ағымдағы құжатты баспаға шығару үшін келесі әрекеттер орындалады:
1. Қажетті құжат экранға шығарылады (ашылады) ;
2. Файл-Баспаға шығару командасын орындау немесе Ctrl+Shіft+F12 пернелер комбинациясын басу керек, сонда экранға "Баспаға шығару" сұхбат терезесі шығарылады (20. 4-сурет) ;
3. ОК батырмасын басамыз.
20. 4-сурет. "Баспаға шығару" сұхбат терезесі.
Мұндай сәтте құжаттың басынан аяғына дейінгі барлық беттері бір дана болып басылып шығады, оның параметрлері алдын ала келісілген мәндерді қабылдап тұрады немесе баспаға шығарудың осының алдындағы сеансы үшін "Баспаға шығару" сұхбат терезесінде анықталған параметрлер арқылы орындалады.
Ашық тұрған құжатты баспаға шығарудың екінші тәсілі ретінде саймандар стандартты панеліндегі Баспаға шығару батырмасын басуды айтуға болады. Құжатты баспаға шығаруды болдырмау үшін Esc пернесін басылуы тиіс.
Баспаға шығару барысында Wіndows жүйесінің есептер панелінде принтердің шартбелгісі көрсетіліп тұрады. Баспаға шығаруды болдыртпау үшін (екінші тәсіл ретінде), тышқанды принтер шартбелгісіне жеткізіп, оны екі рет сырт еткізу керек. Соның нәтижесінде, экранға 20. 5-суретте көрсетілгендей сұхбат терезесі шығады да, ол Құжат-Баспаға шығаруды болдырмау (Документ- Отменить печать) командасы арқылы баспаға шығаруды болдырмауға мүмкіндік береді. Баспаға шығару терезесін жабу үшін Принтер-Жабу (Принтер-Закрыть) командасын орындаған жөн.
Егер баспаға шығару фондық режимде (басқа әрекеттермен қатарласа) жүргізілетін болса, онда экранда құжатты баспаға шығару жайлы ағымдағы информация көрсетіліп тұрады. Сол терезеде Болдырмау (Отмена) батырмасы бар, соның көмегімен құжатты басуды доғара аламыз. 20. 5-сурет. Терезе құжатты баспаға шығарудың қазіргі күйі көрсетілген.
Е с к е р т у. Баспаға шығаруы доғару барысында текст беттерінің біраз бөлігі бәрі бір принтерге жіберіліп үлгеріледі.
Баспаға мәтіннің бірнеше көшірмесін шығару
Алдын ала келісім бойынша құжаттың барлық беттері бір дана болып қана басып шығарылады.
Бірақ оны бірнеше дана етіп те шығару мүмкіндігі бар, ол үшін:
- баспаға шығаруға арналған құжатты ашу қажет;
- Файл-Баспаға шығару командасын орындап немесе Ctrl+Shіft+F12 пернелер комбинациясын басып, экранға "Баспаға шығару" (Печать) сұхбат терезесін шығарамыз;
- Осы терезенің "Көшірмелер" (Копии) бөліміндегі Көшірмелер саны (Число копии) өрісіне құжаттың қажетті көшірмелер санын тікелей енгіземіз (немесе өрістің оң жағында орналасқан тілсызық батырманы басып қажетті санды шығарып орнату керек) ;
- Алдын ала келісім бойынша "Көшірмелер" бөлімінде Көшірмелерді бөліп қою (Разобрать по копиям) жалаушасы қойылған, соның нәтижесінде бірінші дананың барлық беттері толық басылады, сосын екінші дананың беттері басылып шығады, т. с. с. Ал егер барлық даналарды қатар алмақ болсақ, онда Көшірмелерді бөліп қою (Разобрать по копиям) жалаушасын алып тастау қажет, сонда ең алдымен барлық бірінші беттер, сосын барлық екінші беттер т. с. с. болып басылып шығады. Бұл тәсіл баспаға шығару уақытын біршама қысқартуға мүмкіндік береді, бірақ мұнда құжаттың барлық даналарын реттеуді әркім өзі істеуіне тура келеді;
- ОК батырмасын басыңыз.
Құжатты баспаға бөліп шығару
Құжатты толығымен емес, оның тек бір немесе бірнеше беттерін ғана баспаға шығару қажеттілігі жиі кездеседі. Мысалы, басылған құжат ішінен бір қате табылды делік, мұндайда тек осы бетті қайтадан баспаға шығаруға тура келеді.
Құжатты баспаға бөліп шығарудың екі жолы бар, олар: "Баспаға шығару" (Печать) сұхбат терезесінде жеке беттер нөмірлерін (немесе беттер диапазонын) нақты көрсету немесе ол терезені ашудан бұрын қажетті беттерді белгілеп алу. Сондай-ақ, құжаттың курсор тұрған ағымдағы беті ғана басып шығарылуы мүмкін.
Сонымен құжаттың жеке беттерін баспаға шығару үшін мынадай әрекеттер орындалады:
1. Баспаға шығаруға арналған құжатты ашып, одан кейін "Баспаға шығару" сұхбат терезесін экранға шығару керек;
2. "Беттер" (Страницы) бөлімінде Нөмірлер қатарын таңдап алу қажет;
3. Енгізу өрісіне басып шығарылуға тиіс беттер нөмірлерін үтір арқылы көрсетіп жазып шығамыз.
Егер қажетті беттер бірінің артынан бірі жалғасып тұрса, дефис арқылы бастапқы және соңғы беттер ғана көрсетіледі. Ал тізбек түрінде бірнеше диапазон болса, оларды да үтірмен бөлеміз, мысалы: 1-3, 9, 20-21, 44, 47-51, 57-62. Егер құжат бірнеше ірі бөлімдерден тұрса, әр бөлімдегі қатар орналасқан беттерді баспаға шығару үшін, енгізу өрісіне беттер нөмірлерін және олардың бөлімдерін дефис арқылы көрсетеміз. Мұндайда беттерді белгілеу үшін р латын әрпі, ал бөлімдерді белгілеуде - s әрпі қолданылады.
Мысалы: р28s3-p12s5.
4. Егер тек курсор орналасқан ағымдағы бір бетті баспаға шығару қажет болса, онда "Беттер" бөлімінен Ағымдағы (Текущая) деген қатарды белгілеп алу қажет;
5. Соңында ОК батырмасы басылады.
Құжаттың белгіленген бөлігін баспаға шығару үшін, қажетті фрагментті белгілеп алу крек. Содан кейін "Баспаға шығару" сұхбат терезесін ашып, оның "Беттер" бөлімінде Белгіленген фрагмент (Выделенный фрагмент) қатарын таңдап, соңында ОК батырмасын басса болғаны. Бірақ құжат колонтитулдары (тұрақты тарау аттары) басып шығарылмайды. Оның үстіне құжаттағы нақты белгіленген фрагментке қоса сол қағаз бетінің жоғарғы бөлігі де басылып шығарылады.
Көлемді құжаттарды баспаға шығаруда қағаздың екі жақ бетін де пайда-ланған жөн. Осылайша қағаз үнемделеді және текст көлемі де кішірейеді. Кейбір принтерлерде қағаздың екі бетіне де текст басып шығару режимі бар, ал егер ондай мүмкіндік болмай
қалса, төмендегідей етіп қағаздың екі бетін де пайдалануға болады: алдымен құжаттын тек тақ беттерін парақтын бір жағына, ал екінші жолы (сеанста) тек жұп беттерді парақтың келесі бетіне басып шығарамыз.
Құжаттың тек тақ (жұп) беттерін баспаға шығару үшін келесі әрекеттер орындалады:
1. "Баспаға шығару" (Печать) сұхбат терезесін ашыңыз;
2. "Баспаға шығарып алу" (Вывести на печать) деген ашылатын тізімнен Тақ беттер (Нечетные страницы) қатарын таңдап алу керек;
3. сонан кейін жұп беттерді таңдап алып қағазға шығарамыз;
4. құжаттың барлық жұп (немесе тақ) беттерін баспаға шығарудан басқа, көрсетілген фрагменттің (диапазонның) де жұп немесе тақ беттерін басып шығара аламыз. Мысалға, "Тақ беттерді" таңдау барысында Нөмірлер өрісінде 15-20 цифрларын енгізсек, 15-, 17- және 19-беттерді басып шығарамыз;
5. соңында ОК батырмасын басу керек.
Құжатты қосымша информациямен бірге баспаға шығару
Word редакторы әр құжат үшін алдын ала келісім бойынша баспаға шығарылмайтын информация құрастырады. Мұндай информацияларға "Қасиеттер" (Свойства) сұхбат терезесіндегі мәліметтер, ескертулер, жасырылған текст және сурет түрінде салынған объектілерді жатқызуға болады. Өз қалауымыз бойынша құжатпен қоса жоғарыда аталынып өтілген информациялық объектілердің барлығын немесе кез келген бір бөлігін қағазға басып шығара аламыз.
Құжатпен бірге қосымша информацияны баспаға шығару үшін:
1. "Баспаға шығару" (Печать) сұхбат терезесін ашамыз;
2. Терезедегі Параметрлер батырмасын басып, экранға "Параметрлер" терезесінің "Баспаға шығару" деген ішкі парағын шығарамыз (20. 6-сурет) .
"Параметрлер" сұхбат терезесін Сервис-Параметрлер командасын орындау арқылы ашуға болады;
3. "Басып шығару" (Печатать) бөлімінде құжатпен бірге басып шығарғымыз келетін информация түрлерінің опцияларын белгілеп көрсету қажет.
Төменде сол опциялар тізімі мен олардың атқаратын қызметі келтірілген;
4. ОК батырмасын басамыз;
5. "Баспаға шығару" (Печать) сұхбат терезесіндегі қажетті параметрлерді белгілеп алып, ОК батырмасын басу керек. Енді таңдап алуға болатын опциялар тізімін келтірейік.
Мәліметтер (Сведения) - құжатты баспаға шығаруды аяқтағаннан кейін келесі бетке қорытынды мәліметті басып шығарады. Қорытынды мәліметке құжаттың сипаттамасы мен статистикасы кіреді, олар: автордың аты-жөні, құжат тақырыбы, түсініктемелер, баспаға шығарылған күн-ай мерзімі ( датасы), беттер саны, т. с. с.
Өрістер кодтары (Коды полей) - құжатқа оның парақтары шетіндегі бос орынды анықтайтын өріс мөлшерлері орнына оның кодтарын басып шығарады.
20. 6-сурет. "Параметрлер" сұхбат терезесінің "Баспаға шығару" атты ішкі парағы. Ескертулер - құжаттың соңыңда жеке беттерге ескертулер басып шығарады, онда автордың немесе пікір берушінің құжатқа қосқан қысқаша ескертулері жазылады (ескертулер жазылған бет нөмірлері көрсетіледі) .
Жасырын текст - құжаттағы жасырын тексті басып шығарады.
Графиктік объектілер - құжатпен бірге Word-та салынған сурет тәрізді объектілерді басып шығарады.
Құжат жайлы қосымша информацияны баспаға шығару
Word алдын ала келісім бойынша баспаға құжат текстін шығарады. "Баспаға шығару" (Печать) сұхбат терезесіндегі "Басып шығу" (Напечатать) атты ашылатын тізім құжаттың орнына тек ол туралы информацияны ғана баспаға шығаруға мүмкіндік береді. Төменде осы информация опцияларының атқаратын жұмыстарының тізімі келтірілген. Құжат (Документ) - құжат текстін басып шығарады.
Мәліметтер (Сведения) - тек құжат жайлы қорытынды мәліметті басып шығарады. Бұл информация толығымен құжатпен бірге басып шығарылатын қорытынды мәліметпен сәйкес келеді (алдынғы бөлімді қара) .
Ескертулер (Примечания) - тек құжат ішіндегі ескертулерді ғана басып шығара-ды. Бұл информация да толығымен құжатпен бірге басып шығарылатын ескертулермен сәйкес келеді (алдынғы бөлімді қара) .
Стильдер - құжаттың барлық стильдерінің аты мен сипаттамаларын ғана басып шығарады. Автотекст элементтері - автотекст элементтерінің аттары мен олардың ішкі мазмұнын басып шығарады.
Пернелер тіркесі - макрокомандалар тізімін, оларды орындауға арналған пернелерді, ағымдағы шаблонға арналған олардың сипаттамаларын, сондай-ақ жылдам орындалатын командаларға сәйкес пернелер комбинациялары тізімін басып шығарады.
Осы көрсетілген қосымша информациялардың жеке өзін құжаттан бөлек баспаға шығару үшін, келесі әрекеттер орындалады:
1. Файл-Баспаға шығару командасын орындап, экранға "Баспаға шығару" (Печать) сұхбат терезесін шығарамыз.
2. "Басып шығу" (Напечатать) тізімінен қажетті элементті атап көрсетеміз;
3. ОК батырмасын басамыз. Баспаға шығарудың қосымша опциялары
Міне, сіздер Word редакторының құжаттарды баспаға шығару мүмкіндіктерінің басты бөлігімен таныс болдыңыздар. Енді құжатты баспаға шығарудың қалған басқа да опцияларына көңіл бөлейік. Бұл опциялар "Парметрлер" сұхбат терезесінің "Баспаға шығару" (Печать) атты ішкі бетінде орналасқан (20. 6-сурет) . Бұл ішкі бет экранға тікелей "Баспаға шығару" сұхбат терезесінен (Парметрлер батырмасы) немесе Файл-Параметрлер командасын таңдау арқылы шығарылады.
Басылымның алғашқы нұсқасын алу
Практикада басылған құжаттың сапасына онша мән бермей-ақ, оны тез арада баспаға шығару қажеттілігі жиі кездесіп тұрады. Мысалға, құжатпен үйде жұмыс істегіңіз келуі немесе кейбір жерлерін экспертке көрсетіп ақылдасу қажеттілігі тууы мүмкін. Осындай жағдайларда баспаға текстің сапасыздау болса да алғашқы нұсқасын (черновик) түсіріп алған жөн.
Алғашқы нұсқаны сапасына қарамай баспаға шығару режимінде принтер мүмкін болатын ең жоғарғы (максималды) жылдамдықпен жұмыс істеуі тиіс.
Мұндайда шығарылған басылымның сапасы принтер типіне ғана байланысты болады. Көптеген принтерлер бұл режимде жылдам басылатын тек бір шрифт түрін ғана пайдаланады. Символдардың қарайтылған кескіні және курсивпен алынатын сөз
тіркестері "астын сызуға" ауыстырылады. Басылымның алғашқы нұсқасын алу кезінде
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz