WORDPAD мәтіндік редакторы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

WORDPAD мәтіндік редакторы2

WordPad бағдарламасының жүктелуі3

Құралдар тақтасы4

WordPad мәтіндік редакторының менюі4

Құжаттың жасалуы мен редакциялануы5

Құжаттардың түрлері6

Мәтінді редакциялау6

Белгілі бір мәтіннің бөлігін бөлектеу7

Мәтінді форматтау8

Құжаттың сақталуы8

Құжаттың ашылуы8

Құжатқа суреттердің енгізілуі (кіргізілуі) 9

Қағазға бастырудың алдындағы көрінісі9

Құжаттың қағазға бастырылуы10

Қорытынды12

Қолданылған әдебиеттер:13

Кіріспе

Wіndows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы:

- мәтіндік құжаттар құру;

- графиктік бейне-көріністер құру және оларды редакциялау (өңдеу, түзету) ;

- жұмыс уақытын жоспарлауды ұйымдастыру;

- математикалық есептеулерді орындау және т. б.

Әдетте, бұл қосымша программалар "Реквизиттер" тобында орналасқан.

Сол стандартты программалардың бірі WORDPAD мәтіндік редакторы.

WORDPAD мәтіндік редакторы

WordPad редакторы Wіndows-тың стандарттық бағдарламалардың бірі және де күрделі мәтіндік құжаттарды жасауға әрекет етеді.

WordPad редакторы күрделі де қиын мәтіндік құжаттарды құруға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған текстік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар.

Сондықтан WordPad (Wrіte) редакторын қысқаша түрде оның тек негізгі жұмыс мүмкіндігімен танысамыз.

1-сурет. Wіndows жүйесінің cтандартты программалары

WordPad редакторы мәтіндік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге - ішкі көрінісі мен қаріпті мәтіндік өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

WordPad бағдарламасының жүктелуі

1. "Пуск" ("Бастау") батырманы басу;

2. Шыққан менюден "Программы" ("Бағдарламалар") деген жолды алу;

3. Келесі шыққан менюден "Стандартные" ("Қалыпты") деген жолды алу;

4. Пайда болған тізімнен WordPad жолын таңдау.

WordPad редакторы қосылған соң, экранда оның терезесі көрінеді.

Терезедегі бағдарламада мына басқару бөлімдері бар:

  • Құралдар тақтасы;
  • Мәтінді форматтайтын тақта;
  • Сызғыш (алаңның өлшемін өзгертеді және табуляцияның позицияларын енгізеді) ;
  • Енгізудің (шығарудың) курсоры - жанып-сөнген тік сызықша;
  • Тышқанның курсоры жұмыс істейтін құжаттағы түрі - І;
  • Меню.

Құралдар тақтасы

WordPad терезесінде, Wіndows-тың көпшілік терезелеріндей, құралдар тақтасы болуы мүмкін. Ол жиі қолданылатын командаларды шақыру үшін қажет.

WordPad мәтіндік редакторының менюі

WordPad терезесінің жоғарғы жағында меню орналасқан, ол келесі қажетті сөздерден тұрады:

ФАЙЛ - мына командаларды қамтиды: жаңа құжатты жасау (құжаттың түрін таңдауға болады), файлды (құжатты) ашу, құжатты еске сақтау, қалай сақтау (жаңа атаумен сақтауға болады), құжатты бастыру, алдын ала көрінісі, парақтың макеті (шеттің, жолдың өлшемдерін қою) .

ПРАВКА (ТҮЗЕТУ) - келесі командалар жатады: алып (кесіп) тастау, көшіру, енгізу (шығару), жою, іздестіру (керекті сөзді), ауыстыру және т. б.

ВИД (КӨРІНІС) - мына командалар жатады: құралдар тақтасын көрсету/алып тастау, форматтайтын тақта, сызғыш, жолдың түрін, параметрлер (сөздің көшірілуі) .

ВСТАВКА (ЕНГІЗУ) - күн-ай (датаны) мен уақытты, объектіні шығару.

ФОРМАТ - мына командалар жатады: шрифттің қалауы, маркерді енгізу, абзацты және табуляцияның позицияларын жасау.

? - анықтаманы шақыру, WordPad бағдарламасы туралы мәлімет.

Құжаттың жасалуы мен редакциялануы

Бағдарламаны қосқан кезде, автоматты түрде жаңа құжат ашылады, онда бірден ақпаратты теруге болады. Жаңа құжатты ашу үшін, келесі әрекеттерді жасау керек:

1. Құралдар тақтасында "Создать документ" ("Құжатты жарату") батырмасын немесе Файлдан "Создать" ("Жарату") команданы таңдау. Экранда пайда болған сұхбаттық терезесінде жасалатын құжаттың бірнеше түрлері көрсетіледі.

2. Түрді таңдап алған соң, ОК батырмасын басу. Осыдан кейін құжаттың терезесінде мәтінді теруге болады.

Құжаттардың түрлері

ДОКУМЕНТ WORD 6 - форматты Mіcrocoft Word 6. 0. бағдарламасымен қолданады.

ФАЙЛ RTF - Word 6. 0. документ пен Мәтіндік документтің арасындағы орташасы. Бұл формат әдейі форматталған текстті белгілі бір мәтіннің арасына көшіру үшін жасалған.

МӘТІНДІК ДОКУМЕНТ - осы форматты таңдағанда, құжат жай күйіндегі (форматталмаған) мәтін болып сақталады. WordPad бағдарламасы барлық сөздерді еске сақтайды, бірақ форматталған бөлек таңбалар (символдар), абзацтар мен құжаттың өзі, енгізілген суреттер туралы мәліметтер жоқ болады (жойылады) .

Мәтінді редакциялау

Мәтінді редакциялау кезінде, келесі командалар орындалады:

  • ВСТАВКА (ЕНГІЗУ) - мәтінді енгізу үшін, курсорды енгізілетін (шығаратын) жерге қою керек. Енгізілетін мәтін курсордың сол жағына орналасады.
  • УДАЛЕНИЕ (АЛЫП ТАСТАУ) - жолдағы мәтінді жою - курсорды жоятын мәтіннің алдына қойып DEL пернесін басу, немесе курсорды мәтіннің соңына қойып Backspace пернесін басу.
  • УДАЛЕНИЕ ФРАГМЕНТА ТЕКСТА (МӘТІННІҢ БӨЛІГІН АЛЫП ТАСТАУ) - мәтіннің белгілі бір бөлігін жою - мәтінді бөлектеп DEL пернесін басу. Егер мәтінді жою керек болғанмен, оны ауыстыру буферінде сақталуы үшін:

1) мәтінді бөлектеу;

2) "Правка"("Түзету") менюінен "Вырезать"("Алып тастау") командасын таңдау (осылай құралдар тақтасын да жоюға болады) .

Белгілі бір мәтіннің бөлігін бөлектеу

Бір сөзді бөлектеу үшін - тышқанның курсорын осы сөзге қойып екі рет басу. Бүкіл абзацты бөлектеу үшін - тышқанның курсорын абзацтың кез келген жеріне қойып үш рет басу.

Құжаттың текстін - курсорды бөлектенетін алаңға (мәтіннің сол жағындағы бос орынға) қойып, тышқанның сол жағындағы батырмасын үш рет басу. Құжаттың бүкіл текстін Ctrl+A (латын) пернелерін бірге басып бөлектеуге болады. Бұл жағдайда тышқанның курсоры мен енгізілетін нүкте, қайда тұрса да болады.

Мәтінді форматтау

Форматтайтын терезе шрифттің түрлері мен өлшемдерін және форматтау үшін, командаларды жылдам береді.

Құжаттың сақталуы

Жаңа құжатты сақтау үшін:

1. Құралдар тақтасында "Сохранение документа"("Құжат сақтау") батырмасын басу немесе Файл менюінде "Сохранить как …" ("… сияқты сақтау") команданы таңдау;

2. "Сохранить в" ("Ішіне сақтау:") алаңында, мәтін (құжат) сақталатын папканы таңдау;

3. Құжаттың атауын енгізу;

4. Құжаттың форматын көрсету;

5. "Сохранить" ("Сақтау") батырмасын басу.

Құжаттың ашылуы

Файл менюінен "Открыть" ("Ашу") команданы таңдау;

Пайда болған "Открытие файла" ("Файл ашылуы") терезесін-де:

1. "Папка" ("Бума") алаңынан керекті, құжат сақтайтын, буманы таңдап ашу (керек болса, бумалардың бүкіл тізімін көру үшін, алаңның оң жақ бұрышындағы батырманы басу керек) .

2. Шыққан файлдардың тізімінен керектісін таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басу (бір рет те басуға болады, бірақ кейін "Открыть" ("Ашу") командасын басу керек.

Құжатқа суреттердің енгізілуі (кіргізілуі)

Құжатқа графикалық кескінді қою үшін:

1. Paіnt бағдарламасында суретті салу (немесе дайын суретті графикалық редакторға енгізу (жүктеу) ) .

2. Суретті таңдау (немесе суреттің бір бөлігін) .

3. Осы суретті немесе оның бөлігін менюдегі командасымен: "Правка-Копировать" ("Түзету-Көшіру") ауыстыру буферіне қою (немесе құралдар тақтасындағы "Копировать" ("Көшіру") батырмасын басу) .

4. WordPad бағдарламаны жүктеу (немесе жүктелген болса оған ауысу) .

5. Енгізетін нүктені суретті қойылатын жерге әкелу.

6. "Правка" ("Түзету") менюінен "Вставка" ("Енгізу") команда-сын таңдау (немесе құрал тақтасындағы "Енгізу" батырмасын басу) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары. Үлкен қолданбалы бағдарламалар
Программалау тілінің пайдаланылған бөлімдеріне сипаттама
HTML құжатының құрылымы
Windows операциялық жүйесіндегі стандартты программалар
Wіndows жүйесінің cтандартты программалары
Wіndows жүйесінің cтандартты программалары туралы
Кіші жастағы мектеп оқушылаоына информиканы оқытудың мақсаты
Paіnt бағдарламасын іске қосу
Windows - тың стандартты программалары
Информатика пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz