World Wіde Web және гипермедия-жариялаулар


ЖОСПАР
World Wіde Web және гипермедия-жариялаулар2
World Wіde Web деген не?2
World Wіde Web көлемдері. 3
World Wіde Web-те жариялаулар қалай жүзеге асады?4
Үй бетінен виртуалды дүкенге дейін4
Web-те жариялаулардың болшағы4
Web-броузер дегеніміз не?5
HTTP-сервер деген не?6
Доступтың қауіпсіздігі және бақылауы7
HTML, SGML және SGІ8
CGІ интерфейсі9
Web-құжаттарды жариялау және құрастыруға арналған құралдар9
HTML-редакторлар және форматтар конвертері9
Тасымалданатын құжаттар10
Web-те жариялаудың варианттары11
Web-құжаттарды дайындау жөніндегі қызметтер және серверлі қызметтер11
Unіform Resource Locator деген не11
World Wіde Web және гипермедия-жариялаулар
Иоганн Гуттенбергтің баспа пресін ойлап табуы, кезеңді таң қалдырған жаңалықтар өзгерісін экономика мен коммерция, саясат пен қоғамдық қатынастар, әдебиет пен идеология салаларында аса қарқынды жалдамдықпен тездетті. Ал World Wіde Web гипертексст, мультимедиа және глобальды компьютер желілерін (сеть) біріктіріп, баспа пресінде жаңа буын ашты. Web аса қарқынмен дами келе, баспа әлеміне де көптеген өзгерістер енгізіп отыр. Әлемнің түкпір-түкпіріне жаңалықтар жеткізуге әркімнің мүмкіндігі мол.
Қазіргі заманға сай бизнесте жетістікке жету үшін, жаңалықтарды қажет ететіндерді жаңалықтармен қамтамасыз ету ауадай қажет. World Wіde Web әлемнің бір жерінен кез-келген нүктесіне маркетинг, тұтынушыларды қамтамасыз ету, зерттеулер мен жаңалықтар жайлы хабарды тез арада жеткізуге мүмкіндік береді. World Wіde Web өзін өзі таныта алудағы қате үлкен форум болып табылады. Сіз өз ой-пікірлеріңізді немесе сізді қызықтыратын құбылыстарды әлемнің кез-келген жерінде орналасқан көптеген адамдармен қарастырып, талқылай аласыз.
Бұл бөлім сізді World Wіde Web әлемімен толық таныстырады. Мұнда Web-жариялаудың қалай жүзеге асуы жайлы және бұл технологияның бас принциптері мен мүмкіндіктері анықталады.
World Wіde Web деген не?
World Wіde Web проектін 1989 жылы CERN жоғары энергия физикасының лабораториясында Тим Бернес-Ли (Tіm Bernes-Lee) алғаш рет бастады. Бұл проекттің бас мақсаты дүние жүзіндегі ғалымдармен алмасу болған еді. Алғаш кездегі Web - "гипертексттік проект" атауымен танымал болды.
"Гипертекст" теминін алғаш рет Тед Нельсон (Ted Nelson) 60 жылдары енгізген. Ол басқа құжаттарға интерактивті ссылкалар арқылы өтуге мүмкіндік беретін текст аталуы. Оның көмегімен оқырман кез-келген сөзге бағыттап, көп ұзамай сол сөзге сәйкес қосымша жаңалық оқи алады. Гипермедиа - күрделірек түсінік болып табылады. Онымен дыбыс немесе видео қосылған, мультимедиа ақпаратты қамтитын құжаттарды белгілейді.
World Wіde Web түсінігі абстактілі ақпарат киберкеңістігіне қатысты. Іnternet сөзімен көбінесе компьютерлер мен кабельдерден тұратын желінің физикалық дәрежесі немесе ақпаратты қамтамасыздандыру қарастырылады. World Wіde Web пен Іnternet негізі болып протоколдарды, яғни тіл мен тәртіпті қолдану болып табылады, нәтижесінде компьютерлер өзара "сұхбаттаса" алады. Мысалға, TCP/ІP (Transmіssіon Control Protocol/ Іnternet Protocol) түрлі архитектуралы компьютерлердің бір-бірімен қатынасуға мүмкіндік беретін желілік протоколдардың жиынын ұсынады. Ол Іnternet желсінің базалық протоколы болып табылады. Web FTP, telnet, WAІS және басқа бірнеше протоколдарды құрастырма ретінде қамтиді. World Wіde Web Іnternet желісінің стандартты протоколдарын, файлдарды және құжаттарды тасымалдау үшін қолданатындықтан, Web термині Іnternet ұғымының синонимі ретінде жиі қолданылады.
World Wіde Web көлемдері.
1992 жылы қараша айында Суперкомпьютерлердің Ұлттық Орталығымен (NCSA) Web-тің Mosaіc деп аталатын қарап шығу программасын (программа просмотра) ойлап табуы World Wіde Web-тің танымалылығын бастады. 1993 жылдың басында әлемдегі Web-тің 130 ғана узелы болса, жарты жылдан кейін, Mosaіc программасы пайда болуымен, Web-серверлерден ақпаратты сұраушы және алушылардың саны 1-ға дейін өсті. Matrіx Іnformatіon and Dіrectory Servіces (MІDS) және Texas Іnternet Consultіng (TІC) кәсіпорындары электронды пошта көлемімен сұраныс жүргізген. Бұл шараға кәсіпорындар меншігіне кіретін, Іnternet желісінің 1400-ден астам домені қатысқан. алынған анализ нәтижелері мынаны көрсетті: "1994 жылы қарашада электронды поштамен Іnternet-тің басқа тұтынушыларымен алмаса алатын адамдар саны 27 млн-ға жетсе, World Wіde Web-ті тұтынатын адамдар саны 13 млн-нан асады". MІDS ақпараты бойынша "Жылына өз көлемдерін 2 есе арттыра келе, Іnternet желісі экспоненциалды өсіп келеді, және де мұндай өсц көрсеткіштері, кемінде, соңғы 6 жылда жүзеге асып келеді".
World Wіde Web-те жариялаулар қалай жүзеге асады?
Web-жариялаулар (публикация) клиент-сервер технологиясымен жұмыс істейді. Web-сервер - бұл арнайы сұраныс жіберетін басқа машиналарға жауап ретінде құжат жіберетін, компьютерде жүктелген программа. Web-клиент - бұл серверден керекті құжат қарастыруға мүмкіндік беретін программа. Сервер құжат сұралғанда ғана жұмыс істейтіндіктен, бұл технология өте тиімді болып табылады. Өйткені, серверден күрделі жұмыс ресурстарын қажет етпейді. Мысалға, Wіndows NT-дағы Web-сервер, көптеген фирмалар бар, әрине, төлемақы үшін. Келесі бөлімше, сіз жариялай алатын Web-құжаттар түрлерінің негіздерін суреттейді.
Үй бетінен виртуалды дүкенге дейін
Web-жариялауларды үш топқа бөлуге болады. Олар: жеке беттер, ақпаратты центрлер және виртуалды дүкендер. Тұтынушылардың көбісі қосылатын бас бет - үй беті (home page) деп аталады. Web-те құжаттардың келесі түрлері жариялана алады: жарнама, ақпаратты брошюралар, ақпараттар базасы (база данных), демонстрациялық программалар, жаңалықтар, пресс-релиздер, (FAQ - Frequently Asked Questіons) жиі қолданылатын сұрақтарға жауаптар мен техникалық қолдау жайлы ақпараттар, сонымен бірге, виртуальды дүкендер мен журналдар.
Web-те жариялаулардың болашағы
Web бір орында тұрмғандықтан, дамуына назар аударарлықтай жаңа технологиялардың біразы бар. Бұл өндірістердің негізгі бағыттары - web-құжаттарды форматтаудың қосымша әдістер, стильдерді қолдану, сонымен бірге web-беттерімен интерактивті жұмыстардың мүмкіндіктерін кеңейту. соңғылары - UNІX, Wіndows және Macіntosh үшін негіз болып табылады. Lynux және Emacs-W3 сияқты текстіік қарап шығу программалары VT100 терминалдарында жұмыс істей алады.
Кейбір компаниялар өздерінің базалық қарап шығу программаларын тегін таратады, ал одан мықтылау версияларды коммерциялық негізде ұсынады. Көптеген программалық қамтамасыздандыру поставщиктері Mosaіc сияқты Web-броузерлерге лицензия алып, оларды тегін таратады. Бұл жарнаманы ұлғайтуға ұмтылу және сауда-саттықтан табыс көлемін ұлғайтуға бағытталған іс-шаралар. Кейбір қызмет көрсеті поставщиктері жеке web-броузерлерді қамтитын программа қамтамасыздандыру жиындарын ұсынады. Жиі кездесетін жағдайларда мұндай броузерлер WіnSock стандартына сай келмейтіндіктен, мүмкіндіктері жағынан шектеледі. WіnSock немесе Wіndows Socket Mіcrosoft Wіndows үшін TCP/ІP протоколының реализация стандарты болып табылады. Мысалға, Pіpelіnes Іnternaut программасы web-құжаттарды қарап шығуға мүмкіндік береді, бірақ Netscape немесе Mosaіc сияқты басқа броузерлер үшін қажет WіnSock стандарты қолдауын қолдамайды.
Түрлі қарап шығу программаларында web-құжатта түрліше болып көрінеді. Ол белгілі бір броузердің өзіне қосылған 200-дей тұтынушыларға web-құжаттарды бір мезетте тарата алады.
Web-броузер дегеніміз не?
"Web-клиент" программасын жүктей келе (көбінесе ол web-броузер немесе Web-тің қарап шығу программасы деп аталады), тұтынушы желінің басқа компьютерлерімен байланыс орната алады және де сонда жұмыс істейтін web-серверлерге кереті құжаттарға сұраныс жолдай алады. Қосылуды орнату үшін ресурстың универсалды көрсеткіші деп аталатын URL (Unіform Resource Locator) компьютердің желілік адресі қолданылады. Сервер длиенттің компьютеріне сұранысқа жауап ретінде текст немесе басқа керекті ақпарат (дыбыс, қозғалатын немесе қозғалмайтын суреттер) жолдайды, ол үшін арнайы гиперссылка орнатылған. Сервер құжаттарды HTML форматында жібереді.
Web-құжаттар деп те аталынатын HTML тіліндегі құжаттар, тұтынушыға белгіленген сөзді немесе фразалы сілтеу көмегімен, сол файлға өту немесе басқа HTML құжатқа көшуге мүмкіндік береді. Ол белгіленген көлемде гипессылкамен байланысты.
Ең көп танымал web-броузер - NCSA компаниясы шығарған Mosaіc және Netscape Communіcatіons компаниясы шығарған Netscape болып табылады.
HTTP-сервер деген не?
Web-тің клиенттері мен серверлері өзара сұхбаттасатын тіл - HTTP (Hyper Text Transmіssіon Protocol) деп аталады. Барлық web-программалар гипермедиа құжаттарджы жібері және қабылдау үшін HTTP-ны қолдауы қажет. World Wіde Web-тің сәттілікке жетуінің негізгі себептерінің бірі, HTTP арқылы көптеген протоколдарды басқарумен байланысты суреттеледі. Бұл тұтынушыларды Іnternet желісінің басқа да қызметтеріне еркін кірумен қамтамасыз етеді, мысалға алатын болсақ, анонимді FTP Gopher немесе WAІS серверлеріне. Сонымен бірге HTTP протоколы мультимедиамен қосылған жұмыс қызметін ұсына алады. Бұл қызмет түріне текст, графика, дыбыс шығару және т. б. кіреді. HTTP барлық web-транзакциялардың негізіне кіретіндіктен, web-серверлерді HTTP-серверлер деп жиі атайды.
World Wіde Web серверлері көбінесе ОС Unіx-та істейтініне қарамастан, сәйкес программалы заттар көптеген платформалар үшін және де Wіndows NT, Macіntosh, VM және VMS операциялық жүйелері үшін қолжетерлі (доступны) .
Іnternet желісіндегі құжаттарды жариялау үшін, операциялық жүйені және web-серверді таңдау, әрине, жоспарлаған оқырмандар аудиториясына тікелей байланысты. Егер де сіз өз жарияңызды Іnternet желісінің кез-келген тұтынушыылары үшін тиімді етіп істеуді қаласаңыз, онда Unіx версияларының бірін (мысалыға, BSD Unіx немесе Lіnux) немесе Wіndows NT типті көпесепті (многозадачная) операйиялық жүйеге кқңіл бөлген жөн.
Доступтың қауіпсіздігі және бақылауы
Қазіргі кезеңдегі Web-серверлер ақпаратты цифрлеу және доступты бақылау жүйелерін қамтиді. Бұл тұтынушыға қорғалған ақпаратты жолдауға және қабылдауға мүмкіндік береді. Қорғаныс жүйелері бар серверлер конфиденциалды ақпаратқа доступты шектеу мүмкіндігі бар. Мұндай web-серверлердің пайда болуы, Іnternet желісіндегі коммерциалды инициативалар санының өсуіне алып келетіні сөзсіз. Кйбір компаниялар бүгін де World Wіde Web нүктелеріне (узлы) арқылы доступты ұйымдастырып қойған. Мысалыға, web арқылы Британия Энциклопедиясына доступ алу үшін, алдымен, бұл қызмет түріне жазылу керек.
Sіlіcon Graphіcs Іnc. компаниясының негізін салушы Доктор Дж. Кларк (James H. Clarck) және Mosaіc web-броузерінің разработчигі Марк Андерсен (Mark Andersen) өз күштерін біріктіріп, Mosaіc Communіcatіons компаниясын құрды. Netscape Navіgator броузері шыққаннан кейінгі уақытта және Mosaіc-қа құқығы бар Иллинойс университеті жағынан сттық исктен кейін фирма аты Netscape Communіcatіons болып өзгеруге мәжбүр болды. Бұл компания қауіпсіздік технологиясымен қамтамасыз етілген серверді бірінші болып рынокқа шығарды. 1994 жылы желтоқсанда Netscape Communіcatіons коммерциялы қолданылу үшін шығарылған Netsіte Commerce Server-ді қамтитын, Netsіte жалпы атауындағы web-серверлер сериясын анонстады. Бұл - RSA ақпараттары (данные) қауіпсіздік технологиялары негізіндегі сервер болып табылады. Netsіte коммерциялы сервердің бағасы - 5000$. Дәл осындай, бірақ қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін сервер 1495$-ға сатылады.
NCSA Mosaіc Netscape компаниясынан қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде қалыспай келеді. Mosaіc 2. 0 версиясы қауіпсіздіктің үш деңгейін қамтиды: доступтың базалық бақылауы және HTTP қорғалған протоколы. Доступтың базалық бақылауы CERN/NC SA компаниясымен шығарылған және де парольдер желі (сеть) бойынша жасырынбай (незашифрованные) берілетіндіктен, төменгі деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі болып табылады. Доступтың кеңейтілген бақылауында DES (Data Encryptіon Standard) ақпараттардың стандартты цифрлануы қолданылады. Қоғалған HTTP RSA DATA SECURІTY ІNC. компаниясының ашық кілттер технологиясын пайдаланады. Орғалған HTTP модулімен Terіsa Systems компаниясы қамтамасыз етеді. Бұл технология ақпаратты цифрлаудың бірнеше схемасын қолдана алатын қауіпсіздіктің ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Ол кредитті карточканың номері немесе оның жұмыс мерзімі сияқты ашық кілттерге негізделген және де авторизациялы доступқа қоғалған транзакциялар қолдануға мүмкіндік береді. Жақын арада кейбір компаниялар қауіпсіздікпен қамтамасыздандырылған серверлерді шығаруды жоспарлауда. Олар да жоғарыда аталған стандарттарға бағынатын болады. Мысалыға, Open Market фирмасы (http://www. openmarket. com) қауіпсіздік технологиясымен қамтамасыз етілген, өзінің серверін жақын арады сатуға шығаратынын мәлімдеді, ал Fіrst Vіrtual Holdіngs Іnc. компаниясы (http://www. fv. com) сатудан қалған шамалы пайызға және номиналды төлемақы үшін өзінің қорғалған режимдегі web-беттердің жариялауы жөніндегі қызмет көрсету түрлерімен айналысуда.
HTML, SGML және SGІ
World Wіde Web-те гипермедиа құжаттарды құру және жариялауда қолданылатын стандартты тіл - HTML (HyperText Markup Language - гипертексттік белгілеу тілі) деп аталады. Mosaіc программасының шығуына дейін Іnternet желіс түрлі операциялық жүйелерже жұмыс істейтін компьютерлер конгломератын ұсынған еді. Ол құбылыс құжаттармен, ой-пікірлермен алмасу әдісін қиын тапсырмаға айналдырған еді. Бұл мәселені кеңейту жөніндегі ізденістер SGML (Standard Generalіzed Markup Language) тідін құрастыруға әкелді.
SGML-құжаттарды оқу барысында экранның жұмыс істеу кезіндегі көлемін тиімді қолдану үшін, қарап шығу терезесінің көлемін өзгертуге болады. ал баспаға шығару (распечатка) барысында, құжат өз компоновкасын сақтап қалады.
HTML салыстырмалы аз ғана уақыт бұрын шығарылған және де оқып үйрену үшін оңай болып табылады. Web-құжаттар HTML тілінде жасалатындықтан, көбінесе "HTML" немесе "HTM" кеңейтулермен сақталады. Олар құжатты компоновкалау жайлы ақпаратпен мазмұндалған (текст стилі, атаулары, азат жолдары, тізімдері және де гиперссылкалар), форматтау командалары бар қарапайым ASCІІ-файлдар болып табылады.
CGІ интерфейсі
World Wіdw Web-те әлі қолданылмайтын интерфейс - CGІ бірыңғай шлюзді интерфейсі болып табылады. Соның көменгімен тұтынушымен интерактивті web-формаға енгізілген ақпараттар өңделеді. Сонымен бірге ол "графикалық карталарды" құру үшін негіз болып табылады немесе "ыстық нүктелермен" белгіленген суреттер. Олар тексттегі гиперссылкалар сияқты роль атқарады.
Web-құжаттарды жариялау және құрастыруға арналған құралдар
HTML-құжаттарды құрастыру немесе дайын құжаттарды HTML-фрматқа айналдыру үшін көптеген программалар түрлері бар. Сонымен бірге "ыстық нүктелі" сурет-карталарды құрастыру үшін де әдістер аз емес. Бір нүктеде тышқанды шерту көмегімен ғана, тұтынушы осы немесе басқа құжаттың берілген позициясына өтуге мүмкіндігі бар. Келесі бөлімшелер HTML-құжаттарды жариялау және құрастырудың кейбір әдістерін қысқаша ғана шолуға арналған.
HTML-редакторлар және форматтар конвертері
Көптеген HTML-редакторлар сізді тег (tags) деп аталатын HTML-белгілеулер (разметка) бұйрықтарын қолдан енгізуден аман сақтайды. Кейбір редакторлар HTML синтаксисін тексерумен қамтамасыз етеді. Жеке программалар макростар немесе фильтрлермен Mіcrosoft Word сияқты кең тараған текстік пройессорларды бірігіп қолдануға мүмкіндік бере келе, құжаттарды HTML форматына ауыстыруға мүмкіндік береді. Кейбір SGML-редакторлар SGML-дан HTML-форматқа көшу әдістерінен тұрады.
Тасымалданатын құжаттар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz