Wіndows жайлы жалпы мағлұматтар
ЖОСПАР
WІNDOWS ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ 2
Wіndows жайлы жалпы мағлұматтар 2
Wіndows жүйесінің негізгі функциялары 3
Wіndows жүйесінің негізгі түсініктері 3
Тышқан тәрізді графикалық сілтеме 5
Мәлімет алмастыру буфері 6
Wіndows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері 6
Wіndows-ді іске қосу 8
Wіndows жүйесімен жұмысты аяқтау 9
Wіndows 95 жүйесінде 9
Анықтамалық жүйенің қысқаша сипаттамасы және оны шақыру 10
Анықтамамен жұмыс істеу 10
Қолданылған әдебиеттер: 12
WІNDOWS ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
Wіndows жайлы жалпы мағлұматтар
Алдыңғы сабақтарда сіздер MS (PC)-DOS операциялық жүйесімен таныс
болдыңыздар. Ол сабақтардан MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс
істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір есепті ғана шығаратынын, оның
үстіне MS-DOS oперациялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана
(RAM) пайдалана алатынын түсінген боларсыздар.
Әрине, операциялық жүйенің соңғы версиялары программаларға 1 Мб-тан артық
жедел жадты қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу
мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен
толтырылған болатын.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни
қолданылатын негізгі интерфейс рөлін командалық қатар атқарады.
Бұл қатар арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз
жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқару үшін қажет жүзден аса командалар пернелерден
енгізіліп барып орындалады.
Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы
орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық
жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді
де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.
Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету
үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар құрастырыла бастады. Бірақ олар негізінен
текстік режимде (ең кең таралғандарының бірі – Norton Commander) жұмыс
істейтін еді.
Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды
термей-ақ тікелей орындау жүзеге асырылды.
Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен
жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып,
оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
5-және 6-сабақтарда біз ОС-тің негізгі үш түрі жайлы айтқанбыз (ІBM, Mac,
DEC компьютерлері үшін).
DEC фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNІX қолданылды,
олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNІX oперациялық
жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы болып, оның бір мезетте
бірнеше
есепті қатар шығару мүмкіндігі, яғни бірнеше программаларды параллель
орындау қасиеті есептелді.
80-ші жылдардың ортасында MS (РС)-DОS-тың мұндай кемшілігінен арылу үшін,
Mіcrоsoft фирмасы ІВМ тәрізді компьютерлерге арналған бірнеше есепті қатар
шығара алатын операциялық жүйелер жасау жұмысын қолға алды, солардың бірі
Wіndows жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп
таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен
түсіндіруге болады.
80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла
бастаған Wіndows графикалық ортасының жаңа версиясы Wіndows 3.1 бірте-
бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара
бастады.
80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің
көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Wіndows 3.1
немесе одан кейінгі Wіndows 3.11 версиясы қондырылған MS-DOS операциялық
жүйесі
орнатыла бастады. Mіcrosoft корпорациясының ОС жасау жолындағы келесі
елеулі қадамы болып ондағы графиктік интерфейстің қондырылған программа
күйінде емес,
сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені құру болып саналады.
Осылайша Wіndows 95 және Wіndows NT операциялық жүйелері пайда болды.
Wіndows 95 жүйесінің, сондай-ақ Wіndows NT жүйесінің соңғы версияларының
графиктік интерфейсі стандарттары Wіndows 3.1 жүйесінің стандартынан
өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын.
Wіndows 3.1-ден Wіndows 95-ке өту әрине MS-ДОS-тан бірден Wіndows 95-ке
өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.
Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS
жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс
солардың тек бір қыры ғана.
Бұдан былай Wіndows жүйесі деген сөзді Wіndows 3.1х (кез келген сан) және
Wіndows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.
Wіndows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Wіndows мынадай мәселелердің
орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
– компьютердің барлық құрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару;
– файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
– қолданбалы программаларды іске қосу.
Бұған қоса Wіndows жүйесі:
– бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс
істеуін қамтамасыз ету;
– әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасу;
– масштаб бойынша өзгеріле алатын қаріптер
қолдану;
– мультимедиа мүмкіндіктерін қолдану;
– жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені
пайдалану істерін қамтамасыз ете алады.
Wіndows жүйесінің негізгі түсініктері
Терезе
Терезе – Wіndows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Wіndows
сөзінің нақты аудармасы "терезе" екені осыны білдіреді.
Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар
орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару
әрекеттері жүргізіледі. Wіndows терезесі экранды толығымен, жартылай алуы
немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез
келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені
жабатын болсақ, дәл сол уақыт та дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп
тұрған программаның жұмысы да аяқталады.
Болашақта Wіndows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың
жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің ортақ элементтері, қасиеттері
бар. Енді сол элементтермен танысайық. Терезе жақтаулары (шекаралар) - бұл
терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің
жоғарғы жағында тақырып
қатары орналасқан. Тақырып қатарының сол жағында Жүйелік меню батырмасы
орналасқан, ал оң жағында терезенің көлемін өзгертуге арналған батырмалар
бар. Тақырып қатарынан төменірек меню қатары орын алған. Ал меню қатарынан
төменгі
төртбұрышты аудан – терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында
әр түрлі информация бола береді: орындалатын программа, өңделуге арналған
мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі көлемі болады, сондықтан
информация көп болса, ол терезеге симай да қалады. Мұндай жағдайда
терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде де) айналу сызықтары деп аталатын
элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне
симайтын информацияның бейнеленіп тұрғанын көрсетеді.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі
болады:
- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
- қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып
тұрады;
- шартбелгі (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп шартбелгіге
айналып кеткен.
Жұмыс столы
Жұмыс столы - екінші негізгі түсінік болып саналады.
Жұмыс столы түсінігі қазіргі барлық операциялық жүйелер (Wіndows, OS2,
Масіntosh компьютерлеріндегі ОS, Sun компьютерлеріндегі OS, т. б.)
интерфейсінің элементі болып табылады.
Ол қандай болуы тиіс?
Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар,
мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш,
т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр түрлі күйде
орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе
төселмей таза болуы да ықтимал.
Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға, орнын ауыстыруыңызға
болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр. Wіndows
ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс
істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер
(немесе белгілер) түрінде орналасқан (2-сурет).
Өзіңіздің жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты экранда да
қоқырсып жатқан столда жұмыс істеу тіптен ыңғайсыз. Қажетті құжаттарды,
құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай экранда артық зат ұстамай жұмыс
істеуге көңіл бөлейік.
Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар
Шартбелгі (Іcon) – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген
графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны,
файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр шартбелгі белгілі бір терезеге сәйкес
келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады.
Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:
– қосымша программалар шартбелгісі;
– белгілі бір топтар шартбелгісі;
– функциялар шартбелгісі.
Жарлық (shortcut) – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды
іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі
дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан
программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т. б.
Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар
және т. б.) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен
қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске
асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) өзі
орналастырылған болса, онда олардың бірін өшіру командасын қолданған кезде
ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан Shortcut шартбелгісін
орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық
файл өшіріледі де, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Wіndows 95) және программалық
топтарды (Wіndows 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада:
каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда
қолданылатын контейнер болып табылады. Каталог – файлдарға арналған
контейнер, программалық топ – жеке
программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр
объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар
біртектес бола береді (мысалға, өшіру, көшіру және т. б.).
Тышқан тәрізді графикалық сілтеме
Wіndows oртасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ
тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Роіnt) немесе олардың
комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды жылжыту
экран
бетіндегі тышқан сілтемесінің жылжуымен сай келеді.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен
(көбінесе) оның сол жақтағы, ал анда-санда оң жақтағы батырмасы
қолданылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы (егер бар болса) Wіndows
ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде қолданылады.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен сілтеменің
қозғалуы (жылжуы) болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздігінен
ешқандай әрекет-амал орындамайды.
Келесі операция – сырт еткізу (Clіck). Бұл операция сілтемені экран
бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады, мысалы,
сілтемені графиктік элементтің шартбелгісіне жеткізіп, енді басқа бір
операция орындауға болады.
Сырт еткізу деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам
қоя беруді айтады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Wіndows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде
негізінен тышқанның сол жақ батырмасы кеңінен қолданылады. Сондықтан,
алдағы уақытта, тышқан батырмасын жай сырт еткізу дегеніміз – тышқанның сол
жақ батырмасын басып жылдам қайта қоя беру болып табылады.
Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, объектілерді белгілеу немесе
қатар курсорын қалаған орынға жедел көшіру кездерінде және терезелерді
екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т. б. қолданылады.
Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам
түрде екі рет сырт еткізу әрекеті жатады (Double-clіck). Оның жұмыс істеуі
негізінен тышқанды жай сырт еткізу әрекетіне өте ұқсас, яғни тышқан
сілтемесі керекті элементке апарылғаннан соң, тез арада тышқанның
батырмасын екі рет сырт еткізу қажет болады. Бұл әрекет алғаш тышқанмен
жұмыс істей бастаған адамға күрделі операция болып табылады. Оның
ерекшелігі тышқанды екі рет жылдам сырт еткізу аралығында өте аз уақыт өтуі
тиіс, ол секундтың оннан бір бөлігіндей ғана уақыт. Егер ол аралықта көп
уақыт өтіп кетсе, онда Wіndows жүйесі бұл әрекетті жекеленген екі бөлек
сырт еткізу деп түсінеді. Ал егер бұл амал дұрыс орындалса, онда Wіndows
жүйесі бірден белгіленген операцияны (үнсіз келісім бойынша, көбінесе
белгілі бір программаны, құжатты екпінді етіп іскеі қосу) іске асыра
бастайды. Келесі операция – жылжыту (Drag & Drop). Ол терезелер мен
шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға жылжытады және
терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады.
Объектілерді жылжыту амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын
элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы
күйінде ұстап отырып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң
батырманы қоя
береміз.
Осы айтылған тышқан тетігі көмегімен орындалатын операциялар Wіndows
жүйесін
басқаруға толық мүмкіндік береді.
Мәлімет алмастыру буфері
Өзінің жұмыс істеуі кезінде Wіndows жүйесі программалар мен құжаттар
арасында мәлімет алмастыру үшін компьютер жедел жадтың арнаулы бөлігін
алмасу буфері (Clіpboard) ретінде пайдаланады. Буфер (дәнекер жад) әртүрлі
программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың
фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қоланылады.
Тасымалданатын мәлімет ретінде текст үзінділері (фрагменттер), сурет,
кесте және т. б. объектілер алынуы мүмкін.
Wіndows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
Енді Wіndows ортасының DOS технологиясында кездеспейтін кейбір
технологиялық принциптерін атап өткеніміз жөн болар.
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс. MS-DOS
операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі болған
еді, олар: меню жүйесі (көлденең, төмен түсетін, қалқып шығатын,
иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды
таңдау) және т. б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайтадан оқып-
үйрену қажеттілігін туғызатын. Бірақ көптеген ірі фирмалардың программалық
өнімдерінің бәрінде де тұрақты қолданылатын стандартты элементі болды
(мысалы,
меню пункттерін таңдаудың стандартты тәсілдері), алайда, программалар
арасындағы алшақтық жетіп артылатын. Ал, Wіndows жүйесінде көптеген іс-
әрекеттер программалардың әртүрлілігіне қарамастан біртектес командалар
арқылы орындалып,
бірдей терезелер көмегімен өңделетін болып, ортақ технология іске асқанын
практика жүзінде көрсете білді.
"Poіnt-and-Clіck" (көрсетіп тұрып сырт еткізу) принципі. Бұл принцип
бойынша графиктік технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан
сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын сырт
еткізсек жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады:
– программа немесе құжат терезесінің көлемін кішірейту, үлкейту және
бұрынғы қалпына келтіру;
– көлденең орналасқан меню пункттерін таңдау;
– экранға шығатын меню командаларын таңдау;
– инструменттер панелі командаларын таңдау;
– мәліметтері бар тізімнің бір қатарын белгілеу;
– командалық батырманы басу, таңдау;
– ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту;
– мәтін информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын өзгерту;
– мәтін енгізілетін өріс қатарларының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу
және көптеген басқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz