WІNDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРЕЗЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
WІNDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРЕЗЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ 2
Терезелермен орындалатын негізгі операциялар 2
Терезенің аумағын өзгерту 2
Терезенің орнын ауыстыру 2
Терезелер мен шартбелгілер 3
Экранды толық қамтыған терезе 3
Терезелер түрлері 4
Терезелерді ретке келтіру 5
Бірнеше программаларды іске қосу 6
Компьютер жұмысын басқару жолдары 8
Файлдармен жұмыс істеу 9
"Орындау" командасы 9
Парақтау – Көру (Пролистать – Обзор) терезесі 10
Файлдарды ашу және сақтау терезелері 11
Сұхбаттасу терезелерінің стандартты элементтері 11
Бумалар мен жарлықтарды жасау және өшіру 13
Қолданылған әдебиеттер: 15

WІNDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРЕЗЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

Терезелермен орындалатын негізгі операциялар

Бұған дейін айтылғандай, Wіndows жүйесіндегі кез келген программа терезе
ішінде орындалады, сол себепті тереземен атқарылатын амалдарды (көлемін
өзгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту) орындай
білу қажет. Бұл сабақта біз Wіndows жүйесінде терезе арқылы орындалатын
негізгі іс-әрекеттерді қарастырамыз. Оларды үйреніп алсаңыз, "Жұмыс үстелі"
идеологиясы қолданылатын
барлық операциялық жүйелерде өзіңізді еркін сезінесіздер.

Терезенің аумағын өзгерту

Терезенің аумағын өзгерту үшін тышқан курсорын терезенің төрт жақтауының
кез келгеніне, мысалы, сол жақ шекарасына апарыңыз.
Тышқан курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты
көлденең тілсызыққа (") айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз.
"Тышқанның" сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не
оңға жылжыту ("ал да, тасы" принципі бойынша) керек. "Тышқанның" батырмасын
жіберсеңіз, терезе енінің өзгергенін көресіздер. Ал терезенің ұзындығы мен
енін қатар өзгерту үшін, "тышқанның" курсорын терезенің төрт бұрышының
біріне, яғни қабырға сызықтары қиылысқан жеріне апару керек. Бұл сәтте
курсор екі жақты көлбеу тілсызық түріне келеді де, ол өз кезегінде терезе
аумағын алдыңғы айтылған тәсілмен бірден екі бағытта өзгерту мүмкіндігін
береді.

Терезенің орнын ауыстыру

Терезені экран бетімен жылжыту үшін курсорды тақырып қатарына алып
барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеуі тиіс, бірақ бағыттауыш
тілсызық ұшы көк тіктөртбұрышқа түскенде ғана операцияны орындауға болады.
Ол үшін тышқан батырмасын басып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап
тұрып, "ал да, тасы" принципі бойынша курсорды жаңа орынға жылжытамыз.
Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып барған жаңа орнында бекітіліп
сақталып қалады.

Терезелер мен шартбелгілер

Монитор экранында (дисплейде) бірнеше терезе ашық тұрса, жұмыс үстелінде
"шашырап қағаз жатқан" секілді күй кешесіз. Қазіргі сәтте қажет емес
терезелерді жауып, ашық терезелер санын азайту керек. Ал егер сізге бірнеше
программа қатар қажет болса, онда олар тұра береді. Бір терезені кішірейтіп
шартбелгіге айналдыру Терезені кішірейту командасымен немесе терезенің оң
жақ жоғарғы бұрышындағы батырма арқылы жүзеге асады.
Терезе әдетте ықшам шартбелгі түріне дейін кішірейтілуі мүмкін. Бұл үшін
тышқан курсорын тақырып қатарының оң жағында орналасқан Кішірейткіш
батырмасына (кнопка Свернуть) әкеліп, оның сол жақ шеткі пернесін сырт
еткіземіз.
Сол сәтте терезе экраннан алынып, оның орнына жазуы бар кішкене сурет, яғни
шартбелгі (іcon) пайда болады.
Егер шартбелгіні терезе көлеміндей етіп үлкейткіңіз келсе, онда тышқан
курсорын соған әкеліп, екі рет тышқанды сырт еткізіңіз. Сол мезетте
Программа Диспетчері терезесі бұрынғы орнында пайда болады. Ал егер де екі
рет сырт еткізу орындалмаса, онда шартбелгінің қасынан тікбұрышты аумақ –
Жүйелік меню (Системное меню) пайда болады. Бұл менюде терезелермен жұмыс
істеуге арналған бірнеше командалар
орналасқан. Жүйелік меню жұмысы тышқанмен де, әрі пернелік тақтамен де
жүзеге асырыла береді.
Көбінесе, Қалпына келтіру командасын таңдау – шартбелгі бейнесіндегі екі
рет сырт еткізудің іске аспауын алмастырады және Программа Диспетчері
терезесін бұрынғы қалпына келтіреді. Жүйелік менюдегі командалардың бірін
таңдау үшін, курсорды соның атына әкеліп, бір рет сырт еткізсе болғаны. Осы
тәсілмен-ақ кез келген менюдегі
командаларды таңдауға болады.

Экранды толық қамтыған терезе

Көптеген программалар терезелері экранды толығымен қамтуы мүмкін. Ол үшін
курсорды тақырыптың оң жағындағы үлкейту батырмасына (Развернуть) әкеліп,
тышқанды бір рет сырт еткізіңіз. Бұдан кейін терезе экранды толығымен алып
тұрады. Егер де сіз қазір терезенің орналасуы мен өлшемдерін бұдан бұрын
айтылып өткен тәсілмен өзгерткіңіз келсе, онда мұның мүмкін емес екеніне
көзіңіз жетеді. Бірақ оның есесіне жұмыс аумағы барынша үлкен ауданды алуы
мүмкін.
Терезені алғашқы қалпына келтіру үшін, курсорды Қалпына Келтіру батырмасына
(Восстановить) әкеліңіз. Ол лкейту батырмасының орнына пайда болады. Бұл
батырманы бір рет сырт еткізу арқылы Программа Диспетчері терезесін алғашқы
қалпына келтіруге болады.
Терезені ғана кішірейтіп қоймай, осы терезеге сәйкес программаны да
жауып, оның жұмысын аяқтау үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы Х түріндегі Жабу
батырмасын (Закрыть) басу керек немесе жүйелік менюді шығарып, соның Жабу
командасын орынду қажет.
Жүйелік менюдегі "Жабу" командасы атының оң жағынан сіз Alt+F4 деген
жазуды көре аласыз. Бұл жазу осы команданы пернелер комбинацияларын қолдану
арқылы да орындауға болтынын білдіреді. Ең әуелі бірінші перне (Alt)
басылады, сосын оны ұстап жібермеу арқылы екінші перне (F4) басылады.
Менюдегі командалардың оң жағында осылай етіп жазылған перне немесе
пернелер комбинациясын ыстық пернелер (горячие клавиши) деп атайды.

Терезелер түрлері

Wіndows 3.х жүйесін жүктегенде жұмыс столында оның негізгі программасы –
Программа Диспетчері терезесі орналасады. Оның жұмыс аумағында бірнеше
шартбелгілер орналасқан, олардың әрқайсысының қасында кішкене жазулары бар.
Әр шартбелгі қасындағы жазу әр терезенің атауын білдіреді. Бұл белгілердің
кез-келгенін екі рет сырт еткізуден кейін (Мысалы, "Ойындар" деген жазуы
бар шартбелгіні екі рет сырт еткізсек) экранда тақырыбы "Ойындар" (Игры)
деп аталатын жаңа терезе пайда болады. Бұл жаңадан пайда болған терезенің
жұмыс аумағында сыртында жазуы бар басқа да шартбелгілер орналаса алады.
Программа Диспетчері терезесі мен Ойындар терезесі арасындағы
айырмашылыққа көңіл аударыңыз.
Бірінші айырмашылығы болып, Ойындар терезесінде меню қатарының жоқтығы
табылады.
Бұдан басқа айырмашылығына – Программа Диспетчері терезесіне шартбелгілер
бейне көріністерінің бірдей болуы да, ал Ойындар терезелерінде олардың
әртүрлі болуы жатады.
Программа Диспетчері – бұл өзіндік программа және оның терезесі –
программаның терезесі болып табылады.
Ойындар - бұл жай түбірлі сөз, ол дәл осы жерде ойын программалары
сақталғанын білдіреді (Wіndows-та программалар тобы деген термин
қолданылады). Топ – арнайы белгілеріне қарап біріктірілген программалар
жиыны. Осыған орай ойындар шартбелгісі – топшартбелгісі болып табылады,
ал ойындар терезесі – топ терезесі немесе шартбелгілерді сақтауға арналған
жай аумақ болып табылады. Олардың әрқайсысы әр ойын программасына береді.
Топтар шартбелгілері бір-бірінен шартбелгі маңындағы жазуларымен
ерекшеленеді. Олардың ашылуы да ұқсас, яғни екі рет сырт еткізуден кейін
іске асады.
Терезелердің екінші бір түрі болып сұхбаттасу терезесі есептеледі, оның
мысалы ретінде Wіndows жүйесі жабыларда шығатын мәліметі бар терезені
айтуға болады. Кейінірек терезенің тағы бір түрі – құжаттар терезесімен де
таныса жатармыз.

Терезелерді ретке келтіру

Программа Диспетчері (Wіndows 3.x) терезесінде бірнеше топтар
шартбелгілері орналасқан. Бір мезгілде экранда бірнеше терезелер ашық тұруы
мүмкін, олар бір-бірін басып та тұра алады немесе экранның (Программа
Диспетчері терезесінің) көрініп тұрған жұмыс аумағынан шетке шығуы да
мүмкін. Бұдан басқа, экран бетімен тек терезелер ғана емес, сондай-ақ
шартбелгілер жылжып орналасуы мүмкін (жасап көріңіз).
Программа Диспетчері терезесіндегі информацияны бірнеше тәсілмен реттеуге
болады. Егер сіз барынша жұмыс аумағын тазартқыңыз келсе, онда ең алдымен
барлық топтардың терезелерін жабуға тура келеді, тек содан кейін барып
Терезе менюіндегі Шартбелгілерді реттеу командасын таңдау қажет. Бұл
команда орындалысымен барлық топтардың шартбелгілері Программа Диспетчері
терезесінің сол жағының төменгі бұрышына қатарласа орналастырылады.
Сонан-соң, егер біз кейбір меню жүйесінен командаларды таңдағымыз келсе,
мұны қысқаша былай жазамыз:
Меню - Команда {Ыстық пернелер}. Мысалға, соңғы команданы шақыру келесі
түрмен беріледі:
Терезе - Шартбелгілерді Реттеу. Бұл команда үшін "ыстық пернелер"
қарастырылмаған.
Егер сіз бірнеше терезелердің ішіндегісін бір уақытта қарап шыққыңыз келсе,
онда Терезе - Мозаика {Shіft+F4} командасын таңдаған жөн. Бұл команда
орындалғаннан соң барлық ашық терезелер Программа Диспетчері терезесі жұмыс
аумағында бірқалыпты қатарласқан күйде орналасады. Егер барлық терезелер
мен шартбелгілер берілген аумаққа симаған жағдайда негізгі терезеде айналым
сызғыштары (линейка прокрутки) пайда болады.
Егер сіз бірнеше топтар терезелерін кезекпен қарап шыққыңыз келсе және де
әрқайсысында орналасқан барлық шартбелгілер көрініп тұруы қажет болса, онда
Терезе - Каскад {Shіft+F5} командасын таңдаған жөн. Команда орындалысымен
терезелер кемерлене әрқайсысының тақырып қатары көрінетіндей болып бірі
екіншісінің үстіне қабаттаса орналасады.
Осы айтылған әрекетті тек топтар терезелері үшін ғана емес, барлық
мәтіндік және графиктік редакторлар терезелерімен де орындауға болады.
Қосымша программаларды іске қосу Wіndows- программаларды іске қосу мынадай
тәртіппен жүргізіледі:
– Wіndows 3.х үшін – қажетті программалар топтарының терезесі ашық болғанда
ғана іске асады.
Іске қосу үшін қажетті программа шартбелгісіне курсорды әкеліп, тышқанды
екі рет сырт еткізу қажет. Сонда оның терезесі экран бетіне шығарылады.
– Wіndows 95 үшін – Іске қосу (Пуск) батырмасын басып, сол кезде шыққан
менюден өзімізге қажет топты немесе топшаны белгілеп, оның ішінде
орналасқан программалар шартбелгісінің біріне курсорды жеткізіп тышқанды
бір рет сырт еткізсе болғаны.
Мысал ретінде (10.1-сурет) Калькулятор программасын іске қосайық
(Wіndows3.х -
Реквизиттер тобы, Wіndows 95 - Іске қосу - Стандартты топ- Калькулятор).
Калькулятор программасының терезесін қарастырайық. Мұнда терезе көлемін
өзгерте
алмаймыз, сол себепті терезе толық экранды күйге үлкейтілмейді. Тақырып
қатарының сол жақ шетінде тек жүйелік меню батырмасы, ал оң жақ шетінде
Кішірейткіш батырмасы ғана орналасқан (10.2-сурет).

Бірнеше программаларды іске қосу

Wіndows-да бірнеше қосымша программаларды бір уақытта іске қосуға болады.
Әдетте, мұны бір программадан екіншісіне жиі көшу қажет болғанда жасайды.
Іске қосылған программалар саны компьютердің жедел жады көлемімен ғана
шектеледі.
Бір уақытта бірнеше программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі – Wіndows
жүйесінің MS-DOS жүйесі алдындағы ең негізгі артықшылықтарының бірі болып
табылады. Алайда, мұндай жұмыс алдын ала белгілі бір дайындықты талап
етеді, өйткені тәжірибелі адамдардың өздері де бір мезетте бірнеше
программалармен жұмыс істеу барысында көптеген мәселелерге тап болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Wіndows ортасында терезені жабу мен оны
кішірейту әрекеттерінің әрқайсысы – әртүрлі амалдар тобына жатады.
Топтар терезесімен жұмыс істеу барысында бұл айырмашылық тіптен
байқалмайды да, себебі топтың шартбелгісінің терезеге айналуы программаның
іске қосылуына және оның жадқа жүктелуіне соқтырмайтын. Мұндағы барлық
өзгерістер тек экран бетінде ғана болатын.
Мысалға, Калькулятор программасын іске қосу арқылы, біз оны жедел жадқа
жүктедік. Енді осы программа терезесі уақытша кішірейтілген (программаның
өзі жадта қалады) шартбелгі түрінде болуы, ал кейде толық жабылуы да мүмкін
(программа жедел жадтан шығарылады).
Осы айтылған екі жағдайда да программа терезесі экраннан жоғалады. Егер
де осы мезетте сіз 10–15 минутқа басқа бір әңгімеге көңіл бөліп кетсеңіз,
онда компьютерге қайта оралысымен алдында іске қосылған, бірақ экранда
шартбелгі түрінде жасырынған программа жайлы тіпті ұмытып кетіп, оны тағы
да екінші рет жүктеуіңіз ықтимал. Сонымен екінші рет Калькулятор
программасын іске қосалық.
Экрандағы терезелердің біреуі үнемі екпінді күйде болып, басқалардың
үстінде орналасады. Мұндай терезе екпінді (активті) терезе деп аталып, оның
тақырыбы айқын (көк) бояумен белгіленеді. Басқа терезені екпінді ету үшін
оның көрініп тұрған аумағына курсорды жеткізіп, тышқанды сырт еткізу керек,
сонда ол терезе толық көрініп, басқаларының үстіне орналасады.
Бұл істі атқарудың басқа жылдамырақ жолы – Alt+Таb пернелерін қатар басу
болып табылады, ол былай орындалады:
– Alt пернесін басу;
– оны басулы күйде ұстап тұрып, Tab пернесін қоса басу қажет.
Осы күйде Tab пернесін басқан сайын экран ортасына іске қосылып тұрған
программалар аттары шығып тұрады, сол сәттердің бірінде Alt пернесін қоя
беру – аты шығып тұрған программаны екпінді етуге себепші болады.
Екпінді программа жұмысын тоқтатып, оның терезесін жауып тастау үшін
Жүйелік меню батырмасында тышқанды сырт еткізу немесе Alt+F4 пернелерін
басу керек.
Сөйтіп, осы мезетте экранда терезе түрінде бір Калькулятор программасы
тұр, ал жадыда олардың саны екеу болды.
Бұл жерде Wіndows жүйесімен жұмыс істеу барысында өте жиі кездесетін
қате, яғни бір программаны бірнеше рет жедел жадқа жүктеу орындалып тұр.
Бұған сіз: Оның несі бар, программа бір рет не екі рет іске қосылғанда не
тұр? " деуіңіз мүмкін.
Мұның мәнісі мынада – кез келген жүктелген программа үшін жедел жадтан
белгілі бір орын бөлінеді және де ол орынды басқа программалар қолдана
алмайды. Калькулятор – жадта өте аз орын алатын қарапайым программа,
сондықтан оны екі, үш немесе одан да көп жүктеу ешқандай зиян келтіре
қоймас. Алайда, кейбір программалардың бір өзі жедел жадқа әзер сиғызылады,
мұндай кезде ол программаны қайта іске қоссақ, онда компьютердің жұмысы өте
баяулайды.
Wіndows-та жүктелген программаларды бақылауға арналған арнайы
мүмкіндіктер бар. Олардың бірімен – Alt+Tab пернелер комбинациясымен сіздер
бұдан бұрын таныстыңыздар, осының тағы бір тәсілін қарастырайық.
Тексеру кезінде қандай программалар іске қосылғанын білу үшін:
– Wіndows 3.х жүесінде – Программа Диспетчері арқылы немесе басқа жолмен
кез келген жіберілген программаның Жүйелік Менюін шақырып, ондағы Басқа
программаға ауысу (Переключиться в ...) деген команданы таңдау қажет. Бұл
команданы таңдаған соң, экранда осыған дейін жұмыс істеген терезелерден
біршама өзгеше "Есептер тізімі" (Список Задач) деген тақырыпты терезе пайда
болады. Біріншіден, оның тақырып қатарында тек Жүйелік Меню батырмасы ғана
бар, ал Кішірейту, үлкейту, Қалпына Келтіру батырмалары мүлде жоқ.
Екіншіден, мұндағытерезе көлемін өзгертуге болмайды (мұндай қасиет
Калькулятор терезесінде де бар). шіншіден, терезеде бетінде арнайы жазуы
бар батырмалар (басқару батырмалары) бар. Есептер тізімі терезесі – бұл
сұхбаттасу терезесінің (диалоговое окно) мысалы болып табылады. Мұндай
терезелердің басты мақсаты – адамға кейбір параметрлерді анықтауға
мүмкіндік беру және де басқару батырмаларының көмегімен белгілі бір іс-
әрекетті шақыру. Сонымен, Есептер Тізімі терезесінде барлық іске қосылған
программалар көрсетіледі.
– Wіndows 95 жүйесінде іске қосылған программалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows жүйесінде бағдарламалармен жұмыс
Windows’98 операциялық жүйесi жайлы
Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
Windows жүйесінде жұмыс істеу негіздері
Windows жұйесінің анықгамалық терезесі
Тышқан тәрізді графйкалық сілтеме
Терезенің аумағын өзгерту
MS Office пакеті туралы түсінік
Энергияны үнемдеу
Пәндер