ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I.ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.
1.1.Жалпы сақтандырудың іс-әрекеті
1.2.Жалпы сақтандыру.
II.САҚТАНДЫРУ СЕКТОРЛАРЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы
2.2 Өмірді сақтандыру
III.ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ
3.1 Міндетті әлеуметтік сақтандыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі- сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп- бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп- қатерлі сипаты.Сақтандыру жекелеген азаматтардың өмір тіршілігі мен
жалпы ауқаты қолдап отыру мақсатында қоғамның жеке өндірушілерінің
натуралдық және заттай,сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін сфера
болып табылады.
Ғылыми жұмысты жазудағы келесідей мақсаты ол қоғамдық ұдайы өндірістің
үздіксіздігін қамтамассыз ету үшін азаматтарды,мүліктерді, өндіріс
процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Осы мақсаттарға сәйкес келесідей міндеттер іске асырылуы тиіс:
• Адамдардың жеке өмірлерін сақтандыру;
• Азаматтарды , мүліктерді,өндіріс процесін қоғамдық және ұжымдық
қорғау;
• Экономикалық жүзеге асырылуын қадағалау;
• Материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру;
• Шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Жұмыстың құрылымына тоқталатын болсақ: кіріспеден ,үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарауда жалпы сақтандырудың әлеуметтік –экономикалық мәні,іс-
әрекеті, өмірді сақтандыру қарастырылады.
II тарауда жалпы сақтандыру ұйымының жарғылық
капиталын,сақтандыру
қызметі туралы заңдарын және мүлікті сақтандыру
қарастырылады.
III тарауда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қарастырылады.
Жұмысты талдау барысында келесідей ғалымдардың еңбектері пайдаланылды:
Ілияс Қ.Қ, Құлпыбаев С, ҚабдиевД.Қ, Ыдырысова Э.Қ.
Ал сандық берілгендер келесідей ақпарат құралдарынан алынды: Қаржы
қаражат, Қазақстан цифрлары.

Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі.Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын
қамтиды.Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп- бұл өндіріс пен адам
өмірінің қауып-қатерлі сипаты.Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс.Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамассыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез-келген ауқымда-
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке
адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
Сақтандырудың қоғамдық өнімніңқұнын қайта бөлуге қатысуы;
Оның іс-қимылын ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отырады;
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
Ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді.
Сақтандырушеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономика жүйе
шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге
асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру-
қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи
тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу
үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік
қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтімдік, жинақтық және бақылау
функциялары сәйкес келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде
көрінеді.Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру
жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі.Жеке басты
сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық
функциясына бүгіледі.
Бақылау фунциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң
мақсатта пайдалануды қамтамассыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты
қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелділік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен –қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен
қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы
болады.Бұл қатынастар мен қорлар байланыстырылған және жалпы ұлттық сипаты
бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай
жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік
материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың,
ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар
жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа , өндіріс пен инфрақұрылымның
объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру
жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қоларды-
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысты.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және оларды
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалалығында жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүмкін, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі
қатынастар болып табылады. Бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және
шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медециналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастыратын екі
негіщгі әдіс қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістер.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын
, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорлады шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде- қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте- әлеуметтік сақтандыруда- қос әдіс,
үшінші бөлікте- жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды
қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір
уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші
әдістер қолданылуы мүмкін.Сонымен бірге өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша
қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де
болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылдығында салқы қорлар-жемшөп, тұқым,
отын және т.б қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарына
қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы
қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
2007 жылғы 1 ақпанда республиканың қаржы рыногында Агенттік берген
лицензияларға сәйкес 40 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді,
бұл ретте өмірді сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға 5 ұйымның,
көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру бойынша қызметті жүзеге
асыруға 30 ұйымның лицензиясы бар. Сондай-ақ сақтандыру қызметін көрсету
рыногында 12 сақтандыру брокері және 37 актуарий сақтандыру қызметін жүзеге
асырады.
2007 жылғы қаңтарда сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 5,8%-ға
өсіп, 2007 жылғы 1 қаңтарда 143,4 млрд. теңге болды. Жиынтық меншікті
капитал 8,4%-ға өсіп, 86,9 млрд. теңге болды. Сақтандыру резервтерінің
сомасы 69,4 млрд. теңге болды.
2007 жылдың 1-айы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 12,2 млрд.
теңге болды, бұл 2006 жылғы қаңтар айындағы осындай кезеңдегі көрсеткіштен
42,7%-ға жоғары. Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру
сыйлықақыларының көлемі 33,2%-ға өсіп, 1,6 млрд. теңге болды, ерікті жеке
сақтандыру бойынша – 1,1 млрд. теңге болды (47,4%-ға өсті) және ерікті
мүліктік сақтандыру бойынша – 9,5 млрд. теңге болды (өсім 43,8%).
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі комерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді. Және мұндай қызметтер көрсетудің еркін
рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен
жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың
сапасымен және бағаның деңгейінен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы
бірқатар факторламен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін
қосымша қарауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы
мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
салаларының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясын жетілдіруді қамтамассыз етеді.
Сақтандыру , табыс ( пайда) түсіру мақсатымен коомерциясының шектес
сфераларына қаражаттарды инвистициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының
қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру- сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын
сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немес
өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды
мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру
қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтын сыйақыларын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда
болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де
тұлғаға шартта белгіленген соманың шегінде сақтық өтемін төлеуге
міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудыңнысандары болып табылады.
Міндеттілік дәрежесі бойынша-ерікті және міндетті
Сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік
Сақтық өтімді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару
жүйелері болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 130 Қаулысы 2007 жылғы 8
маусымдағы № 4712 тіркелді.
1.2.Жалпы сақтандыру.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса,
толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен
толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы , жоғарыда айтылғандай , сақтық
қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу
(жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік
игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтандырушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін ) толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немес толық өтемі мөлшерде
сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырушылардың медецина мекемесіне
медециналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медециналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтімі мөлшерде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге , пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерде сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Мүлікті сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне ( автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтімі мөлшерден сақтық

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне , денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты боу (келтірілген зияндар үшін
жауаптылықты сақтандыру), сондай ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да , осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтіргені үшін азаматтық құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін.
Бұл тараптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасын сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкерлердің сақтанушы
ретінде іс қимыл жасайтын келісім шарт жасаушы агенттерінің өз
міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметінің залалдар туекелі
немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайларымен осы қызмет шарттарының
өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала
алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты
бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына
ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры
өзінің тікелей қызметін бастайды. Қор Сақтық төлемақыларына кепілдік
беру қоры туралы заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық Банктің 100%
-дық қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың
қатысушылары сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық
компаниялары болады.

Сақтандыру рыногының ағымдағы жағдайы
(2004 жылғы 1 желтоқсан)
Сақтандыру сыйлықақылары.
Ағымдағы жылдың қараша айында сақтандыру сыйлықақылары-ның жиынтық
көлемі 2 835,1 млн. теңгеге ұлғайып, 35 886,7 млн. теңге болды, бұл 2003
жылдың дәл осы кезеңінде жиналған көлемнен 37,1%-ке көп.
Сақтандыру сыйлықақысының түсімі
Сақтандыру 1.12.03 1.12.04ж. 1.12.2003ж.
сыйлықақыларының түсуі салыстырғандағы
өзгеріс,%-пен
Сомасы үлесі %
Барлығы, оның ішінде: 26 181,7 35 886,7100,0 37,1
Міндетті сақтандыру 2 583,8 3 959,9 11,0 53,3
бойынша
Ерікті жеке сақтандыру 2 359,2 4 058,2 11,3 72,0
бойынша
Ерікті мүліктік сақтандыру21 238,7 27 868,677,7 31,2
бойынша
Кестені қарағанда 2004 жылдың 1 желтоқсанында міндетті сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өткен жылдың дәл сол
көрсеткішінен 53,3%-ке өскені көрінеді. Ерікті жеке сақтандыру бойынша
ұлғаю 72,0%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша 31,2% болды.
2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру сыныптары
бойынша сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсу құрылымына қатысты мынаны
айта кетуге болады:
міндетті сақтандырудағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсімі 90,1%
(3 565,9 млн. теңге) болып келеді.
ерікті жеке сақтандырудағы сақтандыру сыйлықақылары түсімінің 44,1%
(1 789,1 млн. теңге) жазатайым жағдайдан және аурулардан сақтандыру
бойынша, 41,0% (1 662,9 млн. теңге) медициналық сақтандыру бойынша түскен
түсім бойынша, 13,9% (564,2 млн. теңге) өмірді сақтандыру бойынша болып
келеді.
ерікті мүліктік сақтандырудағы сақтандыру сыйлықақылары түсімінің
33,7% (9 400,2 млн. теңге) мүлікті сақтандыру бойынша азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру бойынша, зиян келтіру бойынша 31,0% (8 639,6
млн. теңге) және 10,7% (2 976,0 млн. теңге) жүктерді сақтандыру бойынша
болып келеді. Сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған
сақтандыру сыйлықақыларының көлемі былайша көрініс алады:
Сақтандыру салалары 1.12.03 ж. 1.12.04 ж. 1.12.2003ж.
бойынша сақтандыру салыстырғанд
сыйлықақыларының түскен ағы
түсімдері өзгеріс,
%-пен
Сомасы Үлесі, %Сомасы Үлесі
%
Сақтандыру салалары 26 181,7 100,0 35 886,7 100 37,1
бойынша барлығы
Өмірді сақтандыру 370,0 1,4 569,9 1,6 54,0
Жалпы сақтандыру 25 811,7 98,6 35 316,8 98,4 36,8
"Өмірді сақтандыру" саласы. 2004 жылғы1 желтоқсандағы жағдай бойынша
өмірді сақтандыру сыныбы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының
көлемі 569,9 млн. тенге, болды, бұл өткен жылдың дәл осы күнімен
салыстырғанда 54,0%-ке көп. Өмірді сақтандыру саласы бойынша есепті күнге
жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2003 жылғы 1 желтоқсандағы 1,4%-
ке қарсы 1,6% болды.
"Жалпы сақтандыру" саласы. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2004
жылдың он бір айы үшін жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 35 316,8
млн. теңге болды, бұл 2003 жылдың дәл осы кезеңінен 36,8%-ке артық. "Жалпы
сақтандыру" саласында негізгі үлес алатын сақтандыру сыныптары арасында
мыналарды айтуға болады:
• "мүлікті сақтандыру" сыныбы – 26,6% (9 400,2 млн. теңге);
• "зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру"
сыныбы – 24,5% (8 639,6 млн. теңге);
• “көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру" сыныбы – 10,1% (3 565,9 млн. теңге);
• “жүктерді сақтандыру” сыныбы – 8,4% (2 976,0 млн. теңге).
2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, өткен есепті күндермен
салыстырғанда, үлесіне жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының 60,1%-і келетін
сақтандыру сыйлықақыларын жинау бойынша негізгі 5 сақтандыру компаниялары-
көшбасшыларының арасында бірқатар өзгерістер байқалды. Олардың ішінде:
"Еуразия" СК” ААҚ-ы - 18,0%, "Казахинстрах" ШСК” ЖАҚ-ы - 15,0%, "Мұнай
сақтандыру компаниясы" ААҚ-ы - 13,4%, "Казкоммерц - Полис" СК” ААҚ-ы -
7,4%, "Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы” СК” ААҚ-ы - 6,3%.
ҚР резидент еместерінің қатысуымен сақтандыру компанияларының
2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жинаған сақтандыру
сыйлықақыларының үлесі 34,9% (12 524,1 млн. тенге) болып отыр.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 16 708,4
млн. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтықты көлемінің 46,6%-і
болып отыр. Мұндайда резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру
сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 43,3%-і беріліп отыр.
Қайта сақтандыру
Қайта сақтандыруға 1.12.03 ж. 1.12.04 ж.
берілген сақтандыру
сыйлықақылары
Сомасы Жиынтық Сомасы Жиынтық
сыйлықақы сыйлықақы
үлесі, %-пен үлесі, %-пен
Қайта сақтандыруға 15 186,3 58,0 16 708,4 46,6
берілген барлығы, оның
ішінде
Резидент еместерге 13 088,5 50,0 15 520,3 43,3
Резиденттерге 2 097,8 8,0 1 188,1 3,3
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы
сомасында негізгі үлесті ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақылар –
92,1%. Міндетті сақтандыру бойынша - 4,0%, ерікті жеке сақтандыру бойынша -
3,9%.
Сақтандыру төлемдері.
2004 жылдың он бір айы ішінде жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы
көлемі өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 60,6%-ке арта отырып,
5 920,1 млн. теңге болды. Сонымен бірге қайта сақтандыру ұйымдары қайта
сақтандыру есебінен өтеп отырған сақтандыру төлемдерінің үлесі 22,5%
(1 333,2 млн. тенге) болып отыр.
Сақтандыру төлемдері
млн. тенге
Сақтандыру төлемдері 1.12.03 ж. 1.12.04 ж. 1.12.2003ж.
салыстырған
дағы
өзгеріс,
%-пен
Сомасы Үлесі, %
Барлығы, оның ішінде 3 686,1 5 920,1 100 60,6
мыналар бойынша:
Міндетті сақтандыру 1 090,9 2 559,7 43,3 134,6
бойынша
Ерікті жеке сақтандыру 904,9 1 126,8 19,0 24,5
бойынша
Ерікті мүліктік 1 690,3 2 233,6 37,7 32,1
сақтандыру бойынша
1.12.2004 жылғы жағдай бойынша сақтандырудың сыныптары бойынша жасалған
сақтандыру төлемдерін қарастырған кезде мынаны айта кетуге болады:
міндетті сақтандыруда - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша төлемдер 99,7% (2 551,0 млн.
теңге) болды;
ерікті жеке сақтандыруда - сақтандыру төлемдерінің 80,4% (905,8 млн. теңге)
медициналық сақтандыру төлемдеріне келеді, 14,5% (163,1 млн. теңге)
жазатайым жағдайдан және аурулардан сақтандыру бойынша және 4,3% (47,9 млн.
теңге) өмірді сақтандыру бойынша келеді;
ерікті мүліктік сақтандыруда - сақтандыру төлемдерінің 36,9% (824,8 млн.
теңге) автомобиль көлігін сақтандыру бойынша, 20,6% (459,4 млн. теңге) зиян
келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша және
17,0% (380,2 млн. теңге) жүктерді сақтандыру бойынша болып келеді.
2004 жылғы қаңтарда-қарашада жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы
сомасы бойынша сақтандыру төлемдерінің мейілінше көп көлемі көлік құралдары
иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы
бойынша төлемдердің жиынтық сомасының 43,1%-і болды. Сақтандырудың осы
сыныбы бойынша (сақтандыру төлемдерінің сақтандыру сыйлықақыларына ара-
қатынасы) шығын коэффициенті өткен айда 68,5%-ке көбейіп, 71,5% болды.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыру бойынша шығын өсімінің үрдісі сақталуда. Бұл міндетті сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйлық-ақыларының мөлшері “Көлік құралдары иелерінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы” ҚР Заңында
белгіленген мөлшерден аспайтындығымен негізделген.
Кері көрініс ерікті жеке және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары
бойынша байқалады. Сақтандырудың осы сыныптары бойынша шығын коэффициенті
өткен жылдың дәл сол күніне 38,4%-ке қарсы, тиісінше 27,8% болды, бұл
сақтандырудың осы сыныптары бойынша сақтандыру төлемдерінің өсуімен
салыстырғанда сақтандыру сыйлықақысының жоғары өсімін білдіреді.
Жалпы алғанда есепті күнге шығын коэффициенті 16,5% болды.
Шығын коэффициенті
Сақтандыру қызметінің түрлері Шығын коэффициенті, %-пен
1.12.2003ж. 1.12.2004ж.
Барлығы, оның ішінде: 14,1 16,5
Міндетті сақтандыру бойынша 42,2 64,6
Ерікті жеке сақтандыру бойынша 38,4 27,8
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша8,0 8,0
Сақтандыру рыногы жөнінде жалпы мәліметтер
2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру рыногында 36 cақтандыру ұйымы (оның ішінде: 2- өмірді сақтандыру
бойынша, 7- Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен), 8
сақтандыру брокері, 30 актуарии және сақтандыру ұйымдарының аудитін
жүргізуге лицензиялары бар 34 аудиторлық ұйым лицензиялық қызметті жүзеге
асырды.
Сақтандыру секторының институционалды 01.12.03ж.01.12.04ж.
құрылымы
Сақтандыру ұйымдарының саны, оның ішінде32 36
Резидент еместердің қатысуымен 5 7
өмірді сақтандыру бойынша 1 2
Сақтандыру брокерлерінің саны 6 8
Актуариилер саны 28 30
Сақтандыру ұйымында аудит жүргізу құқығы34 34
бар лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың
саны
31 сақтандыру ұйымы есепті күнге “Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру
қоры” АҚ-ның қатысушылары болып табылады.
Капитал. 2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының
есепті меншікті капиталының мөлшері 21 898,9 млн. тенге болды, бұл өткен
жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда 158,0%-ке (8 487,7 млн. теңге) көп
болды.
2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша меншікті капитал
жеткіліктілігінің пруденциалдық нормативін 3 сақтандыру ұйымы орындамады.
млн. тенге
Қаржы көрсеткіштері 1.12.20031.12.2004 1.12.2003жылмен
ж-ға ж-ға салыстырғандағы
өзгеріс, %-пен
Жиынтық активтер 20 058,9 39 698,9 97,9
Міндеттемелер 7 126,9 11 945,8 67,6
оның ішінде таза 4 853,4 9 001,0 85,5
сақтандыру резервтері
Басқа да міндеттемелер 2 273,5 2 944,8 29,5
Меншікті капитал (баланс12 932,0 27 753,1 114,6
бойынша)
Есепті күнге жалпы сақтандыру саласы бойынша қызметті жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасы резидент еместерінің қатысуымен сақтандыру
ұйымдарының жиынтық төленген жарғылық капиталы жалпы сақтандыру саласы
бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сақтандыру
ұйымдарының жиынтық төленген жарғылық капиталының 16,8%-і болды. Өмірді
сақтандыру саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы
резидент еместерінің қатысуымен сақтандыру ұйымдарының жиынтық төленген
жарғылық капиталы жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру саласы

ұйымдарының жиынтық төленген жарғылық капиталының 1,0%-ін құрайды.
Активтер. Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2004 жылғы 1
желтоқсанда 39 698,9 млн. теңге болды, бұл 2003 жылғы 1 желтоқсандағы дәл
сондай көрсеткіштен 97,9%-ке көп, оның ішінде:
Активтер 1.12.2003 1.12.2004 ж-ға 1.12.2003ж.
ж-ға салыстырған
дағы
өзгеріс,
%-пен
Сомасы үлесі,Сомасы үлесі,%
%
Ақша 1 596,28,0 1 918,3 4,8 20,2
Орналастырылған салымдар 2 954,514,7 5 388,0 13,6 82,4
Бағалы қағаздар 8 375,141,8 22 558,956,8 169,4
Сақтанушыдан және 3 190,115,9 3 068,0 7,7 -3,8
делдалдардан алынатын
сақтандыру сыйлықақылары
Негізгі құрал-жабдықтар 1 758,88,8 1 742,1 4,4 -0,9
Материалдық емес активтер29,2 0,1 56,2 0,1 92,5
Басқа дебиторлық берешек 1 353,96,7 1 889,5 4,8 39,6
Басқа активтер 801,1 4,0 3 077,9 7,8 284,2
Активтер жиынтығы 20 058,100,0 39 698,9100,0 97,9
9
Жалпы алғанда 2004 жылдың қарашасында сақтандыру ұйымдары активтерінің
сомасы 1,1%-ке (449,7 млн. теңгеге) ұлғайды.
Міндеттемелер. 2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру
ұйымдарының міндеттемелер сомасы өткен жылдың дәл сондай көрсеткіштермен
салыстырғанда 67,6%-ке өсе отырып, 11 945,8 млн. теңге болды.
Есепті күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қолданылып
жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша (қайта
сақтандырушының үлесін шегере отырып) қабылданған міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылған сақтандыру резервтерінің көлемі 9
001,0 млн. теңге болды, бұл 2003 жылдың 1 желтоқсанында қалыптасқан
резервтер көлемінен 85,5%-ке артық. Қайта сақтандырушының сақтандыру
резервтеріндегі есепті күндегі үлесі 8 368,4 млн. теңге болды.
Сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштері
01.01.20001.01.20001.12.20
3 ж-ға 4ж-ға 04
ж-ға
ЖІӨ, млрд. теңге 3 747,2 4 449,8 5 1411
Сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ-ге 0,29 0,65 0,70
қатынасы, %-пен
Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, 0,24 0,30 0,54
%-пен
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %-пен 0,37 0,47 0,77
Сақтандыру сыйлықақыларының жан басына715 1 931 2 392
шаққандағы қатынасы, теңгемен
1 - 2004 жылға болжамды деректер
2- 2004 жылғы қаңтар-қараша айларында алынған сақтандыру сыйлықақылары.
2.2 Өмірді сақтандыру
5.9.5. "Өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру ұйымдарының қызметін
реттеу мен қадағалаудың тиімділігін арттыру
Сақтандыру рыногі субъектілерінің қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі
уәкілетті орган алдында өмірді сақтандыруды дамытуды одан әрі ынталандыру
мақсатында Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын қайта
қарау, оның ішінде сақтандыру ұйымдарының "өмірді сақтандыру" бойынша және
жалпы алғандағы нормалары мен лимиттерін қадағалау жөніндегі пруденциалдық
және басқа міндетті нормативтерді, сақтандыру бизнесінің ("жалпы
сақтандыру" және "өмірді сақтандыру") түрлі саласындағы қызметін жүзеге
асыратын сақтандыру ұйымдарын қадағалауды жүзеге асыруға арналған
тәсілдерін бөлу міндеті тұр.
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызмет атқаратын сақтандыру
ұйымдарының дамуын айқындайтын фактор - ұзақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz