Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, іс-әрекет сфералары
Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері
Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты
себеп (мотив) — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.
Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір
тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке
өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде)
натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша
ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша
қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.
Сақтық қорлар — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв
қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүлделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық
немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүлделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір
бөлігі.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар
белгілі бір уақытта тікелей арналымында — сақтық төлемдерді төлеу үшін
(сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау
мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың
қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін.
өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін
сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда
қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыралтар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына
жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жургізуші субъектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүлделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүшелерін
қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы
мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке
түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйе республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.
Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоса алғанда, әлеуметтік
қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады:
қоғамдық қорғаудың жүйесі;
әлеуметтік сақтандыру (қорғау) және әлеуметтік қамсыздандыру;
жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру — сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық
төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де
оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүлделерін
мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы
адам өмірінің өдірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын
қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық функция атқарады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңды тұлғалардың мүліктік мүлделерін қорғау және оларға материалдық
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметтің рыногін дамыту, азаматтар
мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау "Сақтық қызмет туралы"
Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет
қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің
нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айырықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға
болады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда —
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру
қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларды
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де
тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтандыру сомасының)
шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша — жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша — жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру — заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі — сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарды жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы
негізінде жүзеге асырылатын қызметі.
Сақтық қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымның сақтық қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы
сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік
құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары
иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;
шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені
үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің
және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйым сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы
сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін
сақтық өнім болып табылады.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық
қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс
дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде
бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады,
бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүлделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бұлінуі және өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүлдесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген
медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын
ішінара ненесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру
көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүлделеріне оның зақымдалуы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүлделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүлделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандырады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін.
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz