Сақтандырудың экономикалық пен әлеуметтік негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік – экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы керек. Мұндай ақша қаражаттары
әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғу болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қаынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда –
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке
адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
- сақтандыру қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отырады;
- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы
барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы)
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен, сақтық жалпы мемлекеттік қаржының құрамды бөлігі болып
табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-несие институты ретінде қарауға
болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні бұл категорияның қоғамдық арналымының
көрінісі ретінде оның бөлу, өтімдік, жинақтық және бақылау функциялары сай
келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу мүмкіндігін жоюға бүгіледі.
Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің
жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге байланысы болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен
(кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың
жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар
мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше
уақиғалардыескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты
жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден)
кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен
қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен
инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына
келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге
пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды -
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалан
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс-әрекеті халқты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысты.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі
қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру
және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтқ әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және
оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың үріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс,
үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды
қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір
уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші
әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде
ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де
болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар – жем-шөп,
тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының
кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың
босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың
сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің эклементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрқшалықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай емесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв
қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық
немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің
ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан
қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден –
бір бөлігі.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жлпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің бағасы
сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге
сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызмет көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, сыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін
(сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болу
мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының
қаражаттары қосымша табыс үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз
кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық
қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда
қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына
жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін
қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы
мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке
түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегің
қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі ерекшеліктерін,
оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере
отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіңзжасауға, азаматтер
мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес
сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі
сақтық ісі ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық
төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де
оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңи мүдделерін
мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру
қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда
болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де
тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының)
шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
Сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүлікті;
Сақтық өтемі жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер тараптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтандырушының есебінен жүзеге асырылады.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныы болып
табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және
оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын
реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік ретеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымының сақтық қызметі “өмірді сақтандыру” саласы және “жалпы
сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай
сыныптарды қамтиды:
өмірді сақтандыру;
аннуитеттік (аннуитеттік сақтандыру ісінде рентаны немесе зейнетақыны
сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын көрсетеді) сақтандыру;
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай
сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
медициналық сақтаныру, көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік
құралдарын қоспағанда); кәіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары
иелерінің және тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауаптылығын
сақтандыру; шарт бойынша азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян
келтіргені үшін азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік
құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауаптылығын
қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау
арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және
беретін сақтық өнімі болып табылады.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса,
толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысуышылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен
толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы сақтық қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық –
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жеіпеуі немесе бүлінуі және өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтелуі мөлшерінде сақтық төлеммен
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген
медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін жек басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру – көлік құралын иеленуге, пайдалануға,
оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлеріің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру – жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке басты сақтандыру
Сақтандыру жіктелуінің негіздері
Қаржылық сақтандыру негіздері
Сақтандырудың экономикалық категоря ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарының іс-тәжірбиеде қолданудың құқықтық механизмдері
Сақтау шарты бойынша жауапкершілік
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, іс-әрекет сфералары
Әлеуметтік сақтандыру қорлары
Сақтандырудың мәні
Пәндер