Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе - 3 -
Шетелдік тәжірибе - 4 -
1 Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы. - 4 -
2 АҚШ сақтандыру нарығы - 6 -
Қорытынды - 10 -
Қолданылған әдебиеттер - 12 -

Кіріспе

Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін
тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық
қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының
ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік
инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу”.
Осындай нарықтық қоғамда пайда болатын тұрлаусыздық пен тұрақсыздық,
экономикадағы үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай
жағдай кәсіпкерлікте жиі болады. Нарықта туатын кездейсоқ және тұрлаусыз
жағдайлар, экономикалық толқулар, бәсекелестердің әрекеттері тіпті білікті
басқару шешімдерін жоққа шығаруы мүмкін. Тәуекелді сақтандыру мен өзін-өзі
сақтандыруды қолданып, басқару облысында білікті жұмыс жүргізу арқылы
айтарлықтай төмендетуге болады. Яғни көріп тұрғанымыздай, нарықтық
шаруашылықтың дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық, соның
ішінде сақтық қорғау ерекше мәнге ие болуда. Сол үшін де еліміздегі
сақтандыру нарығының жағдайын кешенді бағалау қажет.
Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра
отырып, сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі
өндірістік күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді,
мемлекеттің болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялық фактордың
әрекетін төмендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс
арақатынасын оңтайландырады.
Қорыта айтқанда, сақтандыру мәселесі және де елдегі сақтандыру
нарығының жағдайын жақсарту мәселесі экономикалық проблемалар ішінде ерекше
мәнге ие, өйткені дәл осы мәселе елдің өміріне оң әсер етуші қуатты
факторлардың бірі болып табылады. Осы себептерге байланысты мен өз
жұмысымның негізгі талданар мәселесі етіп осы тақырыпты алдым.

Шетелдік тәжірибе

Шетелдік тәжірибе ретінде мен еліміздің экономикалық, саяси және басқа
да қатынастары бойынша серіктес елдерінің сақтандыру нарықтары жайлы айтқым
келіп отыр. Осылайша, мен Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама
Штаттарының нарықтарын қарастырып өтпекпін.

1 Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы.

Сақтандыру нарығы Қытайдың ақша-несие нарығының маңызды құрамдас бөлігі
болып табылады. Қытай Халық Республикасындағы сақтандыру негізінен мүлікті
сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, кепілді сақтандыру және
жеке сақтандыру сияқты төрт негізгі сақтандыру түріне бөлінеді. Қазіргі
кезде Қытайда сақтандыру компаниялары сақтандырудың 400 түрі бойынша қызмет
көрсетеді. Қытайдың сақтандыру мекемелерінің ішінде ерікті және міндетті
болып бөлінетін қайта сақтандыру операциялары кеңінен тараған.
Реформалардың тереңдеуі және Қытай Халық Республикасының сақтандыру
нарығының ашыла түсуіне байланысты сақтандыру операцияларының, әсіресе
өмірді сақтандыру операцияларының қарқынды дамуы өтіп жатты. Егер 1997 жылы
өмірді сақтандырудан түсетін табыстар сақтандыру табыстарының 55%-н құраса,
1998 жылы 60%-ды құрады. 1998 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру
саласының табыстары 124,7 млрд юань (15 млрд $), оның ішінде 49,96 млрд
юань (8,2 млрд $) - мүлікті сақтандырудан, 68,3 млрд юань (8,2 млрд $) -
өмірді сақтандырудан түссе, қалған сақтандыру операцияларынан түскен табыс
- 6,5 млрд юань немесе 783 млн $ құрады. Дәл сол жылы мүліктік нұқсандар
бойынша және қысқа мерзімді жеке сақтандыру бойынша өтемдер 31,8 млрд юань
(3,8 млрд $) құрады. Өмірді сақтандыру бойынша өтемдер 23,8 млрд юань
немесе 2,9 млрд $ құрады. Қытай Халық Республикасының ұлттық
экономикасындағы сақтандыру саласының үлесі жылдан-жылға өсуде. Осылайша,
ЖІӨ-дегі сақтандыру саласының үлесі 1960 жылы 0,25%-дан 1998 жылы 1,48%-ға
дейін өсті. Соңғы 20 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының
орташа жылдық өсу қарқыны 34% құрайды. Бұл жайлы 1-кесте мәліметтерінен
көруге болады.

1-кесте. Қытайдағы сақтандыру саласының 1990-2003 жылдардағы табыстары.
(млрд юань)
Жыл 1995 1996 1997 1998 2001 2003
Табыс 59,5 77,7 108,0 124,7 210,9 388,0

2002 жылдың басындағы жағдай бойынша Қытай Халық Республикасында 52
сақтандыру компаниясы, оның ішінде мүлікті сақтандыру бойынша – 22, өмірді
сақтандыру бойынша – 26, қайта сақтандыру бойынша – 1, екі сақтандыру тобы
және бір “саяси” сақтандыру компаниясы жұмыс істеді. 2004 жылдың
ортасындағы жағдай бойынша барлық сақтандыру компанияларының активтерінің
сомасы 1 трлн юаньға (120,5 млрд $) жуық мөлшерді құрады.
Елдің сақтандыру нарығында акционерлік және шетел компанияларының
болғандығына қарамастан, елдің сақтандыру нарығының едәуір үлесін
бұрынғыдай мемлекеттік сақтандыру компаниялары бақылап отырады. Мысалы,
өмірді сақтандырудың Қытай компаниясының үлесіне елдегі өмірді сақтандыру
көлемінің 52% келеді. Екінші орында “Пинань” компаниясы (24%) тұр.
“Тайпинян” компаниясы 11%-ды, ал “Синьхуа” компаниясы 3,5%-ды бақылайды.
Осылайша, қазіргі кезде тек төрт сақтандыру компаниялары ғана Қытайдағы
өмірді сақтандырудың 90%-н қолында шоғырландырған.
2000 жылдың басында Қытай Халық Республикасында ресми түрде 13 ұлттық
сақтандыру компаниясы (шетелдік және бірлескен сақтандыру компанияларын
қоспағанда) тіркелген болатын. Оның ішінде 2 – бас сақтандыру компаниялары,
7 – мүлікті сақтандыру компаниялары, 3 - өмірді сақтандыру компаниялары, 1-
қайта сақтандыру компаниясы. Территориялық белгісі бойынша олар 8 жалпы
мемлекеттік сақтандыру компанияларына және 5 аймақтық сақтандыру
компанияларына бөлінеді. Жалпы мемлекеттік сақтандыру компанияларының 10
мыңдай бөлімшелері мен операциялық пунктері бар. Қызметкерлерінің саны -
150 мың адам. Қытай сақтандыру компаниялары 250 мыңнан астам сақтандыру
агенттерінің қызметін пайдаланады.
Қытай басшылығының елді сырттық экономикалық қатынастарға ашық
екендігін жариялануымен сақтандыру нарығына шетелдік сақтандырушылар ене
бастады. Өкілетттіктердің ең көп санымен Австралия, Ұлыбритания, Германия,
Гонконг, Италия, Канада, Корея, Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Тайвань,
Франция, Швейцария және Жапония сақтандыру компаниялары ерекшеленеді. АҚШ-
тың, Канаданың, Жапония мен Ұлыбританияның 9 сақтандыру компаниясы Шанхайда
және Гуанчжоуда 12 операциялық агенттіктердің негізін салды. Ал 17 елдің
113 сақтандыру компаниясы Қытай Халық Республикасында 202 өкілеттігін
құрды. Сақтандыру саласының өсу қарқыны 2003 жылы ЖІӨнің өсу қарқынынан 7%-
ға артық болды. Сақтандыру саласы құрылымдық реформаны жүзеге асыра алды
және есептеулер жүйесін жетілдіре алды.
2004 жылдың басындағы жағдай бойынша, Қытай Халық Республикасында шет
елдің қатысуымен 37 сақтандыру компаниясы және де 300-ге жуық басқа
шетелдің сақтандыру мекемелері (өкілеттіктер, агенттіктер және тағы
басқалар) бар.

2 АҚШ сақтандыру нарығы

Қазіргі кездегі Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру нарығы мен
бизнесі әлемде ең жақсы дамыған нарық болып табылады.
Америка Құрама Штаттарының монополиялары дамыған елдердегі бүкіл
сақтандыру нарығының 50%-дан астамын бақылап отырады. Америка Құрама
Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8
мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама
Штаттарының әр штатының өзінің сақтандыру туралы заңы және сақтық бақылауы
болады, сондықтан да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы заң және сақтық
бақылау органы жоқ.
Әрине, әр штат өзінің жарғылық капиталын, көрсетілетін сақтандыру
түрлерін бекітеді, өзіне қарасты сақтандыру ұйымдарына бақылау жүргізеді,
сақтандыру қызметін қадағалап, реттейді, брокерлерге, агенттерге және
сақтандыру компанияларына лицензиялар береді.
Америка Құрама Штаттарында сақтандыру ұйымдарының екі типі бар:
акционерлік қоғамдар және өзара сақтандыру қоғамдары. Ол жақта мемлекеттік
сақтандыру компаниялары жоқ. Компания акцияларын жеке және заңды тұлғалар
иеленеді. Америка Құрама Штаттарында тарихи түрде сақтандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы
Қытай Халық Республикасының қаржы нарығы
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру жолдары
Сақтандыру ісінің қалыптасу кезеңдері, экономикалық мәні және функциялары
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Сақтандыру нарығының теориялық негіздері
Сақтандыру нарығының сипаттамасы
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жағдайын талдау
Пәндер