Сақтандыру компаниялары – экономикалық жүйенің бір бөлігі


Жоспар
Кіріспе2
Сақтандыру компаниялары - экономикалық жүйенің бір бөлігі2
Сақтандыру компанияларының қаржылары4
Сақтандыру компаниялары қызметінің жаңа бағыттары7
Қорытынды11
Пайдаланылған әдебиеттер12
Кіріспе
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру - бұл қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлу қатынастарының айрықша аймағы. Сақтандыруға қатысушы тұлғалар арасындағы құқықтық қатынас сақтандыру келісім шарты сақтық және азаматтық заңнамаға сәйкес реттеліп отырады.
Қазіргі уақытта сақтандырудың қоғамдық қайта өндірістегі рөлі артуда, яғни табиғи апаттардың (жер сілкінісі, сел және т. б), техникалық және технологиялық сипаттағы кездейсоқ жағдайлардың (өрт, авария және т. б) дәстүрлі қамтамасыз етілумен қатар, түрлі криминалдық жағдайлар (ұрлық, транспорттық құралдарды айдап әкету) шығындары сақтандырудың негізгі объектісіне айналуда.
Сақтандырушы бола тұра меншіктің түрлі формаларындағы ұйымдар мен кәсіпорындар өлім немесе негізгі қор мен айналыс құралдарының зақымдану зиянын өтеумен, сол сияқты кәсіпорынның өз жұмысын еріксіз тоқтатылуы салдарынан алынбай қалған түсім немесе қосымша шығынға сыйақы алу қажеттігін сезінеді.
Нарықтық экономикадағы сақтандыру бір жағынан бизнес пен адамдар игілігін қорғау құралы болса, екінші жағынан пайда әкелетін коммерциялық іс-әрекет болып табылады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамды ұдайы өндірістік және әлеуметтік қызмет, өндіріс үздіксіздігін және азаматтарды, мүліктерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру компаниялары - экономикалық жүйенің бір бөлігі
Сақтандыру қорының тарихи түрде анықталған қйымдастырушылық формасы сияқты кез келген сақтандыру компаниясының қызметі ылғи экономикалық ортада функционалданатын сақтандыру компанияларының жиынтығы сақтандыру жүйесін құрайды. Нарықтық типтің экономикалық сақтандыру жүйесінің негізгі мақсаты компаниялар мен фирмаларға белгілі-бір кепілдіктерді қамтамасыз ететін сақтандыру және консультативтік қызметтер комплексін көрсету; жеке клиенттерге -- күнделікті және сенімді сақтандыру қызметін көрсету, ұзақ мерзімді және мақсаттарға жету.
Сақтандыру компанияларымен кездестірлетін проблемалары арасында келісілерді белгілеуге болады:
- сақтандыру бизнесінің интернационализациясы; ірі сақтандыру топтарының пайда болуы; бағалы қағаздаға инвеститциялар; қаржылық алаяқтар; көптеген мемлекеттердегі саяси жағдайларының күрт өзгеруі; персоналды балансталмаған жастық құрлымы; жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы; сақтандырушы жұмысшыларының жеке қауіпсіздігін қамтамасзы ету.
Сақтандыру компаниялары сақтандыру қызметін көрсетуге негізделген қаржылық делдалдар. Олардың қызмет заңды және жеке тұлғалардың шарттарына негізделіп құрылған белгілі бір жағдайларының түсуіне байланысты шартталған көлемдегі ақша қаражаттарының сақтандырушыларға төлемдерді жүзеге асыру үшін арнайы ақша қорларының құралуынан тұрады.
Сақтандыру қызметіне сұраныс экономикалық субъектілердің заңды және жеке тұлғалардың маңызды қаржылық жоғалтуларға әкелетін өлім, ауру немесе жанұя мүшесінің жұмыстан шығарылуы, автомобиль авариясы және т. б белгілі бір жағымсыз жағдайлардың, тұрақты қауіп-қатерінің түсуімен анықталады. Бұл жоғалтуларды ағымдағы табыспен жабу мүмкін емес, осыған байланысты депозит шоттары арқылы қаражаттарды жинау да қиынға түседі. Сақтандыру компаниялары өмірді сақтандыру мен мүлікті және сәтсіз оқиғалардан сақтандыру компанияларына бөлінеді. Онда жұмыс істеу әдістері бірдей сақтандыру полистерін сатудан, олар табыстық активтерге орналастыратын белгілі бір қаржы сомаларын жұмылдырады. Бұл активтерден түсетін табыстардан өздерінің операциялық шығыдарын жабады, табыс алады. Жұмылдырылған қаражаттардан бұл компаниялар сақтандыру жағдайы түсуі барысындағы төлемдерді орнын толтыру үшін резервтер құрады. Өмірді сақтандыру компаниялары өлім коэффициентін тура анықтауға және бұл негізде уақыт барысында сақтандыру полистері бойынша өздерінің төлемдерін бөлуді болжамдауға мүмкіндік алады. Бұл оларға - өз резервтерін ұзақ мерзімді, табыстық активтерге - корпорацияның облигациялары мен акцияларына, ұзақ мерзімді депозиттерге және т. б. орналастыруға мүмкіндік алады.
Сақтандыру компанияларының қаржылары
Сақтандыру компанияларының қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері ең алдымен алынған табыс пен резервтері қоры көлемдерінің өзгеруінде айқындалады. Сақтандыру компаниясының табысы былай қабылданады:
1. Сақтандыру қызметінен тікелей алынған табыс. Сақтандыру компаниялары сақтандырудан алынған салымдардан сақтандыру төлемдері мен сақтандыру салаларын төлеуден резервтік қорларды құрайтын, сақтандыру салымдарының ағымдағы түсімдерінің қорын құрайды. Осыдан кейін шығындар жабылады.
2. Компанияның сақтандырылмайтын қызметінен түскен табыс (банк депозиттері, қозғалмайтын мүлік және т. б) . Алынған табыстар сақтандыру компаниясының табыстарына қосылады.
3. Басқа қызметтерден түсетін табыс- консультациялық, делдалдық.
Сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүргізудегі барлық шығындар 4 топқа бөлінеді:
1. Аквизициялық жаңа сақтандырушыларды тартумен, сақтандыру портфелін кеңейтумен, жарнамамен, сақтандырудың жаңа түрлерін өндірумен байланысты шығындар.
2. Инкассалық сақтандыру төлемдерін жинаумен және сақтандырушыларға қызмет көрсету бойынша шығындар.
3. Ликвидтік - сақтандыру жағдайымен эксперттер еңбегін төлеу, сот шығындары, сақтандырудың орнын толтырумен байланысты .
4. Басқарушылық- еңбекті төлеу, шаруашылық шығындары т. б.
Сақтандыру компаниясының қаржылық қызметінің маңызды аспектісі сақтандыру резервтерін құру мен пайдалану. Компаниялар сақтандыру резервтерінің келесі жүйесін құрайды:
1. Техникалық резерв;
2. Ескертетін шараларға резерв масштабтарды қысқарту мен залалдардың орнын толтыру мақсатында қаржыландыру үшін жүктемелер қойылады.
Техникалық резерв:
- Табыс кірізілмеген сыйақының резерві - шарттың уақыты нәтижелі болып табылмайтын, сақтандырудың әрбір шартына сақтандыру төлемдерінің бөлігі бағытталады:
- Реттелмеген шығын резерві: Сақтандырушы сақтандыру жағдайының бекітілген уақыты туралы хабарлауы керек;
- Түскен, бірақ хабарланбаған шығындар резерві жиналған сыйақылардан алынған белгілі пайыз мөлшерінде;
- Аппаттар резерві сақтандыру жағдайларының көп мөлшерде түсу жағдайына байланысты (жер сілкінісі, су тасқыны және т. б. )
- Тербелу зияндылығының резерві. Егер берілген жылы зиянның өткен жылдағыдан кем болса, бұл айырмашылық тербелу зияндылығының резервіне бағытталады;
- Өмірді сақтандыру резерві;
Сақтандыру заңы сақтандырушының әрбір келісім-шарты бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін нақты заңды шарттарды бекіту керек. Кез келген сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы қаржылық қызмет нәтижесі есебіне нгізделеді және толық бейнені бухалтерлік баланстан алады. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге әсер ететін нақты көрсеткіштерді анықтау мақсатында бухгалтерлік есептің құрылымдық бөліктерін қарастыру қажет. Бухгалтерлік балансты 3 негізгі бөлімге бөледі:
- Активтер.
- Жеке капитал.
- Міндеттемелер.
Ең алдымен сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығының негізі - 3 көлемнің қатынасымен анықталады. Активтер түрінде сақтанушының мүлігі кіреді. Сақтандыру компаниясының қаржылық қызметінің анализі нәтижелерінен сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін келесі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
- жеке капиталсақтандыру келісім- шарты бойынша міндеттемелер . сақтандыру резервтері. Инвестициялық қызмет. Тәуекелді шектеуТариф саясаты.
Қаржылық тұрақтылық бойынша талаптар сақтандыру, қадағалау департаментімен қадағаланады. Өтпелі экономика шарттарында көп көлемдегі сақтандыру компаниялары нарық шарттарында сақтандыру қызметі бойынша жеткілікті тәжірибесі жоқ, сенімді статистиканың болмауы, ал қолда бар статистиканың сенімділігі, яғни статистиканың ақпаратпен қамтамасыздандыру жетілмеген.
Сақтандыру компаниялары тиістілігіне байланысты өзара сақтандырудың акционерлік қоғамдарына, жеке және жалпы құқықтық қоғамға, мемлекеттік және құқықтық болып бөлінеді. Сақтандыру компанияларының 58% меншіктің аралас формаларына жатады, жеке - 36% мемлекеттік - 55%, муниципалды және қоғамдық ұйымдар меншігіне - 1%
Қазақстан Республикасы сақтандыру ісінің демонополизациясынан мемлекеттік сақтандыру саласы қысқарады, бірақ оның функцияналдауы менодан әрі даму қажеттілігін мүлдем айқын.
Сақтандырудың мемлекеттік секторы аймақтық сақтандыру компанияларының жеткілікті тармақталған жүйесі, ірі резервтік қорлар, жеке мүліктік сонымен қатар ауыл шаруашылығы сақтандыру облысында жүргізуде бай практикалық тәжірибесі бар.
Сақтандырудың коомерциялық секторы ашық және жабық типтегі сақтандырудың акционерлік қоғамдармен сонымен қатар шектелген жауапкершіліктегі қоғамдастықпен ұсынылған.
Сақтандыру компаниялары қызметінің жаңа бағыттары
Шаруашылықтандырудың жаңа экономикалық шарттарындағы мемлекетінің сақтандыру компаниялары үшін тән белгілер болып бәсекелестік орта, сақтандыру өнімін арзандату мен ілгеру жүргізу үшін қосымша табыстарға қажеттілігі және талаптылығы, тәуекелдердің қайта бөлу. Нарық шарттарындағы сақтандыру қызметінің жаңа бағыттарының нақты көрсетулері, ең алдымен:
1. Менеджмент сұрақтары, оның актуалдылығы әсіресе сақтандыру компанияларының дербестігінде, нарық шарттарындағы бәсекеде компанияның стратегиялық мақсаттарын шешу үшін кадрларды жинау мен даярлауды өсті.
2. Сақтандыру тәуекелдерін түзету, баланстандырылған сақтандыру портфелін құру методикасы ретінде қайта сақтандыру сұрақтары.
Сақтандыру компаниялар қызметінде шаруашылықтандырудың жаңа бағыттарында негізгі қызметтен басқа сақтандырудан, нарықтық қатынастардың пайда болуы мен бәсекелеспен күресу есебінен оның қызметінің салаларын үлкейту бойынша алғышарттар пайда болды. Бос ақшалай капиталдарды орналастыру әдістері мен шарттарын қарау сақтандыра компаниялар қызметтерінің қажетті талаптарының бірі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі, ең алдымен сыртқы факторларға қаржы нарығының жағдайынан, оның инфрақұрылымынан, қор нарығында қаржы құралдарының дамуы мен табыстылығымен байланысты болуы. Сақтандыру компанияларының инвестициялық салымдары үшін ішкі факторлары болып бос ақша қаражаттарының болуы болып табылады. Бос ақша қаражаттарын пайдалану, оның сақтандыру қызметін жақсартуға бағытталуы мүмкін, қосымша табыстарды алу мақсатында эффективті және сенімді салымдарды қолдану актуалды болып табылады.
Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі сақтандыру компанияларымен бұл қаржыларды инвестициялаудан бос ақша қаражаттары мен қосымша табыстар есебінен мүмкін болып отыр және ұлттық сақтандыру компаниялары жұмысқа маңызды фактор болып табылады және мемлекет сақтандыру бизнесінің дамуына ықпал етеді. Сақтандыру нарығының даму шарттарында сақтандыру компанияларының қаржылық резустарының қосымшалар саласы кеңейтілуде. Сақтандыру компаниялармен инвестицияланатын ақша қаражаттары нарық экономикасында дамыған мемлекеттердегі сақтандыру компанияларымен бұрын қолданалатын көптеген бағыттармен жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ осы ерекшеліктермен қатар Қазақстандағы сақтандырушылардың инвестициялық қызметі үшін негізі болып 3. 10. 1995 жылы Заңды күші бар “Сақтандыру заңы” мен 25. 12. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қаулысы “Сақтандыру резервтерін орналастыру тәртібі бойынша инструкцияларды нығайту туралы. “
Мемлекетте басым көптеген қаржылық формалар сенімді емес және төмен ликвидті болып табылады. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық есеп беру мәліметтері бойынша, 01. 01. 2004 жылғы жағдайына Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық активтері 7311 млн. теңгені құрады, олардың ішінде:
-банк депозиттері -2762млн. теңге (37, 8%)
- мемлекеттік бағалы қағаздар - 168млн . теңге ( 2, 3%)
-қозғалмайтын мүлік -1571 млн. теңге (21, 5%)
-басқа активтер - 2810 млн теңге (38, 4%)
Қазіргі кезде мемлекеттің сақтандыру заңында инвестициялардың мына бағыттары анықталған:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары «Қазақстан қор биржасының» Ж. А. Қ. сауда жүйелер айналымына жіберілген жергілікті орындау органдарымен шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды қоса сақтандыру резервтерінің сомасынан 40-тан кем емес және 80-нен аспайтын көлемде орналастырылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық коммисиясы рұқсат еткен зейнетақы есебінен сақтандыру резервтерінің сомасынан 10%-тен аспайтын мөлшерде орналастыруға рұқсат алынған бағалы қағаздарды алу.
2. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа сәйкес ету тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативті құқықтық актілерді талап етуге байланысты салымдар мен жедел салымдар немесе:
- еншілес банктер, бас банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бекітілген тізімдерінің кез келген рейтингтік агенстволарынан «А» категориясынан кем емес ұсақ мерзімді жеке рейтингісі бар резиденттер емес;
- халықаралық стандартқа өту бойынша программалар талабын орындауға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқаруының қаулысымен танылған;
Жедел салымдар сақтандыру резервтерінің сомасынан 20%-тен аспайтын мөлшерде орналастырылады; талап етілгенге дейінгі салымдар сақтандыру резервтерінің сомасынан 5%-тен кем емес және 10%-тен аспай-тын көлемде орналастырылады.
3. Қазақстандық элементтердің акциялары, басқа мемлекеттер заңына сәйкес шыға мөлшерде орналастырылған акциялар сақтандыру резервтерінің сомасынан 15%-тен аспайты орналастырылады және «А» категориясындағы Ж. А. Қ «Қазақстан қор биржасының» бағалы қағаздарының ресми тізімдеріне кіргізілген Қазақстандық элементтердің облигациялары сақтандыру резервтерінің сомасынан 20%-тен аспайтын мөлшерде орналастырылады.
4. Кассадағы ақша- сақтандыру резервтерінің сомасынан 3%-тен аспайтын мөлшерде орналастырылады.
5. Ж. А. Қ «Қазақстан қор биржасының» сауда жүйелер айналымына жіберілген және зейнетақы активтерін есебінен Қазақстан Республикасы Ұлттық коммисиясымен рұқсат етілген бағалы қағаздар бойынша гипотекалық облигациялар сақтандыру резервтерінің сомасынан 20-тен аспайтын мөлшерде орналастырылады.
Шаруашылықтандырудың жаңа шарттарындағы Ұлттық сақтандыру компаниялары үшін жұмыс бағыттарының бірі тәуекелдің оптимальді таңдауының байланыстыру проблемасы тек қайта сақтандыру есебінен мүмкін болатын басқа сақтандыру компанияларына артық жауапкершілік беру проблемасы болды. Кез-келген сақтандыру компаниясы балансталған сақтандыру портфелін құруға ұмтылады, яғни мүмкін болатын көп көлемдегі сақтандыру келісім-шарттарынан тұратын бірақ әрбір алынған тәуекел бойынша жауапкершіліктің жоғары емес деңгейімен алынған тәуекелдер жиынтығынан құралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz